«Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336 мвт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»



жүктеу 2,85 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата23.11.2018
өлшемі2,85 Mb.
#23955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

абат

3

   //   «jambYl-taraz»  //   №50 (1442), 20 maÝsYm 2018 jYl  //



 

„

Мүмкіндігі шектеулі жандар 



қаладағы әлеуметтік нысандарға 

қалай кіріп-шығып жүр?

Бақылау тобы 

пандустарды 

зерделеді

Толғанай бЕКЕТҚЫЗЫ

 «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы 

мәслихатындағы депутаттық фракциясы мен  

Партиялық  бақылау комиссиясы қаладағы 

бірнеше  мекемені  аралап,  тексеріп  көрді. 

бақылау комиссиясының құрамында партия 

қалалық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  арын  асқарбеков,  қалалық 

мәслихаттың депутаттары Эльмира Мырзағали 

және анар Досымбаева бар. 

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы 

аясында  мүмкіндігі  шектеулі  жандардың 

қоғамдық ортадағы қолжетімділігіне зерделеу 

жұмыстарын  жүргізген    топ  әуелі  тараз 

мемлекеттік педагогикалық университетіне 

бас сұқты. аталмыш оқу ордасының кіре-

берісінде тактильді жолақтар мен қоңырау 

қондырғылары орнатылмаған. Мұнда  пандус 

ғимарат қасбетінің басты кіреберісінде емес, 

ауланың  кіреберісінде  орналасқан.  Оқу 

ордасына қарасты екі ғимарат бір аумақта 

орналасқанымен  екеуінде  де  талапқа  сай 

пандус орнатылмаған. Сондай-ақ жұмыс тобы 

байзақ  батыр  көшесіндегі  «Халық  банкі» 

аҚ,  абай  көшесі  бойындағы  «Жасұлан» 

дәріханасы  мен  Қойгелді  көшесіндегі 

«ҚазтрансГаз аймақ» ЖӨФ мекемелеріндегі 

пандус жайымен танысты. Өкінішке орай 

барлық мекемедегі пандустар талапқа сай 

Ескеретін мәселе.   



   Қала бОлсын десең        көрікті

              өзіңнен баста,        тазалыҚты,тірлікті...

 

„

Жарнама – кәсіпкерлікті алға жылжытушы қозғаушы күш. Бүгінде 



қаланың қай бұрышына көз тастасаңыз, жағалай ілінген жарнама. Ал мұнда 

билборд, плакаттардың заңсыз орнатылғанымен қоймай, салық төлемей 

отырғандары тағы бар екен...

Жағалай  жабайы жарнама 

Толғанай АТАбАЙ

ал  жарыса  ілінген  жарнамамен  күрес 

тарихи келбетімен ерекшеленген сәулеттік 

қаладағы  шешімін  таппай  келе  жатқан 

мәселенің  бірі.    Осы  олқылықтарды  жою 

жайын  жүктеген    облыс  әкімі  асқар 

Мырзахметовтің тапсырмасымен күні кеше 

ғана  тағайындалған  қала  әкімінің  жаңа 

орынбасары  Сайлауғалы байназаров  жауапты 

бөлім басшылары, құқық қорғау органдары, 

сондай-ақ тіл жанашырларымен бірге қала 

көшелерінің  қапталында орнатылған жарнама 

құрылымдарына  мониторинг    жүргізді.  

Зерделеу  жұмыстары  барысында  бірқатар 

кемшіліктер анықталды. Қала келбетіне сызат 

түсірер жабайы жарнамалар қаланың орталық 

көшелері  мен  басты  даңғылдарында  көп. 

Сайлауғалы Әбдісалыұлы бастаған арнайы 

топ құрамы әуелі жұмысын абай даңғылынан 

бастады.  Ұлы  ақын  есімін  еншілеген 

даңғылдағы  олқылықтардан  көз  сүрінеді. 

Мәселен, нысан терезесі мен жақтауларына 

айнала ілінген жарнамалардың бірі – «Beeline» 

қызмет көрсету компаниясының плакаттары. 

біз бас сұққан аталмыш нысаннан әкімшілік 

құрылым иелерін табу қиынға соқты. алайда 

компания  өкілдеріне  ескерту  қағаздары 

таратылып, жарнаманы алып тастауға 3 күн 

уақыт  берілді.  Жоғарыда  атап  өткендей, 

қаланың басты көшелеріндегі сауда орындары 

мен  кәсіпкерлік  нысандар  жарнамадан 

көз ашпай тұр. аталмыш компания маңын 

жайлаған бірқатар сұрықсыз әрі ретсіз тұрған 

жарнамалар сол сәтте алынып тасталды. 

– Қаладағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар 

мен сауда-саттық орындарының жарнамасы 

сын  көтермей  тұр.  Әсіресе,  әкімшілік 

құқық  бұзушылық  мәселелері  қаланың 

орталық  көшелеріндегі  нысандарда  көп 

байқалады.  Сұрықсыз жарнама біріншіден 

қаланың  сәулеттік  көркемдік  жағына  сай 

емес. Екіншіден, нысан иелерінің қолында 

жарнаманы  орналастыру  үшін  алынған 

арнайы  рұқсат  қағаздары  болмай  шықты. 

Салығы төленіп жатыр ма, әлде жоқ па? бұдан 

да ақпар беретін мәліметтер жоқ. Құрылыс 

Заңды белден басып...   Cуреттерді түсірген Ю.ким

заңына сәйкес заңдылықтар көрсетілмеген.  

Құжаттары  комиссияға  берілмегендіктен 

біз  шара  қолдануға  мәжбүрміз,  –  деген 

Сайлауғалы  байназаров  талапқа  сай 

келмейтін  жарнамаларды  жұмыс  күші 

арқылы сол сәтте алдырып тастады. Сондай-

ақ «тіл туралы» заң талаптарын орындамай, 

өз бетімен ілген көрнекі ақпараттың заңға 

сай келе бермесі анық. ал заң тұрғысында 

жауапты  мамандар  қанша  түсіндірсе 

де  жеке  кәсіпкерлер  мемлекеттік  тілге 

мойынсұнғысы  келмейді-ау.  бұл  да  бір 

мәселе...

– Қазақстан Республикасы «тіл туралы» 

Заңының 21-бабына сәйкес  жарнама екі 

тілде – мемлекеттік және орыс тілдерінде 

қатар  жазылуы  керек.  Қала  аумағында 

орналасқан  сыртқы  жарнама  нысандары 

қаланың  келбетіне  кері  әсерін  тигізбеуі 

қажет  екені  белгілі.  Дегенмен,  кейбір 

кәсіпкерлер  мұндай  іске  бей-жай  қарап 

отыр.  ал  кәсіпкерлік  нысандарының 

сыртын  баннер-плакаттармен  қаптап  қоя 

салу  олар  үшін  оңайға  соғып  тұр.  бұл 

нысандардың көбінің  сырты ескіріп, тозығы 

жеткен. Соны осындай жапсырма қағаздары 

арқылы жасырып қояды. Себебі қалтасынан 

қаражат шығарып, 3-4 есе ақшаға жөндеу 

жұмыстарын 

ешкім  жүргізгісі 

келмейді,  –  дейді 

қалалық мәдениет 

ж ә н е   т і л д е р д і 

дамыту  бөлімінің 

басшысы  бақыт 

тоқсанбаева. 

Даңғыл  бойын 

барлай  жүрген 

ж ұ м ы с   т о б ы 

«Miх  Shop»  ұялы 

байланыс  салоны, 

«Каспий  банк», 

«Дионисий»  киім 

дүкені,  «Shinara» 

шайханасы, 

«тарГО» 

супермаркеті 

секілді бірқатар нысандарда болып, нысан 

иелеріне ескерту қағаздарын үлестірді. ал 

арнайы  комиссияның  ескерту  парағынан 

бас тартып, «өзім білдім»-ге салған  нысан 

иелері де табылды. бір қызығы, әкімшілік 

тарапынан құрылған комиссия мүшелерінің 

зерделеп  жүргенін  естіген  сауда  иелері 

сол сәтте орнынан ғайып болып, тіпті бірі 

нысанды  иесіз  қалдырып  кете  барған. 

Жалпы орталық көшедегі мейрамхана, сауда 

орындары, кафелердің сыртына жарнама ілу 

де үйреншікті әдетке айналып кеткен тәрізді. 

«Жеңілдіктер»,  «Комплексный  обед», 

«Распродажа»  деген  жарнамашылардың 

ұран сөзін қай жерден болсын кездестіруге 

болады.  ал  мұндай  келеңсіздіктер 

нысан  басшыларының  заңды  білмеуінің 

салдарынан, білсе де ескермеуінен туындап 

отыр.  Өкінішке  орай,  бір  ғана  даңғыл 

бойындағы біз бас сұққан коммерциялық 

құрылымның  ешқайсысының  жарнама 

иелері заңдастырмаған болып шықты. 

P.S.Қала  аумағындағы  жарнамаларды 

ретке келтіру бойынша құрылған жұмыс 

тобы Абай және Жамбыл даңғылдары мен 

Қазыбек би, Ташкент көшелері  бойындағы 

ҚР  «Жарнама туралы», «Тіл туралы» Заң 

талаптарын сақтамаған 101 жарнама 

құралын  алып  тастап,  71      жарнама 

құралының иесіне ескерту берді. Комиссия 

жұмысының    қорытындысы  бойынша 

БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасаған   қала 

әкімі Ғалымжан Әбдірайымов жабайы 

жарнамамен күрес әлі жалғасатындығын 

баса айтты.

болмай шықты. ал нысан әкімшіліктері ақша 

бөлінбегенін алға тартып ақталды. 

– Мүмкіндігі шектеулі  жандардың жағдайын 

бақылауды қолға алған партия төрт жыл бұрын 

«Кедергісіз  келешек»  жобасын  бастаған 

болатын.      бүгінде  қаладағы  көптеген 

әлеуметтік нысанда мүгедектерге арналған 

пандустар  жасалмаған  болып  отыр.    ал 

осындай мекемелерге айыппұл салу арқылы 

жұмысты ширату қажет. Енді шаһардағы әрбір 

ғимарат тексерілетін болады. Оларға алдымен 

хабарлама беріліп, орындалмаған жағдайда 

әкімшілік  жауапкершілікке  тартылады. 

Әлеуметтік  жағдайы  төмен  жандар  үшін 

мұндай іс-шаралар партия тарапынан жиі 

ұйымдастырылады, – деді арын Ілиясұлы. 

Сонымен қатар телеорталық көшесіндегі 

«Қазпошта» ғимаратындағы пандустың жайы 

мәз емес. Пандус орнатылғанымен үстіне 

арнайы бастырма қойылмаған. ал пандустың 

биіктігі, көлемі, екі жақты тұтқалары талапқа 

сай  келмейді.  тіпті  мүмкіндігі  шектеулі 

жандарға арналған арнайы белгілері яғни, 

құлағы нашар еститін және көзі нашар көретін 

адамдарға  арналған  арнайы  құрылғылар 

қарастырылмапты.  бір  сөзбен  айтқанда, 

ғимарат ішіндегі санитарлық  бөлме  талапқа 

сәйкес  емес. бақылау тобы барлаған барлық 

мекемелерде  олқылықтар  кездесті.  бұл 

мәселені халық қалаулылары  қолға алып, 

айыппұл салу арқылы  шара қолдану қажет 

деп тапты. 



жүктеу 2,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау