140 қазақ орта мектебі Нұрманова Мереке Серікбайқызы Мектеп директорының ғылыми



жүктеу 142,17 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі142,17 Kb.
#8567

Қызылорда қаласы

140 қазақ орта мектебі



Нұрманова Мереке Серікбайқызы

Мектеп директорының ғылыми

әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Мектептің дамуы үшін енгізуге болатын өзгерістер

«Елмен елді теңестіретін – білім» деген тұжырымды қазақ халқының заңғар жазушысы М.О.Әуезов аса көрегендікпен айтқан. Біз, тәуелсіз мемлекет, егемен ел болғалы бері білімі мен білігі ұштасқан интеллектуалды ұлт болуға, жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеруге талпыныс жасай бастадық. Адамзат тарихындағы уақыттың ұлы көшінде барша халықты жақсылыққа жетелейтін де, ізгілікке бастайтын да, әлемдік деңгейдегі өркениет өрісіне құлаш ұрғызып, асқаралы асулардан асырып, асқақ мұраттарға жеткізетін де білім екеніне ешкім шүбә келтірмес. Шәкірттердің бойында жақсы қасиеттердің нышандарын тудыратын, сөйтіп сол асыл ізгі қасиеттерді мәпелеп, тәрбиелейтін, ұстартып жетілдіретін білімдінің, яғни педагогтың аузынан шығатын ұлағатты сөз. Елбасы Жолдауында анық айтылған: « Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. (1)

1. Мектептің обьективті жағдайын анықтауда төмендегі проблемалар айқындалды:

1.1. Мектепте біліктілігі жоғары мұғалімдердің 4 % құрауы;

1.2. Оқушылардың пән бойынша байқауларда жетістіктерінің орташа деңгейлігі;

1.3. Мұғалімдердің оқушылардың сыни ойлауына бағытталған стратегияларды қолдану деңгейінің төмендігі;

1.4. Метеп мұғалімдерінің жартысынан көбі оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына жағдайлар жасамайтындығы;

1.5. Мұғалімдер арасында оқушылардың бастамашылдығын қолдау деңгейінің төмендігі;

1.6. Мұғалімдердің бірлесіп сабақ жоспарлауға, зерттеуге, талдауға дағдыланбағандығы;

1.7. Мектептің дамуын жоспарлау үдерісіне қызметкерлердің қызметі мен лауазымына қарамастан атсалысу белсенділіктері төмендігі мен ата – ана пікірінің ескерілмейтіндігі;

1.8. Мұғалімдердің оқыту мен оқуда жаңа әдіс –тәсілдерді өз мәнінде оқу үдерісінде қолданбауы;

1.9. Оқушылармен топтық жұмыстардың мүлдем жүргізілмеуі;

Жоғарыда аталған проблемаларды талдай, талқылай отырып, солардың ішінде «Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын» басымдылыққа алуды жөн деп санадық. Себебі сын тұрғысынан ойлау арқылы бала бір нәрсені елестетіп, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болады, мәселелерді талқылап, ой елегінен өткізуді үйренеді.

Біздер бірінші айда, яғни курстың «Бетпе бет» кезеңінде оқып жүргенімізде біздерге тренеріміз «Сіздердің әрқайсысыларыңыз көшбасшысыздар», «Сіздер көшбасшы мұғалімсіздер» деп үнемі айтып отыратын. Енді міне «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде сол «көшбасшы» деген сөздің мәні мен мағынасын терең түсініп, өзімізді сондай сезімде сезінудің сәті де келіп жеткендей. Мен алғаш мектеп табалдырығын аттап келген күннен бастап, менің ұжымдағы ұстаздарым мені «жаңалық әкелуші», «жаңа формация» мұғалімі ретінде қабылдады. Сол сәтте менде үлкен қобалжу сезімі болды. Көшбасшылық жекелеген мұғалімдер үшін және тұтастай алғанда мектеп үшін пайдалы екенін білемін. Бірақ мектептерде мұғалімнің нағыз көшбасшылығын орнату үшін еңсеруге тура келетін көптеген кедергілер кездесетінін білдім. (2) Мүмкін осыны ойлағандықтан менде қобалжу сезімі болған шығар.

2. Сонымен мен өз командаммен бірлесіп «Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын» басымдылыққа алдым. Осы басымдылықпен жұмыс жасау үшін семинар, дөңгелек үстел, пікірталас ұйымдастыру арқылы мұғалімдерге сындарды оқыту теориясының мазмұнын тереңірек түсіндіріп, жаңа тәсілдерді пәнге енгізу мақсатында коучинг пен тәлімгерлік дағдыларын кірістіру және LESSON STUDY әдісін енгізу керек деп ойладым. Себебі дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алған білімді оқушы өмірде тиімді пайдалана алмайды. Оқушы тақырып мәнін өз бетінше меңгеріп, бағалай алса сапалы білімге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізгім келді.

Мен Синектің конустық метафорасы негізінде «Мен мектепке неге өзгеріс енгізуім керек?» және өз мектебімдегі «мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге қалай көмектесе аламын?» ал «Оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін мұғалімдер не істеу керек?» деген сауалдар төңірегінде ойландым.
Бұл сауал қорытындысынан менің түйгенім: (Қосымша С, 2 сурет)


  • Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді оқу процесіне енгізу;

  • Оқушы пікірін айтуға мүмкіндік беру;

  • Оқушылардың сыни ойлануына мүмкіндік беретін заманауи инновациялық тәсілдер мен әдістерді қолдану;

  • Оқушылардың, әсіресе біреуге ықпал етуді қалайтын оқушылар үшін топтық жұмыстар жүргізуді қолға алу, енгізу.

Осы кезде мен тек мұғалім мен оқушы пікірімен ғана санаспай, ата – ана пікірін де білуді жөн санадым.

Бұл тұста мен:



  • Оқушылардың ынтасын арттыруда оқу үдерісін жақсартуға ата- аналарды тарту;

  • Оқушының заман талабына сай сапалы білім алуына мүмкіндік жасау;

  • Мектептің даму жоспарын құру кезінде ата – ана пікірімен де санасуды жетілдіру керектігін түсіндім.

Ұжымдастарымның, білім алушылардың және ата – аналардың ойы мен пікірін басшылыққа ала отырып, мектептің даму жоспарында қай тұсқа нені енгізу қажеттігін түсінгендеймін.
Оқушының табысты білім алуы үшін мектептің даму жоспарына төмендегідей өзгерістерді енгізу қажеттігін атап өткім келеді:

  1. Оқыту мен оқуда жаңа әдіс –тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу және жетілдіру;

  2. Сабақта оқытудың заманауи инновациялық тәсілдерін, әдістерін қолдану;

  3. Мектепті дамыту жолында жасалатын жоспарға қызметі мен лауазымына қарамастан мектептің қызметкерлерін, ата – аналарын, оқушыларын түгел тартып, пікірлерін білу;

  4. Ұстаздарға қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін жақсарту;

  5. Жаңа тәсілдерді пәнге енгізу мақсатында коучинг пен тәлімгерлік дағдыларын кірістіру;

  6. LESSON STUDY әдісін енгізу.


3. Менің деректер жинау барысында мектеп тәжірибесінде тағы бір бақылағаным сабақ процесінің өткізілуі. Мектептегі өткізілетін сабақтар бір сарынды. Мұғалім рөлі оқушыға қарағанда басым. Мұғалім өзі сабақты түсіндіреді, оқушыға тапсырманы орындау үшін өзі бағыт береді, өзі қорытындылайды. Оқушы тарапынан жасалатын іс – әрекет тек түсінік айту мен қойылған сұраққа нақты оқулық тілімен жауап беру. Сыныпта оқушылар топтық жұмыс арқылы өз ойын айтуға, өзгелердің пікірімен санасуға, мәселелерді жан-жақты шешуге қалыптаспаған. Осы тұста мұғалімдер көп ізденуді, әдістемелік көмекті көп қажет ететін секілді. Ал оқушыларға келсек сыныптардың басым көпшілігіндегі оқушылардың оқуға ынтасы, қызығушылығы аса байқалмайды. Неліктен? Оны дамыту үшін қалай ықпал етуге болады? Барлық мұғалімдер балаларға жоғары жетістікке жетуі үшін қолайлы орта жасауға тырысатындығы белгілі. Алайда оқушылардың барлығы бойындағы қасиеттерді бар салада көрсете бермейді. Кейбірінің дарындылығы түрлі себептермен көрінбеуі мүмкін, кейбіреуіне қабілетін көрсетуге мүмкіндік берілмеуі де мүмкін. Сондықтан мұғалімдер балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет деп есептеймін. Және топтық жұмыстар арқылы, бірлескен оқу ортасын құру арқылы, оқушылардың сыни ойлауын дамыту қажет деп ойлаймын.

4.Осы тұста мен өзіме «Мен кіммін?», «Көшбасшы мұғалім деген кім?» «Менің бұл тұста атқаратын қызметім мен рөлім неде?», «Оның қандай маңыздылығы бар?» деген сауалдарды қойдым.

Әрине, «Көшбасшы» – бұл жан– жағындағы ұстаздардың кәсіби дамуына ықпал ете алатын, кез–келген нәрсені өзі бастайтын бастамашыл, бейімді, адамдарды еріксіз ізінен ерте алатын, білімді, сыпайы, көзқарасы қалыптасқан, шешім қабылдай алатын, басқарушылық қабілеті бар тұлға деп есептеймін. Ия, мен де өзімді осы қасиеттерді өз бойыма сіңірген, ХХІ ғасырда оқушыларды қалай дайындау қажеттігін және нені оқыту керектігін мұғалімдерге бағыт бере алатын, мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістерді енгізе білетін ұстаз ретінде санадым. Жоғарыдағы аталған міндеттер тек тиімді көшбасшылық болғанда ғана іске асатындығы белгілі. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады. Тиімді көшбасшылар мектеп нәтижесінде және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіндігі дәлелденген. (МАН, 65 бет) .

Барлық жұмысқа жоспарлау үдерісі арқылы қадамдар жасай алатындығымыз белгілі. Осы тұста алты аптаға Көшбасшылық жоспарымды жасап, аталған жоспарымда төмендегі жұмыстарға мән бердім:

1.Мектеп ұстаздарының кәсіби дамуына бағытталған шараларды ұйымдастыру.

2.Топтық жұмыстардың тиімділігін көрсету


  1. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы сыни ойлауды дамытудың

жолдарын қарастыру.

  1. Мектепті мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік беретін орталыққа айналдыру.

«Топтық жұмыстар арқылы сыни ойлауды қалыптастыру»тақырыбындағы 6 аптаға арналған МДЖ мақсаты айқын, қолжетімді және нақты.

Көшбасшылық жоспарымда төмендегілерге аса мән беріп, үдерістердің маңыздылығын ескеріп көшбасшылық жоспарыма енгіздім:



  • Үнемі өзгеріс енгізу үдерісінде атқарылған жұмыстарды бақылап, оның тиімділігін, яғни қаншалықты дұрыс, бұрыс нәтиже беріп жатқандығын бағалау керек.

Командамен бірлесіп жұмыс жасап, командадағы әріптестеріммен әр жұмыстың жүргізілуіне мониторинг жүргізіп, нәтижесін талдау керек деп ойладым . Себебі мониторинг, талдау жүргізу арқылы өзгерістің сапасын бағалауға болады.

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінің бастапқы жұмысы мектептің ұстаздарын түгел жинап, семинар ұйымдастыруды жөн көрдім. Семинар тақырыбын «Маған және менің мектебімен өзгеріс не үшін қажет?» деп алдым. Бұл семинардағы мақсатым ұжымдастарыма деңгейлік курс аясында мәлімет беріп, бағдарлама мақсаты мен міндетін, мазмұнын және жаңа әдіс – тәсілдерді таныстыру. Семинар аяқталғаннан кейін семинарға қатысушылардың кері байланысын алу да мен үшін мектептегі тәжірибемді тиімді жүргізу үшін маңызды болады деп ойлаймын . (Қосымша С, 4сурет).



5.Мектеп басшылығы мен мұғалімдер үшін ең басты мәселе оқыту және оқу болуға тиіс екенін көрсетеді. Мектеп басшылығы, көшбасшылар, мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасы мен мүмкіндігіне, сондай ақ мұғалімдер жұмыс істеп, оқушылар білім алатын жағдайға, ахуалға ықпал ету арқылы мектеп тәжірибелерін жақсартуда басты рөль атқарады.

Мектепті алға дамыту жұмысы тек менің ғана қолымнан келмейтіні айдан анық. Болашақта мектепке өзгеріс енгізу үшін жүргізілетін жұмыстар өз жемісін беру үшін мен өзіме кімдерді тартып, кімдерге арқа сүйеп, сүйене аламын? Менің ойымша, желілік қауымдастық арқылы басқа ұстаздармен үнемі тығыз байланыста болуым қажет деп санаймын. Нақтырақ айтсам, БАҚ арқылы түрлі семинарлар мен іс-шараларға тарту арқылы, әріптес ұстаздар арасында арнайы кәсіби сұхбат жүргізу арқылы желілік қоғамдастық құрамын. Сонымен бірге интернет желісі арқылы, ұялы телефонмен байланысу арқылы, бірге бір топта оқып жүрген қала мектептерінің арасында желілік қоғамдастық құру да жоспарымда бар екендігін атағым келеді. Мектептегі барлық пән мұғалімдері, мектеп психологтары, сынып жетекшілер бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға бірлесе жұмыстар атқара білсек, оң нәтиже мен жақсы көрсеткішіне қол жеткізеріміз анық. Уильям Уордтың «Жәй мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады» деген әдемі теңеуіне сәйкес анықталған басымдықтардың мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу үшін түсіндіре де, шабыттандыра да, көрсете де білетін тәжірибелі, шығармашыл мұғалімдердің атсалысқанын жөн санадым. Ұжымдас ұстаздарымды саралап қарай отырып, Кембридж бағдарламасының үшінші деңгейі мен екінші, бірінші деңгейін аяқтап бітірген Қ,Ж,Т,Ш, Ж,Г,А есімді әріптестерімді, мектепте жұмыс жасап, жатқан 9 пән бірлестігінің бірлестік жетекшілерін және 5-7 сыныптың негізгі пәннен сабақ беретін пән мұғалімдерінен топ құруды дұрыс деп есептедім. Бұл топты құрудағы басты мақсат ұжымдағы әртүрлі еңбек тәжірибесі бар мұғалімдерді тарта отырып, ол ұстаздарға мектептің жүйесін барынша дамытуға ең қажетті, маңызды білім мен дағдыны үйрету болды. Әрине бұл жұмыс жай ғана нәтиже бермейтіндігі белгілі. Көздеген мақсатқа жету үшін қажырлы еңбек етіп, дұрыс әдіс – тәсілдерді таңдап, қолдану керек.

Мектептің жоғары нәтижеге қол жеткізуіне ықпал жасайтын көшбасшылықтың негізгі салдары:


  • Мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету;

  • Барлық мұғалімдер үшін тәлімгерлік пен коучинг ұйымдастыру және өткізу;

  • Мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау;

  • Командалық жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру (МАН, 67 бет) екендігі анық айтылған. Сондықтан мен мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін шаралар коучинг, тәлімгерлік, Lesson Studуді жоспарладым. Себебі аталған шаралар арқылы ұстаздар оқыту тәжірибелерін бірлесе ойластырып, идеялармен алмасады, мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс –әрекетті талдау және ол туралы ойлануға, оқыту тәжірибелерін жақсартуға септігін тигізіп, мектептің дамуын зор ықпал етеді деп ойлаймын.

6.Оқудың бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде көшбасшы мұғалімнің

атқаратын қызметімен жете танысқан мен, тәжірибе кезеңіндегі жұмысымды «Іс –әрекетті зерттеуден» бастадым. Мектеп директоры Г. Ханыммен кездесіп, мктептің стратегиялық даму жоспарын талқылап, таныстық. Жұмысымды жоспарды қарап танысудан бастауымның себебі, осы уақытқа дейін ол жоспар қалай жасалды, қандай мәселелерді қамтыған, ол жоспарды жасауда кімдер ықпалдастырылған және қандай нәтижеге қол жеткізуде екендігін білу болды. Сөйтіп, мектеп жоспарымен таныса отырып, жоспарланған жұмыстардың барлығы бірдей орындала бермейтіндігін және жұмысты нақты мерзімге жоспарламайтындығымызды түсіндім. Сонымен қатар осал тұстарын да байқадым. Сол осал тұстарды басымдыққа ала отырып, жұмыс жасау қажеттігін жете түсіндім. Осы тұста менің ойыма « мен бұл басымдықты шешу үшін қандай жұмыс түрлерін жасауым керек?» деген сауал келді. Жалғыздың үні шықпас дегендей бұл басымдықты шешу менің жалғыз өзімнің қолымнан келмейтін нәрсе екендігін білген мен, әріптестерім, ата- аналарым, оқушыларыммен бірлесіп, пікірлерімен санасуды, сонымен қатар оның шешу жолдарын жоғарыда аталғандай көшбасшы, шығармашыл мұғалімдерден тұратын командамен мектепті дамыту жоспарын құруым керек деп есептедім. Яғни бұл жоспар өзгерісті іске асыру шараларын жүйелілігін сақтайтын құрылымға негізделген жоспар болу керек деп білемін. Мектептің даму жоспарының басымдылығы – мектептің оқыту мен оқу процесіне оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін енгізу екендігі аталып, сол арқылы жұмыс соңында оқушылардың сабақ процесінде жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана алуын аңғару арқылы нәтижеге қол жеткізуіміз қажеттігі аталды.

Әріптестеріммен мақсат пен нәтижені анықтап алғаннан кейін

әріптестеріммен өзгеріс енгізуді жөн деп санадық.


7.Оқытудың әлеуметтік – мәдени теориясын дамыту барысында Выготский оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейіне ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазған. Мұндай оқудың әлеуметтік көлемі «Жақын арадағы даму аймағы» Жада ретінде анықталған делінген. (МАН, 25-26 беттер). Аталған теорияға сүйене отырып, ол топтың мүшелеріне маған басымдықтан нәтижеге қол жеткізуге көмегі тиетін ұстаздарды қамтыдым. Сол ұстаздарға мектептің бастапқы ахуалын таныстырдым. Мектеп психологтары, сынып жетекшілерінің көмегімен алынған сауалнама нәтижесіне сәйкес айқындалған басымдықтармен де таныстырдым. Аталған ұстаздарға, яғни іс – әрекетті зерттеуге қатысатын ұстаздарға олардың оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталатындығын, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қоятындығымызды (МАН 48 бет) түсіндірдім. Сонымен қатар «іс – әрекеттегі зерттеудің айналымымен» таныстырдым.(МАН, 49 бет)

Алайда тәлім алушылардың оқу процесіне мен қандай өзгеріс енгізуім керек? деген сауалды мен іштей талқыладым. Сауалнама қорытындысына сәйкес және оқушылармен жүргізген сұхбат (қосымша, видео) нәтижесінен жоғары көрсеткіш көрсеткен, яғни сауалнамаға қатысқан 121 оқушының 69 –ына мұғалімнің сабақ беру әдісі ұнамағандығын, 73 оқушы оқыту мен оқуда жаңа әдіс - тәсілдер енгізудің қажеттігін және 81 оқушы топтық жұмыс жасағанды ұнататындығын және топта жұмыс жасау арқылы біреуге ықпал етуді қалайтындықтарын ескере отырып, алдағы уақытта өткізетін коучинг сабақтарда әріптестеріме бірлесіп жұмыс жасау барысында топтық жұмыстар арқылы оқушыларға сыни ойланатын тапсырмалар беру және оқушылардың білімді өзара талқылауы арқылы сапалы білімге қол жеткізуге болатындығына көздерін жеткізу мақсатында үш коучинг сабағын өткізуді жоспарладым. Бірінші коучинг сабағымның тақырыбын «Топтық жұмыстар арқылы сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру» деп алсам, екінші коучинг сабағымның тақырыбын «Сыни ойлауды қалыптастыратын әдіс – тәсілдер» тақырыбы төңірегінде, үшінші коучинг сабағын «Блум таксономиясы арқылы оқушылардың сыни ойлауын бағалау» тақырыбымен жалғастыратын боламын. Коучинг сабақ өткізбес бұрын өз тобыма «коучинг» сөзінің, ол не сабақ екендігінің мағынасын түсіндіруге тырыстым. Осы тұста мұғалімдер коучинг сабағы жаңа идеяларды іске асыру үшін, тәжірибеге өзгеріс енгізу үшін әріптестермен жұмысты ойластыруға және жоспарлауға маңызды екендігін түсінгендей. Сонымен қатар «тәлімгер», «тәлім алушы», «тәлімгерлік» сөздерінің де мағынасын ашуға тырыстық.

Тәлімгер – бұл тәжірибелі, ақылшы ұстаз. Ол тәлім алушыға, яғни жас немесе жаңадан келген мұғалімге ұстаз ретінде қалыптасып, дамуы үшін білімі мен әдістемесін жетілдіруге көмектеседі. Ал тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәжірибелі, озық педагог пен тәжірибесі аз педагог арасында сенімді, жеке тұлғаға бығытталған қарым – қатынас құру үдерісі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі. Ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейтіндігі (МАН, 40 бет) жете түсіндірілді. Мені қуантқан жағдай тобымдағы мұғалімдерімнің жаңалықты білуге деген құлшынысы, оны қолданғысы келетіндігі және қолдану арқылы нәтижесін көруге ынталы екендіктері болды.

8.Алдағы уақытта мектебіме өзгеріс енгізуде жүргізілетін жұмыстар өз деңгейінде нәтиже беру үшін мен тағы да кімдерге сүйеніп, тағы кімдерді тарта аламын? Әрине кәсіби қоғамдастық арқылы басқа мектептердегі әріптестеріммен үнемі тікелей де, желі арқылы да байланыста болуым керек деп есептеймін. Нақтырақ айтсам, түрлі семинарлар, тренингтер, конференциялар ұйымдастыру арқылы және сол шараларға оларды шақыру арқылы кәсіби қоғамдастық құруды жалғастырамын.

Болашақта жасалынатын жұмыстарды осындай кәсіби қоғамдастық көмегіне жүгіну арқылы жобаға асырамын деп есептеймін. Осындай кәсіби қоғамдастық арқасында ұжымдағы әріптестерім, мектеп психологтары, бірлестік жетекшілері, мектеп әкімшілігі бірлескен түрде жұмыстар жасай отырып, нәтижелі жетістікке қол жеткізеріміз анық. Сондықтан мен болашақта шығармашылық ізденіс пен ғылыми жаңалықтары білім – ғылымның дамуына үлес қосып, әрдайым ынтымағы арқасында қол жетпес биіктерге талпынған ұстаздарымның жаңа заман ағымына сай өзгеріп, үздік ондықтар қатарына қосылу үшін нағыз кәсіби шыңдалған, әлеуеті зор, құзырлы мұғалім болғанын қалаймын. (Қосымша С, 5 сурет, көшбасшылық жоспар)

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Педагогикалық кеңес» республикалық ғылыми әдістемелік журнал №» республикалық ғылыми әдістемелік журнал №3, 2014 жыл, 2 – бет.

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, І.

Назарбаев зияткерлік мектептері,

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 жыл



  1. Сауалнамалар қорытындысы

  2. «Тәлімі асыл арналы бұлақ»

№140 мектепке 50 жыл кітабы

Алматы, «Arna-b» , 2012 жыл




жүктеу 142,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау