Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет45/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72

98 
 
аталатын құрылым пайдаболды.  
Әр  мемлекеттерде  жүргізілген  іс  қағаздарын  талдағанда  оның  түрі  мен 
мазмұнына  көңіл  аударатынымыз  белгілі.  Кейбір  елдерде  оларды  дәптерге 
жазған.  Ресейде  ХVІІІғасырда  қалыптасқан  дәстүр  бойынша  жеке  парақтарға 
жазылып  олар  бір  біріне  желімделген.  Бірнеше  парақтардан  тұратын  құжаттар 
сақтауға  ыңғайлы  болсын  деп  таяқшаға  оралған.  Ондай  құжатты  оқу  үшін  оны 
сүйретіп  жүру  қажет  болған.  Мұны  орысша  «волочить»  дейді.  Осыдан  барып 
уақытында шешілмейтін мәселен олар «волокита деп атайды. 
Іс  қағаздарын  топтау  күрделі  мәселелердің  бірі.  Оларды  тіркеу,сақтау  және 
орындау  үшін  міндетті  түрде  жіктеу  қажет.  Әрине  әрбір  елде,мекемелерде, 
өндіріс  орындарында  құжаттарды  сақтаудың  өз  тәртібі  бар.  Оны  Іс 
қағаздарының  номенклатурасы  деп  атайды.  Дегенмен  барлығына  бірдей  мына 
төмендегідей тәртіп бар. 

 
Өкімдік (распорядительная); 

 
Есептік құжаттар (отчетная); 

 
Хаттамалар (протокольная); 

 
Мекемелер арасындағы жазысқан хаттар; 

 
Құжат айналымын реттейтін және кадрлар жөніндегі құжаттар; 

 
ақпараттық (негізгі функциясы– қабылданған шешімдерді жеткізу); 

 
іс қағаздарының арнаулы жүйесі: сот-тергеу, әскери, дипломатиялық. 
Қоғамдық  ұйымдар  мен  саяси  партиялардың  іс  жүргізу  практикасында  едәуір 
өзгешіліктер бар. 
Құжаттар қызметтік және жекебастық,ішкі және сыртқы, өте жедел, жедел және 
жедел 
емес,құпия,құпия 
емес 
және 
қызметтік 
пайдалану,тұрақты 
сақталатын,ұзақ  сақталатын  және  уақытша,төл  нұсқасы,  түп  нұсқасы  және 
көшірмесі болып бөлінеді. 
Мекемеге келіп түскен құжаттар міндетті түрде тіркеледі, оған номер беріледі 
түскен уақыты белгіленді және оның орындалуына міндетті қызметкердің аты-
жөні жазылып орындалатын уақыты белгіленеді. 
 
Әдебиет 
 
Биск И.Я. Методология истории: курс лекций /Иваново: ИГУ, 2007. 236 с. 
Грицкеевич В.П., Каун С.Б., Ходин. Теория и история источниковедения. Уч. 
пособие  для  студентов  заочных  отделений  гуманитарных  факультетов  вузов. 
Минск 2000г. 
Данилевский И.Н и др. Источниковедение:Теория,История,Метод. 
Источники Российской истории. Уч. Пособие М., 1998. 
Репина  Л.П.  и  др.  История  исторического  знания:пособие  для  вузов.  2-ое 
издание Стереопотип. –М.: Дрофа, 2006. – 288с. 
 
10. CТАТИСТИКА МАТЕРИАЛДАРЫ–ТАРИХИ ДЕРЕК 
 


99 
 
Жоспары 
1.Статистика түсінігі. 
2.Статистиканың қысқаша тарихы. 
3.КССРО заманындағы санақ жүргізілуі. 
4.Статистика материалдарын тарихидерек ретіндепайдалану әдістері. 
 
1. Статистика түсінігі 
 
Деректердің  ерекше  түрі  ретінде  санақ  материалдары  капитализм  дәуірінде 
қалыптасты.  Осы  дәуірден  санақ  мәселесінің  сапалы  өзгеріс  кезеңі  бас-талып, 
тарихи  шындықтың  негізгі  құбылыстарын  экономикалық-географиялық  және 
санақ  материаддарын  жалпылама  сипаттау  тұрғысынан  баяндаудан  сандардың 
негізінен түсіндіруге ауысты. 
–  Статистика  (лат.  status–  жай-күй)  –түсінігі.  Бірінші-ден,  қоғамдағы 
құбылыстарды сандық және спалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым саласы. 
Екіншіден, қоғам өмірінің заңдылықтарын сан және сапа тұрғысынан бақылап, 
талдап және өңдеп отыратынмемлекеттік қызымет.  
– Мемлекеттік статистика дегеніміз сандық ақпаратты жинау мен өңдеудің 
орталықтандырған жүйесі. Оның негізгі салалары: 

 
статистиканың жалпы теориясы; 

 
әлеуметтік статистика

 
экономикалық статистика

 
демографиялық статистика; 

 
қаржы статистикасы

 
салалық статистика

 
халықаралық статистика
Мемлекеттің 
әлеуметтік-экономиялық 
даму 
стратегиясын 
белгілеуде 
статистиканың  рөлі  зор.  Осы  бағыттағы  қызметті  ұйымдастырып,  үйлестіріп, 
бағыттап отыратынорган – ҚР Статистика жөніндегі агенттігі. 
Ресми статистика – үкімет ведомстволары жинап және басып шығарған 
деректер. Ресми түрде жарияланған құжаттар зерттеуші үшін өте құнды дерек 
болып есептеледі. 
Санақ  материалдары  негізгі  екі  топтантұрады.  Оның  біріншісі–үкімет  қажеті 
үшін,  мекемелердің,  ұйымдардың,  кәсіпорындардың  міндетті  қызметін  жүзеге 
асыру  үшін  жиналған  мәліметтерден  тұрады.  Екінші  тобын  санақтық  талдау 
үшін  арнайы  жиналған  мәліметтер  құрады.  Олар,  ең  алдымен,  бірақ  рет 
жүргізілген  тексерулер  –санақ  материалдарын,  сонан  соң,  күнбе–күнгі  санақ 
мәліметтерін  қамтиды.  Бұл  материалдардың  жиналуы  мен  өңделуі  есеп-санақ 
ғылымының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады. 
 
2.Статистиканың қысқаша тарихы 
 


100 
 
Статистика  ХVІІ  ғасырдың  ортасында  «саяси  арифметика»  ретінде  пайда 
болды.  АлХVІІІ  ғасырда  «мемлекеттану»  деген  ұғымды  білдірді.  Ғылыми 
айналымға кіргізген ағылшын ғалымы – Уильям Петти (1623–1687). 
1746  жылы  неміс  ғалымы  Готфрид  Ахенваль  өзі  сабақ  беретін  Германия 
университетінде  «Мемлекет  ісін  жүргізу»  курсының  орнына  «Статистика» 
сөзін қолдануды ұсынды. Бұдан статистика тек соңғы ғасырларда пайда болды 
деген ой тумауы керек. Мемлекет ішіндегі халық, әскер, салық жинау және мал, 
жер  көлемінің  сандық  сипатын  біліп  отыру  сонау  көне  замандағы  елдердің 
бәрінде болған. 
Қазақ  жерлерінің  Ресей  империясының  құрамына  кіруіне  байланысты  санақ 
жүргізу  мәселесі  туындады.  1868  жылы  Түркістан  губерниялық  статистика 
комитеті  құрылды.  Оған  қарасты  Сырдария  жәнеЖетісу  обылыстарында 
статистикалық 
бюролар 
құрылды. 
ХІХ 
ғасырдың 
70-жылдарының 
орташеніндеОрал,  Семей,  Ақмолажәне  Торғай  облыстарында  осындай 
комитеттер  ашылды.  Қазақстандағы  статистикалық  комиттетер  санақ  жүргі-
зумен қатар тарихи-этнографиялық зерттеулерменде айналысты. 
1906–1912жылдары Ресей статистері П. Скрыплев, П. Румянцев Сырдария және 
Жетісу  облыстарында.  Статистикалық  экспедиция  ұйымдастырып  қазақ 
шаруашылығын  тексеріп  оның  нәтижесін  1908–1913  жылдарыТашкентте  8 
томдық  кітап  етіп  шығарды.  1904–1911  жылдарыосындай  экспедицияныП. 
Хворостинский, В. Кузнецов және А. Переплетчиков дегендер Торғай , Ақмола 
және Семей облыстарын тексерді. 13 томдық материалдары1909–1913 жылдары 
жарияланды. 
Алынған  материалдар  негізінде  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  жерлер  жаппай 
алынып  «Переселен  қорына»  өткізіле  бастады.  Игерілген  егістіктер  өткізілген 
ирригациялық 
құрлыстарымен 
Ресейден 
қоныс 
аударылған 
«қара 
шекпенділерге»  таратып  берілді.  Мұндай  шара  қазақ  шаруашылығын 
күйзеліске ұшыратты. 
1920жылы  «КазақАССР  мемлекеттік  статистика  туралы  Ереже»  бекітілді. 
Кеңес  өкіметіхалық  шаруашылығын  жоспарлау  мемлекеттік  басқару  ісінің 
ажырамас  бөлігі  ретінде  қарастырды.  Ал  мемлекеттік  санақ  жүйесі 
жоспарлаудың негізі болып есептелді. Сондықтан бұл жұмысқа аса мән берді.  
Кеңес  заманында  ел  ішінде  санақ  жүргізу  жұмысы  экономиканың  көптеген 
салалары  мен  негізгі  қоғамдық  процестерді  (халық  саны,  өнеркөсіп,  ауыл 
шаруашылығы,  транспорт,  байланыс,  сауда,  қаржы,  мәдениет  салалары, 
денсаулық, еңбек пен еңбекақы т.б.) қамтыды. 
 
3. КССРО заманында санақ жүргізілуі 
 
Жоғарыда  көрсетілгендей  кеңес  заманында  санақтың  бірнеше  түрі 
болды.а)Демографиялық  жалпы  санақ  үш  бағытта  жүргізілді:жаппай 
халықтық,  күңделікті  және  ішінара.Санақтың  мұндай  түрінің  өз  ерекшеліктері 
бар.Жалпы санақ бүкіл халықты қамтиды. Олардың құрамы жөнінде мәліметтер 
алынады. Зерттеу нысанына (объектілеріне) әрбір адам алынады. Кейде санақта 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау