Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет60/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72

131 
 
пайдаланғалы  отырған  дерегіңіздің  шынайылығына  (достоверность)  көз 
жеткізу. Хронология әр елдің жыл қайыру немесе күнтізбе (календарь) жүйесін 
зерттейтін  ғылым.  Қазақ  тарихында  кездесетін  даталарды  анықтау  үшін 
қазақша  жыл  санау,  мұсылман  жұртының  жыл  қайыруы-хиджра,  юлиан, 
григорян календарьларын жақсы білуі керек. 
Көпшілік  құжаттарда  жазылған  датасы  көрсетіледі.  Ал  енді  кейбіреулерінің 
уақытын білу үшін хронологиядағы салыстырмалы әдісті пайдалану қажеттілігі 
туындайды.  Яғни,  мәтінде  кездесетін  кейбір  уақиғалардың  уақыты  белгілі. 
Соған  қарап,  алдыңыздағы  құжаттың  қай  уақытта  жазылғанын  білуге  болады. 
Құжаттың  жазылған  уақыты  жөнінде  ақпарат  бірнеше  түрде  болады:  дәл, 
жанама, әдейі өзгертілген, мән берілмей байқаусызда өзгертілген. 
Деректің жазылған жерін анықтау. 
Деректану  ғылымындағы деректерді локолдау  және атрибуциялау мәселелерін 
шешу  үшін  филология  ғылымының  бір  саласы  –  ономастиканың  көмегін 
пайдаланамыз.  Тарих,  география,  этнография,  мәдениеттану,  әлеуметтану 
пәндерімен  тығыз  байланыста  бола  тұра  филологиялық  әдістерді  пайдалана 
отыра онамастика ғылымы автономды болып қалып отыр. Елді – мекен, жер – 
су,  адам  аттарын,  адам  есімдерін  тарихпен  байланыста  зерттеу  барысында 
ономастика ғылымының мүмкіншілігі зор. 
Қолда бар,өте бағалы мәліметтер беретін, тарих деректің қандай географиялық 
кеңістікте  пайда  болғандығын  анықтау  ғылымда  «  деректі  локалдау  »  –  деп 
атайды. 
Қажетті кеңістіктік ақпарат алу үшін тарихшы өзі зерттеп отырған елдің әрбір 
тарихи  кезеңіндегі  әкімшілік,  саяси  құрылымын,  географиялық  жағдайын, 
мәдени  –  әлеуметтік  ахуалын,  тарихын,  тілін  жатқа  білуі  қажет.  Сондықтан, 
құжаттың  пайда  болған  жері  жөнінде  мәлімет  алуы  үшін  тарихи 
география,тарихитопонимика,  тарихи  лингвистика  пәндерінің  дәйектерін 
пайдаланад.  Тарихи  метрология,  палеография,  геральдика,  сфрагистика 
сияқты арнаулы ғылымдарда тарихи деректі локалдауға көмектеседі. 
Мұны  зерттеу  үшін  ономастиканың  бір  саласы  топонимика  ғылымының 
көмегіне  зәру  боламыз.  Жер-су,  елдімекен  аттарын  зерттейтін  ғылым  тарих, 
лингвистика  және  география  пәндерінің  тоғысқан  жерінде  пайда  болған. 
Деректің  жазылған  жерін  анықтау  оның  авторын  табуға  мақсатын,  уақытын, 
сол  жердің  тарихи-мәдени  жағдайын  ашуға  көмектеседі.Оның  төмендегідей 
бағыттары бар: 
Астионим – қала атаулары; 
Гидроним – су қоймаларының атауы; 
Дримоним – орман атаулары; 
Урбоним– қала ішіндегі объект атаулары; 
Годоним – көше аттары; 
Агроним – алаң атаулары; 
Дромоним – жол аттары; 
Макротопоним – үлкен қоныстанбаған географиялық объект; 
Микротопоним – кіші қоныстанбаған географиялық объект; 


132 
 
Антротопоним – адам есіміне байланысты пайда болған географиялық объект. 
Кейбір  деректерде  оның  жазылған  жері  тура  көрсетіледі.  Ал  енді  көпшілік 
құжаттардың  жазылған  жерін  анықтау  үшін  жанама  фактілерді  пайдалануға 
тура  келеді.Әлбетте,  алғашқы  кезекте  деректің  қандай  этникалық  топтың 
ортасында  пайда  болғандығы  анықталады.  Бұл  жерде  топонимиканың  екі  – 
этнотопоним  (халықтың  атымен  аталған  географиялық  объект)  және 
топоэтноним  (елдің  атын  емденген  халық)  зерттеледі.  Жазбаша  деректерде 
белгілі  бір  халықтың,  немесе  халықтың  атауымен  аталған  елде  болған 
уақиғалар баяндалуы мүмкін. 
Келесі бір ақпарат беретін топонимиканың салалары төмендегідей: 
Эклезионим– шіркеу және діни мейрамдардың атауымен аталған елді мекендер. 
Аннотонионим  –  қасиетті  тұлғалардың  атымен  аталған  географиялық 
объектілер. 
Поссесионим  –  қожасының,  иесінің  атымен  аталған  елді  мекендермен 
географиялық объектілер. 
Катононим – мекендеп отырған жердің атымен аталатын халық. 
Аллоэтноним– көршілердің атымен аталатын халық (неміс , армян , т.б ). 
Автоэтноним – халықтың өзі – өзіне қойған атауы. 
Поссесионим  –  қожасының,  иесінің  атымен  аталған  елді  мекендермен 
географиялық объектілер. 
Катононим – мекендеп отырған жердің атымен аталатын халық. 
Мұндайда  тарих  ғылымындағы  басқа  да  арнаулы  пәндердің  көмегін 
пайдалануымыз  қажет.Кейде  тарихи  деректің  орфографиялық  ерекшеліктері 
оның  қай  жерде  пайда  болғандығын  мензейді.  Қазақ  тілінде  диалект 
болмағанымен еліміздің әр өнірлерінде тек қана өздеріне тән сөздер немесе сөз 
тіркестері  кездесуі  мүмкін.  Қазақ  жерінің  өңірлерінде  өзіне  тән  адам  есімдері 
бар Мысалы Батыс өңірінде балаға  «Ғали»,  «олла» жұрнақтары қосылған есім 
береді»,  (Ғарифолла,  Сағидолла),  Оңтүстік  Қазақстанда  «құл»,  «бек»,  «хан» 
жұрнақтары қосылады Қалибек, Төреқұл, Төребек. 
Мәтінде  «азанда»,  «мақұл»  деген  сөздер  кездессе  қолжазба  Қазақстанның 
оңтүстігінде  пайда  болған,  «бұл  не  зат?»,  «біз  деген»  сөз  тіркестері  кездессе, 
оның батыстан пайда болғандығын білеміз. 
 
4. Деректің авторын анықтау 
 
Деректанудың  негізгі  функциясы.  Автордың  алдына  қойған  мақсат,  терең 
міндеттері бар. Ол сол заманның белгілі тұлғасы, белгілі бір әлеуметтік-мәдени 
ортаның белді мүшесі, солортаның қуанышын бөлісіп, жоғын жоқтайтын, мұңын 
мұңдайтын тұлғасы. 
Сондықтан  деректің  авторын  анықтап  алмай,  оның  мазмұнын  дұрыс  түсіну 
мүмкін 
емес. 
Бұл 
жерде 
ономастика 
ғылымының 
бір 
саласы 
антропонимистикаға жүгінуге тура келеді. 
Антропонимика(гр.Anthropos– адам, опута ат) – адамдардың өзіне меншікті 
есімдерін,  аты-жөнін,  жалған,  бүркеншік,  жасырын  аттарын,  ру  аттары 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау