Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017


практикалық нұсқаулық Бала тууына байланысты берілетін төлем мөлшерін азайту туралы үкімет шешімі –



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет25/50
Дата05.01.2018
өлшемі5,04 Kb.
#7027
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50

98
практикалық нұсқаулық
Бала тууына байланысты берілетін төлем мөлшерін азайту туралы үкімет шешімі – 
объект – жас аналар – қайда жүреді – ереуіл/перзентхана/балабақша/әлеуметтік желілер
профильсіз әлеуметтік материал солғын шығады, ал тақырып ашылмай қалуы ықтимал. Кез келген 
сан, заң, құбылыс, апаттың артында адам тұрады. Журналист сол адамды ірі планда көрсетуі керек. 
Әңгіме ғаламдық жылу туралы болса, осы табиғи құбылыстың зардабын тікелей тартып отырған 
халық  өкілінсіз  материал  абстракт  және  жалпылама  болады.  Ол  халық  Гималай  немесе  Амазон-
ка тұрғындары, полюстегі зерттеуші немесе суғарма суға тәуелді өзбек дихан болуы мүмкін. Елдің 
солтүстігіндегі өзендерді оңтүстікке бұру жөніндегі Қытай жоспары туралы билік басындағылардың 
алпауыт жоспарының жолында тұрып қалғандар, ал биржадағы кезекті «қара жұманың» өкінішін 
кокаиншы-блогердің жеке оқиғасы жақсырақ түсіндіріп бере алады.  Анализ, инфографика, дерек-
тер деген жақсы, әрине, алайда, адамсыз оның бәрінің мәні жоқ. Болып жатқан оқиғаның қыр-сы-
рын адамдар мен олардың басынан кешіріп отырған оқиғасынан артық ештеңе түсіндіре алмайды. 
the Guardian
 
өзендерді солтүстіктен оңтүстікке бұру жөніндегі Қытайдың алпауыт жобасына ар-
налған жобасында кейіпкерлер – ұлы өзендердің суы бар тіршілігін, қора-жайы мен тұрмысын жер 
бетінен шайып кетіп, дымсыз қалған шаруа отбасы. Жоба аясында 345 мың ауылды су шайып кет-
кен, алайда The Guardian журналистеріне жай ғана сандарды тізіп шығып, өзге деректерді келтіре 
салу аз. Миллиондаған зардап шеккен шаруа арасынан олар біреуін ғана алып, алдыңғы планға 
шығарды. 
Тек, бұл ретте қалыптан шықпай қалу қаупі бар: зердеңіз мен қиялыңызды іске қоспасаңыз, жеке 
адамның жағдайы штампқа айналып кетуі мүмкін. өз тәжірибеме сүйене отырып айтсам, телеви-
зиядағы жаңалықтардың бәрінде осы жағдай бар – оған форматтың техникалық шектеулері мен 
уақыт тығыздығы ықпал етеді. 1,5-3 минут эфирде мәжіліс қабылдаған жаңа заң туралы айтып, түрлі 
көзқарасты көрсететін тәуелсіз эксперттердің пікірін беріп, сол жаңа заңнан пайда көретін немесе 
зардап шегетін сол бір кішкентай адам туралы айтып үлгеруің керек. Осының бәрін бір күн ішінде 
жасап,  кешкі  21.00-де  эфирге  шығатын  жаңалық  сюжетіне  сыйғызуың  керек.  Кеше  басқа  сюжет 
жасағансың, ертең тағы басқасын жасайсың. нәтижесінде көретініміз – даладағы түсірілім, жалпы 
планда камера алдында жүрген кейіпкер, міне, кейіпкер отбасымен үйінде отыр – бұның бәрі мың 
рет өткен дүние, әр жолы шығармашылық шешім іздеу керек. Қалыпты көрініс пен қойылымдардан 
қашу үшін сюжетті алдын ала жоспарлап, дайындалу керек, заң ресми қабылданып, сюжетті эфирге 
беретіннен бір күн бұрын кейіпкерді түсіріп алған дұрыс. Сонымен қатар, қалыптан тыс кейіпкер 
тауып, реал уақыт режимінде, кейіпкерді әрекет үстінде түсіру керек: айталық, аспаз болса – асүй-
де камера алдында оператордың бұйрығын орындап емес, өзінің күнделікті үйреншікті жұмысын 
істесін, шахтер  болса – жер астына түсіп, кен өндірсін, қасында камера ұстаған журналистер бар-
жоғын ұмытып кетсін.  
Интернет пен әлеуметтік желілер заманында, әрине, БАҚ осы бір алып бәсекелесі мен көмекшісі-
нен бас тарта алмайды. Сізге мақала жазуға көмектесе алатын адамдар сізден қол созымда отыруы 
мүмкін – арнайы топтар мен форумдардың тұрақты қатысушыларымен достасып алыңыз. 
өз тӘЖІРИБЕмнЕн
Кейіпкер табу, олардың әлеуметтік тақырыптарды ашудағы көмегі жөнінде өз тәжірибемнен мы-
салдар келтіре кетейін. 
АИТ шалдыққан адамдар туралы бізде мыңдаған мақала жазылып, өзекті репортаждар түсірілген. 
Әдетте, СпИД-ке қарсы күрес күнінде БАҚ статистикалық деректерді – биыл қанша адам ауырға-
нын, былтырғыға қарағанда көрсеткіш қаншаға артқанын, өкімет күреске қанша қаражат бөлгенін 
санамалай  жөнеледі.  Бұл  сандардың  артынан  адам  көрінбей  қалады.  Кімді  айтып  отырмыз?  Қа-
зақстандағы АИТ жұқтырғандар кімдер? Жай ғана статистикалық деректерді тізіп шыққаннан оқыр- 
манның  жанашырлығын  оятпақ  тұрмақ,  тақырыпқа  деген  қызығушылығын  да  тудыра  алмайсыз. 
Қоғамның мәселеге деген қызығушылығын өлтіргіңіз келсе – жалпылама фактілер мен құрғақ сан-
дарды жаңылтпаш сияқты судыратып айтып шығыңыз. Кейіпкер болады-ау деген адамдарды тапқа-
ҚАзАҚСТАнДАғЫ 
ПРАКтИКАлыҚ жУРнАлИстИКА
    
3.0


99
ҚазаҚстандағы 
   
3.0
 
   
практикалық журналистика 
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
нымда, оларға осыны айттым. Материал әзірлеудегі тағы бір қиын сәт – кейіпкерді сөйлеуге көндіру. 
КөнДІРу 
Мен АИТ жұқтырған адамдарды тауып, олардың өмір үшін күресін баяндап бергім келді. Алғашқы 
кейіпкермен кездескенге дейін-ақ, сау адамның өзіне өмір сүру қиын Қазақстанда «СпИД тасымал-
даушы» атағын арқалап жүру өте ауыр екенін білетін едім. 
Бұл фоторепортажды кезінде аса танымал болған қазақстандық Voxpopuli.kz сайтына арнап әзір-
легенмін. Кейіннен сол репортаж туралы сұрақтардың арасында ең көп қойылғаны – тіпті журна-
листерден емес – диагнозын жасырып өмір сүріп жүрген кейіпкерлерімді қалай тапқаным және 
сонша адамды камиң-аут жасауға бірден қалай көндіргенім жайында болды. 
Алғашқы сұрақтың жауабы оңай: кейіпкерлерімді жоғарыда айтылған жоспармен таптым. Ауруға 
шалдыққан  адамдарды  қайдан  табуға  болады?  Оларға  көмек  көрсетілетін  жерден.  Бұл  ретте  ол 
орын  –  үкіметтік  емес,  коммерциялық  емес  ұйым,  АИТ  жұқтырған  адамдардың  басын  қосып, 
оларға көмек көрсетіп, оқытып, қорғаумен айналысатын қауымдастық болды. Оны осы аурудан өзі 
зардап шегіп жүрген адам құрып, басқарған. Ол өзі де ашық түсірілімге, шынайы сұхбатқа келісті, 
қауымдастықтың  өзге  мүшелерін  де  жобаға  қатысуға  көндірді.  Бәріміз  өмір  бойы  жасырынып 
жүруге болмайды деген қорытындыға келдік. Сөйтіп, олар маған оқиғаларын айтып берді: жүрек 
сыздатар, ашық та шынайы, сөйте тұра үмітке толы адам тағдырлары кімге болса да сабақ болуға 
лайық. 
Voxpopuli сайтындағы қаралым саны, пікірлер, цитата мен ортаға салу санына сенсек, бұл репортаж 
дер кезінде жазылған. Онда статистика мен цифр мүлде жоқ, тек ресми органдардың есебінде ата-
латын адамдар ғана болды. Бұл – Қазақстандағы жазылмас аурудың азабымен алысып жүрген көп 
адамның жұрт көзіне алғаш көрінуі еді. Олар Қазақстанда иммунитет тапшылығы вирусын арқалап 
жүру қаншалықты қиын екенін, вирус жұқтырғанын алғаш білгенде қандай күйде болғанын айтып 
берді. 
Осы сайтқа арналған тағы бір репортажда фотограф николай Судаков екеуміз хиджаб киген қыздар 
туралы айттық. Бұл да сол кезде жұрттың бәрі – қарапайым жұрттан президентке дейін (Елбасы 
«жастар  хиджаб  кимей,  білім  алып,  мамандық  меңгерсін»  деген)  сөз  етіп  жүрген  адамдарды  ірі 
планда көрсетіп, сөз берген Қазақстандағы алғашқы материал еді. Бұл 2011 жыл болатын, мәселе 
жұрт назарына іліккен кез, мектептер мен жоғары оқу орындарында оқтын-оқтын студенттер мен 
оқушылардың хиджабына қатысты шу шығып жататын, алайда, ол қыздардың өзін көрмейтінбіз. 
Олардан ешкім, айталық, неге бұлай киінуді қалағанын сұрап көрген емес. 
Кейіпкер іздеп тағы да үйреншікті жолмен жүрдім – олар көп жүретін жерлерге – медресе, мешіт-
терге,  мұсылман  киімін  сататын  жәрмеңкелерге  бардым.  Танысамын,  кәсіби  қызығушылығымды 
ашық айтамын, фотосессияға қатысып, сұхбат беруге қолқа саламын. Қыздардың келісімін алу оңай 
болған жоқ, алайда, журналист мамандығы сендіре, көндіре білуді талап етеді. Біреудің артынан аң-
дып, қорқытып, бопсалауға болмайды! Бар-жоғы адамша сөйлесіп, сеніміне кіріп, психотерапевтің 
рөліне ену керек. Кейіпкер болуға лайық деген адамға оның жобаға қатысуы неліктен маңызды 
екенін түсіндіре білу керек: «Сіз ештеңе айтқыңыз келмесе, сізді ешкім естімейді, ешкім түсінбейді 
– жұрт тек сізге қарсыларды ғана тыңдай береді! Бізге бір-бірімізді түсінуге ешкім көмектеспейді, 
мәселемізді өзімізден басқа ешкім шешіп бермейді!». өзім осылай ойлағанмын, ойлаймын да, әрі 
адамдарды репортаждарымның кейіпкері және, айналып келгенде, авторларының біріне айналуға 
көндіру үшін осындай уәж айттым. 
«люди со статусом» репортажынан, ондағы кейіпкерлердің айтқандарынан (мен автор ремаркасын 
қоспай, кейіпкерлердің өзін сөйлеттім) Қазақстандағы АИТ жұқтырған адамдар үшін тұрмыс және 
саясат  тұрғысынан  ең  қиыны  не  екенін  түсінуге  болатын  еді.  Ол  –  надандық  пен  соқыр  сенім. 
Сондай-ақ, вирус жұқтыру қаупі кімге төніп тұрғанын да көруге болатын: жұрт ойлағандай, ол лГБТ-
қауымдастық өкілдері немесе ретсіз жыныстық қатынасқа түсе беретіндер емес, есірткіге тәуелділер 
мен олардың әйелдері екен. 
Ал «Кто ты, девушка в хиджабе» репортажы кейіпкерлерімнің – Қазақстан қоғамының түрлі қаба-
тынан  шыққан,  бір-бірін  мүлде  танымайтын  қыздардың  хиджаб  киюі  Құранды  тереңдей  оқудан 
басталғанын көрсетті. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау