6
// «jambYl-taraz» // №50 (1442), 20 maÝsYm 2018 jYl //
ТІРШІЛІК
ТАң СЫРЫ – СЕзІМГЕ
ТОЛЫ СПЕкТАкЛь
Жамбыл
облыстық қазақ
драма театры
82-маусымының
жабылуына орай,
жазушы шыңғыс
Айтматовтың 90
жылдығына арнап
жазылған Байғали
Есеналиевтің «Таң
сыры» атты драма-
элегиясының
тұсаукесерін өткізді.
өНЕР
Мамандығын
мейірімділікпен
ұштастырған
КәСІп
Қай жерің ауырса, жаның сол жерде
деген. Дертің жаныңа батып тұрғанда
ең жақын адамға емес, әуелі ақ халатты
жандардың көмегіне жүгінетініміз
жасырын емес.
Толғанай АТАбАЙ
адамның өміріне жауапты дәрігерлер
қамқорлықты сезгісі келетін жанға сеніммен
барады. тап осындай сенімді Жамбыл облыстық
мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының
аға мейірбикесі Роза Сабырқұлова 33 жыл бойы
үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. Дәрімен,
ыстық ықыласымен адамға шипа беріп, көңілдеріне
үміт нұрын сепкен жас маман училищені бітірген
соң Меркі аудандық ауруханасының балалар
бөлімінде аға мейірбике болып, бір мекемеде 20
жыл табан аудармай жұмыс істеген екен.
– «арман адамға қанат бітіреді» деп тегін
айтпайды. Жанымда біреу жабырқап, науқасқа
шалдыққанда бала тілегіммен дертіне шипа
сұрайтынмын. Осылайша, болашақта дәрігер
болып, айналамда ешқандай науқас адам болмайды
деп топшылайтынмын. бала арман 8-сыныпты
бітірген соң ақиқатқа айналды. ата-анам да бірден
Құралай СЕЙСЕнбЕКҚЫЗЫ
Қойылымда Шыңғыс айтматовтың өмірінің
көпшілікке беймәлім кезеңдерімен қатар,
«боранды бекет», «ақ кеме», «Жәмила» сынды
бірқатар шығармаларының бас кейіпкерлері
бейнеленді. Драманың қоюшы-режиссері
Ш. айтматов атындағы Халықаралық
сыйлықтың лауреаты, режиссер Қуандық
Қасымов, қоюшы-суретшісі ҚР Мәдениет
саласының үздігі Рахат Сапаралиева.
талантты актер Мәлік ақүрпеков
бірде жазушының «боранды бекет»
шығармасындағы Едігенің тұлғасын сомдаса,
енді бірде Шыңғыстың өзі болып сахна
төрінен көрінді. Қос кейіпкердің тұлғасын
алып шыққан Мәлік ақүрпеков спектакльде
ойнамады. Ол бірде Едіге, бірде Шыңғыс
болып өмір сүрді! тарихтың түңдігін түріп,
классик жазушының сом тұлғасын төрге
алып шыққаны көзі тірі Шыңғыстың өзін
елестетті. тұла бойынан сенімнің ұшқыны,
мұқалмас қайраты менмұндалап тұратын
актердің бұл образдары да әдеттегідей сәтті
шықты. Әр сөзіне сенесің. Кейіпкерінің
мұңын жанымен жеткізе білетін құдірет
Мәлік ақүрпековтің бойынан төгіліп тұрды.
Шыңғыстың жары Мәрия Урматқызын
анар Сағымбекова, ғашығы биші-балерина
бүбісараны Жадыра Құлтаева сомдады.
бүбісара балеринаның образы актриса
Ақ пен қара айқасқан тіршілікте... Cуреттерді түсірген Ю.ким
Жадыраны қалай дәл тапса, жары
Мәрияны анар Сағымбекова да дәл солай
кіршіксіз көрсете білді. бірі гүлге қонған
көбелектей алып-ұшқан сезім-қыздың
сәулелі махаббатына лайық, талдырмаш-
тағдыр иесі биші бүбісараға айналса, бірі
жазушының түтінін түтеткен от-анасының
болмысын айнытпай танытты. бүбісара-
Жадыраның табиғи нәзік болмысының өзі
көрерменіне өз кейіпкерін аяқ алысынан-
ақ ұқтырғандай еді. ал жапон жігітіне
тұрмысқа шығып,кейін еліне деген
аңсарын Шыңғыс айтматовпен бірге
елге ала келіп, жазушының жарына
айналған әйелдің жүрек қылын тербеген
нәзік өлеңде расында қыз-тағдыры тұнып
тұрғандай. «Сағынғанда бір келерсің,
сарғайғанда бір келерсің»
деп, мұң толы әуезді әуен
шарықтаған сайын өткен
өміріне нала болып, еріне
бұл өлеңді естіртпеуін
тілейтін әйелдің де,
қайта әйелінің бұл өлеңге
деген махаббатын оятуға
талпынған Шыңғыстың
да кейіпкерлері жан сезімдерімен жасын
ойната білетін қос талант екендіктерін
тағы бір дәлелдеді. Мұңайса жанарыңды
жас жуып, қуанса, көңіліңе көктем ұялатар
шебер әртістердің бұл жолғы образдарын
да халық шын сүйіп тамашалады. ал Жүніс
Әлімбеков пен асқарбек Сейілханның
қос кейіпкерлерінің маскалары ақ пен
қара, жамандық пен жақсылық айқасқан
өмірдің өзіндей шынайы көрінді. ту
сыртыңнан сүрінген сәтті қалт жібермей,
сол маскалы екі шал қарқ-қарқ күліп,
келемеждеп тұратындай күй кештірді...
таң сыры спектаклі нәзік иірімге, алай-
дүлей сезімге, қым-қуыт тіршілікке толы
туынды.
Соңғы жиырма жылдың көлемінде дәстүрлі емес діни ағымдардың саңырауқұлақтай қаулауы еліміздің
әлеуметтік ахуалына ықпал етпей қоймады. Ал олардың жетегіне жегілген азаматтар үшін қоғам әркез алаңдаулы
екені анық.
Бейімдеу жұмыстары жүргізілді
Толғанай бЕКЕТҚЫЗЫ
Осы орайда облыстық «Қазақстан студенттерінің альянсы»
жастар қоғамдық бірлестігі «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»
бағдарламалық мақаласы аясында аталмыш ағымның ықпалына
ұшыраған азаматшалар арасында бейімдеу жұмыстарын жүргізді.
Орталық «Һибатулла тарази» мешітінің қыздар медресесінде өткен
кездесуге аталмыш мешіт ұстазы Гүлжан алдасаева қатысып,
теріс діни ағымды насихаттайтын діни әдебиеттер, аудио және
бейнематериалдар таратудың соңы да жауапкершілікке әкеп
соқтыратынын мәлімдеді. айта кетейік, бүгінде халық арасында
әлеуметтік желі арқылы араб әріптерімен басталып, «осындай дұға
жасаңыз», «сауап жинайсыз, таратыңыз» деген мәтіндер көп келетіні
жасырын емес. ал мұндай мәтіндердегі араб сөздері мүлде басқаша
сипатта, жат ағымға шақыратын сөздер болуы мүмкін екенін мешіт
ұстазы алға тартты. Сондай-ақ «Һибатулла тарази» мешітінің ұстазы
Зейнеп Үсенова радикалды идеологияны насихаттайтын осындай
жазбаларды таратқан адамның заң алдында жауап беретінін айтты.
тек дін саласындағы мемлекеттік органдар, дәстүрлі діни институттар
дайындаған материалдарды ғана таратуға рұқсат етіледі екен. Сонымен
қатар дін саласының маманы оқушылардың бірыңғай киім үлгісі, қыз
баланың сабаққа орамал тағуына байланысты мәселелерге де тоқталды.
Кездесуде психолог маман айгүл абдрахманова өз тәжірибесінде
кездескен мәселелерге, отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты
кемшіліктерді атап өтті.
– бүгінде орамал таққан қыздарға үрке қарайтынымыз да жасырын
емес. Негізінен дінге адамдар жақсы тұрмыс жағдайымен келмейді.
Дегенмен, дәстүрлі дінге бет бұру – маскүнемдікке, нашақорлыққа
салынып кетуден әлдеқайда тиімді қадам. Егер оларға тосырқай қарап,
кеудесінен итерсек, өзге діннің жетегінде кетуі әбден ықтимал. ата-
аналар балаларының дін мәселелері бойынша сұрақтарына шошынбай,
толық жауап беруі тиіс. Егер бала ата-анасының дін туралы жауабына
қанағаттанбаса, өз бетімен іздене бастайды. тағы да олардың діни
сенімі күдікті адамдардан немесе апарар жолы неғайбыл сайттардан
ақпарат алмасына кім кепіл? – деді айгүл тұрсынбайқызы.
Шара соңында қонақтар аталмыш бағыттағы жұмысты жандандыруға
бағытталған ой-пікірлерімен бөлісіп, жиынға қатысушылардың
сауалдарына жауап берді.
ДІН
Роза Сабырқұлова.
осы мамандықты таңдағаныма қуанды. Содан
қырғыз еліндегі медициналық училищені үздікке
оқып, аяқтадым. ал осы саланы таңдағаным
үшін менде ешқашан өкініш болмады, – дейді
кейіпкеріміз. Жиырма жылдық еңбек өтілі бар
маман одан соң «Әулиеата» трансПаСС
автопаркінде еңбек етеді. 2011 жылдан бері ол
облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу
орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың қас-
қабағына қарап, мейірімін төгіп келеді. ал әртүрлі
жағдаймен орталыққа енген қызмет алушылардың
емі де уақытша емес екені анық. Олармен жеке-
жеке жұмыс жасауда Роза Әліқұлқызы аянбай
еңбек етуде.
– Кез келген ем алушының алдында дәрігердің
қателесуге еш құқы жоқ. тіпті маманнан кеткен
қатенің түзетуге келмесі белгілі. ал денсаулығында
өмірлік ақауы бар азаматтармен жұмыс жасау
оңайға соқпайды. Сол себепті әуелі оларға
психологиялық тұрғыда үлкен демеу керек. Сол
арқылы олардың жан жарасын ұғынып, сәл де
болса үміттерін оятуға тырысамын. Жалпы дәрігер
дәрімен ғана емес, жылы сөзбен де емдей алуы
тиіс, – дейді Роза.
Ойшыл ақын Жүсіп баласағұн бірде былай
деген екен: «адам екі нәрсе арқылы қартаймайды.
біріншісі – қайырымды ісі. Екіншісі – мейірімге
толы сөзі». бабамыздың осы сөзі сандаған
науқастарды шипалы емі, жылы сөзімен емдеуші
Роза Сабырқұлованың бүгінгі адами болмысына
байланысты айтылғандай. Жоғары санатты
дәрігер бүгінде жары Меркібек екеуі айзере
атты аяулы қыздарын тәрбиелеуде. «Есейгенде
жоғары санатты, білікті дәрігер боласың» деген
әке тілегімен қанаттанған Роза ғұмырын халық
денсаулығының жақсаруына арнағанына дән риза.