126
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІ
МЕРЕКЕ-МЕЙРАМ
Наурыз
Ежелгі заманнан бері Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке
табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни
бір тəуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Көктемгі күн
тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн
ұзарып, түн қысқарады. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «ноу» – «жаңа», «руз» –
«күн» деген ұғымдарды білдіреді.
Халық наурыз мерекесіне алдын ала дайындалады. Үйдің іші ескі, қажетсіз заттардан
тазартылып, үйге қос шырақ жағылады. Ыдыстардың барлығы ернеуіне дейін айранмен,
сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі.
Мереке сəлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып, ал əйелдер құшақтасып
амандасады. Сəлемдескен кезде «Жасың құтты болсын!», «Ұлыс береке берсін!» деген
сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады.
Ақсақалдар да, жастар да көкжиекті көру үшін жазық далаға шығады. Адамдардың
барлығы: «Армысың, қайырымды Күн – Ана!» – деп күнге бас иеді. Күнге тағзым
еткеннен кейін ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. Бұлақтардың
қасына ағаштар отырғызады. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!»
деген сөздер осыдан шыққан болу керек.
Наурыз күні əр үйде мерекелік дастарқан дайындалады. Дастарқанға дəстүрлі ет
тағамдары, ұлттық тамақтар қойылады. Бұл мейрамның негізгі асы – наурызкөже.
Оны жеті түрлі тағамнан пісіреді. Сөйтіп, бүкіл халық ауыл-ауылды, үй-үйді аралап,
амандасып, наурызкөже ішеді.
Халықта «Наурызкөжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!»
деген сенім бар.
127
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІ
Дастарқан басында жастар үлкендерден бата алады. Бата – үлкендердің өзінен жасы
кішілерге беретін ықыласты тілегі.
Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» – деп бата
жасайды.
Кешке жақын жұрт үлкен айтысқа жиналады. Айтыс – домбырамен сүйемелденетін
ақындардың өлең жарысы. Оған үлкендер де, жастар да қатысады. Наурыз айтыс –
Жақсылық пен Жамандықтың, Суық пен Жылының, Жаз бен Қыстың айтысы. Сөз
жарысын Жақсылықты дəріптеген ақын жеңеді.
Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. Əн
айтып, би билейді. Той тойға ұласады.
Міне, Наурыз мерекесі осылай тойланады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
1995 жылғы тамыздың 30-ы – Қазақстан Республикасы Конституциясының
қабылданған күні. Конституция – əрбір мемлекеттің басты заңы. Осы заң арқылы сол
ел азаматтарының құқығы мен міндеттері белгіленеді жəне олардың жүзеге асырылуы
қадағаланады.
Конституцияның 1-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демо-
кратиялы, зайырлы қоғам, тең құқылы, əлеуметтік мемлекет деп таниды. Оның ең
басты байлығы – адам жəне оның өмірі, құқығы мен бостандығы».
128
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІ
Халықаралық əйелдер мейрамы
8 наурыз – балалар мен үлкендердің сүйікті мерекесі.
Өйткені бұл – дүниедегі ең қымбат жан – аналар күні.
Ананы əр ел əр түрлі атағанымен (мысалы: апа, ана, нана,
мама, ненько, матушка, т.б.), бір қызығы, бұл сөз жұмсақ
əрі нəзік естіледі. Мереке күні əрбір адам құрметпен
анасына ең əдемі гүл шоғын сыйлап, ақ тілектерін айтып,
жақсы сөздерін арнайды.
Бүкілəлемдік ғарышкерлер күні
1961 жылы 12 сəуірде адамзат тарихында тұңғыш рет жер шарынан ғарыш кемесі
ұшырылды. Ғарышқа ұшқан Кеңес Одағының ұшқыш-ғарышкері Юрий Гага рин
еді. Ол бүкіл адамзат үшін ғарыш əлеміне жарқын жол ашты. Қазақтың Байқоңыр
ғарыш айлағы əлемге əйгілі болды. XX ғасырда Байқоңыр үлкен ғылыми-техникалық
жетістіктерге жетті. Араға 30 жыл салып, 1991 жылы қазанның 2-сі күні қазақтың
тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əу бəкіров ғарышқа ұшса, ал Талғат Мұсабаев ғарышта 3
рет болды жəне халықаралық экипаж құ рамына да қатысты.
Юрий Гага рин
Тоқтар Əу бəкіров
Талғат Мұсабаев
129
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІ
Халықаралық ынтымақтастық күні
Мамыр айының 1-і күні – Халықаралық
ынтымақтастық мерекесі.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет.
Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар
мен ұлыстар мекендейді. Олар өздерінің
тілін, мəдениетін, салт-дəстүрлерін
сақтаған. Бір-бірімен тату тəтті, бейбіт
өмір сү
реді. Бұл ынтымақтастықты
нығайту Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Халықтар
достығы ассам
блеясына жүктелген.
Біздің елімізде ұлт
тық мəдениет
орталықтары жұмыс іс тейді.
Отан қорғау күні
1992 жылы мамырдың 7-сі күні
Қазақстан Республикасының Пре-
зиденті Н.Ə. Назарбаевтың Жар-
лығымен Қазақстан Респуб
ли
ка-
сының Қарулы күштері құрылды.
Осы кезден бастап бұл күн «Отан
қорғау күні» болып аталып жүр.
Қазіргі таңда республикамыздың
көршілес мемлекеттермен өзара тə-
жірибе алмасып, бірлесіп жұмыс
істеуіне мүмкіндік туған.
1995 жылы ынтымақтастық опера-
цияларына қатысу мақсатымен Орта-
азия батальоны (Ортаазбат) құ рыл ды.
Мемлекетіміздің Қарулы күш тері өз
еліміздің тыныштығын қор ғап қана
қоймай, бейбітшілік үшін күреседі.
Достарыңызбен бөлісу: |