(заводта, цехта, лабораторияда және т.б.) техникалық қауіпсіздігіне
қатысты болуы тиіс екендігін ескеру қажет.
«Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік» тақырыпшасы дипломдық
жоба тақырыбымен органикалық байланыста болатын азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлардан қорғау сұрақтарын қарастырады. Оларды
әзірлеуінде қабылданған инженерлік шешімдер немесе жұмысшыларды
және қарудан жеңіліс тапқан кызметшілерді қорғауға бағытталған іс-
шараларды анықтау, апат және соғыс уақытындағы халық шаруашылығы
нысанілерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жұмыстар,жеңілу
ошағындағы кейінге қалдырылмайтын апатты-қайта орнына келтіру және
қорғау жұмыстарын жүргізуі енгізілуі тиіс.
Дипломдық жобаның « Экологиялық қауіпсіздік» тақырыпшасын
келесі бағыттар бойынша орындауға болады:
- тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату (дипломшының
мамандығына қарай);
- экологияландыру санасы;
- экология болашақ мәдениеттің маңызды саласы ретінде ;
- ғылым және техника экологияландыру тенденциясы және т.б.;
- Қазақстанда экологиялық мәселелерді перспективті шешу.
4.5 Экономикалық тарау
Жобаның экономикалық тарауы нысанның сметалық құнын және
жобаның негізі техника-экономикалық көрсеткішін анықтайтын кестемен
бірге есептік-түсіндірме хат түрінде орындалады.
Сметалық құн жалпы құрылыс жұмысына жобаланатын нысанінің
құрылыс аймағы үшін бағаларда сметаны құрау жолымен анықталады.
Сметаны құрау кезінде жоба әзірлеу бойынша нұсқаулық және
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс сметасын негіз ету керек.
Техника-экономикалық көрсеткіштер жалпы барлық құрылыс
көлемі немесе құрылыс үрдістеріне және есептік бірлікке шығарылады.
Есептік бірлік үшін 1 м ғимараттың құрылыс нысаны, 1 м ауданы (тұрғын
үй, өндірістік, қоймалы және т.б.), немесе қажеттілік бірлігі (1 отыратын
орын, 1 койка және т.б.), немесе өндіру бірлігі (қуаттылығы) қабылданады.
Келесі көрсеткіштер құрамы келтіріледі:
1. Құрылыс нысанының құны (смета бойынша) тенге;
а) жалпы нысан бойынша;
б) есептік бірлікке.
2. Жалпы және есептік бірлікке еңбек шығындары , адам. күн.
3. Жоба бойынша және норма бойынша құрылыс ұзақтығы, күн.
4. Құрылысты индустриаландыру:
а) құрастыру деңгейі (коэффициент);
б) құрастыру конструкцияларының үйлестіру дәрежесі;
30
в) пайыздағы механизация деңгейі;
г) 1адам жұмыс күніне өндіру,тенге.
Техника-экономикалық көрсеткіштер құрамы жетекші және кеңесші
нұсқаулығы бойынша нақтыланады.
Көрсеткіштерді анықтау мақсатты түрде жобаның сәйкес келетін
тарауын әзірлеу кезінде орындалады, ал экономикалық тарауында
көрсеткіштер жинақтық түрде (кесте) көрсетіледі және бұл көрсеткіштерге
талдау беру қажет.
Құн көрсеткіштерін анықтау кезінде жалпы санын есептік бірлік
санына бөлу жолымен алынған есептік бірлікке материалды ресурс
шығындары мен еңбек шығындарының соңғы санын жобаның сәулеттік
және құрылстық тарауында берілгенінен алу керек. Құрылым
көрсеткішінің (коэффициент) деңгейі элементтер құнының жалпы
материал бөлшектерінің құнына қатынасын көрсетеді. Элементтердің
құрылымдық құны бағдарлама бойынша есептеледі және ол 55-тен 77%
дейін материал бөлшектерінің жалпы құнынан қабылданып алынады.
Механизациялау деңгейі механизациялау тәсілімен орындалған
жұмыс көлемі жалпы жұмыс көлемі қатынасымен анықталады және
пайызбен көрсетіледі .
5 Қорытынды
Әрбір ШБЖ қорытындысы болуы тиіс – оның аяқталу бөлігі, жұмыс
эпилогі. Қорытынды да дипломдық жобаның басында қойылған
мақсатына жеткені және болжам дәлелденгені көрсетілуі тиіс.
Қорытындының бағыты таңдалған түріне тәуелді болу тиіс. Оның толық
болу нұсқасы келесі құрылымға сай келуі қажет:
- зерттеу және қысқаша дәлелдеулермен келтірілген болжам дәлелі
мақсатқа жеткені туралы бекітулер;
- орындалған жұмыстың қысқаша мысалы ретінде түйіндеме;
- зерттеу нәтижесінде алынған жаңа ережелер (ойлар, пайымдаулар,
бағалар);
- Орындалған жұмыстың экономикалық және әлеуметтік мағынасы,
ғылыми жаңалықтарын анықтау;
- Орындалған жобаның тәжірибелік мағынасын орнату не болмаса
зерттеушілік жұмыстың мағынасын орнату.
Қорытынды ықшамды,нақты,қисынды, дәлелденген және иланымды
болуы тиіс. Қорытындыда мазмұнында, кіріспеде және негізгі тараулар,
тақырыпшалар бойынша жасалған қорытындылар қайталанбауы тиіс.
31
6 Дипломдық жоба негізінде жұмыс істеу әдістері
Дипломдық жоба жұмыстарын жобаның сәулет- құрылымдық
тараунан ғылыми жетекшімен және тараудың жеке сұрақтарының
кеңесшімен нақтылай бастау керек. Сонымен бірге жобаның барлық
тарауында параллелді орындалатын сұрақтарға ерекше назар аударылуы
тиіс. Параллельді жұмыс жобалаудың басында жобаның ары қарай
есептік-құрылымдық және ұйымдастыру-технологиялық тарауын кіретін
констуркцияларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Рационалды құрылымдық
пішіндер қабылдау сұрақтарын шешуге және сәулеттік сызбаларда қандай
түйіндерді және түйіс орындарын бөлшектеп көрсетуге болатынын атап
көрсетеді. Жобаның сәулеттік-құрылымдық тарауын әзірлеумен қатар
есептік-құрылымдық әзірлеу бір уақытта жүргізу ұсынылады, бұл жобаның
сәулеттік тарауын есептеу кезінде нақтылауға және аяқтауға ,
констуркциялардың жұмыс сызбаларын орындауға кірісуге мүмкіндік
береді.
Қиын конструкцияларды жобалау кезінде есептеудің жуықтау
әдістерін, дайын өрнектерді, графиктерді қолдануға болады, бұл
конструкцияларды тікелей жобалау ұзақтығын үлкейту үшін жағдай
туғызады.
Қандай да болсын әдіспен орындалған есептеулерге тексеру жүргізу
өте маңызды және ал жасалған есепті тарау бойынша ғылыми жетекшіге
тексеруге ұсыну керек. Есептеумен қатар бір уақытта құрылымдық
енгізулермен айналысу ұсынылады .
Ұйымдастыру-технологиялық тарауын әзірлеу мақсатты түрде
жұмыс көлемін және олардың барлық көлемі бойынша еңбек
сыйымдылығын есептеуден басталады. Есептеулер қорытындылары
формаға сәйкес тізімдемеге енгізіледі және ары қарай өндірістік үрдістерде
жұмыстың күнтүзбелік жоспарын және смета құрастыруда қолданылады.
Өндірістік үрдістер жұмыстың күнтүзбелік жоспарымен бірге
әзірленеді, өндірістік үрдістерді әзірлеу кезінде жұмыс әдістері мен
ұзақтығы, ал күнтүзбелік жоспардан- директивті уақыттар және үрдістерді
үйлестіру туралы мағлұмат анықталады. Сөйтіп, нысан бойынша өндіріс
жұмысының күнтүзбелік жоспары және өндірістік үрдістер бір-бірін
толықтырады және нақтылайды. Бұл тарауларды аяқтаған соң жобаның
техника-экономикалық бөлігін құрастыруға кіріседі.
Дипломдық жобаның барлық тарауларының жұмыстарын кеңесшілер
тексергеннен кейін және есептік-түсіндірме хаттары мен сызбаларына қол
қойылған соң аяқталған деп санауға болады. Ғылыми жетекшісі жоба
тексерілгеннен соң дипломанттың дипломдық жобасына (жұмысына) пікір
жазады, жобаға кафедра меңгерушісі қолын қойғаннан кейін дипломант
оны рецензияға ұсынады.
32
Достарыңызбен бөлісу: |