Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. «Бесеудің хаты». Рысқұловтың И.Сталинге хаты



жүктеу 199,82 Kb.
бет27/84
Дата11.04.2022
өлшемі199,82 Kb.
#38080
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Тарих

XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. «Бесеудің хаты». Рысқұловтың И.Сталинге хаты.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық

Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 жылы жазда қуаңшылық болып, малдың 80% - ы қырылды. Елде аштық басталды.

Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды:

1921 жылғы қараша – 1 млн. 508 мың адам;

1922 жылғы наурыз – 2 млн. 303200 адам.

Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губернияларын аштық жайлады.

Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығулар мен аурулар 82% - ға жетті.

Астық мол болған Семей, Ақмола губернияларынан азық-түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті: астық – 4 млн. пұт; май – 24,5 мың пұт. Бұл жиналған азық-түлік пролетариат орталықтары – Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Нәтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады.

Елде аштық жайлады.

1921 жылғы 14 маусым – «Нақты ет салығы туралы» декреті шығып, ет салығынан босатылды.

1922 жылғы 4 тамыз – ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді.

1922 жыл – мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді.

575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылды.

18,5 мың баланы РКФСР-ге әкетті. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетіп,2 млн. пұт астық жіберілді

1921-1922 жылғы аштықтың салдары:

✓ Демографиялық жағдай ауырлады.

✓ Орынбор, Қостанай,, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында Халық саны 1/3-не дейін азайды.

✓ 700 мыңнан астам адам Республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Бесеудің хаты

қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды.

Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды

Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.

Хаттың авторлары — жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),

Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин (1903—1938),

Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков (1904—1954) пен Мұташ Дәулетқалиев (1904 — 1982),

Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев (1906 — өлген жылы белгісіз) қуғынға ұшыратылды.

Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық. [ тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады 1]

Тұрар Құсқұловтың Сталинге хаты

Тұрар Рысқұловтың Сталинге 1933 жылдың наурызында хат жолдады. Бұл хат 35 беттен тұрған.Сондайық Сталиннің қабылдауындада болған. Бірақ осы үшін ату жазасына ұшыраған.

Т.Рысқұлов өзінің хатында Қонысынан ауған қазақтардың саны және олардың жағдайы туралы деректермен,мал басының кеміп кетуі, Асыра сілтеушіліктер мен көз бояушылықтар туралы, Қазақ шаруашылықтарындағы егіс көлемі жөнінде, Қазақтарды отырықшыландыру жөнінде,

Қонысынан ауғандар мен қазақ жұмысшылары жөніндегі ұлт саясатының бұрмалануы туралы, Орталық Комитеттің 1932 жылғы 17 қыркүйектегі «Қазақстанның ауыл шаруашылығы және атап айтқанда, мал шаруашылығы туралы» шешімін жүзеге асыру туралы жағдайларды және мәселелері туралы баяндайды. Нәтижесінде Қазақстанға азық-түлік арқылы көмек көрсету мәселесі шешілген болатын.



  1. жүктеу 199,82 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау