159
жерге жинастырылып 844 қордан тұратын,Кеңес үкіметіне дейінгі 200 мың
құжат жинақталды.
1941жылыОрталықмұрағат «Қазақ ССР Орталық мемлекеттік тарихи мұрағат»
және «Қазақ ССР қазан революциясы және социалистік құрылыс Орталық
мұрағаты» болып екіге бөлінді. 1943 жылы «Қазақ ССР мемлекеттік».
1957 жылы үшеуі бірігіп «Қазақ ССР мемлекеттік Орталық мұрағаты» болып
қайта құрылды. 1974 жылы одан«Қазақ ССР мемлекеттік Орталық ғылыми-
техникалық докуметтері мұрағаты» және Қазақ ССР мемлекеттік Орталық
Қазақ ССР мемлекеттік Орталық кинофото докуметтері мұрағаты» бөлініп
шықты.
Бүгінде ҚР мемлекеттік Орталық мұрағатында1 млн. 500 мың іс бар.80-жылдық
тарихы бар мұрағат қызметкерлері 100ден аса құжаттар жинағын дайындап
баспадан шығарды.Бұл тарихшылар үшін аса құнды матералдар болып
есептеледі. Еліміздің әрбір облысында,ауданында мұрағаттар жұмыс істейді.
Одан басқа әрбір мекемеде, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың өз мұра-
ғаттары бар.
Мұрағат құжаттарын іздестіру оңай шаруа емес. Өйткені зерттеуші өз
тақырыбы бойынша бірнеше мұрағат қорларын пайдалануға мәжбүр болады.
Сондықтан ол мұрағат қорларымен жұмыс істеу әдістерін меңгеруі қажет.
Мұрағаттың қай жерінде не бар екендігін білуге көмектесетін әдістемелік
құралдардың бірнеше түрлері іздеу жұмыстарын тиімді етеді. Солардың бірі
мұрағаттық жолкөрсеткіш.Мұрағаттық жолкөрсеткіш дегеніміз мұрағат
қорлары туралы жүйелі түрде белгілі бір схема бойынша мәлімет беретін
анықтама түрі. Оның тізім тәріздес, қысқаша және тақырыптық сиқты
түрлері болады.Онда қорлардың сипаттамасы, қор құрушы туралы мәлімет,қор
құрамының аннотациясы және библиографиялық анықтама сияқты қажетті
мәліметтерден ақпарат алу мүмкіндігі бар.Жолкөрсеткіште әрбір қордың
нөмірі,атауы,ондағы істердің саны,хронологиялық шегі, қор құрушы туралы
мәлімет және ондағы құжаттардың қысқаша аннотациясы келтіріледі.
Міне осындай құралдармен мұқият танысу зерттеуші уақытын үнемдейді.
Дегенмен қордағы құжаттармен танысқанда ғана ондағы мәліметтердің
қажеттілігіне көз жеткізесіз. Мұрағат қорларын үлкен екі топқа бөлеміз. Бірінде
мемлекеттік мекемелер,екіншісінде жеке тұлғаларға байланысты
туындаған құжаттар сақталады. Соңғысы кітапханалар мен мұражай
қорларында сақталуы мүмкін.
Мекемелердің, өнеркәсіп орындарының және қоғамдық ұйымдардың жазбаша
деректері, іс қағаздары мемлекеттік немесе ведомство мұрағаттарында
сақталады. Сондықтан мұрағаттағы жұмыс уақытыңызды үнемдеу үшін сол
мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу тәртібімен танысқан жөн.
Ресми құжаттардың негізгі бөлігі мемлекеттік немесе ведомстволық
мұрағаттарда сақталады.АлОрталық мемлекеттік мұрағаттарда орталық
мемлекеттік мекемелердің құжаттары сақта-лады.
Мұрағаттың ғылыми-анықтамалық аппараты. Мұрағат, мұражай және
кітапханалардың қолжазба қорларындағықұжаттарды пайдалану жұмыстарын
160
тиімді ұйымдастыру үшін ғылыми-анықтамалық және есептеу аппаратары
жабдықталады. Оларда қордағы құжаттардың саны мен сапасы туралы
мәліметтер бар. Бұлар зерттеушіге іздестіру және құжаттарды іріктеу
барысында үлкен көмек көрсетеді. Әрбір қордың, коллекциының және сақтау
бірлігінің өзіне тән нөмірі болады. Ғылыми –анықтамалық аппарат есептеу
құжаттарынан,анықтамалардан және ақпараттыұ анықтамалардан тұрады.
Есептеу құжаттарынаопистер,тізім және қор беттері,қорлық кәртішкелер
жатады.
Негізгі есептеу құжаты опись болып саналады.Опись қорды топтау жүйесін
бекітеді. Ол сонымен қатар әрбір сақтау бірлігіндегі құжаттардың құрамы мен
мазмұны туралы ақпарат береді. Сөйтіп өзіне қажетті дерк іздеген зерттеушінің
жұмысын жеңілдетеді.
Мұрағаттағы келесі құжат инвентарлық опись деп аталады. Бұл есепке алу
құжаты әрі оларға сипаттама беретін анықтамалғы. Онда өз алдына нөмірі бар
істердің атаулары және құрамы жөнінде ақпарат бар. Қордыңбарлық опистеріне
жалпылама мәлімет беретін анықтамалықты тізім (список) және қор беттері
(листы фондов) деп атайды.Тізім қорлардың тізбесі, ал қор беттері әрбір қорға
бөлек бөлек жасалады. Онда қордың атауы мен нөмірі, қайта атау және
ведомстволық бағыныстылық жөнінде мәлімет бар. Сонымен қатар құжаттың
қысқаша қортындалған құрамы мен мазмұнының сипаттамасы,әр опистің
хронологиялық шегі және қордың сақталған орны көрсетіледі.
Мұрағаттағы каталог,шолу және жолкөрсеткіштер ақпараттық анықтамалық
болып есептеледі. Мұрағат каталогтарында сақтаулы тұрған құжаттар туралы
ақпарат болады.Онда қатырмалы кәртішкеге тақырыбы, саласы және пәні
жазылған мәлімет бар.Ол бөлім,тақырып және рубрикаға бөлінген.
Жүйеленген каталогта кәртішкелер білімнің саласы және қызымет түрі
бойынша, ал рубрика ішінде логикалық тәртіппен орналастырылады.Пәндік-
тақырыптық каталогта кәртішкелер алфавит бойынша пәндік белгілеріне
қарай логикалық ретпен орналастырылады. Хронологиялық каталогтарда
әрбір сақтау бірліктерініңжасалу уақытына байланысты құрастырылады.
Мұрағаттардамұрағат шолуы деп аталатын анықтамалық бар.Бұлардың
зерттеушіге тигізер көмегі зор. Өйткені онда кейбір құжаттар кешені туралы
жүйеленген мәліметтермен қатар деректемелік талдаулар дайын күйінде
кездеседі.
Істерді зерттеу,құжаттарды табу және іріктеу әдістер
Мұрағат қорларынан өзіңе қажетті дерек табу аса зор шыдамдылықты және
еңбекқорлықты қажет етеді.
Анықтамалықпен танысқаннан кейін өзіңе қажетті деген істерге тапсырыс
бересіз. Істің алғашқы және соңғы құжаттарымен танысқаннан кейін, оның
қажеттілігі
немесе
қажетсіздігі
белгілі
болады.
Осыдан
кейін
құжаттармензерттеу жұмысы басталады.
161
Талдау үшін ірктеліп алынған құжаттарды атрибуциялау қажет. Яғни оның
авторы,пайда болған уақыты,жазылған жері анықталады. Бұл үшін тарихи
арнаулы пәндердің көмегіне жүгінесіз. Егер құжаттың авторы көрсетілмесе осы
адамдар жазуы мүмкін дегендердің тізімі жасалады.Содан кейін құжаттың сти-
ліне,жиі пайдалынатын сөздерінежәне басқа да ерекшеліктеріне назар аудара
отырып тізімнің шеңберін тарылта бересіз. Құжатты атрибуциялаудың әдістері
көп. Сондықтан зерттеуші соларды меңгеруге мәжбүр болады.
Мұрағат қорынан алынған құжаттың көшірмесі жасалады. Ондағы автордың
ойы толық келтіріледі. Контекстен өз пікіріңді дәлелдейтін сөлемдерді жұлып
алып пайдалануға болмайды. Кейде бір гипотезаны дәлелдейтін дерек аз болуы
мүмкін. Онда қажетті құжаттарды басқа мұрағат қорларынан іздейсіз. Басқа бір
зерттеуші жария еткен құжаттарды пайдалана отырып мұрағатқорына сілтеме
жасауға болмайды. Бұл плагиат болып шығады. Өз концепцияңызды дәлелдеу
үшін мұрағат құжаттарына фальсификация жасауға тағы болмайды.
Көшірменің әртүрлісі болады. Цитаталар өзгертілмей көшіріледі, фотоға
түсіріп немесе ксерокөшірмесін түсіріледі. Кейде зерттеуші материалды өз
сөзімен береді. Мұндай жағдайда әріптері мен сөз тіркестерін осы күнгі
грамматикалық нормаларға сәйкестендіреді. Көшірмеде міндетті түрде мұрағат
атауы, қордың,сақтау бірлігінің және беттің нөмірі қойылады.
Мұрағаттағы жұмысыңызды аяқтар алдында қордыңбірінші бетіндегі
пайдаланушылардың тізіміне өзіңіздің аты-жөніңізді және қай уақытта жұмыс
істегеніңіз жөнінде мәлімет толтырасыз.
Мұрағат қорынан алынған бағалы деректер сапалы талданып, зерттеу
жұмысына негіз болса сіз тарих ғылымына қосқан сүбелі үлесіңіз болады.
3.Деректерді интернет арқылы іздеу
ХХІ ғасырда адамзаттың қол жеткізген Ұлыжаңалығы – интернетке қол
жеткізуі.Оның Web-беттерінде (гиперсілтемемен байланысты электронды
форматқа түсірілген құжаттар)тарихшыны қызықтыратын деректік мәні бар
матералдар орасан көп. Бұлардың қатарына мұрағат құжаттарының,мұражай
заттарының бейнесі, жарияланған деректердің, ғылыми әдебиеттердің элек-
тронды түрге түсірлген даналары жатады.Мұндағы материалдарды оқуға және
көшіріп алу мүмкіндігі бар.
Зерттеуші интернетте арнаулы бағдарлама-браузер көмегімен жұмыс істейді.
Оның кең етек алған түрі Internet Explorer и Netscape Commminicator.
Ақпарат іздеу браузердің адрес жолына қажетті файлды салу арқылы іске
асырылады. Адрестік ақпаратта файлдың аты жәнежолы,Internet-адрес Web-беті
көрсетіледі.
Internetтен дерек іздеу мына әдістермен іске асады:
1. Гиперсілтеме, арқылы яғни электронды құжаттағы басқа құжатқа сілтеме
Зерттеуші өз тақырыбы бойынша кез келген құжатты тауып алады да ондағы
2.«Іздеу машинасының»көмегін пайдалану:
162
*тақырыптық каталогтар (индекстер)– іздеу тақырыптар мен жиі
кездесетін сөздер арқылы іске асырылады. Каталог дегенімізтопталған
аннотация тізімдері арқылы іздеу жүйесі.Онда Internetтің басқа ресурстарына
гипперсілтемелер бар. Сілтемелер базасын («индекс» деп те атайды) қолмен
толтырады. Катологтан іздеу тақырыптармен танысудан басталады. Нәти-
жесіндеадрестердің аннотацияланған тізімін табасыз. Шетелдік тақырыптық
каталогтардың қатарына Yahoo и Magellan жүйелері, ал Ресей елінің@Rus (АУ),
Weblist жатады.
*
Іздеу жүйесі(робот) арқылы.
*
Метаіздеу жүйесі (роботтардың роботы).
*
Жедел іздеу.
Интернеттің зерттеушіге көмегі:
Электронды тарихи құжаттарға, басылымдарға қол жеткізу.
Әр елдің мемлекеттік мекемелерінің мұрағатында сақталған, құпия емес
құжаттарын пайдалану мүмкіндігі.
Электронды кітаптардыпайдалану.
Әртүрлі елдердің тарихына қатысты ақпарат алу мүмкіндігі.
Заттай және бейнеленген деректерді пайдалану.
Цифрланған кино-фото – и фоно –құжаттарды Жорналдардың
электрондынұсқаларын пайдалану.
Виртуалдытелеконференцияларға қатынасу.
Әдебиет
Архивоведение (учебное пособие),О.В. Вовкотруб, Л.Р.Фионова, Пензенский
государственный университет, 2005.
ВолодинБ.Ф.Всемирная история библиотек. – М.: Профессия, 2004. – 464с.
КондрашкинаЕ.В. Массовое библиотечное обслуживаение. – М.: Литера, 2012.
– 176с.
Доорн П. Электронный лабиринт: возможности и «ловушки» компьютерной
системы Internet для историков // Круг идей: развитие исторической
информатики. М., 1995, С.122–135.
Робачевский А.М. Глобальная сеть Internet // Информационныйбюллетень
Ассоциации «История и компьютер», № 13, март 1995, С.127–134.
Internet для историков // Информационный бюллетень Ассоциации «История и
компьютер», № 23, 1998, С.172–194.
Кузембайулы А. Из истории деятельности научных учережлений по
изучениюКазахстана XIX–нач. XX в.в.Алматы, Изд. "Гылым", 1990.– 68 с.
(соавтор: Аханов Ж.) c.39–45.
Масанов Э.А. Очерки истории этнографического изучения казахского народа в
СССР. Алматы, 1966.
163
ҚОРТЫНДЫ
Соныментарихи дерексіз тарих жоқ екендігін түсіндік. Деректану пәні тарихшы
мамандарды дайындайтын оқу орындарының оқу жоспарындағы негізгі
пәнднрдің бірі. Негізгі мақсаты тарихи деректерді іздеу,табу және оларды
талдап,зерттеу жұмысының кәдесіне жарату.
Әлбетте тарихи деректің теориялық-методологиялық проблемаларын игермей
зерттеуші табылған деректен шынайы ақпарат алуы мүмкін емес. Сондықтан
деректану пәнінің келесі міндеті шәкірттерге терең теориялық білім беру.
Тарихи дерек дайын күйінде кітап сөрелерінде жатпайтындығы белгілі.
Болашақ зерттеуші кітапханаға, музейге немесе архиф мекемелеріне барғанда
құжат қорларымен жұмыс істеп одан тиісті ақпарат алу әдістерін осы пәнді
меңгеру барысында үйренеді.
Деректану ғылымы басқа гуманитарлы ғылымдарға қарағанда кежелеу
дамыған. Гуманитарлы ғылымдар тарихи деректерге мұқтаж болғанымен оған
тек ХVІІІ ғасырда ғана көңіл аударылып,ХІХ ғасырдың орта шенінде өзінің
зерттеу объктісі бар жеке бір ғылымға айналды. Осы күні деректану
айналасына көптеген арнаулы пәндерді топтастырған тарих ғылымының кең
арналы саласына айналды.
Өкініштісі, кешегі кеңес заманында да қазіргі тәуелсіз Қазақстанда да
деректанушы дайындайтын арнаулы оқу орындары жоқ. Москва қаласындағы
архивтану институты кеңес одағының барлық мекемелерін мамандармен
қамтамасыз ете алмады.«Мәдени мұра»бағдарламасы бойыншашет елдердің
мұрағат қорларынан мыңдаған құжаттар әкелінді. Амал қанша,оларды оқып,
қазақ тіліне аударып, ғылыми айналымға кіргізетін мамандарға әлі де зәруміз.
Арнаулы кафедра тек қана әл-Фараби атындағы Ұлттық университете ғана бар.
Тарих факультетінде оқытылатын деректану пәні студенттерді тек деректану
негіздерімен ғана таныстырады.
Деректану ғылымы тек тарихшылар айналысатын ғылым емес. Ол пәнаралық
байланысты қажет ететін ғылым. Бір елдің тарихи деректерін зерттеу үшін
оның тарихын біліп қана қою аздық етеді. Ол елдің тілін, сол тілдің тарихын,
алфавитін және оның ерекшеліктерін, жазу құралдарын, жазу материалдарын
білгенде ғана тарихи деректен шынайы ақпарат алу мүмкіндігі туады.
Алдарыңыздағы оқу құралы министрлік бекіткен «Деректану» бойынша
қалыптағы бағдарламаны негізге ала отырып2004 жылдан бері тарих
факультетінің студенттеріне оқылған лекциялар мен басқа да оқу жұмыстары
тәжрибелерін пайдалану нәтижесінде жазылды.
Оқу құралы кемшіліксіз деп айта алмаймыз.Оны жазу барысында автор
көптеген қиыншылықтарға кездесті. Қазақ тарих ғылымында кездесетін
терминдер осы күнге дейін бір ізге салынбаған. Әлемдік тарихи шығармаларда
кездесетін терминдерді аудармауға тырыстық. Кейбір орыс тіліндегі
терминдердің қазақ тіліндегі баламасы жоқ болып шықты..
Оқу құралының мазмұнын жақсарту жолындағы ұсыныстарыңыз болса мыны
төмендегі телефонғахабарласуыңызды өтінеміз: 8-777-795-76-50.
164
КУРС БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕР
Атабаев К.Қазақстан тарихының деректанулық негiздерi Оқу құралы:Алматы:
Қазақ университетi, 2002. 302 с.
АтабаевҚ.М.,ҚадыртаеваМ.А.Деректанудыңтеориялықмә-
селелері.Алматы,1999.
Ковальченко И.Д. Источниковедение истории СССР. М., 1973., М., 1981.
Медушевская
О.М.
Теоретические
проблемы
источниковедения.
Учебноепособие. М., 1977.
Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение отечественной истории: учеб.
пособие для студ. высш. учеб. заведений / А.Г. Голиков, Т.А. Круглова. – 2 изд.
– М., 2008.
Данилевский И.Н., Кабанов В.В., Медушевская О. М., Румянцева М.Ф.
Источниковедение: Теория, история, метод. Источники российской истории. –
М., 2000.
Яковлев С.Ю. Основы источниковедения. – Армавир, 2007. С. 24–33.
Шаповалова Н.Е. Структура исследования архивного источника / Яковлев
С.Ю. Шаповалова Н.Е. Основы архивоведения. – Армавир, 2002. С. 22–26.
Пушкарев
Л.Н.
Классификация
русских
письменных
источников
поотечественной истории. М., 1975.
Ланглуа Ш.В., Сеньобос Ш. Введение в изучение истории. Спб., 1899.
Қосымша әдебиеттер
Қазақстан тарихы парсы деректемелерінде Алматы: Дайк-Пресс, 2005.
Қазақстан тарихы антикалық авторлар шығармаларында.2 томдық, Астана:
Фолиант, 2005.
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 1-2 т. Алматы. 2005.
Қазақстан тарихы араб деректемелерінде. 3 томдық. Алматы: Дайк-Пресс.2005.
Қазақстан тарихы туралы түркі тілдес деректемелері. В 5-томдық. Алматы:
Дайк-Пресс.2005.
Қазақстан тарихы ХІІ–ХХ ғғ. батыс деректемелерінде.10 – томдық.Алматы.
2005
Қазақстан тарихы ХVІ–ХХғғ. орыс деректемелерінде. Алматы. 2005.
МәшҺұр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі А. 1993.
Зиманов С. Өсеров Н. Қазақ әдет ғұрып заңдарына шариаттың әсері А. Жеті
жарғы, 1998.
Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. –А, Дәуір, 1993.
Бөкейханов Ә. Таңдамалы.–А: 1995.(Хаттар, естеліктер).
165
Әуезов М.О. Воспоминаниях современников. – А-А. 1972.
Қозыбаев М. Жұлдызым менің (естелік) А, Арыс, 2001.
Айқап журналы «Қазақ энциклопедиясы» А, 1995.
Қазақ газеті «Қазақ энциклопедиясы» А, 1998.
Абай. Энциклопедия. (Бас ред. Р.Н. Нұрғалиев) Атамұра, А, 1995.
Кузембайулы А.Из истории деятельности научных учреждений по
изучениюКазахстана XIX–нач. XX в.в.Алматы, Изд. «Ғылым», 1990.– 68 с.
Күзембайұлы А., Әбіл Е. Тарихнама. Оқу құралы ҚМПИ. Қостанай. 2015.
Күзембайұлы А., Әбіл Е.Тарих теориясы және методологиясы. Оқу құралы.
ҚМПИ, Қостанай. 2014
Кузембайулы А., Абиль Е.История Казахстана: Учебник для вузов. 8-е изд.
Перераб. и доп. – Костанай, 2006.
Кузембайулы А., Абиль Е.,Алибек Т.К. Историческая топонимика
Костанайской области. Монография. В пяти томах. Костанай, т.1,2008;т.2,
2009;т.3,2010;т.4.2011;т.5,2013.
Кузембайулы А., Абиль Е., Алибек Т.К. Некоторые вопросы методологии и
теории истории Казахстана. Монография. Костанай, 2009. – 370 с
Күзембайұлы А., Әбіл Е. Тарих теориясы, тарихы және әдіснамасы. Оқу
құралы. Қостанай. 2014. 220 б.
Кузембайулы А.Топонимика Степного Притоболья: история формирования. С
древнейщих времен до середины ХIХ века. Монография издана в Германии.
Издатель: Palmarium Academic Publishing. 2015.
166
МАЗМҰНЫ
1.
Деректану пәніне кіріспе .................................................................................... 3
2.
Арнайы тарихи пәндер ...................................................................................... 13
3.
Деректанудың даму кезеңдері .......................................................................... 26
4.
Тарихи деректерді жүйелеу және топтау ........................................................ 48
5.
Материалдық мәдениет ескерткіштері-тарихи дерек .................................... 56
6.
Фольклордеректері ............................................................................................ 70
7.
Жазбаша деректер ............................................................................................. 86
8.
Нарратив тарихи дерек ретінде ........................................................................ 97
9.
Құжаттық деректер.......................................................................................... 130
10. Статистика материалдары – тарихи дерек .................................................... 139
11. Мерзімді басылым – тарихи дерек ................................................................ 150
12. Жекетұлғаныңқұжаттары – тарихи дерек ..................................................... 169
13. Жазбаша деректерді формальді талдау ......................................................... 180
14. Тарихи деректің мазмұнын талдау ................................................................ 189
15. Аудивизуалды материалдарды тарихи дерек ретінде пайдалану әдістері 195
16. Деректерді іздеу әдістері ................................................................................ 205
Қортынды ................................................................................................................. 224
Курс бойынша әдебиеттер
...................................................................... 226
Достарыңызбен бөлісу: |