Кәсіподақтың ұйымдастырушылық қызметінің нығаюы
Есеп беру мерзімінде Кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдарының ұйымдастырушылық қызметін әрі қарай нығайту, кәсіподақ ұйымдарының бірлігі проблемалары, мүшелік базаны нығайту, заманауи кадрлық саясатты іске асыру және кәсіподақтың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру мәселелері үнемі кәсіподақтың Салалық Кеңесінің қызмет аясында болды.
Кәсіподақты ұйымдастырушылық нығайту мәселелерінде барлық жұмыстың негізі мүшелік базаны сақтау және көбейту болып қалады. Кәсіподақ мүшелерін көбейтуге көптеген облыстық және аумақтық кәсіподақ комитеттері негізінен жаңа кәсіподақ ұйымдарын құру есебінен қол жеткізеді. Кәсіподақта жұмыс жасайтын мүшелер саны артты.
2018 жылғы 1 қаңтарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы 802 мың кәсіподақ мүшелерін біріктіреді және Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының мүшелік ұйымы бола отырып, оның құрамының жартысын дерлік құрайды.
2017 жылы 20 облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының ішінен 14 мүшелік ұйым кәсіподақ мүшелерінің санын көбейтті:
- Батыс-Қазақстан облыстық ұйымы – 7231адамға;
- Алматы облыстық ұйымы- 7083 адамға;
- Алматы қалалық ұйымы – 4734 адамға.
- Маңғыстау облыстық ұйымы– 3165 адамға;
- Қостанай облыстық ұйымы – 2607 адамға;
- Жамбыл облыстық ұйымы – 1693 адамға;
- Қарағанды облыстық ұйымы –1031 адамға;
- Алматы қаласының «Ұстаз» кәсіподағы – 673 адамға;
- Қызылорда облыстық ұйымы - 601 адамға;
- Семей аумақтық ұйымы - 450 адамға;
- Жезқазған аумақтық ұйымы – 408 адамға;
- Астана қаласының «Әділет» кәсіподақ ұйымы– 352 адамға;
- Шығыс-Қазақстан облыстық ұйымы - 330 адамға;
- Атырау облыстық ұйымы – 143 адамға.
Сонымен қатар, 2016 жылмен салыстырғанда кәсіподақ мүшелерінің саны Ақмола облыстық ұйымында - 11059 адамға, Оңтүстік-Қазақстанда – 4534, Солтүстік-Қазақстанда – 1643, Талдықорған аумақтық ұйымында – 2171 адамға едәуір азайған.
Ақмола облысында кәсіподақ мүшелігінің азаюы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкерлері мен студенттерінің филиал мәртебесінде Салалық кәсіподаққа ауысуымен байланысты.
Оңтүстік-Қазақстан облысында кәсіподақ мүшелерінің санының азаюына жергілікті кәсіподақтардың құрылуы және ұйымдардың осы кәсіподақтарға ауысуы себеп болып отыр.
Солтүстік-Қазақстан облысында кәсіподақ мүшелігінің азаюы бірқатар білім беру ұйымдарының, соның ішінде мектептердің жабылуымен және қайта құрылуымен, қызметкерлер санының қысқаруымен, қызметкерлердің облыстан және республикадан тыс кетуімен түсіндіріледі.
Павлодар облысында білім беру саласындағы оңтайландыру мен оқушылар контингентінің азаюына байланысты 1 жеке жалпы білім беру мектебі, 13 бастауыш мектеп жабылып, 2 бастауыш мектеп мектепке дейінгі шағын орталыққа қайта құрылды.
Ақтөбе облыстық ұйымында оңтайландыру нәтижесінде 13 шағын жинақталған мектеп жабылды.
2017 жылы барлығы 243 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған, бұл 2016 есеп беру мерзімімен салыстырғанда 53-ке аз. Облыстық, аумақтық, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттері – мүшелік ұйымдар аппараттары 13 адамға көбейді.
Есеп беру мерзімінде салалық кәсіподақ құрамына филиалдар ретінде «Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Еуразия ұлттық университеті студенттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті студенттерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы» қосылды.
Жалпы салалық кәсіподақ бойынша жұмыс жасайтындар арасында кәсіподақ мүшелігімен қамту сала қызметкерлерінің жалпы санынан 71,3% құрайды. Білім саласы қызметкерлерінің қатарынан кәсіподақ мүшелігімен ең көп қамтуға қол жеткізген Жамбыл, Атырау, Қостанай облыстарының кәсіподақ ұйымдары - 91% дан 97%-ге дейін, Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары - 78% дан 90%-ға дейін. Жалдамалы қызметкерлер арасыда кәсіподақ мүшелігімен қамту жағдайы туралы Ақпарат көрсетіп отырғандай (№2 қосымша), салада мүшелік базаны әрі қарай көбейту жөнінде айтарлықтай резерв бар.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің жұмыс жасайтын кәсіподақ мүшелерінің саны
№
|
Облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымының атауы
|
01.01.
2016 жылға
|
01.01.
2017 жылға
|
01.01
2018 жылға
|
Өзгерісі
+/-
|
1.
|
Ақмола облыстық ұйымы
|
36021
|
35967
|
36056
|
+35
|
2.
|
Алматы облыстық ұйымы
|
22775
|
26346
|
33429
|
+10654
|
3.
|
Атырау облыстық ұйымы
|
29345
|
29916
|
30632
|
+1287
|
4.
|
Ақтөбе облыстық ұйымы
|
31833
|
32213
|
32044
|
+211
|
5.
|
Шығыс-Қазақстан облыстық ұйымы
|
25395
|
25955
|
25946
|
+551
|
6.
|
Жамбыл облыстық ұйымы
|
59572
|
61228
|
62064
|
+2492
|
7.
|
Жезқазған аумақтық ұйымы
|
17745
|
17913
|
18086
|
+341
|
8.
|
Батыс-Қазақстан облыстық ұйымы
|
23160
|
29211
|
34111
|
+10951
|
9.
|
Қарағанды облыстық ұйымы
|
33748
|
34614
|
34973
|
+1225
|
10.
|
Қостанай облыстық ұйымы
|
36395
|
37348
|
37750
|
+1355
|
11.
|
Қызылорда облыстық ұйымы
|
39552
|
42870
|
44003
|
+4451
|
12.
|
Маңғыстау облыстық ұйымы
|
21101
|
22737
|
23660
|
+2559
|
13.
|
Павлодар облыстық ұйымы
|
36337
|
36008
|
35870
|
-467
|
14.
|
Солтүстік-Қазақстан облыстық ұйымы
|
29380
|
28929
|
27814
|
-1566
|
15.
|
Семей аумақтық ұйымы
|
24321
|
24418
|
24629
|
+308
|
16.
|
Талдықорған аумақтық ұйымы
|
31357
|
33230
|
31057
|
-300
|
17.
|
Оңтүстік-Қазақстан облыстық ұйымы
|
102442
|
103942
|
98590
|
-3852
|
18.
|
«Әділет» Астана қаласы
|
14528
|
16905
|
17257
|
+2729
|
19.
|
«Ұстаз», Алматы қаласы
|
28005
|
28179
|
28682
|
+677
|
20.
|
Алматы қалалық кәсіподақ ұйымы
|
|
333
|
1584
|
+1551
|
21.
|
ЕҰУ қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
2491
|
+2491
|
22.
|
ЕҰУ студенттерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
|
|
23.
|
ҚазҰТУ қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
1151
|
+1151
|
24.
|
ҚазҰТУ студенттерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
651847
|
676812
|
681895
|
+30048
|
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы мүшелерінің саны
№
|
Облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымының атауы
|
1.01.
2016 жылға
|
1.01.
2017 жылға
|
1.01
2018 жылға
|
Өзгерісі
+/-
|
1.
|
Ақмола облыстық ұйымы
|
50221
|
49208
|
38149
|
-12072
|
2.
|
Алматы облыстық ұйымы
|
22775
|
26346
|
33429
|
+10654
|
3.
|
Атырау облыстық ұйымы
|
31589
|
35306
|
35449
|
+3860
|
4.
|
Ақтөбе облыстық ұйымы
|
40223
|
41285
|
41160
|
+937
|
5.
|
Шығыс-Қазақстан облыстық ұйымы
|
31048
|
31044
|
31374
|
+326
|
6.
|
Жамбыл облыстық ұйымы
|
64835
|
66060
|
67753
|
+2918
|
7.
|
Жезқазған аумақтық ұйымы
|
21741
|
21314
|
21722
|
-19
|
8.
|
Батыс-Қазақстан облыстық ұйымы
|
24112
|
30139
|
37370
|
+13258
|
9.
|
Қарағанды облыстық ұйымы
|
40307
|
41811
|
42842
|
+2535
|
10.
|
Қостанай облыстық ұйымы
|
43918
|
47402
|
50009
|
+6091
|
11.
|
Қызылорда облыстық ұйымы
|
44478
|
48602
|
49203
|
+4725
|
12.
|
Маңғыстау облыстық ұйымы
|
23867
|
26397
|
29562
|
+5695
|
13.
|
Павлодар облыстық ұйымы
|
41417
|
40937
|
40587
|
-830
|
14.
|
Солтүстік-Қазақстан облыстық ұйымы
|
30708
|
30257
|
28614
|
-2094
|
15.
|
Семей аумақтық ұйымы
|
26322
|
25932
|
26382
|
+60
|
16.
|
Талдықорған аумақтық ұйымы
|
32275
|
33230
|
31059
|
-1216
|
17.
|
Оңтүстік-Қазақстан облыстық ұйымы
|
129038
|
131043
|
126509
|
-2529
|
18.
|
«Әділет» Астана қаласы
|
14528
|
16905
|
17257
|
+2729
|
19.
|
«Ұстаз», Алматы қаласы
|
28005
|
32354
|
33027
|
+5022
|
20.
|
Алматы қалалық кәсіподақ ұйымы
|
|
333
|
5067
|
+4734
|
21.
|
ЕҰУ қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
2491
|
+2491
|
22.
|
ЕҰУ студенттерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
11005
|
+11005
|
23.
|
ҚазҰТУ қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
1151
|
+1151
|
24.
|
ҚазҰТУ студенттерінің кәсіподақ комитеті
|
|
|
1007
|
+1007
|
|
Барлығы:
|
836272
|
871323
|
802194
|
-34078
|
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
жұмыс жасайтын кәсіподақ мүшелерінің саны
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
бастауыш кәсіподақ ұйымдары санының динамикасы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ мүшелер санының динамикасы
2016 жыл – 836 272, 2017 жыл - 871 323, 2018 жыл – 802 194
Кадрлық саясатты іске асыру, кәсіподақ бірлігін нығайту мәселелері
Кадрлық жұмысқа жүйелілік беру мақсатында Кәсіподақтың XIII съезінде салалық кәсіподақ Жарғысы жаңа «Кәсіподақ кадрлары» бөлімімен толықтырылып, онда кадрлық жұмыстың негізгі принциптері анықталды. Бұл – кадрлар резервімен жұмыс мәселесі, кәсіподақ оқуын ұйымдастыру, еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес кәсіподақ кадрларымен еңбек қатынастары және басқа да мәселелер. Съезден кейін, осы ережелерді дамыту үшін салалық кәсіподақта тиісті нормативтік және нұсқамалық құжаттар әзірленіп, бекітілді: Салалық Кеңес аппаратының жұмыс Регламенті, кәсіподақ кадрларын оқытуды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтар, сайланбалы кәсіподақ қызметкерлерімен еңбек шартын жасаудың ерекшеліктері туралы Нұсқаулық және т.б.
2017 жылғы қаңтарда Кәсіподақтың Атқару комитеті мәжілісте «Кадрлық саясат мәселелері бойынша Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін іске асыру жөніндегі Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік ұйымдарының жұмысы туралы» мәселені қарады. Онда кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақ съезінің шешімдерін басшылыққа ала отырып, аталған мәселе бойынша нақты жұмыс жүргізетінін атап өтті.
Кәсіподақтың Салалық Кеңесі мен мүшелік ұйымдар соңғы жылдары кәсіподақ органдарының аппараттарын ұйымдастырушылық, қаржы қызметі, құқықтық жұмыс жөніндегі мамандармен бекіту жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Облыстық, аумақтық ұйымдар аппараттарының кәсіподақ қызметкерлерінің штаттық саны 2017 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 55 адамға көбейді.
Кадрлық жұмыс жөніндегі салалық кәсіподақ пен мүшелік ұйымдар қызметі жастар саясатын іске асыру мәселелерімен тығыз байланысты, жастар арасындағы жұмыс жөнінде кеңестер құрылып жұмыс жасайды. Жастар кеңесінің мүшелері Кәсіподақтың, облыстық және аумақтық ұйымдардың алқалы органдарының құрамдарына сайланған.
Кадрлық саясат саласында Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымы мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізеді: кәсіподақ органдарының рейтингі туралы Ереже, этика кодексі және штаттық кәсіподақ қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі, қызметкерлердің еңбектерін ынталандыруға және кадрлардың тапсырылған жұмыс учаскесіне жуапкершіліктерін арттыруға бағытталған басқа да құжаттар әзірленіп, қолданысқа енгізілді.
Қостанай және Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымдары жанынан кәсіподақ активінің мектебі құрылып, онда тұрақты негізде кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, тексеру комиссиясының төрағалары мен мүшелері, кәсіподақ активі оқытылады.
Кәсіподақ кадрларын іріктеу мен орналастыру мәселесі жыл сайын Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының Атқару комитеті мәжілістерінде қаралып, штаттық кесте бекітіледі. Қоғамдық бірлестіктің қалалық және аудандық филиалдарымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының деңгейлерінде де кадрлық резерв құрылған. Кәсіподақ комитеттері төрағаларының лауазымына резервке ұсынылған 659 кәсіподақ белсенділерінің қатарынан 30% шамасында жастар құрайды. Облыстық кәсіподақ көшбасшыларының мектебі құрылды.
Кадрлық саясат мәселелері Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Батыс-Қазақстан және басқа да облыстық ұйымдардың, Алматы қаласы «Ұстаз» кәсіподағының атқару комитеттері мәжілістерінде қаралды.
Дегенмен, барлық бірдей мүшелік кәсіподақ ұйымдары кадрлармен жұмысқа аса назар аудармайды: кәсіподақ кадрлары мен активін іріктеу, оқыту және тәрбиелеу, резервті қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыс қолға алынбаған. Жеке мүшелік ұйымдар сайланбалы кәсіподақ органдарының басшыларына резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысқа назар аудармай, бұл мәселеге жауапкершіліксіз немқұрайлықпен қарап отыр. Бірқатар аумақтық ұйымдарда кадрлардың қартаю тенденциясы сақталған. Мысалы, Талдықорған аймағының 12 аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларынан 9-ы немесе 75% зейнеткерлік жасындағылар. Осындай жағдай Жезқазған аумақтық ұйымында да орын алған. Жеке аумақтық ұйымдарда резервке зейнеткерлік және зейнеталды жасындағы кәсіподақ қызметкерлері ұсынылады.
Кәсіподақ кадрлары мен активінің біліктіліктерін жүйелі және үздіксіз арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыста кемшіліктер кездеседі. Бірқатар мүшелік ұйымдарда бұл жұмыс лайықты ұйымдастырушылық қамтамасыз етусіз жүргізіліп, көп жағдайларда біржолғы семинарлар өткізумен шектеледі. Бұл мәселеде мүшелік ұйымдар Кәсіподақтың Атқару комитетінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Кәсіподақ оқуын ұйымдастыру және кәсіподақ оқуы жүйесіндегі сабақтарды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» №2 Қаулысын толық орындамайды.
Кәсіподақ кадрларының тапсырылған жұмыс бөлігіне жауапкершіліктерін арттыру, жарғылық міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты жақсарту қажет. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау жөнінде лайықты жұмысты қамтамасыз етпейтін кейбір кәсіподақ ұйымдары басшыларының қызметі кәсіподақ беделіне зор нұқсан келтіреді, бұл қызметкерлер мен кәсіподақ мүшелерінің, педагогикалық ұжымдардың наразылықтарын тудырады. Мұндай фактілер Алматы облыстық кәсіподақ ұйымдарының, «Парасат» кәсіподақ ұйымының және басқа да кәсіподақ органдарының жұмыстарында орын алды. Осыған байланысты салалық кәсіподақтың Атқару комитеті барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдарына кәсіподақ кадрларының тапсырылған жұмыс бөліктеріне жауапкершіліктерін арттыру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізуге, олардың еңбегін әділ бағалауды жүйелі жүзеге асыруға, кәсіподақ органдары мен кәсіподақ ұйымдары басшыларының кәсіподақ мүшелері алдында және алқалы органдар мәжілістерінде Кәсіподақтың жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жөнінде өз жұмысы туралы есептер мен ақпараттарды қолдануға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ кәсіподақ кадрларымен жұмысқа, жас кәсіподақ белсенділерінің сайланбалы кәсіподақ органдарының құрамына қосылуына, барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдары мен ұйымдарының басшыларына нақты және әрекетті кадрлар резервін қалыптастыруға көңіл бөлінді.
Кәсіподақтың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру мен нығайту жөніндегі жұмыс жалғасуда. Жарғы ережелерін ескере отырып, Кәсіподақ филиалдарын (ЕҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университеті кәсіподақ ұйымдары) ашу туралы шешімдер қабылданды.
2017 жылғы қаңтарда мүшелік ұйым ретінде Алматы қалалық кәсіподақ үйымы қабылданды.
Салалық Кеңес пен оның аппараты аймақтардағы кәсіподақ қозғалысының жағдайын үнемі қарап отырады. Есеп беру мерзімінде Атқару комитетінің мәжілістерінде облыстық және аумақтық ұйымдардың есептері мен ақпараттары, кәсіподақтың Салалық кеңесі қызметінің басқа да мәселелері қаралды:
- Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысы туралы;
- Батыс-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының 2016 жылғы қазанда облыстық ұйым қызметін тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі кәсіподақтың Салалық Кеңесінің нұсқаулықтарын орындау бойынша жұмысы туралы;
- Алматы облыстық кәсіподақ ұйымында Салалық Кеңес қаулылары мен өз шешімдерін бақылау мен орындау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы;
- Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және іс жүргізу бойынша Нұсқаулықты орындау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы;
- Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының барлық деңгейлерінің кәсіподақ құрылымдарындағы кәсіподақ органдарында есеп берулер мен сайлауларды өткізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы;
- Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің істер номенклатурасын бекіту туралы және басқа мәселелер.
Қаралған мәселелер бойынша Атқару комитеті тиісті қаулылар қабылдады, облыстық кәсіподақ ұйымдарына жергілікті жерлерде кәсіподақ ұйымының жұмысын белсендендіріп, олардың қызметін кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау мәселелеріне, кәсіподақ органдары мен ұйымдарының ұйыдастырушылық қызметін нығайтуға бағыттау ұсынылды.
Кәсіподақ басшылығы (төрайым, орынбасарлары), Салалық Кеңес аппаратының қызметкерлері 2017 жыл ішінде іссапарларда 285 күн болған.
Кәсіподақтың құқық қорғау жұмысы
Достарыңызбен бөлісу: |