Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Кәсіподақтың Салалық Кеңесі мен мүшелік ұйымдардың «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2014-2019ж ж. арналған қызметінің негізгі бағыттарын»



жүктеу 2,07 Mb.
бет1/4
Дата30.12.2019
өлшемі2,07 Mb.
#25514
  1   2   3   4

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

Кәсіподақтың Салалық Кеңесі мен мүшелік ұйымдардың «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2014-2019ж.ж.арналған қызметінің негізгі бағыттарын» орындау жөніндегі қызметі туралы

АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛ

(2017ж.қаңтар- 2018ж.қаңтар)


Астана қаласы, ақпан 2018 ж.

Өткен мерзім еліміз үшін аса маңызды болып табылатын ірі және айтарлықтай қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың соңғы жылдары жариялаған конституциялық реформасы, Қазақстан экономикасын және қоғамдық сананы жаңарту қазіргі заманғы жаһандық сынақтар мерзімінде республика дамуының жаңа, сапалы кезеңін білдіреді.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, білім беруді әрі қарай дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласында және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған нұсқауларын талқылауға белсенді қатысты.

Мемлекет Басшысының Жолдауын талқылау аясында 2018 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының қолдауымен «Кәсіподақ: жаңару мен жаңғыру жолында» Республикалық форумы өткізіліп, оның жұмысына облыстық, аумақтық Кәсіподақ ұйымдарының басшылары, аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің төрағалары, саланың аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Парламент депутаттары, министрліктер, ведомстволар және еліміздегі қоғам өкілдері қатысты. Форумда кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Б.Ж. Әбдірайымов және Кәсіподақ төрайымы М.Т.Амантаева баяндама жасады.



Форумда қабылданған қарарда, оған қатысушылар кәсіподақ қозғалысын әрі қарай реформалаудың өзекті мәселелерін талқылай отырып, қазақстандық қоғамның барлық салаларын жаңартуға бағытталған бағдарламалық міндеттер мен мақсаттарды қолдады. Мемлекет Басшысының нұсқауларына лайықты жауап кәсіподақ қозғалысын әрі қарай реформалау, білім және ғылым саласы қызметкерлері– кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау болып табылатын ортақ мақсат пен міндет аясында кәсіподақ ұйымдарының бірлігін нығайту болып табылатыны ескерілді.

Кәсіподақтың негізгі іс-шаралар хроникасы
24 қаңтар 2017ж. Астана қаласында білім және ғылым Министрлігімен және кәсіподақтың Салалық кеңесімен ұйымдастырылған педагогтың кәсіптік стандартын түсіндіру жөнінде семинар өткізіліп, оған Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім мазмұны мен әдістеме басқармасының басшылары, заңгерлер мен облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ белсенділері, кәсіподақтың Салалық Кеңесінің қызметкерлері қатысты.

2017 жылғы 5 сәуірде Астана қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары үшін семинар өткізілді. Семинар жұмысына кәсіподақтың облыстық, аудандық және қалалық құрылымдық ұйымдарының жауапты мамандары еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты. Аталған тақырып бойынша семинар алғаш рет өткізілді және техникалық инспекторлар жұмысын ұйымдастыру бойынша жағымды рөл атқарды. Семинар жұмысын Кәсіподақ төрайымының орынбасары Виктор Беженаров басқарды.

2017 жылғы 25 наурызда Алматы қаласында кәсіподақ активінің жиналысы өткізіліп, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының міндеттері туралы» мәселе қаралды. Кәсіподақ төрайымы Амантаева М.Т. баяндама жасады.

2017 жылғы 20-21 сәуірде кәсіподақтың Салалық Кеңесі Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесіп, Тараз қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық қызметкерлері үшін «Білім және ғылым саласын реформалау жағдайында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақтың құқықтық қызметінің міндеттері туралы» мәселесі бойынша Республикалық семинар-кеңес өткізді.

27 сәуір 2017ж. Өскемен қаласы. Шығыс-Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Менің мансабым – есеп басы» атты жастар форумын өткізді. Форум мақсаты – түрлі қызмет саласындағы жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыс берушілерді жастардың, әсіресе ауылдық жерлердегі жұмысқа орналасу мәселелері бойынша проблемаларына тарту. Форум жұмысына сала кәсіподағы төрайымының орынбасары А.М.Мұқашева мен аппараттың бас маманы А.А.Абиева қатысты.

19 мамыр 2017ж. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Тұрғанқызына Жалпыға ортақ кәсіподақтар Конфедерациясы – халықаралық кәсіподақ бірлестігінің (ЖКК) «Кәсіподақ қозғалысы алдында сіңірген еңбегі үшін» Құрмет алтын белгісі берілді. Награданы Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов тапсырды.

2017 жылғы 22-23 мамырда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Беларусь білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен ұйымдастырылған «Кәсіподақ және жастар – біз біргеміз. Болашаққа бірге!» халықаралық семинары өткізілді. Оған Еуропалық білім кәсіподақтары комитетінің мүшелері – 17 елдің өкілдері қатысты. Семинар мақсаты: жастардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс тәжірибелерімен алмасу. Семинар жұмысына Кәсіподақ төрайымының орынбасары Мұқашева А.М. қатысты.

2017 жылғы 31 мамырда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының кезектен тыс конференциясы өтті. Онда ұйымдастырушылық мәселе қаралды. Білім және ғылым қызметкерлері аумақтық комитетінің төрағасы ретінде бір ауыздан Абдихадиров Садық Нұрсапанұлы сайланды. Конференция жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева қатысып, сөз сөйледі.

2017 жылғы 26 маусым-1 шілде аралығында Павлодар облысының Баянауыл демалыс базасында жас мұғалімдер – салалық кәсіподақ белсенділері үшін «Кәсіби жаңару мен жаңғыру» атты жыл сайынғы Республикалық жастар лагері өткізіліп, еліміздің аймақтарынан барлығы 90-ға жуық жас педагогтар қатысты. Лагерь жұмысы сала кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының көмегімен ұйымдастырылып, өткізілді.

2017 жылғы 3-4 шілде. Анкара қаласында білім қызметкерлері кәсіподағының Еуразиялық Форумы өтті. Оның жұмысына М.Т.Амантаеваның басшылығымен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының делегациясы қатысып, Майра Тұрғанқызы Форум делегаттары алдында сөз сөйледі.

2017 жылғы 23-шілде. Астана қаласында Қазақстандық салалық кәсіподақ кеңсесінде М.Т.Амантаеваның салалық кәсіподақтың Оңтүстік-Қазақстан облыстық ұйымының өкілдерімен кездесуі өтті. Облыстық ұйым төрайымы З.С.Маханова облыстағы жұмыс жағдайын баяндап, кәсіподақ жұмысының негізгі мәселелеріне тоқталды.

2017 жылғы 3 тамыз. Астана қаласында Қазақстандық салалық кәсіподақ кеңсесінде М.Т.Амантаеваның Талдықорған аумақтық ұйымының ардагер - мұғалімдермен кездесуі өтті. Кездесуге барлығы аймақтың білім саласындағы 36 ардагері қатысты.

2017 жылғы 22 тамыз. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің алаңында «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» күн тәртібімен республика педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Оның барысында білім саласының өкілдері жаңа оқу жылына арналған міндеттерді талқылады. Тамыз конференциясы TEDх форматында өткізілді. EduTech үздік білім тәжірибелерінің, бағдарламаларының, әдістерінің байқауы қорытындыланды. Конференция жұмысына облыстық, аумақтық ұйым басшылары, кәсіподақтың орталық органының қызметкерлері қатысты. Тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

2017 жылғы 12 қыркүйек. Мәскеу қаласында Жалпыға ортақ кәсіподақтар Конфедерациясының VIII съезі болды. Оның жұмысына ЖКК мүшелік ұйымдарынан, тәуелсіз мемлекеттердің ұлттық кәсіподақ орталықтары мен кәсіподақтардың халықаралық бірлестіктерінен 131 делегат қатысты. Съезд жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаева қатысты.

2017 жылғы 13 қыркүйекте Мәскеу қаласында, Жалпы Ресейлік білім кәсіподағының орталық кеңсесінде білім қызметкерлері кәсіподағы Халықаралық бірлестігі Кеңесінің мәжілісі өтті. Мәжілісті Галина Меркулова жүргізді. Оның жұмысына М.Т. Амантаева қатысты.

19 қыркүйек. Атбасар қаласында «Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі; бюджет саласының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу нормалары» тақырыбымен Ақмола облыстық білім қызметкерлерінің аймақтық семинар-кеңесі өтті. Семинар жұмысын Кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаров басқарды.

2017 жылғы 22 қыркүйек. ҚР Парламентінің Сенатында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаеваның қатысуымен «Орта білім беру жүйесін заңнамалық реттеу жағдайы, проблемалары мен болашағы» мәселесі бойынша Парламенттік тыңдаулар өткізілді.

27 - 29 қыркүйек аралығында Рига қаласында (Латвия) «Әлеуметтік дағдарысты жеңу үшін білім кәсіподақтарының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында ETUCE Орталық және Шығыс Еуропаның дөңгелек үстелі өтті. Оның жұмысына Кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаров қатысты.

18-19 қазан аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Жалпыға ортақ кәсіподақтар Конфедерациясы Жалпыеуропалық аймақтық кеңесінің заңгерлік жүйелерінің субаймақтық конференциясы болып, оған Кәсіподақ төрайымының орынбасары В.Ф.Беженаров қатысты.

2017 жылғы 9 қараша. Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметіне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының педагогикалық және медициналық қызметкерлерге еңбек ақы төлеу жүйесінде мемлекеттік саясатты қайта қарау туралы Үндеу жолданды.

2017 жылғы 22-23 қараша. Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» республикалық акциясы аясында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің берік негізі» атты Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының V Республикалық форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Елтаңбасының авторы Жандарбек Малибеков, Кәсіподақ төрайымы М.Т. Амантаева қатысты.

2017 жылғы 16 қарашада Астана қаласында «Кәсіподақ ұйымындағы бухгалтерлік есеп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және салық есептілігі» тақырыбымен салалық кәсіподақ бухгалтерлерінің семинары өтті. Семинарды алғы сөзбен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаева ашты.

2017 жылғы 17 қарашада Астана қаласында Қазақстан ата-аналарының Ассоциациясымен ұйымдастырылған «Оқушылар мен мұғалімдерге арналған жүктемелерді қысқарту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

2017 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Анталья қаласында (Түркия) білім Кәсіподақтары Еуразиялық Халықаралық бірлестігінің жұмысы аясында Түрік білім қызметкерлерінің Кәсіподағымен (Türk Eğitim-Sen) ұйымдастырылған жаратылыс ғылымдары бойынша түрік әлемі ғалымдарының халықаралық конгресі өтті.

2017 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Кеңесінің мәжілісі өткізіліп, онда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2014-2019 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары» мен кәсіподақ органдары жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттерді орындау барысы туралы» мәселе қаралды. Кеңесте Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаева баяндама жасады.

2018 жылғы 31 қаңтар. ҚР Парламенті, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері мен республикалық кәсіподақтар бірлестіктері арасында 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. Жаңа Бас келісімдегі кәсіподақтар үшін басымды мақсаттар еңбек заңнамасын қадағалауға бақылауды арттыру мәселелері, әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңмен жақсарту, күнкөріс минимумының мөлшерін анықтау әдістемесін әрі қарай жетілдіру анықталды.

___________


Есеп беру мерзімінде кәсіподақтың Салалық Кеңесі мен мүшелік ұйымдарының тәжірибелік қызметі Кәсіподақтың XIII съезд шшімдерін, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2014-2019 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттарында» баяндалған бағдарламалық нұсқамаларды әрі қарай іске асыруға бағытталды. Басты назарда кәсіподақ мүшелері – білім және ғылым саласының қызметкерлерін әлеуметтік-экономикалық қорғау саласындағы міндеттерді іске асыру болды.
Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау. Әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Есеп беру мерзімінде Салалық Кеңес пен мүшелік ұйымдар қызметі басты жарғылық міндет – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды орындауға бағытталды. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссия мәжілістерінде келіссөздер барысында салалық кәсіподақ бастамасымен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің өзекті әлеуметтік проблемаларына қатысты біраз мәселелер талқыланды және қаралды.

Салалық Кеңес өкілдері Министрліктер мен ведомстволарда, еліміздің Парламентінің жұмыс топтарында сала қызметкерлерінің өмірлік маңызды проблемаларын қозғайтын мемлекеттік бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық актілерді талқылау мен әзірлеуге қатысты.

Съезден кейінгі мерзім әлеуметтік әріптестіктің жаңа, сапалы даму кезеңі мен сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы съезд шешімдерін орындау жөніндегі кәсіподақтың Салалық Кеңесі мен мүшелік ұйымдардың жүйелі жұмысын көрсетеді. Бұл жерде ескерілетін маңызды жайт: салалық кәсіподақтың тәжірибелік қызметі осы жылдар бойы еліміздегі кең көлемді әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру жағдайында өтті.

Салалық кәсіподақтың әлеуметік қорғау саласындағы съезден кейінгі жұмысын қорытындылай келе, ең маңызды жайтты атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңымен ұсынылған құқықты пайдалана отырып, Салалық Кеңес пен мүшелік ұйымдар әлеуметтік әріптестікті ұйымдастырудың үйлесімді жүйесін құра білді, білім саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын әрі қарай дамыту мен арттыруға қол жеткізді.

Бұл мәселеде 2015 жылдың ақпан айында қабылданған білім және ғылым Министрлігімен 2015-2017 жылдарға арналған Салалық келісімнің рөлі зор. Аталған келісімнің маңыздылығы оның қызметкерлердің айтарлықтай проблемаларын шешуді қамтып және көрсетуі, республикалықтан бастап әрбір жеке ұйымға дейінгі барлық деңгейлердегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға негіз салғаны болып табылады.

Қазіргі таңда республика бойынша 20 облыстық, аумақтық келісімдер мен аймақтық және жергілікті деңгейлерде 10 мыңнан астам ұжымдық шарттарға қол қойылған және әрекет етеді, олардың аясында еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес педагогтардың, білім және ғылым саласының басқа да қызметкерлерінің көптеген өмірлік маңызды мәселелері шешіледі. Ұжымдық шарттар іс-әрекеті 692388 қызметкерді қамтиды, оның ішінде 676812 кәсіподақ мүшелері, ұйым қызметкерлерінің жалпы санынан 97,7 % құрайды.

Қабылданған міндеттемелерді іске асыру қажеттілігін ескере отырып, Салалық Кеңес әлеуметтік әріптестік жөніндегі Республикалық комиссия мәжілістерінде Салалық келісімнің орындалу барысын қарауға үнемі бастама танытып жүрді. Аталған мәселе бойынша Атқару комитетінің мәжілістерінде Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және басқа облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының есептері қаралды.

Бұл жұмысты жергілікті жерлерде қарау, есептер мен ақпараттар келісімдер мен ұжымдық шарттар аясында кәсіподақ ұйымдары білім органдарымен бірлесіп педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, әлеуметтік мәртебесін арттыру жөнінде бірқатар шаралар қабылдайтынын көрсетті. Сонымен қатар, мүшелік ұйымдардың, әсіресе кәсіподақтың аудандық буынына бірбеткейлік пен табандылық көрсетіп шешетін мәселелер де бар.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 53 бабы 2-т. 2) тармақшасына сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 5-тармағымен сондай-ақ ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергілiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

Салалық Кеңес жыл сайын білім ұйымдарының қызметкерлері үшін кепілді әлеуметтік жеңілдіктер ұсынуды қадағалауға қатысты Республиканың қолданыстағы заңнама талаптарын орындау жөнінде мониторинг өткізеді.

Жергілікті жерлерде, ауылдағы педагогикалық кадрларды ынталандыру мен бекіту мақсатында заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру жөнінде нақты жұмыс жүргізілетінін талдау көрсетіп отыр. Дегенмен, кәсіподақпен жүргізілетін жұмыстарға қарамастан, педагогикалық қызметкерлері заңмен қарастырылған жеңілдіктерді алмай отырған аймақтар бар. Мысалы, егер Ақмола облысында 2015-2016ж.ж. коммуналдық қызмет өтемақысын 19 ауданнан тек 3 ауданның (Ерейментау, Көкшетау және Степногор) мұғалімдері алса, 2017 жылы коммуналдық қызмет пен отын сатып алуға тек бір ғана Көкшетау ауданының білім беру қызметкерлері өтемақылық төлем алған, өтемақы мөлшерінің республикадағы ең жоғары және 34035 теңге құрайтынын айта кеткен жөн.

Батыс-Қазақстан облысында да осындай жағдай: ағымдағы жылы коммуналдық қызмет пен отын сатып алуға 9000 теңге көлемінде өтемақылық төлемді облыстағы 12 ауданның ішінен тек Бөрлі ауданының педагог қызметкерлері алады. Қостанай облысында коммуналдық қызмет пен отын сатып алуға 1 АЕК көлемінде өтемақы тек Арқалық қаласының қала маңындағы ауылдық жерлердің педагогикалық қызметкерлеріне беріледі, басқа аудандардың білім беру қызметкерлері өметақы алмайды. Павлодар аймағындағы Баянауыл және Павлодар аудандарының педагогикалық қызметкерлеріне өтемақылық төлем қарастырылмаған. Солтүстік-Қазақстан облысында, қатаң климаттық жағдайлар мен ұзақ қысқа қарамастан, өтемақылық төлем мөлшері 1000 теңгеден 2 АЕК дейін құрайды, осындай мардымсыз төлемді облыстағы 13 ауданның ішінен 6 ауданның білім беру қызметкерлері алады. Оңтүстік-Қазақстан облысында коммуналдық қызмет өтемақысының төлемін Шардары ауданының және Арыс қаласының мұғалімдері алмайды. Жезқазған аймағының 7 ауданынан Сәтпаев, Шет, Ақтоғай және Ағадыр аудандарының мұғалімдері коммуналдық қызмет пен отын сатып алуға өтемақылық төлем алмайды.



Жүргізілген мониторинг 1000 теңгеден (СҚО Айыртау ауданы) бастап 34035 теңгеге (Ақмола облысы Көкшетау ауданы) дейінгі коммуналдық қызметке бір жолғы ақшалай төлемақы мөлшерінің мұғалімдердің отын сатып алуға шығынын жаппайтынын көрсетіп отыр, өйткені 1 тонна көмірдің құны 855 теңгеден 23000 теңгеге дейін құрайды. Орташа есеппен бір отбасы тұратын аймағына байланысты 3-тен 8 тоннаға дейін қатты отын сатып алады.

Республика заңнамасына сәйкес, педагогикалық қызметкерлердің медициналық тексерілуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізілуіне қарамастан, еліміздің жеке аймақтарында мұғалімдер жыл сайынғы медициналық тексеруді өз қаражаттары есебінен өтуде, себебі жергілікті атқарушы және өкілетті органдар бюджетте қаражаттың жоқтығына сілтейді. Алматы, Қызылорда облыстарында педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексерілуіне бюджеттен қаражат көзделмеген және бөлінбейді, Ақмола (Атбасар, Бұланды аудандары), Ақтөбе (Темір ауданы), Атырау (Индер ауданы), Шығыс-Қазақстан (Зырян ауданы), Батыс-Қазақстан (Ақжайық, Бөкейорда, Шыңғырлау аудандары), Солтүстік-Қазақстан (Айыртау, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тайшын, Тимирязев, Уәлиханов аудандары), Оңтүстік-Қазақстан (Шардары, Қазығұрт, Түлкібас, Төлеби, аудандары) облыстарының, Талдықорған және Семей (Абай, Аягөз, Жарма, Үржар аудандары) аймақтарының бірқатар мұғалімдері жыл сайынғы медициналық тексеруді өз қаражаттары есебінен өтеді.

Педагог қызметкерлерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету жөнінде БҚО айта кеткен жөн – мұғалімдер үшін қолдануға 169 пәтер берілген, Талдықорған аймағында – 156 пәтер, Қостанай облысында – 107 пәтер, Павлодар облысында – 72 пәтер және СҚО – 71 пәтер. Мұғалімдерге қызметтік баспана Жезқазған және Семей аймақтарында берілмейді.

Педагогикалық қызметкерлермен ипотекалық несиелердің ең көп ресімделгені Ақмола облысында – 534, Маңғыстау облысында- 495, ОҚО-462, Ақтөбе облысында- 362 және Қостанай облысында- 356 несие.

Жергілікті жерлерден түскен ақпараттар талдауы, ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс жасайтын педагогикалық қызметкерлердің еңбектерін ынталандыру жөніндегі заңнама нормаларын барлық жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың орындамайтынын көрсетіп отыр. Коммуналдық қызмет және отын сатып алуға өтемақылық шығындар мөлшері нақты нарық бағаларына сәйкес келмейді және аудан әкімдерінің мүмкіндіктері мен еріктеріне байланысты. Педагог қызметкерлерге нақты шығындарды есептей отырып, коммуналдық қызмет және отын сатып алуға шығындарды өтеуге біржолғы ақшалай өтемақы мөлшерін көбейту, сондай-ақ аймақтық климаттық жағдайларын ескеріп ауылдық жерлерде тұратын педагогикалық қызметкерлерді коммуналдық қызметпен қамтамасыз етудің бірыңғай механизмін (нормативтер, ережелер) әзірлеу қажеттігі туралы мәселені көтеретін уақыт келді.

Сонымен қатар, өз шешімін таппай отырған бірқатар проблемалық мәселелерді атап өткен жөн: бұл – республиканың мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне еңбекке жарамсыздық парағын төлеу; БАИ облыстық курстарында біліктілігін арттыру мерзімі кезінде педагогтардың іссапарлық шығындарын төлеу.

Жоғарыда аталған проблемалық мәселелерді шешу үшін кәсіподақ органдары жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға жүгінеді. Сала кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымдары оң нәтижелерге қол жеткізу үшін кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қорғау жөніндегі мақсатты бағытталған жұмысты жалғастыратын болады.

Аймақтық салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасалу тәртібін тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының облыс әкімдігінің білім Басқармасымен 2015-2017 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімі облыстық еңбек инспекциясында тіркелген, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 151-бабы 2-т. қайшы келеді. Аталған нормаға сейкес, облыстық деңгейде жасалған салалық және аймақтық келісімдерді тіркеуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жүзеге асырады.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен жұмыс беруші арасындағы 2013-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарты Маңғыстау облыстық еңбек басқармасында мониторингтен өтпей қалды. Осындай кемшіліктер басқа да бірқатар кәсіподақ ұйымдарының жұмысында орын алған.

Салалық кәсіподақ үшін әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды мәселе – бұл педагогтардың еңбек ақы мәселесі. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 29 пайызға көбейіп, еңбек ақы төлеудің жаңа моделі енгізілгені белгілі. Дегенмен Үкіметтің бұл шаралары, кәсіподақ талаптарына жауап болғанымен, еңбек ақы төлеу проблемасын шешпеді. Экономикадағы дағдарыс құбылыстары, ұлттық валютаның девальвациясы, бюджет ұйымдары қызметкерлерінің, соның ішінде педагогикалық қызметкерлердің де әлеуметтік хал-жайына кері әсерін тигізді. Мұғалімдер жалақысының деңгейі еліміздегі ең төмен болып қалады.

2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытудың проблемалық мәселелері бойынша өткен Парламенттік тыңдалымдарда депутаттар: «Ұстаз кәсібінің төмен мәртебесі мектептегі білімді дамытуды тежеп отырған фактор. Жоғары кәсіби және ынталы мұғалім – орта білім беру жүйесі жетістігінің кепілі. Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі ең төмен еңбекақының қатарында қалып отыр. Ол орташа республикалық деңгейдің 66 пайызын құрайды» деген болатын.

Шын мәнісінде, көптеген мұғалімдер өздерінің аса жауапты еңбектеріне лайықсыз әрі мардымсыз жалақы алып отыр. Мысалы, жоғары білімді жас мұғалімнің тарифтік ставкасы бар болғаны 42 мың теңге, ал орта арнайы білімі бар педагог одан да аз – 35 мың теңге алады. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы жұмыс өтілі бар бірінші және жоғары білікті мұғалімдердің де жалақысы айтарлықтай мәз емес.

Жалақы мәселесінен басқа, педагогтың әлеуметтік мәртебесіне қатысты басқа да бірқатар проблемалар бар. Жалақының төмендігіне байланысты білім саласының қызметкерлеріне, әсіресе жас мамандар үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қолжетімсіз болып отыр.

Осы мәселелердің барлығы, әсіресе мұғалімдерге еңбек ақы төлеу саласында, заңнамамен көзделген әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердә іске асырудағы кемшіліктер, жас мамандар үшін тұрғын үйдің қолжетімсіздігі қазірдің өзінде тек ауылдық жерде ғана емес, сонымен қатар қалалық жерлерде де кадрлық жағдайға кері әсерін тигізіп отыр. Білім және ғылым Министрлігінің деректері бойынша, жалпы, республика бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі 4480 адам, соның ішінде ауылдық жерлерде 2177 адамды құрайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мектеп мұғаліміне үлкен қоғамдық жүктеме артылған, елімізде билік органдары тарапынан өткізілетін көптеген қоғамдық-саяси іс-шаралар мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізіледі және олар бар ынта-жігерлерімен саналы түрде қатысып, мемлекет саясатының жергілікті жерлердегі жетекшілері бола біледі және біршама халықтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымына ықпал етеді.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, кәсіподақтың Салалық Кеңесі 2017 жылғы 9 қарашада еліміздегі 800 мыңнан астам мұғалімдер мен студенттер атынан салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп, еліміздің Парламенті мен Үкіметіне педагог қызметкерлер мен дәрігерлерге еңбек ақы төлеу саласындағы мемлекеттік саясатты қайта қарау жөнінде өтініш білдірді. Жалақыны есептеуге қолданылатын базалық лауазымдық жалақының қазіргі таңда 2011 жылдан бастап өзгеріссіз екенін айта кеткен жөн және бүгінгі күні 17697 теңге құрайды. Еліміздің Үкіметі алдында қойылған мәселелер:

- базалық лауазымдық жалақыны заңнамамен белгіленген әлеуметтік индикатор – күнкөріс минимумына ауыстыру;

- ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс жасайтын медициналық және педагогикалық қызметкерлерге заңнамамен белгіленген әлеуметтік жеңілдіктер төлемін қамтамасыз ету.

Кәсіподақтың «Қазақстан мұғалімдеріне – лайықты жалақы!» ұраны өзекті және күн тәртібінен алынбайды.

Кәсіподақтың Салалық Кеңесі 2017 жылғы қаңтарда Кәсіподақтың Атқару комитетінің мәжілісінде мониторингті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды және білім беру саласының кәсіпорындары мен кәсіподақ ұйымдарының тұрақты жұмысын іске асыру туралы мәселені қарады. Кәсіподақтың Атқару комитеті барлық кәсіподақ органдарына салалық кәсіподақ Жарғысы талаптарының, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2014-2019 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары» Бағдарламалық құжатының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Мүшелік ұйымдардың басқарушы органдарына болашақтағы жұмыс жоспарларында төмендегі іс-шараларды қарастыру ұсынылды:

- әлеуметтік әріптестік жүйесін әрі қарай жетілдіру, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия мәжілістерін тұрақты өткізуді қамтамасыз ету, еңбек және әлеуметтік қатынастар саласында өзекті мәселелерді қарай отырып, еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу жөніндегі жұмысты белсендендіру;

- құқықтық қызметті әрі қарай нығайту, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындауына қоғамдық бақылауды күшейту;

- еңбек заңнамасының негіздерін оқуға сүйене отырып кәсіподақ оқуының сапасын, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібін арттыру және басқа мәселелер.

Мүшелік ұйымдар басшыларына сала қызметкерлерінің еңбек ақы мәселелеріне басты назар аударып, жалақыны кешіктірудің әрбір жағдайына шұғыл әрекет ету тапсырылды. Жұмыс берушінің еңбек ақының уақытында төленуі туралы міндеттемелерін орындамаған әрбір жағдай туралы кәсіподақ органдарына ақпарат берілсін.

Қызметкерлердің әлеуметтік проблемаларын шешудегі кәсіподақ ұйымдарының тиімді қызметін арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мен қарауға, мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылай отырып, 2017 жылғы 25 наурызда Алматы қаласында өткізілген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызмткерлері кәсіподағының кәсіподақ активінің жиналысы ықпалын тигізді. Жиналыста салалық кәсіподақ төрайымы М.Т.Амантаева баяндама жасады. Кәсіподақ активінің республикалық жиналысы қаралған мәселе бойынша Қарар қабылдап, қатысушылар салалық кәсіподақтың барлық мүшелерін Жолдауда Елбасымен көрсетілген міндеттер мен нұсқауларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды. Адами капитал сапасын арттыру мақсатында Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа моделінің орталық звеносы болып табылатын білім беруді әрі қарай дамыту мәселелеріне ерекше мән беріледі. Жиналыс қарарында кәсіподақ, мемлекет және жұмыс беруші арасындағы тиімді әлеуметтік сұхбатты дамыту мақсатында әлеуметтік әріптестік механизмдерін жетілдіруге көңіл бөлу қажеттігі айтылған.

Салалық келісімнің іс-әрекет мерзімінің аяқталуына байланысты 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімге қол қойылды, Салалық кәсіподақ сала қызметкерлерінің уәкілетті өкілі болғандықтан, 2018-2020 жылдарға арналған Салалық келісімге қол қою жөніндегі келіссөздердің бастамашысы болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің арасында қол қойылып, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде тіркелген 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы жаңа Салалық келісім әрекет етеді.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссияның белсенді жұмысын атап өткен жөн. Қол қойылған Келісім ережелері ҚР Еңбек кодексімен көзделген талаптарға сәйкес келеді.


Норма шығармашылық және заң шығармашылық қызмет
Салалық кәсіподақ соңғы жылдары сала қызметкерлерінің өмірлік маңызды әлеуметтік проблемаларын қозғайтын мемлекеттік бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық актілерді талқылауға және әзірлеуге мақсатты бағытталған түрде қатысады. Кәсіподақ еңбек ақы төлеу, зейнеткерлік қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру мәселелері бойынша бірқатар Заң жобаларына нақты ұсыныстар енгізді. Осы және басқа да мәселелер білім және ғылым Министрлігімен, Парламент Мәжілісінің жұмыс топтары мен бейінді комитеттер отырыстарында талқыланды.

Министрлікпен бірлесіп шешімдер мен келісімдерді іске асыру аясында, білім және ғылым Министрлігі ведомстволық комиссиясының әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия мәжілістерінде, салалық кәсіподақ білім саласы қызметкерлерінің бірқатар әлеуметтік проблемаларын шешуге және педагогикалық қызметкердің мәртебесін арттыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілер бойынша біраз ұсыныстар енгізді. Осы шешімдер негізінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Салалық Кеңес, кәсіподақ басшылығы сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, қолданыстағы еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіруге, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға және педагогикалық, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыруға бағытталған норма шығармашылық жұмысқа кәсіподақ органдарының қатысуын белсендендіру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіподақ тарапы Министрлікке білім және ғылым саласында әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөнінде норма шығармашылық жұмысқа қатысуға әзірліктерін бірнеше рет білдірді.

Аталған мәселе бойынша, кәсіподақ тарапының ұсынысымен құрылған әлеуметтік-экономикалық және еңбек салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің барлық кешені бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі екіжақты жұмыс тобы белсенді жұмыс жасайды. Кәсіподақ мамандары азаматтық қызметшілерге еңбек ақы төлеудің қолданыстағы жүйесі, педагог қызметкерлерді аттестаттау және типтік біліктілік сипаттамасы бойынша әлеуметтік серіктестерге ұсыныстар әзірлеп, жіберді.

Саланың мүшелік ұйымдарына педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысты еңбек заңнамасының жеке мәселелері бойынша; педагог қызметкерлерге еңбек ақы төлеу, білім беру ұйымдарында жеке еңбек дауларын қарау жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар әзірленіп, жіберілді.

2017 жылғы 23 маусымда Кәсіподақтың Атқару комитетінің мәжілісінде «Қолданыстағы еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру, педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобының жұмысы туралы» мәселесі қаралды.

Кәсіподақтың Атқару комитеті кәсіподақ басшылығының сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, қолданыстағы еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіруге, қызметкерлердің еңбек жағдайын жалпы жақсартуға, педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыруға бағытталған норма шығармашылық жұмысқа кәсіподақ органдарының қатысуын белсендендіру жөнінде шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Жұмыс тобы өз жұмысын жүйелі негізде жүзеге асырып, мәжілістерін тұрақты өткізіп тұрады. Кәсіподақтың Атқару комитеті Кәсіподақ басшылығына жалақыны арттыру, еңбек ақы жүйесін жетілдіру, педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыру мәселелері жөнінде Кәсіподақ ұсыныстарын табанды және мақсатты қамтамасыз етуді ұсынды. Салалық кәсіподақтың жұмыс тобының мүшелеріне сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық көңіл күйлерін жақсартуға қатысты білім және ғылым саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған кәсіподақтың Салалық Кеңесімен жүргізілетін жұмыс туралы кәсіподақ мүшелерін ақпараттандыру жөніндегі жұмыс тапсырылды.


жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау