Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру шаралары туралы
Өкіметтің атқарушы, өкілдік органдарымен қоғамдық бірлестіктері күштерімен мемлекеттік жастар саясатының қойылған міндеттерін орындау мақсатында, бекітілген аудандық іс-шаралардың 2016 жылға арналған жоспарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының негізгі қағидаларын іске асыру бойынша бірлесе жұмыс жүргізілді.
Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың мамыр айында әділет органдарында заңды тұлға – «Шемонаиха ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
Үлгілік ережеге сәйкес, аумақтық ЖРО міндеттеріне аудан көлемінде жастар мен жастар ұйымдарына ақпараттық-әдістемелік, кеңестік қолдау, жастардың бастамаларын қолдау бойынша көмек көрсету, жастар ортасындағы ахуалды саралау мен мониторинг кіреді.
Ағымдағы жылда «Шемонаиха ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы» КММ қызметін қамтамасыз ету үшін 11036,0 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін қаражат бөлінген жоқ.
Аудандағы барлық іс-шаралар жастар қоғамдық бірлестіктері мен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат бөлімдерімен бірлесе отырып жүргізіледі.Бос уақыттық нысандардың қызметіне тиісті жағдай жасау, ауылдық округтарда қызметтерін жандандыру мақсатында, бейінді құрылымдардың өкілдері: АІШБ, АОА, кітапханашылар, білім беру мекемелер мамандары, жастар саясатын жүзеге асыру сұрақтарын жетекшілік ететін әкімшілік – аумақтық бірліктер мамандары – қатысуымен, өткізілетін іс-шаралардың нақты күндерін және жауапты атқарушыларын көрсетумен, 2017 жылға арналған іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленіп, бекіту кезеңінде табылады.
Ауданның әкімшілік – аумақтық бірліктерінің ауылдарында жастар саясатын жүзеге асыру үшін міндетті тұлғалар тағайындалды. Жастар орталығының бастамасы бойынша әкімшілік – аумақтық бірліктерінің әкімдері жанында Жастар істері жөніндегі Кеңестер құрылды. Бүгінгі таңда біз осы кеңестердің тәжірибелік әрекетіне ауысамыз (кеңес беру көмегі, әдістемелік көмектер).
Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанатының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің, кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, ауылдық жастардың бос уақытын ұйымдастыру жұмыстарын күшейту мақсатында, жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандар, мәдени қызметкерлер, полиция инспекторлары, денсаулық сақтау қызметкерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, кітапханашылар мен ауылдық жастарды тартумен ауылдық округтарда көшпелі Кеңестер, кездесулер өткізеді. Шемонаиха ауданындағы жастар базасы құрастырылды. Әрбір елді мекеннің ерекшелігін есепке алумен, ауылдық округтардың мәдени – тынығу және спорттық нысандары бар болуы және олардың жұмысы туралы ақпарат жинақталды.Бос уақыттық қызмет нысандарының қажеттілігі жөніндегі сараптама жүргізіледі (клуб мекемелері, достық үйі, демалыс саябақтары, спорт модулдары, алаңшалар және т.б.) және бос уақыттық нысандар санын көбейту бойынша ұсыныстар әзірленеді. Шемонаиха ауданында «Нұр Отан» ҰДП «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын жандандыру мақсатында, жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі мамандар, Кеңес мүшелері, белсенді жастардың өкілдері қатысуымен әкімшілік – аумақтық бірліктердің әрбір ауылында партия конференциялары өткізілді, олардың қорытындылары бойынша белсенді жастар арасынан төрағаны сайлаумен, әрбір ауылда алғашқы «Жас Отан» ұйымдары құрылды.
2016 жылы ауданда жастар саясаты келесі бағыттар бойынша да жүзеге асырылды:
Достарыңызбен бөлісу: |