№ исх: б/н от: 19.04.2016
|
1931-33 жылдардағы
АШАРШЫЛЫҚ
куәгерлері сөйлейді
Алматы, 2016
1931-33 жылдардағы АШАРШЫЛЫҚ куәгерлері сөйлейді. А.Әлімовтың редакциясында. – Алматы, 2016 ж.
Бұл кітапта қазақ халқының басынан кешірген ең ауыр қасіреті 1931-33 жылдардағы Ашаршылық куәгерлерінің естеліктері келтіріледі. Жетісу өңірінде ел-жұртты аралап, куәгерлердің естеліктерін 2005-2007 жылдар аралығында жазып алған Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының студенттері мен оқытушылары.
Мазмұны
Кіріспе сөз __________________________________________________ ?
І. Асхат Әлімов. Геноцид: қазақтың тағдыры бүкіл
адамзатқа сабақ болсын немесе иісі қазаққа
үндеу __________________________________________________ ?
ІІ. Куәгерлер сөйлейді _____________________________________ ?
Әбенова Сарқыт ______________________________________________?
Лубаев Қамсы ______________________________________________?
Барлықбаев Демежан __________________________________________?
Бабалиева Жұмақыз____________________________________________?
Оразаева Мағлима __________________________________________?
Мұсанова Күмісай __________________________________________?
Байтемірова Рәзия __________________________________________?
Нүсіпова Бижамал __________________________________________?
Худайбердиев Мөрдін __________________________________________?
Шаймұратқызы Мәриәм _____________________________________?
Жұмаш атай __________________________________________?
Тоқтағұлқызы Қапиза __________________________________________?
Ержігітова Секер ____________________________________________?
Тоқтабекова Әсем __________________________________________?
Саметеев Нығметжан__________________________________________?
Саметеева Нүрзия __________________________________________?
Байсақов Темірәлі __________________________________________?
Серікберген ата __________________________________________?
Бітікенова Сәди __________________________________________?
Қалысбаева Айгүл __________________________________________?
Адырханқызы Гүлзира __________________________________________?
Исабаева Әлімхан __________________________________________?
Бектербеков Егебай __________________________________________?
Қасымқызы Ұлбосын __________________________________________?
Жетпісбаев Жұмажан __________________________________________?
Абылханов Ахметбек және Кенеханова Бәти ________________________?
Жабықбай қария __________________________________________?
Әлібаев Айтжан __________________________________________?
Түсіпбекқызы Рысалды __________________________________________?
Қанапиянов Тоқтарбай __________________________________________?
Құбылысова Зейнеп __________________________________________?
Айнаева Жәми __________________________________________?
Аманқұлұлы Тоқбай __________________________________________?
Ахметжанов Әнуарбек __________________________________________?
Фарида апай __________________________________________?
Еділұлы Кәсілің __________________________________________?
Көпбосынов Кеңесбай __________________________________________?
Бекеұлы Қайыпбай __________________________________________?
Сармекеева Мазтай __________________________________________?
Туғанбаева Қамила __________________________________________?
Нұрбаева Аққайша __________________________________________?
Кәрімұлы Әскен __________________________________________?
Егеубаев Жақсылықбай __________________________________________?
Сағымбаев Ыбырай __________________________________________? Тоқбайқызы Күлжәмилә ________________________________________?
Нұрсая Үлкенбайқызы ________________________________________?
Қапсаланов Нұрболат ________________________________________?
Тойшыманова Бақшагүл __________________________________________?
Баяхметова Күләш __________________________________________?
Сәлімбеков Бисеке __________________________________________?
Зейнеп әжей __________________________________________?
Исабаев Шаяхмет __________________________________________?
Мақұлбекова Бану __________________________________________?
Туғанбаев Қызайбек __________________________________________?
Сәдуақасұлы Бабай __________________________________________?
Мұрынова Қайынжамал __________________________________________?
Алпысбайқызы Күләш __________________________________________?
Сүлейменова Әдеміш __________________________________________?
Алпысбаева Қалия __________________________________________?
Әтекенов Мырзакерім __________________________________________?
Әтекенова Күләнда __________________________________________?
Дәрменбекова Тұрсынжамал ________________________________________?
Әбдірахманқызы Нұржамал ________________________________________?
Елікбаева Күлшайым _______________________________________________?
ІІІ. Бұл жұмыс бізге не берді?.. (Студенттердің ой-толғанысы) ________?
Жаппарқұлова Әйгерім. Бұл тақырыпқа мен қалайша келдім... __________?
Нұрлан Жұлдыз. Жан-дүниемнің дамуы _____________________________?
Серікқожанова Мөлдір. Ашаршылық туралы студенттердің ой-пікірлері __?
Әлімов Асхат. Жолсерік. Әңгіме _________________________________?
Орынбай Шәйкенов. Пікір __________________________________?
Ертай Айғалиұлы. XX ғасырда орыс империясы жасаған қанды нәубеттерді, зұлматтарды, қырғындарды ұмытуға қақың жоқ, Алашым! _____________?
Кіріспе сөз
Қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешірген талай зұлмат пен нәубеттің ең ауыры 1931-33 жылдарда болған Ашаршылықта әртүрлі деректер бойынша халқымыздың 50-ден 75 %-ке дейіні қырылған, ал бұл дегеніңіз 2-4 миллион адамдай. Мүмкін одан да көп болар... Ол тылсым жәйт бір Хақ Тағалаға ғана аян. Ашаршылықта жақынын жоғалтпаған бір де бір қазақ жоқ та шығар, ондай зобалаңды Сіздің де ата-бабаларыңыз бастарынан өткерген де болар...
Алайда бұл қасірет бүгінгі күні біздің назарымыздан тыс қалып отырған секілді. Ашаршылық туралы тіс жарып, елге аян жасап жатқандар бірлі-жарым ғана: ғылыми зерттеулер, көркем шығармалар мен деректі фильмдердің саны азын-аулақ, ол туралы бірде-бір көркем фильм түсірілмеген, картина жазылмаған, мүсін сомдалмаған, елді мекендерде жазықсыз қырылғандарды қадір тұтатын ескерткіштер мен белгілер де санаулы ғана, қара жамылып, аза тұтып, құрбандық шалып, Құран бағыштап, оларды еске түсіретін белгіленген күн де жоқ.
Жазықсыз қырылғандар бүгінгі күні ескерусіз, жоқтаусыз және жоқтаушысыз қалды десек те болады...
Бірақ олардың қасіреті мен жапа шеккендігі, төгілген қаны мен көз жасы, кеудеден жазықсыз ұшқан жандары мен қыршынынан үзілген өмірлері бізді – олардың бүгінгі ұрпағын – алысқа жіберер ме екен?! Олардың обалы бізге қалмас па екен?! Өткен күннің қасіретін еш елемей, біз қалайша тыншып, қаннен-қаперсіз өмір сүре алады екенбіз?! Ертеңгі күнгі ұрпақ біздің әрекетсіздігімізді, бүткіл иісі Алашқа, бүкіл Әлемге бұл қасірет туралы жар салмай отырған немқұрайдылығымызды түсінер ме екен, кешірер ме екен, ағайын?
Өткен күндердің қасіретін жария жасау ісі мұқалып қалған ұлттық рухымызды жандандыруға, асқақтатуға өз септігін тигізер деген үміттеміз. Біз қауым болып осы іске атсалысуымыз керек. Әрқайсымыз да ұлт тарихын айқындауға аз да болса өз үлесімізді қосайық, ағайын!..
Бүгінгі күні Талдықорған қаласындағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының студенттері мен оқытушылары Ашаршылық зұлматын халқымыздың жадында есте қалдыру ісіне атсалысып, біраз шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Жетісу», «Заң», «Қазақстан-Заман» гәзеттері мен «Дауыс және көрініс» журналында мақалалар мен зерттеулер жарыққа шығарылып, бірнеше конференцияларда ғылыми баяндамалар жасалды, Интернетте қазақ тілінде http://www.naubet.ucoz.kz сайты ашылды.
Сайт Ашаршылық тақырыбын көтерем деген әрбір азаматқа ашық. Оқырмандар мұндағы «Куәгерлер сөйлейді» атты бетте нәубетті бастан кешкендердің естеліктерін жариялап, «Мартиролог» бетінде аштықтан қаза тапқандардың тізімдерін жалғастырып, ал «Басылымдар», «Кітапхана» және «Зерттеу жұмыстары» атты беттерінде Ашаршылық туралы жазылған көркем шығармалар мен ғылыми зерттеулерді келтіруіне болады. Осы мәселеге жаны ашитын кез келген адам сайттың авторлары қатарына кіре алады, өйткені сайтты құрастырушы студенттердің ойынша бұл сайт - халық жазған сайт болуы керек.
Тура сол секілді осы кітапта да академия студенттері Ашаршылықты бастан кешкен Жетісу өңіріндегі жасы үлкендердің естеліктерін, олардың куәгерлік көрсеткіштерін келтірдік. Өйткені, біздің ойымызша, нағыз тарих дегеніміз - еш бүкпесіз шындық тұрғысынан халықтың өзі жазғаны. Сол нәубеттің куәгерлері бүгінде азайып бара жатқандықтан бұл іске асықтық...
Әрине, біздің зерттеулеріміз сырт көзге ғылыми тұрғыдан жұпыны болып та көрінуі мүмкін. Алайда біз әу бастан «таза ғылыммен» айналысып жатырмыз деп айтпадық, кәсіби тарихшылардың «нанына» жармаспаймыз деп ескерттік те. Біз тек өзіміздің азаматтық борышымызды ғана атқаруға ұмтылдық деп айта аламыз...
Құрметті оқырман! Сізді де осы іске атсалысуға шақырамыз! Өз ата-бабаларыңыз бен туған-туысқандарыңыздың, жақындарыңыз бен ауылдастарыңыздың Ашаршылықта бастан өткерген тауқыметтері мен мехнаттарын қағазға түсіріп, сайтқа жіберсеңіз болады. Мүмкін сол арқылы Сіз де аға буын алдындағы қарыздарыңызды өтерсіз...
Асхат Әлімов
Геноцид: қазақтың тағдыры
бүкіл адамзатқа сабақ болсын
немесе
иісі қазаққа үндеу
Достарыңызбен бөлісу: |