«Облыстық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 179,59 Kb.
бет1/2
Дата23.05.2018
өлшемі179,59 Kb.
#16616
түріКонкурс
  1   2


Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________

№ ____ қаулысымен бекітілген

«Облыстық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №173 бұйрығымен бекітілген «Облыстық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі облыстық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы конкурстық комиссияның шешімі болып табылады.





  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
    берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
    іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

Қарағанды облысы білім басқармасының кеңсесі құжаттар пакетін қабылдайды және тіркейді. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут. Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білімі туралы құжат көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі;

5) фотосуретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

9) психоневралогиялық диспансерден, наркологиялық диспансерден және фтизиатр дәрігерден диспансерлік есепте болмауын растайтын анықтама;

10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.



Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі соғу оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті беруші – Қарағанды облысының білім басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қатысады.

8. Көрсетілетін қызметті берушілер арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) бірізділігінің сипаттамасы.

1) білім басқармасы облыстық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемесі басшысының бос лауазымы бар білім беру ұйымына –лауазымға орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.

2) Қарағанды облысы білім басқармасының кеңсесі осы Регламенттің 6-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді.

3) объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық үміткерлерге тең мүмкіндікті ұсыну мақсатында Конкурс жариялаған білім басқармасы жанында құрамына білім беруді басқару органдарының, кәсіподақ, әдістемелік құрылымдар өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтері кіретін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

2) Персоналды басқару қызметі бөлімі (кадр қызметі) күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде құжаттар пакетін конкурстық комиссияның қарауына жібереді;

3) Конкурстық комиссия күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігіне отырыс өткізеді және дауыс беру арқылы біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлердің тізімін бекіту және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

4) Конкурстық комиссия күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурс қатысушыларына олардың кандидат ретінде тіркелгендігі туралы, әңгімелесудің күні, уақыты және өтетін жері туралы хабарлайды;

5) Конкурстық комиссия үміткердің балалар мен жасөспірімдер психологиясы, ұжымдағы басқару және іскерлік өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент пен қызметтік этика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша теориялық білім деңгейін анықтау, үміткердің педагогикалық жетістіктеріне, кәсіби және жеке қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілетіне қатыстық ақпараттық нақтылау, болжанатын лауазымындағы қызметінің перспективаларын анықтау мақсатында өткізеді. Әңгімелесу барысында сондай-ақ лауазымға үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі анықталады;

7) Конкурстың барлық кезеңдерінің аяқталуы бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытынды отырыс өткізеді, дауыс беру арқылы бір үміткерді анықтайды және оның кандидатурасын Конкурс жариялаған мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы Қарағанды облысы білім басқармасының басшысына қорытынды дауыс беру хаттамасымен қоса лауазымға бекіту үшін ұсынады;

7) Конкурстық комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорытынды отырыс хаттамасының көшірмесін ұсына отырып, Конкурстың қорытындылары туралы жазбаша хабарлайды;

8) Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына тағайындау құқығы бар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады және Комиссия ұсынған кандидатпен еңбек шартын жасайды;

9) Персоналды басқару қызметі бөлімі (кадр қызметі) мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын 3 (үш) жұмыс күні ішінде тағайындау туралы бұйрықпен таныстырады.

9. Көрсетілетін қызметті берушілер арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы «Облыстық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері Қарағанды облысы білім басқармасының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды
нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.krg.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефоны: 8-800-080-777, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Облыстық маңызы бар

мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің

басшылары лауазымдарына орналасу

конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша



Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасы


6-рәсім

Білім басқармасының басшысы бұйрық шығарады (күнтізбелік 7 күн).

7-рәсім

Персоналды басқару қызметі бөлімі мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын тағайындау туралы бұйрықпен таныстырады (3 жұмыс күні).



2-рәсім

Қарағанды облысының білім басқармасының Кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді және Персоналды басқару қызметі бөліміне береді



1-рәсім

Қарағанды облысының білім басқармасы лауазымға орналасуға конкурс жариялайды


Скругленный прямоугольник 10
3-рәсім

Персоналды қызметті басқару қызметі бөліміне құжаттар топтамасын конкурстық комиссияның қарауына жолдайды (күнтізбелік 4 күн)



5-рәсім

Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы (5 жұмыс күні) және қорытындылары туралы хабарлау (3 жұмыс күні)



4-рәсім

Біліктілік талаптарына сәйкестігін зерделеу (күнтізбелік 5 күн) және кандидаттарға хабарлау (күнтізбелік 3 күн)





Стрелка вправо 1Стрелка вправо 1Стрелка вправо 1

«Республикалық маңызы бар

мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің

басшылары лауазымдарына орналасу

конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Облыстық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары

лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)



Скругленный прямоугольник 9Скругленный прямоугольник 8Скругленный прямоугольник 10Скругленный прямоугольник 12Скругленный прямоугольник 13Скругленный прямоугольник 11

жүктеу 179,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау