Кәсіподақ қызметіндегі басымды бағыт құқықтық жұмыс болып қалады, оған: еңбек заңнамасын қадағалауға қоғамдық бақылау; мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының норма шығармашылық қызметіне қатысу; әлеуметтік әріптестік аясында әлеуметтік-еңбек қатынастарын шарттық реттеуге қатысу; қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін сотқа дейін және сотта қорғау; құқықтық мәселелер бойынша ақпараттық-әдістемелік жұмыс; білім беру ұйымдарының басшылары мен активті оқыту жатады.
Еңбек туралы заңнаманы қадағалауға қоғамдық бақылауды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелік ұйымдарының құқықтық қызметкерлері (құқықтық еңбек инспекторлары, заңгерлер) жүзеге асырады.
Құқықтық қызмет мамандары бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу кезінде заңгерлік көмек көрсетеді, оларды жұмысқа қажетті нормативтік құқықтық актілермен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді, мекемелер мен ұйымдарда түсіндіру және кеңес беру жұмыстарымен айналысады.
Құқықтық қызметтің алдын алу жұмысының ажырамас бөлшегі кәсіподақ қызметкерлерін оқытуға қатысу болып табылады. Облыстар мен астана қаласында білім беру басқармасының органдарымен бірлесіп семинарлар өткізу тәжірибесі қалыптастырылған. Құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөніндегі жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарындағы кәсіподақ органдарының қызметкерлерімен әзірленген түсініктемелер мен кеңестер маңызды орын алады.
Құқықтық қызметтің Салалық кәсіподақ, бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек туралы заңнаманы қадағалауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тиімділігінің есеп беру мерзімінде артып отырғанын айта кету қажет, бұған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік ұйымдары құқықтық қызметінің жұмысын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер дәлел болып отыр.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық қызметінің жұмысын сипаттайтын
2017 жылғы сандық және сапалық көрсеткіштер
№
|
Көрсеткіштер
|
Мерзім
|
Өзгеріс
|
2016
жыл
|
2017 жыл
|
+,-
|
%
|
1
|
Құқықтық қызметтің сандық құрамы (штаттық бірлік)
|
28
|
35
|
7
|
25,0%
|
2.
|
Құқықтық еңбек инспекторларының саны
|
10
|
31
|
21
|
210,0%
|
3.
|
Еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілген ұйымдар саны (барлығы)
|
4741
|
3639
|
-1 102
|
-23,2%
|
4.
|
Еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды (барлығы), соның ішінде:
|
3172
|
3562
|
390
|
12,3%
|
-
|
еңбек ақы төлеуге қатысты
|
450
|
712
|
262
|
58,2%
|
-
|
жұмыс уақыты мен демалу уақытының режимі бойынша
|
341
|
743
|
402
|
117,9%
|
-
|
еңбек қатынастарын ресімдеу бойынша
|
1015
|
1163
|
148
|
14,6%
|
5.
|
Жұмыс берушілерге бұзушылықты жою жөнінде жіберілген ұсыныстар
|
853
|
1833
|
980
|
114,9%
|
-
|
Бұзушылықты жою туралы алынған жауаптар
|
808
|
1597
|
789
|
97,6%
|
6.
|
Мемлекеттік еңбек инспекциясына, прокуратураға, басқа да мемлекеттік органдарға жіберілген материалдар саны
|
37
|
62
|
25
|
67,6%
|
7.
|
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сотқа жіберілген талап -арыздар
|
45
|
41
|
-4
|
-8,9%
|
8.
|
Кәсіподақ мүшелерінің өтініштері бойынша жасалған талап арыздар, өзге де процессуалдық құжаттар
|
52
|
83
|
31
|
59,6%
|
9.
|
Соттарда өкілдік қамтамасыз етілді
|
66
|
54
|
-12
|
-18,2%
|
10.
|
Жұмыс орындарына қайта алынды (барлығы)
|
35
|
59
|
24
|
68,6%
|
|
соның ішінде сот орындарына жүгінулер арқылы
|
14
|
14
|
0
|
0,0%
|
11.
|
Жұмыстан заңсыз шығарудың алдын алды
|
162
|
138
|
-24
|
-14,8%
|
12.
|
Кәсіподақ мүшелеріне заңсыз ұсталынған немесе төленбеген ақшалай қаражат кәсіподақ органдарының талаптары бойынша қайтарылды (теңгемен)
|
121 746 043
|
197 886 964
|
76 141
|
62,5%
|
13.
|
Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша өтініштері қаралды
|
1735
|
2349
|
614
|
35,4%
|
14.
|
Құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді, барлығы, соның ішінде:
|
13429
|
18878
|
5 449
|
40,6%
|
-
|
жеке қабылдауда
|
5163
|
5 841
|
678
|
13,1%
|
-
|
Телефон бойынша
|
7904
|
13273
|
5 369
|
67,9%
|
-
|
БАҚ-та
|
121
|
288
|
167
|
138,0%
|
-
|
Интернет жаһандық компьютер желісінде
|
241
|
297
|
56
|
23,2%
|
15.
|
Құқықтық тақырыптарға лекциялар мен баяндамалар оқылды
|
726
|
949
|
223
|
30,7%
|
16.
|
Кәсіподақ активімен, басшылармен, қызметкер-кәсіподақ мүшелермен құқықтық тақырып бойынша семинарлар өткізілді
|
791
|
806
|
15
|
1,9%
|
17.
|
Кәсіподақ комитеттері үшін құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді
|
173
|
216
|
43
|
24,9%
|
18.
|
Құқықтық қызметтің экономикалық нәтижесі (мың теңгемен)
|
136 729,6
|
240 027, 8
|
103 298
|
75,5%
|
Салалық Кеңес пен мүшелік ұйымдар құқық қорғау қызметі нысанындағы міндеттерді іске асыруда Кәсіподақтың құқықтық қызметінің жұмысына сүйенеді. Мәліметтерге сәйкес, өткен 2017 жылы облыстық, аумақтық ұйымдардың Салалық кәсіподағында және Салалық Кеңестің аппаратында 35 штаттық құқықтық инспектор қызмет еткен. Құқықтық инспекторлар әлеуетінің өсімі кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау жөніндегі жұмыс тиімділігіне елеулі ықпал етеді. 2017 жыл ішінде мүшелік ұйымдардың құқықтық қызметтері білім саласының 3639 ұйымына кешенді тексеру жүргізді. Еңбек заңнамасын қадағалауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыра отырып, құқықтық инспекторлар түрлі еңбек заңнамасын бұзуды жою жөнінде 1833 талаптар мен ұсыныстар енгізді, 59 қызметкердің жұмыс орындарына қайтарылуына қол жеткізіп, 138 қызметкерді жұмыстан заңсыз шығарудың алдын алды.
Кәсіподақтың құқықтық қызметі соттарда 54 кәсіподақ мүшесінің мүдделерін қорғап, барлық талап арыздар қанағаттанарлықпен қызметкерлердің пайдасына шешілді.
Кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау тиімділігін арттыру мақсатында құқықтық қызметтердің мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара іс-әрекеті кеңейеді. Егер 2016 жылы кәсіподақ заңгерлерінің бастамасы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясына, прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға барлығы 37 материал жіберілсе, 2017 жылы олардың саны 2 есеге көбейіп, 62 құрады.
Салалық кәсіподақтың, облыстық, аумақтық ұйымдардың құқықтық қызметтері кәсіподақ мүшелерінің өтініштері бойынша талап арыздар, өзге де процессуалды құжаттар жасау жөнінде көмек көрсетті. Аталған көрсеткіш бойынша өтініштер саны 2017 жылы 31-ге көбейіп, өткен жылмен салыстырғанда 83 құрады.
Кәсіподақ ұйымдарының құқықтық инспекторлары жұмысының негізгі бағыттарының бірі кәсіподақ мүшелеріне құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсету болып табылады. Аталған көрсеткіш шамасы 5449 дейін өсіп, есеп беру жылы 18878 құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға артық.
Барлығы есеп беру мерзімінде құқықтық тақырыптарға кәсіподақ активі мен білім саласы ұйымдарының басшылары 949 лекция мен баяндамалар оқыды. Аталған шама 2016 жылға қарағанда 1,3 есе көп. Бұл көрсеткіштер құқық қорғау қызметі саласында мүшелік ұйымдар жұмысының айтарлықтай сапалы өзгерістерін көрсетеді.
Құқықтық инспекторлар жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі мақсатты жұмысты кәсіподақтың Салалық кеңесінің құқықтық қызметі жүргізеді. 2017 жыл ішінде жүйелі түрде жергілікті жерлерде семинар-кеңестер өткізіліп, тәжірибелік көмек көрсетілді.
Қазақстандық салалық кәсіподақ мүшелік ұйымдарының құқықтық қызметкерлерінің 2017 жылғы 20-21 сәуірде Тараз қаласында Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызмет базасында «Білім және ғылым одағын реформалау жағдайында құқықтар мен мүдделерді қорғау жөніндегі кәсіподақтың құқықтық қызметінің міндеттері туралы» тақырыбында өткізілген республикалық семинар-кеңесі үлкен тәжірибелік пайдасын тигізді.
Өткізілген семинар-кеңестің ерекшілігі оның тәжірибелік бағыттылығында болып табылады. Күн тәртібіне заң қызметінің, аймақтық құқықтық еңбек инспекторларының жұмысын, олардың жұмысының нысандары мен әдістерін ұйымдастыру, кәсіподақ мүшелерінің күнделікті проблемалық мәселелерін шешу кезіндегі заңнама ережелерін, білім саласы қызметкерлерінің түрлі санаттары үшін еңбек ақы төлеудің қолданыстағы жүйесін қолдану сияқты нақты және басқа да мәселелер қойылды.
Мүшелік ұйымдар ақпараттарының есептерін қарау кезінде салалық кәсіподақтың алқалы органдарының қызметіндегі құқықтық қорғау басымды мәселеге айналды.
Мүшелік ұйымдардан түскен ақпарат көрсетіп отырғандай, еңбек заңнамасын орындауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша 2017 жылғы ең жақсы көрсеткіштерге төмендегі ұйымдардың құқықтық қызметтері қол жеткізіп отыр:
Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымы, салалық кәсіподаққа кіретін кәсіподақ ұйымының саны– 735, ұйым саны – 730, тексерумен қамту - 99,3%;
Жамбыл – 799 ұйым санымен 603, тексерумен қамту -75,5%.
Сонымен қатар, жеке мүшелік ұйымдар есеп беру жылы ішінде еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды тиісті деңгейде жүзеге асырған жоқ немесе аз ғана қамтумен өткізді, олардың арасында Атырау облыстық кәсіподақ ұйымы – салалық кәсіподаққа кіретін 413 кәсіподақ ұйымының санымен бірде- бір ұйымда бақылау жүргізілмеген. Мысалы, Ақмола облыстық ұйымында- 7,2%, Семей аумақтық кәсіподақ ұйымында - 4,1%. БҚО-да жүргізілген қоғамдық бақылаудың қамту үлесі - 0,4%.
Аталған ұйымдар еңбек заңнамасын орындауға қоғамдық бақылау кестесін құру кезінде осы айтылғандарды ескерулері тиіс.
Есеп беру жылы қоғамдық бақылау барысында Жамбыл облыстық ұйымында ең көп бұзушылық жағдайы анықталды: тексерілген 603 ұйымнан – 2067, Қостанайда – 532-ден 226, СҚО- 577-ден 183, Ақтөбеде – 587-ден 154.
Келтірілген деректер, мүшелік ұйымдардың сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын бұзушылықтың алдын алу және болдырмау үшін еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға өз құқықтарын толық қолданбайтынын көрсетіп отыр.
Анықталған бұзушылықтар құрылымында ең көп кездесетіні:- еңбек қатынастарын ресімдеу жөніндегі бұзушылықтар – 1087 жағдай.
Атқару комитеті мәжілісінің жоспарына сәйкес, 2017 жылы қаралған мәселелер:
- Қарағанды облыстық кәсіподақ комитетінің әлеуметтік әріптестікті дамыту, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысы туралы;
- Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы;
- Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кәсіподақтың Салалық Кеңесінің Қаулылары мен нұсқаулықтарын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
2017 жылы салалық кәсіподақ пен мүшелік ұйымдардың құқықтық қызмет жұмысының нәтижесінде кәсіподақ органдарының талаптары бойынша кәсіподақ мүшелеріне заңсыз ұсталынған немесе төленбеген ақшалай сома 197 млн 886 мың 964 теңге көлемінде қайтарылды, бұл 2016 жылдың деңгейіне қарағанда 76 140 921 теңгеге немесе 62,5 % артық.
Сонымен, салалық кәсіподақ пен мүшелік ұйымдардың құқықтық қызметтерінің экономикалық нәтижесі 2017 жылғы есеп беру деректеріне сәйкес 240 млн 027 мың 800 теңгені құрады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
Кәсіподақтың XIII съезінен кейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы салалық кәсіподақтың басты бағыттарының бірі еңбекті қорғау жағдайына кәсіподақ бақылауының салалық жүйесінің тиімділігін құру және арттыру жөніндегі жұмыс, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзушылықты анықтауы болып табылады. Бұл міндетті іске асыру үшін кәсіподақтың Салалық Кеңесі ең алдымен, құқық қорғау қызметінің саласындағыдай, нормативтік-құқықтық құжаттарды қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдады.
- Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағындағы техникалық еңбек инспекторы туралы Ереже;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың қадағалануына бақылау жүргізу туралы Нұсқаулық;
- техникалық инспектор туралы үлгілі ереже және басқа да реттеуші құжаттар қабылданды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жұмысының негізгі бағыты еңбекті қорғау жағдайына кәсіподақ бақылауының салалық жүйесінің тиімділігін арттыру, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмыс берушілердің осы саладағы еңбек заңнамасын бұзушылықты анықтауы болып табылады.
2017 жылғы 5 сәуірде Астана қаласында Салалық Кеңес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарының тұрғысында техникалық еңбек инспекциясының қызметін жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Мұндай семинар алғаш рет өткізілді және аталған бағытта жұмыс тәжірибесін жинау үшін аса маңызды болып табылады.
Семинарға қатысушылар сала кәсіподағының техникалық инспекциясы жұмысының қорытындысымен және алдағы мерзімге қойылған міндеттермен толық танысып, жергілікті жерлерде өз тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.
Семинарда Салалық Кеңестің екі томдық «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде техникалық инспекторларға көмек материалдары» кітабының тұсаукесері өтті. Онда білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға байланысты қажетті нормативтік-құқықтық актілер берілген.
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия мәжілістерінде еңбекті қорғауды басқарудың салалық жүйесі туралы Ереже (ЕҚБЖ) және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор мен өндірістік кеңес туралы Үлгілі ережелер бекітілді.
Қауіпсіз еңбек мәселелері кәсіподақ ұйымдарының алқалы органдарының қарауына тұрақты енгізіледі.
Кәсіподақтың мүшелік ұйымдары оқытуды жүргізу, білім беру ұйымдарындағы жарақаттанудың алдын алу, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмыстарының нәтижелері, «Бүкіләлемдік Еңбекті қорғау күні» аясында өткізілген іс-шаралар және т.б.туралы ақпараттар ұсынады.
2018 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің статистикасы жөніндегі Комитет деректері бойынша, білім саласындағы еңбек қызметімен байланысты жарақаттану мен кәсіби аурулар жағдайы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:
Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар кезінде саладағы зардарп шеккен қызметкерлер саны 64 адам құрады, оның 2-уі – топтық жазатайым оқиға кезінде. Жазатайым оқиға нәтижесінде 3 қызметкер қаза болды.
Зардап шеккендерден жеңіл дәрежелі жарақат алған- 19 адам, орташа дәрежелі- 12, ауыр дәрежелі- 30.
Еңбек қызметімен байланысты жарақат нәтижесінде жұмыс уақытын жоғалтуды 156101 адам еңбекке жарамсыздық күнін құрады.
Саладағы жазатайым оқиғалардың материалдық салдары 8771500 теңге құрады, еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша 7221700 теңге, біржолғы жәрдемақы бойынша 1549800 теңге төленді.
Мүшелік ұйымдардың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі септеріне сәйкес, 2018 жылғы 1-қаңтардағы жағдай бойынша салада 10217 техникалық инспектор қызмет атқарады, олар 4 жыл ішінде 7363 бұзушылық анықтады, соның ішінде: қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша– 1855, ереже, нұсқаулықтар талаптарын бұзушылық - 1187, қызметкерлерді оқыту және нұсқамалықтан өткізу бойынша – 1545, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ЖҚҚ қамтамасыз ету бойынша– 1810, басқа– 966. Көрсетілген ескертулерден жойылғаны – 4232. Аталған мерзімде барлығы 60 жазатайым оқиға анықталды. Жеке аймақтарда еңбекті қорғау жағдайын кешенді жаппай тексеру тәжірибеге енгізілген.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі
өндірістік кеңестер жұмысы туралы мәлімет
№
|
Жұмыс көрсеткіштері
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
Барлығы
|
1
|
ЕҚжЕҚ бойынша өндірістік кеңестер саны:
|
-
|
-
|
9411
|
10 211
|
10 211
|
|
- соның ішінде кәсіподақ бастамасымен құрылғаны
|
-
|
-
|
8276
|
10 190
|
10 190
|
2
|
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар саны:
|
8 967
|
9 437
|
9 708
|
10 217
|
10 217
|
|
- жоғары білімді
|
-
|
-
|
7 562
|
8 026
|
8 026
|
- орта техникалық білімді
|
-
|
-
|
2 146
|
2 191
|
2 191
|
- жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
|
-
|
-
|
5 254
|
5 174
|
5 174
|
- ЕҚжЕҚ бойынша оқудан өткендер
|
-
|
-
|
5 551
|
5 771
|
5 771
|
3
|
Жүргізілген тексерулер саны:
|
5 023
|
4 889
|
4 905
|
6 708
|
21 525
|
|
- өндірістік кеңестің бастамасы бойынша
|
-
|
-
|
2 913
|
3 894
|
6 807
|
- қызметкерлердің бастамасы бойынша
|
-
|
-
|
413
|
812
|
1 225
|
- өзге де тексерулер
|
-
|
-
|
1 579
|
2 002
|
3 581
|
4
|
Кемшіліктер анықталды / жойылды
|
1 900 / 1192
|
1 179 / 695
|
1 680 / 673
|
2 604 / 1672
|
7 363 /
4 232
|
|
- қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша
|
299
|
182
|
331
|
1043
|
1 855
|
- еңбекті қорғау жөнінде ережелер, нұсқаулықтар талаптарын бұзушылық
|
307
|
211
|
360
|
309
|
1 187
|
- қызметкерлерді оқыту және нұсқаулықтан өткізу бойынша
|
498
|
543
|
234
|
270
|
1 545
|
- арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ЖҚҚ қамтамасыз ету бойынша
|
508
|
175
|
520
|
607
|
1 810
|
- басқа
|
288
|
68
|
235
|
375
|
966
|
5
|
Ұйымдағы еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсартуға бағытталып берілген ұсыныстар саны
|
1 212
|
1 294
|
905
|
708
|
4 119
|
6
|
Тоқтатылған жұмыс саны:
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
- станоктар, машиналар және жабдықтар
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
- өндірістік цехтар
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
- жұмыс орындары
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
7
|
Еңбек дауларына қатысу саны
|
153
|
174
|
252
|
51
|
630
|
8
|
Жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысу саны
|
21
|
9
|
4
|
26
|
60
|
9
|
Жұмыс орындарын аттестаттауды өткізуге қатысу саны
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
10
|
Өндірістік кеңестер жұмысының мәселелері бойынша өткізілген семинарлар мен сабақтар саны
|
-
|
-
|
1 092
|
11 245
|
12 337
|
*Ескерту: кейбір тармақтар аталған есептілік нысанына 01.01.2017ж. бастап енгізілді
Көрсетілген цифрлардан ұйымдарда жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру жөніндегі жұмыста айтарлықтай кемшіліктердің барын көруге болады.
Өндірістік жарақаттың негізгі себептері бұзылған жабдықты пайдалану, жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, басшылар мен мамандардың еңбекті қорғау жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерін орындамау, қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелері бойынша жеткіліксіз біліктіліктері, еңбек тәртіптемесін бұзу болып табылады.
Еңбекті қорғау жағдайы көбінесе таза және қауіпсіз еңбек жағдайын құру жөніндегі іс-шараларға бағытталған қаржы шығынының көлемімен анықталады. Аталған бағыттың жұмысын талдау, қазіргі таңда білім және ғылым саласында еңбек жағдайын жасқартуға қаражаттың жеткіліксіз бөлінетінін көрсетіп отыр. Жеке аймақтарда қызметкерлер жеке қорғау құралдарымен және арнайы киіммен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілмейді, еңбекті қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға ақшалай қаражат бөлуге қатысты келісім шарттары орындалмайды. Еңбекті қорғау мақсаттарына шамалы қаражат бөлінетін ұйымдарда еңбек жағдайын жақсарту жөнінде шаралар өткізілмейді, қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету нормалары қадағаланбайды. Қызметкерлер міндетті мерзімдік медициналық тексеруді өз қаражаттары есебінен өтеді, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін өтемақы төленбейді.
Қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтың алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін маңызды потенциал әлеуметтік әріптестік механизмінде көзделген.
Кейбір ұйым басшыларының тарапынан еңбекті қорғау жөніндегі комитеттердің (комиссиялардың) жұмысына қызығушылық танытпау оларды құру кезінде немқұрайлы қатынасқа және олардың қызметіне селқос қарауға әкеп соғады. Соның салдарынан қоғамдық құрылымдар мүшелерінің көп тұрақтамауы байқалады.
Өндірістік кеңестер барлық білім ұйымдарында құрылмаған және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар да барлығында бірдей тағайындалмаған. Ұсынылған статистикалық деректер бойынша 2018 жылдың 1-қаңтарына салалық Кәсіподақтың кәсіподақ ұйымдарының саны (10499) өндірістік кеңестер (10211) мен техникалық инспекторлар (10217) санына сәйкес келмейді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында мүшелік ұйымдарға Өндірістік кеңестер мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмысының тиімділігін күшейтіп, білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандарын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде оқытуды ұйымдастыру қажет.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ортақ мақсатқа жетіп, өндірістік жарақат пен кәсіби аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды өткізу үшін еңбекті қорғауды басқарудың салалық жүйесіне сәйкес, бірыңғай салалық тәсілдерді орындау қажет.
Халықаралық ынтымақтастық
Қазіргі заманғы жағдайда кәсіподақтардың халықаралық ұйымдармен тығыз ақпараттық байланыс орнатпайынша жетістікті жұмысқа қол жеткізуі мүмкін емес, оған қоса қоғамды жаһандандыру үдерісі әлемдік кәсіподақ қозғалысының алдына бірқатар талаптар қойып отыр.
Біздің Кәсіподақ әлемнің жүз елу тоғыз елінен 300-ден астам ұлттық ұйымдарды біріктіретін және жиырма бес миллион шамасында кәсіподақ мүшесі бар Халықаралық білім беру ұйымының, Еуропалық білім кәсіподағы комитетінің, ТМД елдерінің білім кәсіподақтары мүшелері болып табылатын білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Халықаралық бірлестігінің мүшелік ұйымы болып саналады.
2005 жылы Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан білім кәсіподақтарының бастамасы бойынша білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Еуразиялық халықаралық бірлестігі құрылды.
Бұл ұйымдармен біздің іскерлік байланысымыз түрлі акциялар, кампаниялар, семинарлар, кездесулер мен делегациялар алмасу сияқты бірлескен іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Жастармен жұмыс
Мақсатты бағытталған жастар саясатын іске асыру Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымдарының қызметінде де негізгі бағыт болып қалады.
Көптеген жастар жақсы білімге қол жеткізуде, жұмысқа орналасуда, лайықты жалақы, білікті медициналық көмек алуда, бос уақыттарын сапалы ұйымдастыруда қиындықтарға тап болып жатады. Кәсіподақтардың жастармен жұмысы қоғамның осы мәселелерді шешу жөніндегі қызметін жандандыруға қабілетті.
Салалық кәсіподақ пен оның құрылымдық бөлімшелері жастар үшін Салалық, аймақтық салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарда әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерді бекіту жөнінде едәуір жұмыс атқарды.
Мүшелік ұйымдарда жастар кеңестері және жастармен жұмыс жөніндегі комиссиялар, жас мамандар Кеңестері, студенттік кәсіподақ ұйымдары құрылған және олар жетістікпен жұмыс жасап, кәсіподақ қызметіне белсенді қатысады.
Жергілікті жерлерде түрлі байқаулар, форумдар, мәдени, спортық және басқа да бұқаралық шаралар өткізу игі дәстүрге айналды, бұл жастарға өздерінің жеке шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға ғана емес, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының негізі болып табылатын ортақ іске, ынтымақтастыққа деген сезімдерін бойларына сіңіруге септігін тигізеді.
Кәсіподақ ынтымақтастығы мен бірлігінің жастарында көшбасшылық қабілеттерін анықтау, тәрбиелеу және қалыптастыру үшін Салалық кәсіподақ жыл сайын өз қаражаты есебінен Жазғы республикалық жастар лагерін өткізеді, онда республиканың жас кәсіподақ белсенділерінің оқуы да, демалысы да қарастырылған.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілген жас мамандармен кездесулер дәстүрге айналған, онда жас мұғалімдердің проблемалары қаралып, оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелері білім алушы жастарға үлкен моральдық және материалдық қолдау көрсетіп отыр: озат оқитын студенттер – кәсіподақ белсенділеріне берілетін кәсіподақ шәкіртақысы тағайындалған.
Қазақстанның барлық аймақтарында қарттарға, мүгедектерге, көмек қажет ететін білім ардагерлеріне, аз қамтылған білім беру қызметкерлерінің отбасыларына қолдан келгенше әлеуметтік және моральдық қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған жыл сайынғы «Жүректен жүрекке» акциясы өткізіледі.
Кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын сауықтыру
Кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі сала қызметкерлері мен балаларды сауықтыру болып табылады. Осы мақсаттарға кәсіподақ бюджетінен қаржыландыруды жыл сайын арттыру байқалады. Егер 2015 жылы облыстық және аумақтық кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ бюджетінен кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысына, сауықтыруға 583 млн 383 мың 511теңге бөлінсе, 2016 жылы - 555 млн. 162 мың теңге жұмсалған, ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл мақсаттарға 683 млн. 677 мың теңге бөлінген.
Биылғы жылы жазғы демалысты ұйымдастырудағы басты ерекшелік көптеген қазақстандық оқушылар мен педагогтардың, кәсіподақ ардагерлерінің Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуы болғанын айта кеткен жөн.
Қайырымдылық көмек
Сала кәсіподағы мен оның құрылымдық бөлімшелері кәсіподақ мүшелерінің өміріндегі барлық қайғылы жағдайларды назардан тыс қалдырмайды. Осы жылы Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарында орын алған табиғи апат, су тасқыны салдарынан білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерінің отбасылары зардап шекті. Олардың барлығына қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы алғанда салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары су тасқыны нәтижесінде зардап шеккендерге 11 млн.теңгеден астам қаражат бөлді.
Кәсіподақтың бірыңғай қаржы саясатын іске асыру мәселелері
Кәсіподақтың Салалық Кеңесі 2017 жыл ішінде Кәсіподақтағы бірыңғай қаржы саясатын іске асырудың қаржылық тәртіптемесін нығайту жөнінде бірқатар нақты шаралар қабылдады.
Барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдары қызметінің өзекті мәселесі мүшелік кәсіподақ жарналарын жинау мен бөлу толықтығы мәселесі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және кәсіподақ органдарының қаржы қызметінің басқа да мәселелері, соның ішінде мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу және есептеу тәртібі бойынша бухгалтер қызметкерлермен семинарлар өткізіледі. Мысалы, 2017 жылғы 16 қарашада Астана қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік ұйымдарының бухгалтерлері үшін «Кәсіподақ ұйымындағы бухгалтерлік есеп, қаржы қызметі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және салық есептілігі» тақырыбында семинар өткізілді.
Жүргізілген жұмыс болымды нәтижелер берді. Жалпы, барлық мүшелік ұйымдарда мүшелік кәсіподақ жарналарын жалпы жинау көрсеткіштері өсті. Астана қаласының «Әділет» кәсіподақ ұйымы, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық ұйымдары мүшелік жарналарды жалпы жинау жөніндегі индикативті жоспардың орындалуын қамтамасыз етті. Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында жоспар 90 %-дан және одан жоғары орындалса, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан және Оңтүстік-Қазақстан облыстық ұйымдарында - 80 % -дан 90 %-ға дейін атқарылған.
Көптеген мүшелік ұйымдар жоғары кәсіподақ ұйымдарына жарналарды аудару мөлшері бойынша Кәсіподақтың алқалы органдарының шешімдері мен жарғы талаптарын орындайды.
Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің қаржы қызметі жүйелі түрде мүшелік жарналардың жалпы жинағының мақсатты түсімі мен бөлінуін тексеру, мүшелік ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету жөнінде жұмысты жүзеге асырып, қаржы тәртіптемесін нығайту мен тұрақтандыруға айтарлықтай септігін тигізеді.
Есеп беру мерзімінде Кәсіподақтың қаржы қызметі аймақтардағы мүшелік жарналардың жалпы жинағының мақсатты түсімі мен бөлінуіне жергілікті тексерулер жүргізіп, Жезқазған, Талдықорған, Семей аумақтық, Қарағанды, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Алматы, Маңғыстау және салалық кәсіподақтың басқа да облыстық ұйымдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті.
Тексерулер барысында кәсіподақ органдарының басшыларына қаржы мәселелері жөніндегі салалық кәсіподақтың Қағидалары мен Нұсқаулықтарын мүлтіксіз орындауға қаржы қызметкерлерінің жауапкершіліктерін арттыру ұсынылды.
Кәсіподақ кадрларын оқыту және ақпараттық жұмыс
Кәсіподақтың Салалық Кеңесінің жұмысындағы басымды бағыттардың бірі кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту болып табылады. Мақсатты бағытталған және жүйелі оқыту кәсіподақтағы мүшелікке саналы қатынасты қалыптастыруға, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді нысандары мен әдістерін дағдыландыруға ықпал етеді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының XIII съезінде қабылданған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ қызметінің Негізгі бағыттарында көрсетілген принциптерге сүйеніп, жыл сайын кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру бойынша Нұсқаулықтар әзірленеді.
Кәсіподақ оқуы жүйесінде оқытылған кәсіподақ мүшелерінің саны жыл сайын көбеюде, кәсіподақ оқытушылары мен тренерлерін даярлау сапасы артып келеді. Кәсіподақтың облыстық ұйымдары семинарлар мен алқалы органдар мәжілістерін өткізуде техникалық оқыту құралдарын белсенді қолдана бастады. Жеке аймақтарда әдістемелік кабинеттер құрылып, жұмыс жасайды, жыл сайын оқу мақсаттарына кәсіподақ бюджетінің шығыстары өсуде.
Мүшелік ұйымдардың құқықтық қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша салалық кәсіподақтың құқықтық қызметкерлері үшін, облыстық құрылым аппараттарының қызметкерлері үшін аудандық, қалалық комитеттер, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының, жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен Еңбек заңнамасының ережелерін тәжірибелік қолдану мәселелері бойынша семинарлар үнемі өткізіліп тұрады. Семинарларда білім саласы қызметкерлерінің өзекті проблемалары және қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары бойынша: еңбек ақы және еңбекті, жұмыс уақытын нормалау, еңбекті және денсаулықты қорғау, қызметкерлерге заңнамамен белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларды төлеу сияқты тәжірибелік мәселелер, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары қызметінің құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Кәсіподақ активіне көмекке әдістемелік құралдар, анықтамалар, бюллетеньдер және кәсіподақ активінің жұмысына қажетті басқа да баспа материалдары шығарылады.
2015 жылы 24923 адам, ал 2016 жылы 32708 адам оқытылып, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7785 адамға артық. 2017 жылы 73627 адам оқытылды, бұл 2016 жылға қарағанда 40919 адамға артық.
2017 жылы кәсіподақтар Федерациясының оқу орталығында 136 адам, кәсіподақтың аумақтық бірлестіктерінің оқу орталықтары базасында – 1245 адам оқытылды. Салалық кәсіподақтың семинарлары мен курстарында – 1087 адам оқытылды. Өзге нысандар бойынша 26668 адам оқытылды.
2015 және 2017 жылдары Атқару комитеті кәсіподақ органдары мен ұйымдарында ақпараттық жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс пен іс-шаралар жағдайының мәселелерін қарап, онда осы бағыттағы жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі нақты жоспарлар мен міндеттер қабылданды.
Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдары «Қазақстан кәсіподағы» республикалық кәсіподақ газетіне жазылу кампаниясына үлкен мән береді (№1 қосымша). Салалық кәсіподақ жазылым бойынша Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жүйесіндегі үздік лидер болып табылады. Егер 2015 жылы «Қазақстан кәсіподағы» республикалық кәсіподақ газетіне мүшелік ұйымдармен жазылым саны 3331 дана құраса, 2016 жылы – 3965 дана, ал 2017 жылы салада 4746 данаға жазылым жүзеге асырылды. Сала кәсіподақ ұйымдарының қызметі «Қазақстан кәсіподақтарында» тұрақты негізде жарияланады. Газет беттерінде 2016 жылы қызметтің түрлі бағыттары бойынша мүшелік ұйымдардың (Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Семей, Маңғыстау, Жезқазған, Талдықорған) 60 басылымы, ағымдағы жылы – 156 басылым жарық көрді.
Кәсіподақтың ақпараттық серіктесі болып табылатын «Білімді ел» Республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетіне жазылу жөнінде жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы 720 данаға, 2017 жылы – 1525 данаға жазылған. 2016 жылы газет беттерінде мүшелік ұйымдардың (Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстары) 14 материалы жарияланды. 2017 жылы аталған газет беттерінде сала кәсіподағы мен оның мүшелік ұйымдарының (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстары) 21 материалы жарияланды. «Білімді ел» газетінде заңгерлік парақша бар, онда оқырмандар сұрағына салалық кәсіподақ төрайымының орынбасары, ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі В.Ф.Беженаров жауап береді.
Ақпараттық жұмысты жақсартуға және аймақтағы кәсіподақ активін оқытуға септігін тигізетін, айына екі рет мерзімділікпен «Ұстаздық еңбек» салалық кәсіподақ газетін шығаратын Атырау облыстық ұйымын және ақпараттық жұмысты жақсарту және кәсіподақ белсенділерін оқыту құралы ретінде тираж саны 8000 данадан асатын, 2015 жылғы қазаннан бастап «Еңбекші» газетін шығаратын Жамбыл облыстық ұйымын атап өткен жөн.
Маңызды міндет кәсіподақ құрылымының барлық буындарының тиімді ақпараттық қызметі үшін жағдай жасау, кәсіподақ мүшелерін шұғыл және анық ақпаратпен, соның ішінде барлық деңгейлердегі кәсіподақ органдары қызметінің нәтижелері туралы да қамтамасыз ету болып қалады.
2014 жылы салалық кәсіподақ сайты құрылып, 2015 жылы толық жаңарудан өтті және қазіргі таңда ойдағыдай қызмет атқарып, 2017 жылғы қыркүйекте ҚРКФ семинарында халықаралық тренерлермен және сарапшылармен көрсетілген ақпараттық жұмыс талаптарына сәйкес келеді.
Салалық кәсіподақ сайтында салалық кәсіподақ жұмысының, әсіресе сала қызметкерлерін әлеуметтік-экономикалық қорғау, кәсіподақ қозғалысын реформалау аясындағы негізгі бағыттары, Кәсіподақтың қазақстандық қоғамның маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларына қатысу мәселелері, алқалы органдар мәжілістері туралы ресми материалдар және басқалары шұғыл әрі жан-жақты жарияланады.
Салалық кәсіподақ сайтында маңызды орын жүйелі сипаттағы және ақпараттық алмасудың жоспарлы түрде көбеюіне әкеп соғатын мүшелік ұйымдардың шұғыл ақпараттарына бөлінеді және олар 2017 жылы – 655 ақпарат, 2016 жылы-507 ақпарат құрап, алдыңғы жылға қарағанда 148 ақпаратқа артық болып отыр. Қазіргі таңда барлық бөлімдер үнемі толықтырылады, салалық кәсіподақ сайты күн сайын жаңартылып, жетілдіріледі және айына мың оқырман көлемінде тұрақты аудиториясы бар. Сайтты тек салалық кәсіподақ қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар БАҚ қызметкерлері, басқа да салалық кәсіподақтар, кәсіподақ мүшелері, министрліктер өкілдері мен шет елдік әріптестер қарайды.
Диаграмма деректеріне сәйкес, 2015-2017 жылдар аралығында салалық кәсіподақтың ресми сайтында жарияланған материалдар санының айтарлықтай көбейгенін айта кеткен жөн.
Қазіргі таңда, сондай-ақ үш жылға созылған салалық кәсіподақтың орталық аппаратындағы баспасөз қызметінің қалыптасу процесі жалпы аяқталды деуге болады. Облыстық, аумақтық және қалалық кәсіподақ комитеттеріндегі осы бағыттағы жұмыс әлі бір жүйеге келтірілмеген.
2016 жылы кәсіподақтың Салалық Кеңесімен БАҚ-та жарияланған материалдар
№
|
БАҚ атауы
|
Бағдарлама және шығарылым тақырыбы,
авторы, сілтеме
|
Уақыты
|
1.
|
«Қазақстан» ұлттық телеканалы
|
«Қоғамдық кеңес» бағдарламасы, тікелей эфир, жүргізуші: Маралбек Сағынғанов, https://itube.kaztrk.kz/videos/2188/qogamdyq-kenes-tikeley-efir-orta-bilim-salasyndagy-janalyqtar/
|
1 қыркүйек 2016 жыл 20.20
|
2.
|
«Қазақстан кәсіподағы» Республикалық кәсіподақ газеті
|
Поздравление с профессиональным праздником учителей, авторы: Майра Амантаева,
|
16 қыркүйек 2016жыл,
5-бет
|
3.
|
«Қазақстан кәсіподағы» Республикалық кәсіподақ газеті
|
«Вопрос-Ответ», авторы: Виктор Беженаров
|
16 қыркүйек 2016 жыл,
4-бет
|
4.
|
«Первый канал Казахстана»
|
«Бәріміз пендеміз» бағдарламасы. Жүргізуші: Олжас Сайлаубекұлы, http://1tv.kz/projects/vsemyludi%20/watch/v78
|
16 қыркүйек 2016 жыл, 14:20
|
5.
|
«Bnews» ақпараттық порталы
|
«Мұғалімдер қартайып барады – Майра Амантаева», авторы: Даурен Ерболат,
http://bnews.kz/kz/news/obshestvo/obrazovanie/mugalimder_kartaiip_baradi_maira_amantaeva-2016_09_23-1291346
|
23 қыркүйек 2016 жыл
|
6.
|
«Хабар 24» телеканалы
|
«Сұхбат» бағдарламасы, тікелей эфир, жүргізуші: Жасын Биркенов, http://24.kz/kz/telepoject/s-khbat/item/140752-majra-amantaeva
|
30 қыркүйек 2016 жыл, 19:15
|
7.
|
«Егемен Қазақстан»
|
«Мұғалім мәртебесі – өркениеттілік өлшемі», автор: Майра Амантаева.
|
1 қазан 2016 жыл
|
8.
|
«Первый канал Казахстана»
|
«Бәріміз пендеміз» бағдарламасы, жүргізуші: Олжас Сайлаубекұлы, http://www.1tv.kz/ru/projects/vsemyludi%20/watch/v82
|
3 қазан 2016 жыл, 14:20
|
9.
|
«Астана» радиосы
|
«Мен қазақпын» бағдарламасы, жүргізушілер Санат Нурбай, Жанар Максуткызы,
http://files.mail.ru/A095C8B5C6DE41AEB598F21E3297EA9A
|
18 қазан 2016 жыл, 09:15
|
10.
|
«Астана» радиосы
|
«Общественный совет» бағдарламасы, жүргізуші: Гүлдарай Кемелова,
http://files.mail.ru/0FEBA7E9F9E041D1A7263623D73E2BD7
|
19 қазан 2016 жыл, 15:15
|
11.
|
«Хабар 24» телеканалы
|
«Жаңалықтар», «Новости», http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/69464-shymkentte-t-uelsizdik-rdastary-bas-osty
|
28-29 қараша 2016 жыл, 20:30, 21:00, 21:30, 23:00, 23:30, 08:30
|
12.
|
«Қазақстан» телеканалы
|
«Kazkh News»
|
28 қараша 2016 жыл, 17:30
|
13.
|
«Хабар» телеканалы
|
«Жаңалықтар», «Новости»,
http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/69464-shymkentte-t-uelsizdik-rdastary-bas-osty
|
28 қараша 2016 жыл, 19:00
|
14.
|
«Отырар» телеканалы
|
«Итоги дня», «Қорытынды жаңалықтар»
|
28 қараша 2016 жыл, 19:30
|
15.
|
«Қазақстан – Шымкент» телеканалы
|
«Жаңалықтар» http://shymkenttv.kz/kz/news/society/teuelsizdik-kurdastary-respublikalyk-forumda-bas-kosty
|
28 қараша 2016 жыл, 19:30
|
16.
|
«Otyrar.kz» ақпараттық порталы
|
http://kz.otyrar.kz/2016/11/shymkentte-respublikaly%D2%9B-zhastar-forumy-%D3%A9tti/
|
28 қараша 2016 жыл
|
17.
|
«Егемен Қазақстан»
|
«Бүгінгі ұрпақ – елдің ертеңгі тірегі», автор: Бактияр Тайжан https://www.egemen.kz/2016/11/29/78695
|
29 қараша 2016 жыл
|
18.
|
«Қазақстан – Қостанай» телеканалы
|
«Бірінші – Первая студия» телебағдарламасы, тележүргізуші: Жеңіс Нұржанов, тақырыбы: «Кәсіподақтар – тұрақтылық тірегі», тікелей эфир
https://www.youtube.com/watch?v=UDEoYUBd_c0
|
30 қараша 2016 жыл
|
19.
|
«Қазақстан Кәсіподағы» Республикалық кәсіподақ газеті
|
«Вопрос - Ответ» рубрикасы, Авторы: Виктор Беженаров
|
9 желтоқсан 2016 ж., №23 (1182)
|
20.
|
«Қазақстан Кәсіподағы» Республикалық кәсіподақ газеті
|
«Форум ровесников Независимости»
|
9 желтоқсан 2016 ж., №23 (1182)
|
Достарыңызбен бөлісу: |