Сабақ жоспары оқытушы: аға оқытушы, магистр Турдалиев Рауан Муратович Пәні: Спорттық қондырғылар және тренажерлар. Мамандығы: 5В010800- «Дене шынықтыру және спорт» Курс : 4



жүктеу 24,96 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі24,96 Kb.
#36137
түріСабақ
Ашық сабақ турдалиев спорттық қондырғы және тренажерлар


АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Оқытушы: аға оқытушы, магистр Турдалиев Рауан Муратович

Пәні: Спорттық қондырғылар және тренажерлар.

Мамандығы: 5В010800- «Дене шынықтыру және спорт»

Курс : 4


Өтетін күні:17.10.2019ж.

Сабақ тақырыбы: Жеңіл атлетика және спорттық ойын түрлеріне арналған спорттық жабдықтар. Спорттық жабдықтардың құрылыстық соттық өлшемдері

Сабақ мазмұны: Техникалық құрылғылар мен снарядтар. Көп құбырлар мен тіркелген мехникалық және электромеханикалық аппаратуралар. Жүгіру жолақтарының аумақтары. Секторлардың құрылғылары. Жабдықтарға арнайы талаптар, спорттық ойын түрлерінің квалификациясы мен мінездемесі. Құрылыстық және соттық өлшемдер, бір уақыттық өткізу қабілетінің нормалары.

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ЖАБДЫҚТАР.

Оқу мәселелері:

1. Жеңіл атлетика үшін спорттық құрылыстардың жіктелуі және мінездеме беру.

2. Жеңіл атлетика үшін спортттық құрылыстардың құрылыстық жабдықтары, техникалық жабдықталуы мен инвентары.

3. Техникалық пайдалану, мазмұны және жөндеу.

Жүгіру жолдары.

Жүгіру жолдары – арнайы жоспармен жасалған, әртүрлі қашықтыққа жүгіруге арналған арнайы төсеніші, белгілері, жабдықтары бар жатаған құрылыс.

Жүгіру – адамның ешқандай техникалық құралдарынсыз кеңістікте көшуінің әмбебап, шапшаң және сенімді жолы. Алғашқы спорттық сайыстар ежелгі Олимпиада ойындарында жүгіруден өтті. Сөйтіп, жүгіруден жарысқа арналған алғашқы жол жүгіруден жарысқа ежелгі Грецияда ұзындығы 176-193м. болатын тіке жол. I Олимпиада ойындары кезіндегі (1896ж.) Афины стадионындағы жүгіру жолы таға тәріздес болып келген. 100 метрге жүгірудегі үздік нәтиже 12,0сек (65 мың адам) болған. 1900-1912 жылдары көпорталықты жүгіру жолдары пайда болды. Біздің елімізде 1960 жылға дейін геометриялық көрсеткіші жағынан (бір орталықты және көп орталықты) әртүрлі жүгіру жолдары салынған. 1962 жылы бірорталықты жүгіру жолдары бекітілген. Біздің елімізде битумды төсеніші бар жүгіру жолдары Алматыда пайда болды. 1965 жылы және қазіргі уақытта олардың саны 200-ден асады (1975ж).

Жүгіру жолдарының көлемі.

1. Тіке жүгіру жолының конструктивті ұзындығы 130м. бар (100м қашықтығына 110м кедергілер) және 75-80м (60м қашықтыққа жүгіруде). Тіке жолдың жаопы ені жүгіру жолақтарының сапасына байланысты, бір жолақтың ені (жеке жол) 1,25м. Жүгіру жолдарының жолақтары бір-бірінен ені 5см болатын ақ сызықтармен бөлінеді.

2. Бітеу жүгіру жолы тіке бөліктер мен айналымдардан тұрады. Айналым амалдары бойынша жүгіру жолдары тік бұрышты, көп орталықты және бір орталықты болып келеді: а) тік бұрышты жүгіру жолы бір-бірімен кіші радиусты айналымдармен біріктірілген екі тіке бөліктен (ұзына бойы және көлденеңінен) тұрады.ә) ұзындығы 400м жүгіру жолы алғаш рет Швециядағы Олимпиада ойындарына арналып 1912 жылы құрылды. Бұл жолдардың, көбіне, төмендегідей мөлшерлері бар: ұзындығы 400м, тіке кесінді 98,58м, үлкен радиус 48м, кіші радиус 24м. Мұндай жол көлемі 105х70м футбол алаңын қоршап жатады.б) Көпорталықты (италиялық) жүгіру жолының ұзындығы 60-30м болатын екі радиуспен белгіленген айналымдары бар. Көп орталықты жолдың ⅔ бөлігінде айналымдар арқылы жүгіруге тура келеді, ал бұл жүгірушілер үшін өте қолайсыз.в) Бір орталықты жүгіру жол - көлемі 104-69м болатын футбол алаңы және оны қоршаған 400 метрлік жол. Олардың тіке жолдарының ұзындығы 86м, айналым радиусы 36м.

Жүгіру жолдары төсенішінің конструкциясы және оның құрылысы.

Арнайы қосылыстан жасалған төсеніші бар су өткізбейтін жүгіру жолдары. Мұндай жолдардың конструкциялары құрылыстың гидрогеологиялық және ауа райы жағдайларына байланысты.

Резинабитумды және асфальттырезиналы төсеніші бар жүгіру жолдары. Асфальттырезиналы қосындыларында асфальт заттары (битум және минералды ұнтақ), ал толықтыру ретінде құм және ұнтақталған резина болады. Резинабитумды қосындылар жабысатын бөліктерден – битум және толықтыратын заттар – құм және ұнтақталған резинадан тұрады.

Жасанды төсеніші бар жүгіру жолдары. Жүгіру жолдарының жасанды төсеніш материалдарының қажетті қалпына келтіру қасиеттері бар, олар қатты, гигиеналық жағынан пайдалы, сыртқы түрі әдемі (тартан, рекортан, арман және т.б.).



Жүгіру жолдарын пайдалану және күту.

Арнайы қосындылардан жасалған жүгіру жолдарын күту өте ауыр жұмыс. Ызардың бет қабатының тазалығын, белгілеу сызықтарының нақтылығын, арнайы төсеніштің ылғалдылығын қадағалау қажет. Спорттық мерзім ішінде төсеніштің жоғары қабатын 3-4см тереңдікке 1-3 рет қопсытып, қайтадан тегістеп отыру қажет. Жолдың бірінші жолағы екіншісіне қарағанда тығызырақ тегістеледі.

Резинобитумды және асфальтты резиналы жолдар ызарлы жолдарға қарағанда, пайдалану ыңғайлырақ, себебі олар жауын-шашын кезінде түрін өзгертпейді және кепкеннен кейін шаңытпайды. Суытқанда ол қаттырақ, ал ысығанда жабысқақтау болады.

Жеңілатлетикалық секіру және лақтыруларға арналған орындар.

Жеңілатлетикалық секірулерге арналған орындар (ұзындыққа, үш дүркін, биіктікке және сырықпен секіру) қарқын алу және секірушінің түсу орындары кіретін жатаған құрылыстар.

Жеңілатлетикалық лақтыруларға арналған орындар – спортшының снарядтпен қимыл жасайтын ( лақтыру шеңбері немесе снарядпен қарқын алу жолы) және снарядтардың түсу секторы кіретін құрылыстар.

Ұзындыққа және үш дүркін секіруге арналған орындар.

Ұзындыққа және үш дүркін секіру үшін қарқын алу жолы және түсу шұңқыры болуы керек. Қарқын алу жолының ұзындығы ірі стадиондарда 45м болуы қажет. Қарқын алу жолының ені 1,25м Түсу шұңқырларының көлемі 3х6м немесе 4,25х6м (екі жол болғанда қарқын алу жолының жалпы ені 2,75м). Қарқын алу жолында секірушінің ұмтылуына арналған белгі қойылады. Белгіден шеңбердің алдыңғы шетіне дейінгі қашықтық спортшылар мамандығына байланысты; бұл қашықтық, әдетте, ұзындыққа секіруде 3 метрден, ал үш дүркін секіруде 12 метрден аспайды.



Биіктікке секіру орындары. Биіктікке секіру үшін қарқын алу секторы және түсуге арналған шұңқыр болуы қажет. 150º бұрышты қарқын алу секторының радиусы 15м болуы керек. Биіктікке секірудегі түсу шеңберінің көлемі 3х6м.

Сырықпен секіру орындары. Сырықпен секіру үшін қарқын алу жолы және түсу орны жасалады. Құрылыстың бағытына байланысты қарқын алу жолының ұзындығы 45-25м болады

Ядроны итеру орындары. Ядроны итеру үшін лақтыру шеңбері және ядро түсу секторы болуы қажет. Ядроны лақтыру шеңбері – бетоннан, асфальттан немесе ызарлы арнайы қосылыстан жасалады. Ішкі диаметрі 2135мм болатын шеңберді шектейтін дөңгелек болат темірден жасалады (50х20мм).

Балға мен диск лақтыру орындары. Балға мен диск лақтыру үшін арнайы шеңберлер және снарядтар түсетін сектор лар жасалуы қажет. Балғаны лақтыру шеңберін шектейтін дөңгелектің ішкі диаметрі – 2135мм, диск лақтыру үшін – 2500мм. Балға мен диск лақтыру шеңбері бетоннан, асфальттан және ызардан жасалады. Қоршаудың ең төменгі биіктігі – 2,17-3,5м.

Найза лақтыру орындары. Найза лақтыру орындарының қарқын алу жолының ені 4м және снарядтың түсу секторының бұрышы 29º.

Гранат және доп лақтыру орындары. Граната, доп ені 10м алаңдағы тіке белгіден лақтырылады. Қарқын алу жолының ұзындығы және снарядтар түсуге арналған орындар құрылыс мақсатына байланысты.

Лақтыру алаңдары. Лақтыру алаңдары және құрылыс ретінде (спорттық ядродан тыс) салынуы мүмкін. Лақтырудың барлық түрлерінде снарядтардың түсу секторлар ені 5м сызықтармен (әр 5м сайын) белгіленеді. Жазғы мерзім кезінде ұзындыққа секіру шұңқырларында 1-3 рет құмды ауыстыру қажет. Шұңқырдағы құмның ылғалдығы 15-20% шамасында болуы керек.

Сырықпен секіру шұңқырларында тығыз материал жәшік қабырғасы деңгейінен 50-80см жоғары орналастырылады

СПОРТТЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ СОТТЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ

Оқу мәселелері: 1. Құрылысты жүргізу тәсілдері.

2. Мердігерлік шарт және құрылысты материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз ету тәртібі.

3. Құрылысты ұйымдастыру жобалары және өндірістік жұмыс жобалары. Жүйелік кестелер.

4. Құрылыстың титулдық тізімдері.

5. Құрылыс жұмыстары өндірісінің кеңейтілуін ресімдеу тәртібі

6. Құрылыс алаңын игеру.

7. Құрылыс алаңын бөліктерге бөлу жұмыстары.

8. Құрылыс сапасын бақылау мен тексеруді ұйымдастыру.

9. Аяқталған құрылысты қабылдау.

I. Спорттық құрылыстарды салу жұмыстарын тапсырысшы 3 тәсілмен жүзеге асырады.

1. Құрылыстың мердігерлік тәсілі барлық құрылыс, монтаж және арнайы жұмыстарды материалды техникалық базасы, маманданған құрылыс мамандары бар, шарт бойынша тапсырысшылар мен жеке бағаларға сай белгіленген ақыға жұмыстар жасайтын мердігерлік құрылыс немесе монтаж жұмыстары ұйымдары атқарады.

Бұл тәсіл мақсатқа барынша сай және үнемді, ол жұмыстың қиын бөліктерін кең түрде механизациялаудың алдыңғы қатарлы әдістерін, жаңа техникаларды қолдануды және қазіргі заманғы қуатты құрылыс машиналары мен механизмдерін қолдану арқылы жоғары сапалы құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға, құрылыс мерзімін қысқартуға және спорттық құрылыстарды тез арада пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

2. Шаруашылық тәсілі бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын объекті қай мекемеге орналса, сол мекеме, кәсіпорын немесе ұйымдардың өз күштерімен, мердігерлік құрылыс ұйымының қатысуынсыз жүргізеді.

Шаруашылық тәсілі бойынша құрылыс жүргізу туралы шешім қабылдайтын ұйымдардың, әдетте, оны жүргізуге механизация құралдары мен құрылыс мамандары жоқ, яғни, құрылыс жұмыстарын өндіріс әдістері және қазіргі деңгейде жүргізе алмайды. Сондықтан да шаруашылық тәсілі жұмыс істеп жатқан спорттық құрылыстарды қайта жөндеуден өткізуде, кішігірім залдар тұрғызғанда және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізгенде құрылыды.

3. Аралас тәсілге мердігерлік және шаруашылық тәсілдері кіреді. Құрылысты шаруашылық тәсілі бойынша тіке шартпен жұмыс бөліктерін орындау үшін мердігерлік құрылыс немесе монтаждаушы ұйым жүргізеді. Мысалы, спорт зал тұрғызу бойынша барлық құрылыс жұмыстары (іргетас, қабырға, едені мен төбесі) шаруашылық тәсілімен, ал жылыту, су өткізу, электр энергиясы жүйелерін монтаждау жұмыстарын шарт бойынша маманданған монтаждаушы ұйымдар жүргізеді.

II. Мердігерлік шарты шаруашылық шарты ретінде тапсырысшы мен мердігер арасындағы қатнастарды нақтылайды және реттейді, жоспардағы жұмыстардың орындалуы бойынша олардың өзара міндеттерін анықтайды, тараптардың мемлекеттік жоспарлы, қаржылық және төлемақылық жауапкершіліктерін арттыру мақсатында қызмет етеді. Жұмыстардың жоспарлы тапсырмасы

- шарт тараптарының негізгі құқықтары мен міндеттерінің пәні мен мазмұны

- құрылыс объектісінің өткізілу – қабылдау мерзімдері

- құрылыс құны

- есептеу талаптары

- материалды-техникалық жабдықтау

- ерекше талаптар бойынша анықталады.

Мердігерлік шарты тапсырысшы төмендегідей құжаттарды тапсырғанда ғана жасалуы мүмкін:

1) құрылыстың бекітілген титулдық тізімі

2) құрылыстың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы

3) құрылыстың мердігерлік құрылыс ұйымының жұмыс жаспарына кіргендігі туралы анықтама

4) құрылысты тапсырысшы жабдықтары және материалдарымен қаржыландыру жеңілдігі.

Мердігерлік шарты төмендегіше ресімделеді:

1) тапсырысшы мердігерге жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынады

2) мердігер мердігерлік шартының жобасын жасайды және құжаттаманы алғаннан кейін 45 күннен кешіктірмей, тапсырысшыға 3 данасын тапсыруы керек

3) тапсырысшы 10 күн ішінде шарт жобасын қарап шығып, қол қоюы керек. Шарттың кейбір тармақтарымен келіспеген жағдайда, тапсырысшы келіспеушіліктер туралы хаттама жасайды. Шарттың бір және келіспеушіліктер туралы хаттаманың екі данасын тапсырысшы мердігерге жібереді.

4) шарт пен хаттаманы мердігерді алғаннан кейінгі 10 күн ішінде келіспеушіліктерді реттеп, шартқа қол қою шаралары жасалады.

Шартқа тараптар басшылары жоғары ұйымдар берген тұрақты немесе бір жылдық сенімхаттары негізінде қол қояды.

III. Барлық спорттық құрылыстар құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің жобалары негізінде жүргізіледі. Бұл жобалар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, жұмыс өндірісінің алдыңғы қатарлы тәжірибесі, құрылысты индустрияландыру негізінде жасалады.

Құрылысты ұйымдастыру жобасын жобалау ұйымы техникалық жобалау сатысында жасайды. Ол төмендегілерден тұрады:

1) жұмыс түрлері, олардың кезектілігі және орындалу мерзімдері көрсетілетін құрылыстың күнтізбелік жоспары;

2) жобалау жұмыстарының мерзімдері, құрылыстың жеке бөліктерін салу мерзімдері, жабдықтарды жеткізу мерзімдері және т.б. көрсетілетін ірілендірілген жұмыс кестелері;

3) құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдері;

4) материалға қажеттіліктерді есептеу;

5) жұмысшы мамандарға қажеттіліктерді есептеу;

6) құрылыстың механиздер, детальдардың орналасуы, материалдардың сақталуы, келу-кету жолдары, тұрмыстық жайлар және шеберханалар көрсетілген бас жоспары;

7) түсініктеме хат.

Жұмыс өндірісінің жобаларын жұмыс сызбалары негізінде бас және қосалқы мердігер құрылыс-монтаж жұмыстары жасайды. Бұл жобалар объектілер салуда жұмыстарды ұйымдастыру мен өндірісінде, сонымен қатар шұғыл жоспарлау, жұмысты бақылау мен есеп жүргізуде басшылыққа алынады. Жұмыс өндірісінің жобасына мыналар кіреді:

1) күнтізбелік жоспар немесе кесте

2) бас құрылыс жоспары

3) материалдарды, жабдықтар мен конструкцияларды жеткізу кестесі

4) механизмдер жұмысы мен жұмысшылар қозғалысының кестесі

5) қауіпсіздік ережелері бойынша шешім

6) түсініктеме хат.

Жобасыз құрылыс жұмыстарын орындауға рұқсат етілмейді.

Жұмыс өндірісінің жобалары бекітіліп, ол басталғанға дейін екі ай бұрын берілуі қажет. Жобаны Мердігерлік ұйымның бас инженері бекітеді.

Жүйелі кесте – құрылыс-монтаж жұмыстарын жоспарлаудың, ұйымдастырудың және шұғыл тексерудің жаңа нысаны.

Оқиғалар мен жұмыстар жүйелі кестенің элементтері болып танылады. Жүйелі кестедегі жұмыстың үздіксіз кезектілігі жол деп аталады. Жолдың ұзақтығы сол жолдағы жұмыстың ұзақтығымен анықталады. Бастапқы және соңғы оқиғалар арасындағы ең ұзақ жол шешуші жол деп аталады, ал оның ұзақтығын құрылыс мерзімі анықтайды.

IV. Қаржы жұмсау жоспарына кіргізілетін маңызды техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар барлық ғимараттар мен құрылыстардың объективті тізімі титулды тізім деп аталады.

Титулды тізімге 1-шілдеге дейін бекітілген тәртіп бойынша технкалық жобалармен, жұмыс сызбаларымен және жоспарланатын жылда орындалуға тиіс жұмыстар сметасымен қамтамасыз етілген құрылыстар кіреді.

Титулды тізімде

1) құрылыстың атауы және құрылыс орны

2) құрылыс мерзімдері (жыл, тоқсан, басы және аяғы)

3) құрылыс қуаттылығы (м², м³ және т.б.)

4) сметалық құны

5) құрылыс басталғаннан жоспарланған кезеңге дейін орындалған жұмыстар және өндіріс қуаттарын іске қосу, негізгі қорлар көлемі

6) жоспарланған және келесі жылдарға салынатын қаржы және өндіріс қуаттарын іске қосу, негізгі қорлар көлемі.

Құрылысты қаржыландыруды ашу үшін тапсырысшы құрылыс тұрған жердегі банк мекемесіне төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) нұсқауға сай типпен бекітілген құрылыс ішіндегі титулды тізім;

2) жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы анықтама;

3) еркін сметаның көшірмесі.

VI. Жұмыс өндірісі басталғанға дейін тапсырысшы Мемсәуқұртексеру инспекциясынан төмендегідей құжаттарды алуы қажет;

1) дайындық жұмыстары өндірісінің ордері ( ол үшін инспекцияға санэпидемстанциямен, өрт сөндіру және атқару комитетінің жарасты құрылыстары бөлімімен келісілген жер бөлігінің жобасы, бас жоспары, титулды тізімінің көшірмесі, жұмыс және техникалық бақылаушының қолдары және өтініш берілуі қажет).

2) негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсат (ол үшін инспекцияға өтініш және дайындық жұмыстарының дайындығы туралы анықтама, қаржыландыруды ашу туралы анықтама, жоғары ұйымдармен келісілген жұмысты ұйымдастыру жобасын тапсыру қажет).

VII. Құрылыс алаңын игеру дайындық кезеңінің жұмыстары құрамына кіреді. Оған: 1) территорияны тазарту, 2) құрылысты бұзу, 3) жерасты инженерлік жүйелерін көшіру, 4) бөліктеу жұмыстары , 5) жерасты жолдарын жасау, құрылысқа қажетті уақытша инженерлік жүйелерді қондыру, 6) қойма, тұрмыстық және т.б. шаруашылық жайлармен, территория қоршауын салу.

VIII. Жоспардағы ғимараттар мен құрылыстардың осьтері мен контурларын жер бөлігінде бекіту және геодезиялық өлшеулер бөліктерге бөлу жұмыстарын шарт бойынша қаланың сәулеттік-жоспарлау басқармасының (АПУ) арнайы бөлімі тапсырысшының жинақ сметасында көзделген қаржылары есебінен жүргізіледі.

IX.Құрылыс сапасын тексеру нысандарын қадағалау, бақылау (тексеру, байқау, ашып қарау, куәландыру, бақылыау өлшемі, сынау).

Қадағалау - өндіріс барысында жұмыстың жобаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНм/в) сай дұрыс орындалуын бақылау

Бақылау – орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының ҚНмЕ жобасына және басшы нұсқауларға сәйкестігін анықтау. Тексеру тұтас және ішінара болуы мүмкін. Тұтас түрінде орындалған барлық жұмыстар түгелдей, ал ішінара түрінде жұмыстың жекелеген түрлері мен конструкциялары тексеріледі. Бақылау өлшемінде салынып жатқан объектідегі ақысы төленген жұмыс көлемдері және олардың жобаға сәйкестігі тексеріледі.

Авторлық қадағалауды құрылыс сапысын арттыратын, құрылыс құнын төмендететін және құрылыс ұзақтығын қысқартатын жобалау ұйымы жүзеге асырады.

Құрылысты қадағалау мен тексеруді төмендегі органдар жүзеге асырады: 1) тапсырысшы,

2) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (сапасы, фасадтарды сәулетті безендіру, жұмыс өндірісіне рұқсат береді және т.б.)

3) мемлекеттік тазалық бақылауы (тазалық-гигиеналық нормалар және профилақтикалық шаралар)

4) мемлекеттік өрт сөндіру сөндірушілер бақылауы (құрылыста, сонымен болашақтағы құрылысты пайдаланудағы өртке қарсы шараларды жасау)

5) мемлекеттік геодезиялық қадағалау (геодезиялық жүйелер мен белгілердің сақталуына бақылау жүргізеді)

6) мемлекеттік энергетикалық қадағалау (электр қуатын ұтымды қолдану, электр қондырғыларын қондыру ережелері, электр қазандықтарын, жүк көтеру машиналарын қондыру ережелері)

7) жұмыс пен өндірістің қауіпсіз жүргізілуіне мемлекеттік бақылау

8) мемлекеттік газ инспекциясы

9) кәсіподақтардың техникалық инспекциясы

10) жобалау ұйымының авторлық қадағалауы

11) қоғамдық бақылау (сапасы, қауіпсіздік, тазалық)

12) Республиканың Құрылбанкі мекемесінің бақылауы (құрылыс ұйымдарының жобалық-сметалық, жоспарлық және қаржыландыру тәртібінің құрылыс заңдары мен ережелеріне сай келуі).

X. Аяқталған спорт құрылысын екі деңгейде қабылдап алу. 1) тапсырысшыдан жұмысшы комиссиясының басты мердігерден

2) Мемлекеттік қабылдау комиссиясының тапсырысшыдан қабылдап алуы.

Жұмысшы комиссиясын бас мердігер объектінің дайын болғандығы туралы хабарлағаннан кейін 5 күн ішінде тапсырысшы құрады. Ол төмендегі өкілдіктерден тұрады:

1) тапсырысшы (төраға); 2) бас мердігер; 3) қосалқы мердігер; 4) жобалау ұйымы; 5) кәсіподақтардың техникалық инспекциясы; 6) тапсырысшының кәсіподақ ұйымы, 7) санэпидемстанция; 8) өрт сөндіру ұйымдарының комитеті; 9) дене мәдениеті және спорт комитеті.



Спорттық құрылыстарды пайдалануға қабылдап алу төмендегі мемлекеттік комиссияларды қалалық мәслихат тағайындайды. Комиссия құрамына: 1) мәслихат өкілдері; 2) тапсырысшы; 3) бас мердігер; 4) бас жобалаушы; 5) санэпидемстанция; 6) кәсіподақтардың техникалық инспекциясы; 7) өрт сөндіру ұйымдары; 8) тапсырысшының кәіподақ ұйымы; 9) қаржыландырушы банк; 10) дене мәдениеті және спорт комитеті; 11) осы құрылысты пайдаланатын ұйымдар.
жүктеу 24,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау