Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


ҚазаҚстандағы  практикалық журналистика



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет29/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50

108
ҚазаҚстандағы 
практикалық журналистика
    
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Бақылау сұрақтары:
3. Мына аталған халықаралық жаңалықтарды іріктеу шарттарының қайсысы дұрыс?
A.  Олар барлық бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ
B.  Оларды осы БАҚ редакция саясаты анықтайды 
C.  Олар күннің ақпаратқа қанықтығына байланысты ауысып отыруы мүмкін 
D.  Олар географияға тәуелді емес
4. Оқиға болған елмен байланысты қандай фактор жаңалықтардың іріктеуге әдетте 
ықпал етпейді: 
A.  Географиялық қашықтығы
B.  Әлемдегі рөлі
C.  Қоғамдық-саяси құрылысы
D.  Журналистің туған елімен дипломатиялық қатынасы болуы
ақпарат көздерімен жұмыс
Халықаралық журналист өзге әріптестеріне қарағанда өзі тексеруден қиналатын ақпаратқа көбірек 
тәуелді. Сондықтан, аудиториясына хабарлайтынының шынайылығы мен растығы ол басшылыққа 
алатын  ақпарат  көздеріне  байланысты.  Көбінесе  олар  екінші  кезектегі  ақпарат  көздері  болып 
шығады. 
Бір  қызығы  –  ақпарат  көздерінің  саны  мен  ақпаратты  жеткізу  тәсілдерінің  түрлері  жыл  санап 
артып келе жатқанымен, негізгі ақпарат көздері ондаған жылдар бойы өзгермей келеді және олар 
үшеу – үш түрлі көзқарас аясын және үш журналистік мектептің өкілі болып отырған ағылшынның 
Reuters, америкалық associated Press және француздардың agence France-presse (AFP) ақпарат 
агенттіктері.
Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарындағы алдыңғы қатарлы әлемдік газеттердің порталдарынан 
бастап, аудандық радиостанцияларға дейін – халықаралық мазмұнның көп бөлігі түптеп келгенде 
осы үш агенттік хабарлайтын ақпаратқа сүйенеді. Үш агенттіктің таспасының стилі де, мазмұны да 
бір-бірінен ерекшеленеді – тіпті кейде олар хабарлайтын сандар мен фактілерде де айырмашылық 
бар, сондықтан бұлар бір-бірін қайталайтын емес, толықтыратын ақпарат көздері болып саналады. 
Үш агенттік те шұғыл ақпаратқа баса назар аударылатын Twitter желісінде бар. Сондай-ақ, олардың 
жаңалықтарын  iPhone  және  Android  жүйелеріне  арналған  мобайл  қосымшаларда  ашық  оқуға 
болады.
лондон,  париж  және  нью-йоркте  отырған  редакторлар  іріктеп  ұсынатын  жаңалықтарға  сүйену, 
дүниеге  олардың  көзқарасымен  қарау  және  қателерін  қайталау  қауіпті.  Алайда,  бұл  –  әлемдік, 
коммерциялық  кәсіпорындар,  демек  –  қайда  отырғаны  мен  қандай  көзқарас  ұстанатынына 
қарамастан, жазылушыларынан айырылып қалмау үшін ақпаратын барынша салмақтап, объектив 
түрде  ұсыну  олар  үшін  де  маңызды.  Оның  үстіне,  кез  келген  елдегі  оқиғаларды  олар  біркелкі 
стандарттарды ұстана отырып хабарлайды. 
Әрине,  бұл  үш  ақпарат  көзі  –  бастама  ғана.  Дүниені  тіреп  тұрған  осы  «үш  киттің»  айналасында 
«екінші санатты» ақпарат агенттіктері жүйесі бар. Олар да «әлемдік» деген атқа таласы бар, алайда, 
іскерлік ақпарат тарататын Bloomberg пен Dow Jones сияқты арнайы маманданған немесе қытайдың 
Синьхуа, немістің dpa, ресейдің ТАСС және рИА, жапонның Киода цусин, испанның ЕғЕ агенттіктері 
сияқты әлемді тек бір мемлекеттің немесе мәдениеттің көзқарасы тұрғысынан көрсетеді. Бұлардың 
сізге  қажет  тақырыптар  бойынша  хабарламалары  веб-сайттарында  жарияланбаған  болса  да, 
Google News және Yahoo News сынды жаңалық агрегаторларының сайттарынан таба аласыз. 
Бұдан басқасының бәрі халықаралық журналистің шеберлігіне және материалды даярлауға жұмсай 
алатын  уақытына  байланысты.  Интернеттегі  ресурстарда  шек  жоқ,  әйтсе  де,  салқынқандылық 
танытып,  ақпаратты  қайта-қайта  тексеріп,  бүкіл  әлемдегі  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
тенденция қалыптастырып, әлдекімге жақтас болуы ереже емес, одан ауытқу екенін ескере білу 
керек. 


109
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Екінші  деңгейдегі  ақпарат  көздерінің  мүддесіне  де  сын  тұрғысынан  қарау  керек:  коммерциялық 
БАҚ  табысты  көздейді,  мемлекеттік  БАҚ  ресми  көзқарасты  ұстанады,  ал  қоғамдық  бұқаралық 
ақпарат құралдары сапалы жұмыс істеуге ресурс тапшылығынан зардап шегеді, ал үкіметтік емес 
БАҚ насихат идеяларын тықпалайды. Кез келген журналист екі шоқып бір қарауы керек, алайда 
халықаралық журналист түрлі елдермен, мәдениеттермен және нарықтармен істес болады, ал өз 
еліндегі ақпарат көздерімен жүмыс істеп отырып, өзге елдердің ақпарат көздері кімнің мүддесін 
көздейтінін жазбай тану қиынырақ.  
Әлеуметтік желілердің ақпарат көзі ретіндегі қызметіне де арнайы тоқтала кеткен жөн. Әлеуметтік 
желілердегі  кейбір  бастамалар  тіпті  революцияға  ұласып  жататынын  байқамау  мүмкін  болмай 
барады. Алайда, әлеуметтік желіні тексеру, тіпті тұтас қарап шығудың өзі мүмкін емес. уақыт болса, 
кәсіби  журналистер  ақпараттың  растығын  тексеру  үшін  жасап  қойған  бірнеше  платформаны 
қолдануға болады, алайда бұл жағдайда да платформалардың бәрінің жұмыс стилі де, мүддесі мен 
мақсаттары да әр алуан екенін ескерген дұрыс. 
Тұтастай  алғанда,  жалпы  журналистикаға  ортақ  мына  ережені  ұстанған  дұрыс:  шынайы  екеніне 
жауап бере алмайтын жаңалықты жарияламасаңыз, оны аудитория білмей де қалады, ал жалған 
нәрсені жариялап жіберсеңіз – ұзақ уақыт ұмытпайды. 
А Қ П А Р А Т Т Ы
Т Е К С Е Р У
Әлеуметтік желілердегі ақпаратты тексеруге арналған коммер-
циялық және ерікті қызметтер, сондай-ақ, әлеуметтік желілер-
де нақты тақырыптар бойынша деректер жинайтын кәсіпқо-
йлар мен әуесқойлар желілері бар. Ондай қызметтерге де
толық сенім артуға болмайды. Солардың кейбіреулері:
1.
;
Storyful
2. Checkdesk;
3. Bellingcat;
4. Observers
арнасын-
дағы
France 24;
5. StopFake;
6.
;
Лапшеснималочная
7. Disinformation Review;
8. Emergency Journalism;
Politifact
9.
.
!
Ал әлеуметтік желілер арасында халықаралық журналист қолданатын құралдардың үздігі – Twitter 
болып қала бермек. Халықаралық сахнадағы негізгі ойыншылардың барлығы ресми ұстанымын сол 
жерде білдіреді; оның үстіне көбі дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын айналып өтіп, «саққұлақ 
иттердің» сүзгісінсіз қарым-қатынас жасағысы келетінін мойындайды. 
Кейбір  журналистер  ақпараттық  шу  мен  пікірлер  ағынына  шыдамай  Twitter-ден  кетіп  жатыр, 
алайда таспаңызды ақырындап реттеп алуға да болады. Түрлі елдер, аймақтар және халықаралық 
саясаттың түрлі салаларындағы үздік сарапшылардың аккаунттарына жазылып қойып, реал уақыт 
режимінде  сүзгіден  өткен  сараптама  мен  сізге  қызық  тақырыптар  бойынша  басты  мақалаларға 
кәсіби жетекшілер беретін сілтемелерге ие болып отыруға болады. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау