112
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
3. Төменде аталғандардың қайсысы әдетте ақпараттың растығын арттыру жолы
болмайды?
A. Кем дегенде үш алдыңғы қатарлы ақпарат агенттігінің деректеріне сүйену
B. ресми тұлғалар ғана ұсынатын ақпаратпен шектелу
C. Ақпарат көздеріне сілтеме беру
D. Әлеуметтік желілерден алынған ақпаратты тек арнайы платформалар арқылы тексеріп беру
4. Мына аталғандардың қайсысы әдетте дұрыс?
A. Әлемдік оқиғалар әдетте қызықты, сол себептен оларды түсіндірудің маңызы азайып кетеді
B. Шетелдік жаңалықтар көбінесе үйдегі аудитория үшін тым алыс, сондықтан оларды
түсіндірудің маңызы артады
C. ғаламдық тенденциялар көбінесе тым күрделі, сондықтан журналист оларды түсіндіру
міндетін арқалауы керек
D. Аудиторияға фактілер маңызды, оларды түсіндіру журналистің міндеті емес
5. Әдетте журналист әлеуметтік желілерден келетін ақпаратқа қалай қарауы керек?
A. Елемей, тек тексерілген ақпарат көздерін пайдалануы керек
B. Тек Twitter-дегі тексерілген аккаунттарды пайдалануы керек
C. Тек өзінің дүниетанымын кеңейту үшін ғана пайдалануы керек
D. Тексергеннен кейін пайдалануы керек
6. Халықаралық журналист қарапайым азаматтардың мемлекет басшысына деген
сыни қатынасы туралы материал жазып жатыр. Қандай дәйексөзді күтпей-ақ қойса да
болады?
A. ниццадағы наубайдың Франция президентінің саясатын сынауы
B. Теннеси штатындағы Библияны зерттеушілер үйірмесінің АҚШ президентіне деген көзқарасы
C. Гренландияның солтүстігіндегі эскимос аралы тұрғындарының Дания королевасы жөніндегі
пікірі
D. паттайядағы жеміс сататындардың Тайланд королін сынап айтқандары
7. Мына аталған факторлардың қайсысын ақпарат агенттіктерінің басты
артықшылығы деуге болады (екі дұрыс жауап бар)?
A. Ақпаратты бас хабтар – лондон, париж және нью-йоркте тәжірибелі редакторлар іріктейді
B. Түрлі елдер мен оқиғалар туралы ақпарат ортақ, біртұтас стандарттарға сүйене отырып
жеткізіледі
C. Ақпарат ақылы, сондықтан әлеуметтік желі арқылы тарағаннан жылдамырақ келіп түседі
D. Ақпарат ақылы, сондықтан басымдық бүкіл дүниежүзіндегі клиенттерге сай келетін сапаға
беріледі
8. Шалғай бір елде жер сілкінгеннен кейін үш алдыңғы қатарлы ақпарат агенттігі
қаза тапқандар саны бойынша үш түрлі санды атады. Халықаралық журналист қалай
әрекет етуі керек (екі дұрыс жауабы бар)?
A. Қаза тапқандар санының ең азын атау
B. Қаза тапқандар санының ең көбін атау
C. Қаза тапқандар санын атамау
D. Сол сандардың бәрін атау
9. Халықаралық журналист әдетте нені хабарлауға тиіс?
A. Тек маңызды оқиғаларды
B. Тек қызықты оқиғаларды