Бүгінгі таңға
дейін «Қарасай»
алқабындағы небары
22 түтін тұратын шағын
көше қазақтың соңғы
ханы кенесарының
атымен аталып келеді.
Таразда Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті
ұстаз Ермек Дүрімбетовтің құрметіне мемориалды тақта
орнатылды. Жиынға Тараз қалалық мәслихатының хатшысы
Батырбек Құлекеев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары
кенжебек Олжабай, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Алдияр Түсіпов қатысты.
Халық пікірі
ескерілді
Ұстазға құрмет
ЖАС ТүЛЕК-2018
Толғанай бЕКЕТҚЫЗЫ
Қала әкімдігінің мәжіліс
залында тарихи тұлға құрметіне
берілген шағын көшенің атын
қайта қарау мен «бәйтерек» және
«арай» алқабындағы атауы жоқ
жаңа көше мәселесін қалалық
мәслихаттың тұрақты комиссия
мүшелері майшаммен қарады. Күн
тәртібіне шығарылған қос мәселе
төңірегінде қалалық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
басшысы бақыт тоқсанбаева
баяндады.
– Кенесары хан атындағы көше
1994 жылдан бері осылай аталып
келеді. бастапқыда 40-қа жуық
отбасы қоныстанған көшеде бүгінгі
таңда 22 ғана шаңырақ тұрады.
«асу» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Мәскеу Ноқрабековтің
атсалысуымен батыр құрметіне
ауқымды көше есімін беру туралы
хат та жазылды. ағымдағы жылдың
14 наурызындағы Мәдениет және
спорт министрлігінің хатына сәйкес
ҚР Президенті Әкімшілігімен
келісілген «тарихи тұлғалар»,
«тарихи жер-су атаулары» және
«Дәстүрлі атаулар» тізіміне орай
жүргізілген жұмыс барысында
аталмыш аумақ тұрғындарымен
келісе отырып Кенесары көшесін
арман атауымен атау туралы
ұсыныстар айтылды. Сондай-
ақ «бәйтерек» және «арай»
алқабындағы жаңа көшеге
мемлекет және қоғам қайраткері,
Кеңес Одағының батыры Сағадат
Нұрмағанбетовтің есімін беру
бойынша жұмыстар жүргізілді, –
деді бақыт тілегенқызы.
Ірі тұлға есімімен қаладағы
үлкен көшелердің бірін атауды
жөн деп тапқан жұмыс тобының
ұсыныстары қолдау тапса мәселе
түйіні де тарқатылмақ. айта
кетейік, Кенесары атындағы
көшенің жалпы ұзындығы – 524
метрді құрайды. ал аталмыш көше
қаладағы ең қысқа көше болып
отыр. Сондай-ақ алқа отырысында
е к і н ш і м ә с е л е б о й ы н ш а
С.Нұрмағанбетов атындағы қор
өкілдері де сөз алды.
– 2014 жылдан бері Халық
Қаһарманы атындағы қор белсенді
түрде жұмыс жасап келеді. Даңқты
батырды дәріптеу турасында
бүгінге дейін көптеген іс-шаралар
көрініс тауып жүр. Осы орайда,
сұрапыл соғыстың аяқталуына
сүбелі үлесін қосқан оғландардың
бірі, Кеңес Одағының батыры,
кейін тәуелсіз Қазақстанның
бірінші Қорғаныс министрі болған
Сағадат Нұрмағанбетовтің атымен
атау мәселесі қолдау тапса дейміз,
– дейді Мырзабай бекназаров.
Отырыстың күн тәртібіне
қойылған екі мәселе бойынша
тұрақты комиссия шешімімен
екі көшеге де қайта атау беру
мақсатында тиісті аумақ халқының
пікірлері ескерілді.
Құралай СЕЙСЕнбЕКҚЫЗЫ
Ермек Жүнісбекұлы 1922 жылдың 23 желтоқсанында Жамбыл облысы, талас
ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Ол Жамбыл қаласындағы экономико-
статистикалық техникум және абай атындағы алматы мемлекеттік педагогикалық
институтын бітіріп, ұзақ жылдар бойы білім беру жүйесінде аянбай еңбек етеді.
ОРта
5
// «jambYl-taraz» // №50 (1442), 20 maÝsYm 2018 jYl //
ОҚУ ОзАТТАРЫН
МАРАПАТТАДЫ
МәСЛИХАТ
ЖИЫН
Қала әкімі
Ғалымжан
Әбдірайымов «ARAY
PLAZA» бизнес
орталығында үздік
нәтиже көрсетіп,
ұстаздар сенімін
ақтаған 58 «Алтын
белгі» төсбелгісінің
иегерлерін
салтанатты түрде
марапаттады.
Толғанай АТАбАЙ
«Жас түлек – 2018» салтанатты кешіне қала
әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, «Нұр
Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары арын асқарбеков, қалалық
мәслихаттың хатшысы батырбек Құлекеев
пен білім басқармасы өкілдері мен ата-аналар
қатысты. биылғы жылы қала мектептерін 2414
түлек бітірсе, оның 58-і «алтын белгі», 29-ы
үздік аттестат иегерлері мен 21-і халықаралық
және республикалық ғылыми жоба, пән
олимпиадаларының жүлдегерлері. Жиында қала
басшысы Ғалымжан Райылұлы келешегінен зор
үміт күттіріп, еліміздің ертеңіне баланатын жас
түлектерге жүрекжарды құттықтау лебізін жеткізді.
– бүгін баршаңыз үшін қуанышты күн, ал бүкіл
ел үшін – азаматқа үміт артқан тарихи мезет.
Ғылым мен білімді басты қазынам, байлығым деп
есептеп, «алтын белгі» иегері атанып, өмірдің
алғашқы межесінен үздік болып өттіңіздер.
Сондықтан Сіздерді өмірлеріңізде мақтан тұтар
ерекше қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын.
бүгінгі «алтын белгі» иегерлерінің қатарында
№24 гимназияның түлегі, республикалық және
халықаралық ғылыми жоба жарысының алтын
медаль иегері Егор Дуля, №1 гимназияның түлегі,
Президенттік олимпиаданың күміс медаль иегері
Олег Ли және республикалық ғылыми жоба
жарысының қола медаль иегері Луиза байжанова,
№8 гимназияның түлегі, республикалық пән
олимпиадасының қола медаль иегері Рамазан
Әзіретқұлов бар. бұл түлектер өздерінің терең
білімдерін дәлелдеп, қаламыздың мәртебесін
көтерді. Сондықтан бұл түлектер – тараз
мақтаныштары! Осындай озат түлектердің саны
жылдан-жылға артып, білімді жастардың көбейгені
көңілге қуаныш ұялатады. Өмірдегі ең алғашқы
асуды бағындырған батыл қадамдарыңыз Сіздерді
әрдайым жарқын жетістіктерге жетелесін! – деген
шаһар басшысы оқу озаттарын марапаттады.
айта кетейік, 20-22 маусым күндері 1695 оқушы
11 жыл бойы жинаған білімдерін ұлттық бірыңғай
тестілеуде дәлелдейтін болады. Сондай-ақ жас
түлектер атынан №5 мектеп-гимназия түлегі Әдемі
Ыбырайымжан мен И.В.Панфилов атындағы
№39 мектеп-гимназиясының оқушысы Қуандық
айдарханов ант берді. балалықтан болашаққа бет
алған түлектер кешінде жергілікті өнерпаздардың
қатысуымен концерттік қойылымдар қойылып,
үздік шыққан түлектерге естелік сый-сияпаттар
табыс етілді.
1942 жылы майданға аттанып, екі рет оқ тиіп, жараланған. Ол өз
еңбегінің 14 жылынҮшарал ауылының орта мектебіне арнаған. Кейін
тараз қаласында да бірнеше мектептің директоры қызметін атқарып, 1976
жылдан 1986 жылға дейін тараз қаласында, Кеңес Одағының батыры
ақәділ Суханбаев атындағы №25 мектептің директоры қызметінен
зейнетке шыққан. 1993 жылы қалалық білім беру басқармасында мұғалім
ардагерлер кеңесінің төрағасы болған. Ел ішінде еңбегі еленген ұстазды
кейінгі ұрпақ үлгі тұтып, әр ісін мақтан етеді.
– Ермек ағамыздың құрметіне ашылған мемориалды тақта – бұл құрмет.
Ұрпағы өсіп-өніп, ұстаздық етуден жалықпаған ақсақалдың ізін жалғасын.
білім саласына сіңірген еңбегінің дара жолы бізге де бұйырсын, – деді
еңбек ардагері амантай Шартаев.
Ермек Жүнісбекұлы 2011 жылы 89 жасқа қараған шағында дүниеден
озды. Мемориалды тақта қалалық әкімшілік пен ардагерлер кеңесінің
ұйымдастыруымен қолға алынған. Құрмет тақтаның ашылуына облыстың
Құрметті азаматтары, ардагерлер Кеңесінің мүшелері, тыл ардагерлерімен
қатар ұстаздық еткен жылдарында түлеп ұшқан шәкірттері де қатысып,
ұстаздары туралы ой толғады. Құрмет тақтасы батырдың тұрған үйі
Жүнісәлиев көшесі №1 үйдің қабырғасына қойылды.
– Әкемнің еңбегі осы облысқа сіңген. Оқушылары өте көп. Әкеміздің
еңбегін бағалап, мемориалды тақта ашылғанына қуанышым шексіз. Осы
іс-шараның басы-қасында жүрген барша азаматтарға алғысым шексіз, –
деді Ермек Дүрімбетовтің ұлы Марат Дүрімбетов.
Ел ішінде еленген. Cуреттерді түсірген А.Рысмахан
Білім бәсекесінің үздіктері.