Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы мүшелік ұйымдарының кадрлық саясат мәселелері
бойынша Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін
жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Салалық Кеңесі, мүшелік ұйымдары Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін басшылыққа ала отырып, кадрлық саясат мәселелері жөнінде нақты жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта салалық кәсіподақтың барлық құрылымдарында түрлі деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарының 10450-ден астам сайланбалы басшылары жұмыс жасайды. Кәсіподақ органдарының аппараттарында 540 босатылған қызметкер жұмыс жасайды.
Кәсіподақтың Салалық Кеңесімен кадрлық жұмыс, кәсіподақ органдары аппараттарының қызметін, кәсіподақ кадрлары мен активтің оқуын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Жарғылық ережелерді жүзеге асырудың негізгі құқықтық реттеуші және нұсқамалық құжаттары әзірленген және бекітілді.
Соңғы жылдары мүшелік ұйымдар кәсіподақ органдарының аппараттарын ұйымдастырушылық, қаржы қызметі жөніндегі мамандармен, құқықтық қызметкерлермен нығайту жөнінде маңызды жұмыс атқарды. 2016 жылы облыстық, аумақтық ұйымдар аппараттарының кәсіподақ қызметкерлерінің саны 2014 жылмен салыстырғанда 45 адамға көбейді.
Салалық кәсіподақ пен мүшелік ұйымдардың кадрлық жұмыс жөніндегі қызметі жастар саясатын жүзеге асыру мәселелерімен тығыз байланысты, жастар арасындағы жұмыс жөнінде кеңестер құрылған және жұмыс жасайды. Жастар кеңестерінің мүшелері Кәсіподақтың, облыстық және аумақтық ұйымдардың алқалы органдарының құрамына сайланған.
Салалық кеңес пен мүшелік ұйымдардың қызметіндегі басымды бағыт кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту болып қала береді. Жүйелі түрде аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағаларын, заңгерлерді, қауіпсіздік техникасы мәселелері жөніндегі мамандарды, тексеру комиссияларының төрағалары мен облыстық және аумақтық ұйымдардың бас есепшілерін оқыту семинарлары жүргізіледі. Кәсіподақтың Салалық Кеңесі кәсіподақтық білім саласында халықаралық кәсіподақтар орталығымен белсенді жұмыс жасайды, 2014-2016 жылдар ішінде «Мұғалімдер кәсіподағының қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы рөлі» бағдарламасы бойынша жастар қатарынан 500- ден астам кәсіподақ белсенділері оқытылды. 2013 жылы КФ Оқу орталығында алғаш рет облыстық және аумақтық кәсіподақ комитеттері төрағаларының лауазымына резервке ұсынылған 30 адам оқытылды.
Кадрлық саясат саласында Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымы мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізеді: кәсіподақ органдары басшыларының рейтингі туралы Ереже, этика кодексі және штаттық кәсіподақ қызметкерлерін аттестаттау тәртібі және қызметкерлер еңбегінің тиімділігі мен кадрлардың тапсырылған жұмыс бөлігіне жауапкершіліктерін ынталандыру мен арттыруға бағытталған басқа да құжаттар әзірленіп, қолданысқа енгізілген.
Облыстық кәсіподақ комитетінің кәсіподаққа жастардың белсенді бөлігін тарту, оларды кәсіподақтың кадрлық потенциалына тәрбиелеу мен ұсыну жөніндегі жұмыс тәжірибесі оңды нәтижелер көрсетіп отыр. Мысалы, облыстық кәсіподақ комитетінің заң қызметінің басшысы Б.Баймағамбетов, облыстық «Еңбекші» кәсіподақ газетінің бас редакторы Б.Бекназаров, «Кәсіподақтың бірлескен комитеті» филиалының басшысы Ж.Орынбаев, «ТаразПрофсоюзТурист» ЖШС директоры Ж.Қойбағаров, облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Е.Мағзымбеков өз еңбек қызметтерін жас маман ретінде облыстың төменгі кәсіподақ құрылымдарында бастаған. Кәсіподақ кадрлары мен активінің кәсібиліктері мен біліктіліктерін арттыруда оқу орталығының рөлі зор.
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті Атқару Комитетінің қаулысымен кәсіподақ активінің мектебі құрылған. 2015-2016 жылдары жұмыстың түрлі бағыттары бойынша 27 семинар өткізіліп, кәсіподақ комитетінің 536 төрағасы, тексеру комиссиясының 127 төрағасы мен мүшелері оқытылды.
Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымында мүшелік кәсіподақ ұйымы қызметінің бағыттарын ескере отырып, кәсіподақ активі мектебінің сабақтары жүргізіледі. Барлық сабақтардың ажырамас бөлшегі кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру мәселелері болып табылады. «Кәсіподақ лидерінің имиджі» тақырыбы бойынша өткізілген сабақ кәсіподақ комитеттері төрағаларының ерекше қызығушылығын тудырды.
Қарағанды облыстық кәсіподақ комитеті жыл сайын жергілікті жерлердегі кәсіподақ активіне тәжірибелік көмек көрсете отырып, арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша бірінші рет сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын оқытады.
Кәсіподақ кадрларын іріктеу мен орналастыру мәселелері жыл сайын Павлодар облыстық кәсіподақ комитетінің Атқару комитетінің мәжілістерінде қаралып, соңында штаттық кесте бекітіледі. Қалалық және аудандық қоғамдық бірлестіктер филиалдарының, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының деңгейлерінде кадрлық резерв құрылған. Кәсіподақ комитеттері төрағаларының лауазымына резервке ұсынылған 659 кәсіподақ белсенділерінің 30 %-ға жуығын жастар құрайды. Кәсіподақ белсенділерінің облыстық мектебі құрылды. Кәсіподақтың қалалық және аудандық филиалдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, олардың қызметінің рейтингілік бағасын енгізу жөнінде тәжірибе жүргізіледі.
Солтүстік-Қазақстан облыстық кәсіподақ комитеті Атқару Комитетінің мәжілістерінде «Шалақын ауданындағы жас мамандармен жұмыс туралы», «Петропавл қалалық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ активін моральдық және материалдық ынталандыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы», «Облыстық, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына кадрлар резерві туралы» мәселелерді қарады.
Соңғы кезде Оңтүстік-Қазақстан облысының көптеген аудандық кәсіподақ комитеттерінің аппараттары жас мамандармен – кәсіподақ қызметкерлерімен нығайтылды.
Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстық, «Ұстаз» Алматы қалалық кәсіподағының және Астана қаласының «Әділет» кәсіподақ ұйымының Атқару Комитетінің мәжілістерінде кадрлық саясат мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, жұмысымызда әлі де айтарлықтай кемшіліктердің барын айта кеткен жөн. Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының барлығы бірдей дерлік кадрлармен жұмысқа тиісті мән бермейді: кәсіподақ кадрлары мен активін іріктеу, оқыту және тәрбиелеу, резерв құру жөнінде ретті және жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Алматы, Батыс-Қазақстан облыстық және Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымдары мен «Парасат» кәсіподақ ұйымы аталған мәселе бойынша Кәсіподақтың XIII съезінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы ақпараттарын Кәсіподақтың Салалық Кеңесіне ұсынған жоқ.
Жекелеген мүшелік ұйымдар сайланбалы кәсіподақ органдарының басшыларына резервті құру жөніндегі жұмысты жете бағаламай, бұл мәселеге немқұрайлы және ешбір жауапкершіліксіз қарайды. Кейбір облыстық, аумақтық ұйымдар Салалық Кеңеске кәсіподақ ұйымындағы кадрлық жағдайды талдауға мүмкіндік бермейтін кадрлар резерві туралы толық жөнделмеген және әзірленбеген мәліметтер жіберген.
Кәсіподақ қозғалысын жаңарту және кадрларды жасарту жөнінде жүргізілетін жұмыстарға қарамастан, бірқатар аумақтық ұйымдарда кадрлардың қартаю тенденциясы сақталып отыр. Мысалы, Талдықорған аймағындағы аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің 12 төрағасының ішінде 9-ы немесе 75 % зейнеткерлік жастағылар. Жезқазған аумақтық ұйымында да осындай жағдай. Бұл аумақтық ұйымдарда кәсіподақ органдарының басшыларына әрекетті резервті құру жөнінде жұмыс жүргізілмейді, резервке зейнеткерлік және зейнеталды жасындағы кәсіподақ қызметкерлері ұсынылады. Мысалы, 1978 жылы туылған Балқаш қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Б.Айтжанованың резервіне 1960 жылы туылған Д.С.Сүйімбекованың кандидатурасы ұсынылған.
Кадрлық саясат жөніндегі мәселер бойынша мүшелік ұйымдармен ұсынылған ақпарат талдауы, филиалдың ең жас басшысы – 1990ж.т. Жамбыл облыстық Байзақ аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Елнұрбек Сайланбекұлы Ермеков, ал ең жасы үлкен басшы – 1926 ж.т. Оңтүстік-Қазақстан облыстық ұйымының Келес аудандық кәсіподақ комитетінде еңбек ететін Бейсенәлі Қырғызәлиев екенін көрсетіп отыр.
Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымында филиал төрағаларының орташа жасы 45 жас, бұл республика бойынша ең жас құрам, филиалдардың бұдан үлкендеу жас санаты Талдықорған, Семей аумақтарында, «Ұстаз» кәсіподағында және ОҚО-да жұмыс жасайды. Сала кәсіподағының мүшелік ұйымдары басшыларының орташа жасы – 61 жас; мүшелік ұйымдар басшыларының лауазымына резервке қойылған қызметкерлердің жасы – 44 жас; филиал басшыларының орташа жасы – 55 жас; филиал басшыларының лауазымына резервке қойылған кәсіподақ белсенділерінің жасы – 43 жас. 2012 жылмен салыстырғанда, кәсіподақ кадрларының жасару жағынан едәуір өзгерістер байқалады.
Мүшелік ұйымдар кәсіподақтың Салалық Кеңесі Атқару Комитетінің 2014 жылдың 14-қарашасындағы «Кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының типтік штаттық кестесін бекіту туралы» №1 қаулысына сәйкес, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін кәсіподақ органдарының аппараттарын білікті кадр мамандармен нығайту жөніндегі шараларды толық орындамайды. Мысалы, Ақмола облыстық және Жезқазған аумақтық кәсіподақ комитеттері 2 жылдан астам уақыт бойы жұмысқа бас маман – құқықтық еңбек инспекторларын қабылдау туралы мәселені шеше алмай жүр. Шығыс-Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінде бұл лауазым бір жылдан артық бос тұр.
Жамбыл, Қызылорда, Жезқазғаннан басқа көптеген облыстық және аумақтық кәсіподақ ұйымдарында, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі бас мамандарды кәсіподақ комитеттерінің аппараттарына іріктеу және тағайындау туралы мәселе шешілмеген. Кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттары бойынша мамандарының болмауы, жалпы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы кәсіподақ жұмысының тиімділігін төмендететінін айта кеткен жөн.
Көптеген облыстық, аумақтық ұйымдарда мүшелік ұйымдар басшылары орынбасарларының институты құрылмаған. Жекелеген облыстар мен аймақтарда аудандық бөлімдегі кәсіподақ органдарын кадрлық нығайту жөніндегі жұмыс жеткіліксіз жүргізіледі. Мысалы, Батыс-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымында штаттарға аудандық кәсіподақ комитеттерінің босатылған төрағаларын енгізу туралы мәселе шешілмеген. Төрағалардың міндеттерін босатылмаған кәсіподақ белсенділері атқарып, жалпы аймақтағы кәсіподақ ұйымы жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізбейді.
Кәсіподақ кадрлары мен активінің біліктіліктерін жүйелі және үздіксіз арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыста жетіспеушіліктер бар. Бірқатар мүшелік ұйымдарда бұл жұмыс тиісті ұйымдастырушылық қамтамасыз етусіз жүргізіледі, көп жағдайларда оқыту біркүндік семинарларды өткізумен шектеледі. Бұл мәселеде мүшелік ұйымдар Кәсіподақтың Атқару Комитетінің 2015 жылдың 19-қаңтарындағы «Кәсіподақ оқуын ұйымдастыру және кәсіподақтық оқыту жүйесіндегі сабақтарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» №2 Қаулысын толық орындамай отыр.
Кәсіподақ қызметкерлерінің кәсіптік және іскерлік біліктіліктерін арттыру мақсатында, кәсіподақ органдары облыстық және аумақтық ұйымдардың аппараттарында кәсіподақ қызметкерлерінің тағылымдамасы тәжірибеден өткізілмейді.
Кәсіподақ органдарының жұмысындағы нақты жетіспеушілік тапсырылған жұмыс бөлігі, жарғылық міндеттерді орындағаны үшін кәсіподақ кадрларының жауапкершілігін арттыру жөніндегі тиісті жұмыстың жоқтығы болып отыр. Кәсіподақ беделіне кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етпейтін кейбір мүшелік ұйымдардың басшылары зор нұқсан келтіріп, бұл қызметкерлер мен кәсіподақ мүшелерінің, педагогикалық ұжымдардың наразылығын тудырады. Мысалы, Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ бір топ студенттерінің арызын тексеру барысында, студенттік кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Қалиақпарованың ұйым басшылығындағы өзінің 20 жыл жұмысы ішінде, кәсіподақ комитетінің қызметі туралы студенттерге есеп бермегені анықталды. Кәсіподақ комитеті студенттердің проблемаларына көңіл бөлмейді, университет әкімшілігімен қатынастарында олардың өкілдіктері мен қорғалуын қамтамасыз етпейді. Кәсіподақ комитеті мен кәсіподақ мүшелерінің арасында байланыс жоқ. «Парасат» жоғарғы ұйымының төрағасы Д.Ж.Жанатаев туындаған жағдай туралы біле тұра, жағдайды қалыпқа келтіру және кәсіподақ комитетінің жұмысын жандандыру жөнінде тиісті шаралар қабылдамады.
Қарасай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Ж.Койчубаев Жаңатұрмыс ауылы орта мектебінің мұғалімі, кәсіподақ мүшесі А.Сағидуллаеваға мектеп директорының қолданған тәртіптік жазасына қатысты ешқандай әрекетті шара қабылдаған жоқ. Е.Койчубаев бұл мәселеде жұмыс берушінің жағын қабылдады, туындаған жағдай БАҚ-да кеңінен талқыланып, салалық кәсіподақтың қызметіне ең жағымсыз баға берілді.
Жоғарыда көрсетілген салалық кәсіподақтың кәсіподақ органдары мен ұйымдарының қызметіндегі жағымсыз құбылыстар, мүшелік ұйымдардың басшылары тарапынан олардың жұмысына тиісті бақылаудың, кәсіподақ кадрлары қызметінің негізді және қатал бағасының болмауының дәлелі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |