Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы.
Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Мемлекеттік құрылысы
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика.
Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі,
халық бір депутатты 4 жылға сайлайтын.Өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалды. Республика үкіметі — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
Халқы
Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.
Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді .
Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Оңтүстік аймақтарда 1 км-ге 100 адамнан, Солтүстікте 1 км-ге 20 адамнан.
1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және ауыл пайда болды.Ескі қалалардың халқы да өсті.
1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық.
1937 жылдың 26 наурызында Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім және 124 баптан құрылды. Онда: "КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады" деп жазылған.
Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құқықты республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазКСР-дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканы енгізу мәселелері, заңнаманы орындауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылған. Сондай-ақ, сот және прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық сот төрешілері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).
1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы
Достарыңызбен бөлісу: |