2016 ж.
Интернет-ресурсында орналастыру үшін
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» ММ
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-R-4». Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Дене шынықтыру және спорт жоспарларын әзірлеу және іске асыру. Аудан деңгейінде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу. Спорттың әр түрлі түрлері бойынша аудандық құрама командаларды ұйымдастыру және даярлау және олардың облыстық спорт жарыстарында қатысуын бақылау. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру. СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша талдау және ақпаратты ұсыну. Аудандық арнаулы мамандандырылған оқу-спорттық оқу орындарының қызметін үйлестіру. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдайлар жасау. Спорт резервін даярлау. БАҚ-та дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Еңбек ұжымдарында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды іске асыру үшін жағдайлар жасау. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының орындалуына бақылау жасайды.
2-ДШ санақтық есеп пен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есепті ұсынады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыс жүргізеді және электрондық мемлекеттік қызметтер порталын жаңартуға ақпарат жинауды іске асырады. «Е-Қызмет», «ЭҚАБЖ» электрондық базаларын жүргізуіне жауапты болады. Аудан әкімінің ресми сайтына орналастыру үшін дене шынықтыру және спорт бойынша ақпарат ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары «білім» (дене шынықтыру және спорт), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, экономика, есеп және аудит), «құқық» бейіндері бойынша.
Ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «білім» (дене шынықтыру және спорт), «қызмет, экономика және басқару» (іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (сала бойынша және қолданылу саласы бойынша), экономика (сала бойынша), есеп және аудит (сала бойынша), «құқық» бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы-заңгер, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-R-4». Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жер сұрақтары жеке және заңды тұлғалардан бойынша ауызша және жазбаша өтініштерді қабылдау, жер заңнамасын түсіндіру бойынша кеңес беруді жүзеге асыру. Жер учаскесі бойынша иесіз мүлік есебін жүргізу. Жергілікті атқарушы органның жер учаскесін беру туралы, олардың мақсатты тағайындауын өзгерту туралы, ауылшаруашылық алқаптарын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы, өзгерістер енгізу туралы қаулыларының жобасын дайындау, сондай-ақ құзыреттілігі шегінде бөлімнің барлық заңгерлік сұрақтарына қатысу. «Е-Қызмет», «ЭҚАБЖ» электрондық базаларын жүргізуіне жауапты болады. Жеке құрам бойынша бұйрықтарды және іс сапар туралы бұйрықтарды жүргізу. Қажетті есептерді жасау. Сотқа арналған материалдарын дайындау. Сот процестеріне қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары «құқық» (юриспруденция), (құқық қорғау қызметі) бейіні бойынша;
Ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі) бейіні бойынша рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі жетекші маманы, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-R-5». Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Бюджеттік өтінімді, төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, бюджеттік өтінімге, мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді, ағымдағы есептілікті құрастырады.
Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтауды, шығындар сметасын орындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырудықамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді.
Мемлекеттік мекеме бойынша жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын, оны орындау бойынша ай сайынғы ағымдағы есептіліктіқұрастырады, жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді, тауарлар, жұмыс және қызметтерді жеткізушілермен жасалатын шарттардың жобаларын құрастырады және даярлайды, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды жүргізеді, мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмысты жүзеге асырады.
Мемлекеттік кірістер басқармасы, статистика басқармасы, экономика және қаржы бөліміне уақтылы және сапалы есептілік тапсырады.
Аудандық Қазынашылық бөліміне банк және басқа қаржылық құжаттарды ресімдеу және ұсыну.
Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу, ЕССО бағдарламасында жұмыс.
«1-С Бухгалтерия», «Қазынашылық-клиент», «ЕССО» және т.б. бағдарламада жұмыс. Басшының бұйрығы бойынша бас маман-бас есепші болмаған кезеңде оның міндетін атқарады. Оған қолданыстағы заңнамамен берілген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика) бейіндері бойынша немесе ортадан кейінгі не техникалық және кәсіптік білім «сервис, экономика және басқару» маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалары және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалары бойынша), статистика, есеп және аудит (салалары бойынша), экономика (салалары бойынша) бейіні бойынша рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» ММ кадрлар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жетекші маманы, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-R-5». Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Білім бөлімі басшысының нұсқаулар мен үкімдерін орындайды. Өз қызметінде Қазақстан Республикасы Заңдарымен, аудан әкімінің және бөлімнің актілерімен басшылық етеді. Білім бөлімінің құзыретіне енетін кадрлар бойынша аудан әкімінің актілерін және жоғары тұрған әкімнің актілерін орындау бойынша істерді ұйымдастырады және бақылайды. Кадрларды есепке алу бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізеді және қызметкерлерді қабылдауға, ауыстыруға, еңбек қызметіне және жұмыстан босатуға байланысты ресімдеуді жүргізеді. Мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту бойынша рәсімдерінің сақталуын, мемлекеттік қызметкерлерді қызмет бойынша жоғарылату, конкурстық іріктеуді жүргізу бойынша рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметкердің қызметтік әдебін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Корпустың әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымына біліктілік талаптарын қалыптастыруға ұсыныстарды әзірлейді және ұсынады. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, білім Басқармасының мемлекеттік марапаттаулары үшін, материалдарды ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Білім бөлімінің әскери міндетті қызметкерлерін әскери есепке алуды ұйымдастырады. Тәжірбиелік, тәлімгерлік, оқыту, қайта даярлау (қайтадан біліктілігін жоғарылату) және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтегілердің еңбек өтілдерін анықтау бойынша комиссия қызметін жүзеге асырады. Бөлім басшылығымен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғарғы «Білім» немесе «Құқық» бейіндері бойынша.
Немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Білім» немесе «Құқық» бейіндері бойынша білім.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-G-4». Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және тіркеуді жүргізеді, оларды қарау мерзіміне бақылау жасайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» № 1–ОЛ нысанды есепті құрастырумен айналысады. Жеке сұрақтары бойынша ауылдық округ әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметтердің ұсынылу үшін жауапты, тоқсандқ, жылдық есептер құрастырады.
Әкімнің шешімдері және өкімдерінің жобаларын дайындайды. Аппарат жұмысының жоспарын әзірлейді, оның орындалуына бақылау жасайды. Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттар бойынша ауылдық округ әкімімен берілген тапсырмалардың орындалуы үшін жауапты. Сайлаушылар тізімін салыстыруды жүргізеді, сайлаушылардың сандық құрамы бойынша тоқсандық ақпаратты ұсынады.
Аппарат мәжілістерінің, азаматтар жиылыстарының, ауылдық округ әкімінің қатысуымен өткен есептік кездесулердің хаттамаларын ресімдейді.
Кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізеді. Алқа отырысы тізімімен жұмыс істейді. Ауылдық округ аппаратында жаппай құқықтық оқыту үшін жауап береді. Титулдық бланкілердің сақталуы мен бақылауын қамтамасыз етеді.
Ауылдық округ әкімінің өзге тапсырмаларын орындайды.Шаруашылық жүргізуді есепке алу кітаптарын жүргізу, статистикалық есептер беру. Жеке қосалқы шаруашылықтардың электрондық базасын жүргізу. Функционалдық міндеттері шегінде нотариаттық іс-әрекет жасау.
Әскери міндет және әскери қызмет туралы мәселелер жөніндегі заңнаманың орындалуын ұйымдастыру. Азаматтық қорғаныс және ТЖ жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, құжаттарды даярлау және өңдеу.
Қоғамдық бірлестіктердің мәселелеріне жетекшілік ету.
Өткізілген спорттық шараларға есеп және талдау жүргізеді, округтің дене шынықтыру-спорттық үйірмелерінің жұмысына талдау жасайды, ведомстволық статистикалық қадағалау жүргізеді және аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қорытынды материалдарды ұсынады.
Халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартудың, салауатты өмір салтын насихаттаудың жауапкершілігін атқарады.
Ауылдық округ деңгейінде спорттық шараларды өткізуді, сонымен қатар аудандық жарыстарға дайындық және қатысуды ұйымдастырады.
Округтегі мүгедектердің дене шынықтыру және спортпен айналысуы үшін жағдай туғызады және қамтамасыз етеді.
Ауылдық округ аумағында өткізілген спорттық шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Тұрғылықты жер бойынша дене шынықтыру және спорт жөнінде жұмысты үйлестіреді.
Ауылдық округ әкімінің өзге тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), «білім», «құқық» бейіндері бойынша.
немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша)), «білім», «құқық» бейіндері бойынша.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы–есепші, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-G-4». Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аппаратты ұстау бойынша бюджеттік өтінімді, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын құрастыру бойынша жұмыс ұйымдастырады, мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізеді, қаржыландыру жоспарын өзгертуге анықтама құрастырады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, олардың ресімделуі және бекітілген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуы бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік мекеме бойынша жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын құрастырады, оның орындалуы бойынша ай сайынғы ағымды есептілікті құрастырады, жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жеткізушілермен жасалатын келісімшарттар жобаларын құрастырады және дайындайды, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттама және есептілік жүргізеді, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істейді: келісімшарттарды орындау. Жергілікті бюджеттен тапсырылған аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарын құрастырады; кіріс көздерін қалыптастырады; бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органда, әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған, ақша аударуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшасының бақылаулы есепшотын ашуды қамтамасыз етеді; жергілікті қоғамдастық жиылысымен келіскеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың кірістер жоспары және ақша шығындарының жоспарын бекітеді; Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер сатқан тауарлардан (жұмыстар, қызметтер) олардың қарамағында қалатын кірістер жоспары мен ақша шығындардың жиынтық жоспарын құрастырады және бекітеді. Статистика басқармасына, экономика және қаржы бөліміне уақытылы және сапалы есептілік тапсырады. Аудандық қазынашылық бөліміне банк және басқа қаржы құжаттарын рәсімдеу және ұсыну. Зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық
және табыс салығы бойынша айналу ведомосін жүргізу. «Казначейство-клиент», «МТ-102», ЗТМО, басқа бағдарламаларда жұмыс істеу, Салық қызметіне мемлекеттік қызметшілердің кіріс туралы декларациясын уақытылы құрастыру және тапсыруын бақылау. Азаматтық хал актілерін тіркеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша немесе ортадан кейінгі білім немесе орта техникалық және кәсіптік білім: «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша)) бейіні бойынша.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
7. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы–есепші, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-G-4». Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аппаратты ұстау бойынша бюджеттік өтінімді, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын құрастыру бойынша жұмыс ұйымдастырады, мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізеді, қаржыландыру жоспарын өзгертуге анықтама құрастырады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, олардың ресімделуі және бекітілген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуы бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік мекеме бойынша жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын құрастырады, оның орындалуы бойынша ай сайынғы ағымды есептілікті құрастырады, жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жеткізушілермен жасалатын келісімшарттар жобаларын құрастырады және дайындайды, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттама және есептілік жүргізеді, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істейді: келісімшарттарды орындау. Жергілікті бюджеттен тапсырылған аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарын құрастырады; кіріс көздерін қалыптастырады; бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органда, әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған, ақша аударуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшасының бақылаулы есепшотын ашуды қамтамасыз етеді; жергілікті қоғамдастық жиылысымен келіскеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың кірістер жоспары және ақша шығындарының жоспарын бекітеді; Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер сатқан тауарлардан (жұмыстар, қызметтер) олардың қарамағында қалатын кірістер жоспары мен ақша шығындардың жиынтық жоспарын құрастырады және бекітеді. Мемлекеттік кірістер басқармасына, статистика басқармасына, экономика және қаржы бөліміне уақытылы және сапалы есептілік тапсырады. Аудандық қазынашылық бөліміне банк және басқа қаржы құжаттарын рәсімдеу және ұсыну. Зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және табыс салығы бойынша айналу ведомосін жүргізу. «Казначейство-клиент», «МТ-102», ЗТМО, басқа бағдарламаларда жұмыс істеу. Салық қызметіне мемлекеттік қызметшілердің кіріс туралы декларациясын уақытылы құрастыру және тапсыруын бақылау.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 165,300,311 және 387-баптарымен көзделген, ауылдық округ аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құрастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша) бейіндері бойынша.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-4», «Е-R-5», «Е-G-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
бекітілген нысан бойынша өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен бекітілген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде «СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің электрондық почтасы мекен-жайына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Тимирязев ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Тимирязев ауданы әкімі аппаратының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 151100, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылы немесе timiryazevo-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде.
Анықтамаларды 8(71537) 21457, факс 8(71537) 21240 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |