89
*«
Ислам-наме» (Ислам кітабы) авторы
Шаир Ахун деген лақап атпен белгілі
Молла Әбд-әл Әлім); Шағатай тілінде жазылған шығарма. Екі нұсқасы бар.
Екеуі де Ресей ғылымдар Академиясының Азия халықтары институтының
Санкт Петербург бөлімшесінде сақтаулы. Зерттеуші А.М. Мугинов шығарма
шамамен 1767 жылы жазылған деп есептейді.Кітапта сол замандағы Орталық
Азия мемлекеттеріндегі саяси жағдайлар баяндалады. Галден Церен өмірден
озғаннан кейін Жоңғар хандығындағы саяси дағдарыс толықсуреттеледі. Тақ
үшін күресте кейбір жоңғардың билікке ұмтылушы топтары сол кездегі қазақ
ханы Абылайдың көмегіне жүгінеді. Молла Абд ал-Әлимқазақ саясаткер-
лерініңжоңғардың өзара тартыстарына қатынасуы туралы қызық жәйіттерге
тоқталады. Ислам-наменің Жоңғар хандығынабайланысты бөлігінорыс
тарихшылары арнайы кітап етіп басып шығарды.
*Өтеміс
қажы
ибн
Маулана
Мұхаммед
Дост–ХҮІғасыр-
дыңекіншіжартысында
өмір
сүрген
тарихшы,
«Шыңғыснаманың»
авторы.ХорезмдегіШайбани әулетінеқызмет еткен ықпалды отбасынан шыққан.
ӨзіЕлбарыс ханның(1512–1525) сарайында қызмет еткен. Сол кезден-ақ
қыпшақ даласында билік еткенШыңғыс ханұрпақтарының тарихы туралы
көптеген мәліметтерді жинап,аңыз-әңгімелердікөп білетіндігімен танылады.
Олардың көпшілігі «Шыңғыснамаға» енген. Автордың көптеген мәліметтері
соны көрінгенімен, кейбір зерттеушілер (В.В. Бартольд,В.П. Юдин,К.А.
Пищулина) оны шындықтан гөрі аңызға жақын, күмәнді деп санайды. Өтеміс
қажы
шығармаларыныңзерттеуіменЕ.Ф.Коль,А.З.УәлидиТоған,М.Кафали,Д.Девиз
т.б. айналысты.
Өтеміс қажы – түркілер тарихы туралы жазған Хорезмнің тарихшысы,
«Шыңғыснама» авторы. Қажының бұл еңбегі Алтын Орданы билеген Жошы
әулетінің хандары туралы. Жошы әулетінің ел билеген кездері шығармада аңыз
әңгімелер түрінде баяндалады, бірақ ондағы деректер шын болған оқиғаларға
негізделіп жазылған. Еңбектің жазылу уақыты – XVI ғасыр. Тарихи еңбекті
оқысақ,
Өтеміс қажы географиядан да хабардар болған кісі. Бұл шығарманың
екі нұсқасы бар. Толық нұсқасы Стамбулда, толық емес данасы Ташкентте
сақтаулы. Екінші нұсқасындағы хрониканың, жылнаманың Тоқтамыс жайын
баяндайтын тарауы бізге жетпеген.Кітаптың алғы сөзіне назар аударсақ, ол
тарихи оқиғаларды өзі өмір сүрген кезеңге дейін жазбақ болған. Бірақ, шығарма
орта ғасырлардағы Қазақстан тарихынан көптеген мәлімет алуға болатын
құнды еңбек.
Татар ғалымыИ.А. Мустакимов Қазан мемлекеттік университетінің ғылыми
кітапханасының сирек кітаптар қорында сақталған Жошы ұлысына қатысты екі
құнды деректің тізімі бар екендігін атап өткен. Қолжазбаның басым бөлігіняғни
1-69 беттер арасындаҚадырғали Жалайыридың «Жылнамалар жинағы», ал 70-
79 беттерде ХVII ғасырдың соңындағы «Дафтар - и- Чингиз наме» деп аталатын
тарихи әңгімелер жинағы бар екендігін айтады.
Кітап Еш сұлтанның тапсырмасымен, ХVI ғасырдың бірінші жартысында
жазылған. Өтеміс қажы заманында көшпенділердің тарихи білімідалалық