Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет52/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72

113 
 
мерекені  мейрамдау  демонстрацияларын  келісті  теңеулерді  кең  қолдана  оты-
рып, жүрекке жылы тиетін әдемі тілмен жазады. 
Интервью  (сұхбат)  оқиғаға  екі  адамның,  журналист  пен  оның 
әңгімелесушісінің,  қатысуымен  жүргізіледі.  Бұл  жанр  оқиға  туралы  интервью 
берушіден алынған қосымша мәліметтерге көбірек сүйенеді. Бірақ фактілердің 
берілу  дәлдігін  байқау  мен  оларға  журналистің  қатынасын  түсінуде  қажетті 
болғандықтан, интервьюдің тексті мұхият талдау керек. 
Журналист  қоғам  қайраткерлерімен  немесе  шаруашылық  салаларында 
істепжүрген  озаттар  мен  сан  алуанмәселелер  жөнінде  әңгімелесіп,  пікір 
алысады.  Әрине,  бұл  әңгімелермен  пікірдің  біздің  ұшан  теңіз  болыптолқып 
жатқан өміріміз үшін маңызы менқоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме 
болып  отырған  мәселеніңмән-жайын  жақсы  білетін,  болған  оқиғаны  дұрыс 
бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады. 
Сұбхаттың  мазмұндыболуы  мынадай  жайларға  байланысты:  журналист 
әңгімеге  лайық  тақырыптытаңдай  білді  ме,  интервью  беретін  тұлғаның 
біліктілігі,  журналистің  әзірлігі,  сұрақтардың  тереңдігі  және  өзектілігі.  Міне, 
осындай  негізгі  талаптар  орындағанда  ғана  интервью  көңілдегідей  болып 
шығады. 
Қазіргі баспасөзімізде:интервью – әңгімеинтервью сұрақ-жауап,интервью – 
суреттеме,  интервьюанкетатүрлері  бар.  Сонымен  қатарсоңғы  кездері 
газет«тілші тілдескенде», «біздің интервью»деген және басқа рубрикалармен 
де интервьюлер жариялап жүр. 
Репортажлат.  «rераrtоrе»  –  хабарлау,  баяндау  дегенмағына  береді.  Алғашқы 
уақыттарда  ағылшын  парламентінің  мәжілістерітуралы  берілген  хабарларды 
репортаж деп атаған. Оның авторлары – мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері – 
репортёрлер болған. Репортажға тән нәрселер: репортёр болған оқиғаның басы-
қасында,  оны  бақылаушы  болады.  Ол  сол  оқиғаны  болған  қалпында  суреттеп 
жазады,  оны  өз  әсерлерімен,  өз  пікірлерімен  толықтырады.  Кез-келген  ұсақ-
түйекоқиғалардыңбәрі  бірдей  репортаж  жазуға  негіз  бола  бермейді.  Оның 
өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс. Ол оқиғалар толық, 
жан-жақты, жүйелі түрде дамытылуы керек. Репортаж жаңа да елеулі оқиғалар 
туралы  жазылып,  өмір  шындығына  сүйенеді.  Тіл,  стилінәрлі  де  тартымды 
болуы керек. 
Түрлері:Жедел  репортаж.Белгілі  бір  уақыттың  ішінде  болған  оқиғаны  ғана 
қамтиды.  Мысалы,  бір  делегацияның  келуі,  салтанатты  жиылыстар  мен 
мерекелердің  өткізілуі,  немесе  спортшылардың  кездесулері  және  тағы  басқа 
оқиғалар.  Мұндай  оқиғалар  белгілі  бір  күнде,  нақтылы  бір  уақытта  өтеді. 
Сондықтан сол күні, солсағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның өзектілігі 
болмай  қалады.  Ал  маңызын  жойып  алған  репортаждың  ешбір  мағынасы 
қалмайды. Сондықтанмұндайрепортаждытекжеделтүрдеғанажазуға болады. 
Оқиғалы  репортаж.  Елімізде  талай-талай  таң  қаларлық  құбылыстар  мен 
оқиғаларболыпжатады.  Кейбір  оқиғалардың  қоғамдық-саяси  мәні  болуымен 
бірге,  ол  елдің  даму  кезеңдерінен  елеулі  орын  алатын  оқиғаларболады.  Ал, 
кейдеболғаноқиғаныңтек  еліміз  үшін  емес,  бүкіл  адам  баласының  тарихында 


114 
 
елеулі орын алатыны да болады. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған 
репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз. 
Проблемалық  репортаж.  Кәсіпорынның,мекеменің,оқу  орнының  күнделікті 
өмірінен 
жазылады. 
Репортаждың 
мұндай 
түрінде 
журналисткәсіпорындарменсовхоздардың немесе колхоздардың бір күнгі еңбек 
көрінісін суреттеп жазады. Болмаса жеке бір озаттың еңбек қимылын қамтиды. 
Мұндай  репортажда  істің  жақсы  жақтары:  озат  кәсіпорны,  үздік  еңбектің 
үлгісін көрсетуші адамтуралыбаяндалады. 
Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекейочеркке ұқсас 
келеді.  Ол  оқиға  туралыбаяндаумен  қатар  журналист  көргендерініңішінде 
елеулі  нәрселердің  бәрін  қысқа  баяндап  отырады.Журналист  заводты,  қаланы, 
яғни белгілібір объектініаралағанда назар аударатын жайларды қысқаша, қою-
лап  жазып  отырады.  Жол-жөнекей  репартажкөбінесе  репортердің  объектіні 
аралау сапарынан туады. 
Сөйтіп,  жол-жөнекей  репортаж  көбінесе  кәсіпорындары  мен  совхоз,  колхоз 
шаруашылығын  аралау  үстіндетуады.  Репортёр  мұндай  репортаждыжол-
жөнекейбайқап,көрген-білгендерінәдемілеп 
суреттей 
отырып 
аралаған 
жерлерінің барлық жайын, адамдардың еңбегін, олардың көңіл күйін көрсетеді. 
Репортаж жазу тақырыптаңдаудан  басталады. Репортаж жазуды тілеп тұратын 
көп  сырлы,  әсерлі  тақырыптар  да  болады.  Мысалы,  бүкілхалықтық  мереке, 
салтанатты  жиналыс,  көрменің  ашылуы,  үлкен  каналдың  пайдалануғаберілуі, 
шопан  аулының  тойы,  егін  орағына  жаппай  кіріскен  алғашқы  күн  тағы 
басқалар.  Қалай  болғанда  да  тақырыптың  тыңдығы,  жаңалығы  ұнамдылығы 
журналистің үнемі іздену, ойлануы үстінде тууға тиіс. 
Корреспонденция  –  өмір  фактілерін  жинақтап,  оны  жан-жақты  талдап 
зерттеудің  және  қорытудың  негізінде  шындық  құбылыстар  мен  оқиғаларды 
баяндайтын  газет  жанры.  Ол  –  өміріміздің  шындығын  сол  өмірдің  жеке 
фактілері  менқұбылыстары  арқылы  баяндаудың  әдебиформасы.  Оның  тілі 
нәрлі,  көркем,  тартымды  болып,  ол  публицистикалық  стильдежазылуы  ке-
рек.Корреспонденцияжанры  әдеби  форма  ретіндетым  жан-жақты  келеді. 
Қоғамдық-әлеуметтік 
мәселелерді 
көтерумен 
газетбеттерінен 
алған 
орындарына қарағандакорреспонденция газеттің негізгіжанры боп саналады. 
Саяси  және  халық  шаруашылығы  саласындағыбасты  мәселелерге  газет,  ең 
алдымен,  осы  корреспонденция  жанры  арқылы  үн  қосады.  Ол  алуан-алуан 
өміріміздіңтоқсан  түрлі  тартыстарын  барлық  жағынан  да  қамти  жазады.  Сол 
арқылы оқырманның назарын келелі міндеттергеаударады, ол міндеттерді  істе 
мүлтіксізорындауға жұмылдырады. 
Корреспонденция 
нақтылыфактілердің 
негізінде 
өміріміздіңшындығын 
баяндайды.Ол  «фотография  емес,  көркем  сурет  болып  шығу  керек».  Ол 
фактілердің  жай  ғана  жиынтығы  болмай,  оның  саяси  мақсаты,  тенденциясы, 
түйінді  пікірі,  өмірге  әсер  етерліктей  жалыны  болуға  тиіс.  Мұның 
басқажанрларыменұқсастығы  көп  болғанмен,  бұл  жанр  тек  өзіне  ғана  тән 
көптеген  ерекше  белгілері  бар.Оныңнегізгіарқауы  –  факті.  Фактіні  терең 
зерттеужәне іріктеп алу – творчестволықжұмыстың тек бастамасы ғана Факті – 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау