ПОӘК 042-18-15-1.35/01-2013
|
__________2013 жылғы
№1 басылым
|
31 беттің -шісі
|
5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған
«ҚАЗІРГІ ГАЗЕТ ЖАНРЛАРЫ» пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ 2013 ж.
КІРІСПЕ
1 ҚҰРАСТЫРҒАН
Құрастырушы: ___________________Тілеубердиев Дәулетхан Рамазанұлы,
Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, «1» 09. 2013 жыл
2. КЕЛІСІЛДІ
2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама №1 «06» 09.2013 жыл.
Кафедра меңгерушісі: _______________ Каримова Б.Ж.
2.2 Гуманитарлық-заң факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама №1 «17»09.2013 жыл.
Төрайымы_________________ Кеңесбаева Ш.С.
3. БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.
Хаттама №1 «18»09.2013 жыл.
ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.
4. __________ «____» __________ 2013 жылы шыққан ПОӘК-нің
№ 1 БАСЫЛЫМЫ
Мазмұны
1 Қолданыс аясы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Жалпы ережелер
4 Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны
5 СӨЖ-ның тақырыптары
6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы
7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
8 Әдебиеттер
1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ
«ҚАЗІРГІ ГАЗЕТ ЖАНРЛАРЫ» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Қазіргі газет жанрлары» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР МЖМБС 3.08.273-2006 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
5В050400 «Журналистика» мамандығының __________________ бекітілген элективті пәндер каталогы.
- СТУ 042-ГУ-4-2013 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;
- ДП 042-1.01-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
а) Басты мәселе:
Зерттеуші ғалымдардың еңбектері арқылы баспасөз жанрларының теориялық негізін меңгеру.
ә) Білім, машық, дағды және компетенция тізбегі:
ақпарат құралдары жұмысындағы өзіндік белгілерін теориялық негізінде игере отырып тәжірибемен ұштастыру;
3.2 Курстың мақсаты: Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды. Әдебиетіміздің өнімді де өркенді бір саласы – сатираның да өз объектісі, өз міндеті, атқарар өзіндік рөлі, соны жүзеге асыруда қолданар құралдары болады. Белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формаларын толықтай түсінуін дамытуға көңіл бөледі.
Курстың міндеті:
- Газет жанрының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік ерекшеліктерімен таныстыру
- Бүгінгі студент – болашақ журналист, қоғамдық пікірді ұстаушы. Сондықтан аталмыш пән студенттердің теориялық және тәжірибелік білігін ұштаулары көзделеді..
3.4. Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
- Газет жанрларының өзекті мәселелерін білуі керек;
- Алған білімдерін практикада қолдана білу;
- Теориялық талдау жасай алу;
- Газет жанрларының дайындаудың даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;
- Өзіндік пікір айта алу;
- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
3.5 Курстың пререквизиттері:
-«Журналалистка кіріспесі»;
3.6 Курстың постреквизиті:
-«Публицистика өнері»;
- «Журналистика шеберлігі»;
1 Кесте – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ
|
Бар
(сағ)
|
Бақылу түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
1
|
3
|
30
|
15
|
-
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2 Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу
Тақырыптардың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
Әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
Дәріс сабақтары
|
1.Газет жанрлары.Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды.
|
1
|
1,2
|
2. Ақпараттық жанрлар.
Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің «Информация – основная валюта демократии» деген сөзін осы жерде еске алуға болады [2]. Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім.
|
|
|
3. Заметканың түрлері
Тектес заметкалар. Халық шаруашылығы мен мәдениет саласында болып жатқан алуан істердің жемістерін шағын жолдармен жеткізеді. Заметканың бұл түрі көбінесе өмірдің жағымды фактілерімен оқушыны көңілдендіріп қуантып отырады. Тектес заметканың өз алдына дербес заголовкасы болмайды, бірнеше жолдық боп, бір атаумен топталып береді.
Дербес заметка. Бұл заметканың өз алдына дербес заголовогы болады. Дербес заметка, тектес заметка сияқты, ортақ заголовокпен берілмейді. Өйткені оның баяндалуы да, көлемі де ол ырыққа көнбейді. Дербес заметка тектес заметкаға қарағанда көлемі жағынан анағұрлым кең болады
|
1
|
1,2,5,6
|
4. Репортаж
Репортаж латынның «rераrtоrе» деген сөзі - хабарлау, баянlау деген мағына береді. Алғашқы уақыттарда ағылшын парламентінің мәжілістері туралы берілген хабарларды репортаж деп атаған. Ондай репортаждардың авторлары - мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері - репортёрлер болған. Репортажға тән нәрселер: репортёр болған оқиғаның басы-қасында, оны бақылаушы болады. Ол сол оқиғаны болған қалпында суреттеп жазады, оны өз әсерлерімен, өз пікірлерімен толықтырады. Кез келген уақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс. Ол оқиғалар толық, жан-жақты, жүйелі түрде дамытылуы керек. Репортаж жаңа да елеулі оқиғалар туралы жазылып, өмір шындығына сүйенеді. Тіл, стилі нәрлі де тартымды болуы керек.
|
1
|
|
5. Репортаждың түрлері
Оперативті репортаж. Бұл репортаж белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, сол сағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның маңызы болмай қалады.
Оқиғалы репортаж. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болумен бірге, ол Отанымыздың даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғалар болады. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.
Проблемалық репортаж. Бұл репортаж халық шаруашылығының барлық саласынан жазылады. Репортаждың бұл түрі кәсіпорнының күнделікті өмірінен, ғалымның лабораториясынан жазылады. Әрине, бұл жерде ешқандай оқиға болмайды. Репортаждың мұндай түрінде журналист кәсіпорындары мен фирмалардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады.
Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекей очеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралы баяндаумен қатар журналист жол-жөнекей көргендерінің ішшде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады.
|
2
|
1,2,9
|
6. Интервью
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істеп жүрген озаттар мен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады.
|
1
|
|
7. Сұхбаттың түрлері
Интервьюдің әңгіме түрі. Журналист белгілі бір адаммен кездесіп, әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол мәселе жөнінде ол адамның пікірш біледі.
Интервьюдің сұрақ-жауап түрі. Инервьюдің бұл түрі сұрақ-жауап түрінде боп келеді. Мұнда сұрақ та, берілген жауап та, кей жағдайда, толық жазылады. Кей жағдайда жауап қысқартылып жарияланады. Енді бірде берілген сұрақ пен жауап та қысқартылып жасалуы мүмкін.
Интервью суреттеме. Интервыодің бұл түрінде журналист өзінің кездесуге келген адамымен қандай жағдаида кездесті, оның көңіл-күйі қандай, міне, осы жайларды суреттеп көрсетеді.
Интервьюдің анкета түрі. Баспасөз органдары қоғамдық мәні бар мәселелерге, немесе, бұқараның назарын аударып отырған мәселелерге нақты жауап алу үшін күні бұрын анкета әзірлеп, оны оқушыларына таратады.
|
1
|
8,9,10
|
8. Есеп (отчет)
газет есебі - конференциялар, мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді баспасөзде жиі жазылатын хабар жанрларының бір түрі.
шағын жанры - газет есебінің өзегі болып отырады.
Газет отчетын жазу - творчестволық жұмыс. Ол журналистен оқиғаға жауаптылықпен қарауды талап етеді. Өйткені жиналыстар мен өнеркәсіптік мәжілістерде көптеген мәселелер қаралады, талай ойлар тоғысады, пікір таластары туады. Мұның ішінде дұрыс та, бұрыс та пікірлер ұшырасады. Әрине, мұның барлығы фактіге баға беру, баяндамашы мен сөйлеушілердің сөздерін іріктеу, олардың ой-пікірлерін сараптаудан шықса керек-ті.
Есептің мерзімді баспасөзде жиі қолданылып, көп таралғанымен де, оның санаулы ғана түрлерін атауға болар еді.
|
1
|
1,3,4
|
9. Корреспонденцияның жанрлық ерекшелігі
Корреспонденция газеттің басқа жанрларымен жалпы сырттай ұқсас жақтары көп болғанмен, бұл жанр тек өзіне ғана тән көптеген ерекше белгілерімен де бөлектене, оқшаулана түседі. Корреспонденцияның жанрлық ерекшеліктерін неғұрлым анықтай түсу үшін біз оны хабар жанрының бір түрі - заметкамен салыстырып көрейік. Заметкада хабарлау сарыны күшті болады. Ал корреспонденцняда хабарлау сарынынан гөрі фактіні талдау, оны байыптау, одан бір белгілі қорытынды шығару сарыны күштірек боп келеді. Қорреспонденция оқиғаны, я фактіні хабарлаудан гөрі мәселе көтеруді, кемшілікті көзге түртіп, ал жақсы істі бұқараға жан-жақты таратуды негізгі өзек етеді. Корреспонденцияда фактілер мен құбылыстарға талдау жасалады, ол кең түсіндіріледі, байыптаулар жасалып, келелі қорытындылар беріледі. Корреспонденция қай жерде, қашан және не болды деген сұраққа жауап берумен бірге, неге олай болды, қандай себептерден болды деген де сұрақтарға жауап береді.
|
1
|
4,6,7
| 10. Публицистика жанрларының ерекшеліктері
Газет қызметкерлерінің барлығы да, олар қай бөлімде жұмыс істесе де, газет есебін жазу ісіне түгел қатысып отырады. Мұның өзі оңай да жұмыс емес. Ол саяси қырағылықты, ойлы-пікірлілікті, әдеби шеберлікті талап етеді. Газет есебін жазудың үздік шеберлерінен үйреніп, олардың жазудағы тәжірибелері мен әдістерін әлі де жете зерттей түсуіміз керек.
Публицистика жанрларының ерекшеліктері, ең алдымен, публицист лабораториясының ерекшеліктеріне байланысты.
|
1
|
5,9,8
|
11. Корреспонденцияның негізгі
арқау - факті
Фактіні терең зерттеу және іріктеп алу - творчестволық жұмыстың тек астамасы ғана. Істің бұл бастамасы оңайға түспейді. Кейбір журналистер құбылыстың негізгі мәнін нақты, егжей-тегжейіне дейін зерттемегендіктен, жетілдіре алмағандықтан корреспонденцияларын тым шалағай жазып шығарады. Факті - корреспонденцияның құрылыс материалдары тәрізді.
Корреспонденцияның негізгі ерекшелігі - ол кез келген фактіге сүйенбейді, жазғалы отырған объекті мен құбылыстың типтік фактілеріне сүйенеді.
Нақты факті бар да, ал сол фактіге баға беру бар. Бұл екі түрлі ұғымды шатастырмау керек. Корреспонденцияға мұның екеуі де керек.
Сөйтіп, корреспонденцияның өзі «Өмірдің бір бөлшегін» көрсетуге, өмір шындығын дәл беруге негізделеді. Корреспонденцияның авторы кұбылыстар мен оқиғаларды салыстырады, фактілерді талдайды, олар жөнінде нақтылы ұсыныстар жасайды, белгілі қорытындыға келеді.
|
1
|
1,2,3
|
12. Корреспонденция түрлері
Суреттеме корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі жеңіл, суреттеу стилімен жазылады. Суреттеме корреспонденция тіл, стилі жағынан, жазылу әдісі жағынан очеркке ұқсас келеді. Мұндағы негізгі мақсат болған оқиғаны, құбылысты оқырманға көркем тілмен жеткізу. Суреттеме корреспонденцияның очерктен ерекшелігі мұнда образ, портрет, вымысел (ойдан шығару), домысел (ойдан қосу) дегендер болмайды. Корреспонденцияның бұл түрінде кейіпкердің толық портреті болмағанмен оның элементтері орын алады.
Суреттеме корреспонденция көбінесе адамдардың еңбек табыстарын, немесе қажырлы еңбектің жемісін көркем суреттеумен баяндап береді. Оперативтік корреспонденция.
Оперативтік корреспонденция дегеніміз - өмірдің бүгінгі талабына ілесе үн қосып, уақыт пен жағдайға байланысты нақтылы объектінің фактілерін өзек ете отырып, ерекше оперативтік сарынмен жазылған корреспонденция жанрының бір түрі.
Проблемалық корреспонденция.
|
1
|
1,3,4
|
13. Мақаланың жанрлық ерекшелігі
Мақала дегеніміз - қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп ұғынудың, талдап және жинақтаудың қорытындыларынан туған идеяның негізінде жазылатын публицистикалық шығарма. Сондықтан да мақаланың негізгі желісі - идея. Социализм мен коммунизм қоғамын орнату жолдарының ғылыми идеяларын барлық жағынан да негіздеп берген марксизм-ленинизм ілімінен нәр татып құнарланған автордың Отан алдына өмір ағымының қойып отырған сан алуан зор талаптарына көзқарастары, толғанудан туған тың пікірлері мен қорытындылары мақалада үнемі негізгі арқау болып отырады. Мақала - баспасөздің ең бір негізгі және күрделі жанры.
|
1
|
11,6,9
|
14. Журналистік зерттеу
Журналистік зерттеу публицистикадағы ең қиын әрі ең күрделі жанрлардың бірі. Сондықтан онымен негізінен кәсіби білігі әбден шыңдалған журналистер айналысады. Ақпарат кеңістігінде ысылмаған журналист журналистік зерттеу кезінде заң шеңберінен шығып кетіп немесе мемлекеттік құпияны жария етіп шалыс басса, жауапқа тартылып, аңдамай басып ауырмай өледінің керін келтіруі ықтимал. Оның үстіне біздің қоғамда толық демократия, ашықтық пен жариялылық үстем құрып үлгерген жоқ. Заңдарымыз бен заңдық күші бар құжаттарымыздың айқын емес, екіұшты тұстары көп.
|
2
|
1,3,4
|
15. Очерк
Көркем очерк - өмір шежіресі, жаңалық жаршысы. Сондықтан ол өмірмен өкшелесіп отырады, ұлан-асыр істерге лезде саяхат жасайды» өмір тынысын тап басып, ел тіршілігінен қыруар мағлұмат береді. Очеркте өнердің тәрбиелік, танымдық, эстетикалық қызметі бір арнада тоғысады.
«Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі - очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әр түрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс».
«Көркем-публицистикалық жанрлардың бір түрі - көркем очерк.
Бұл жанр өмір шындығының құбылыстары мен оқиғаларын батыл да терең талдап, тартымды тілмен.
Очерктен әңгіменің бір айырмасы – очерк еш уақытта ойдан шығарылған фактіге құрылмайды, ал әңгіме өмірде бар нақты, шынайы фактілерден алынып жазыла береді.
Олай дейтініміз, әңгімеде нақты факті, нақты құбылыс бағыныңқы, қосалқы қызмет атқарады. Мұнда факті негізінен көркемдік вымыселдің (ойдан қосудың) көрінісі есебінде пайдаланылады. Әңгімеде автордың идеясы көбінесе образ арқылы ашылса, очеркте автордың өз атынан баяндалып отырады.
|
1
|
5,6,9
|
16. Көркем очеркте образ жасау тәсілі
Көркем очеркте де әңгімедегідей шынайы образдар жасалады. «Әдебиет туралы заметкалар» деген мақаласында А. Фадеев былай деген болатын: «Тек әңгімеде, повесте немесе романда ғана емес, очеркте де шынайы характерлер мен олардың қақтығыстарын беруге болатынын еске салғым келеді. Тургенев жазған «Аңшының әңгімелері» очерк екені даусыз, ал осында Тургенев бір топ шаруалардың, оларды қанаушы помещиктердің образын жасаған жоқ па?!
Очерктегі образ жасау тәсілінің өзіндік өзгешелігі бар.
Очеркист өмірдің қайнаған ортасында жүріп, өз замандастарының ішінен образ боларлық адам іздейді. Ал бұл адамның өмірі очеркистің творчестволық ойынан шығуға тиіс, әрі заманның нағыз типтік белгілерін білдіруге тиіс.
|
1
|
1,3,4
|
17. Очерк - көркем шығарма
Очерк - көркем шығарма дедік. Сондықтан онда әңгімедегі, новелладағы сияқты көркемдік қасиеттердің бәрі болады, яғни очеркте экспозиция, оқиғаның өрбуі, байланыс, шарықтау шегі, шешуі болады. Дәл осылай сюжетке кұрылып, оқиға желісін қоюлатып, шебер жазылған кейбір очеркті әңгімеден айыра алмайсың.
Сюжет адамдардың қарым-қатынасындағы күрделі сәттер мен қайшылықтарды, жеке мінез ерекшелігін, әлеуметтік типтерді бейнелеуге тиіс
Очерк - көркем-публицистикалық жанр. Онда баллстристика мен публицистиканың элементтері бір арнада ұштасып жатады.
Очерк, жоғарыда айтылғанындай, әңгіме мен зерттеудің аралығында тұрған жанр. Мұның мәнісі - өмір шындығы екі түрлі әдіспен бейнеленеді. Оның біріншісі - көркем әдебиеттегідей суреттеу құралдарын пайдалану. Бұл жағынан очерк әңгімеге жақындайды. Екіншісі - публицистиканың мол араласуы. Бұл жағынан, мақалаға, зерттеуге жақын тұрады.
|
1
|
1,3,4
|
18. Очерк түрлері
Жол-сапар очеркі - очерктің ең көне түрі. Өйткені танымаған, көрмеген жерді көруге, білуге, саяхат сапарына деген құмарлық ешқашан басылған емес. Демек, очерктің бұл түрінің арқауы - саяхат.
Жолсапар очеркінің композициясы саяхат сапарында жинақтаған тарихи, экономикалық, географиялық мағлұматтарына негізделеді.
Бұрын болмаған, көрмеген, танымаған елдің жер-суы, тұрмысы, салт-санасы, мәдениет ескерткіштері, халықтардың өміріндегі тарихи өзгерістер автордың өзіндік талғам, әсері, саяси көзқарасы арқылы баяндалады.
Портрет-очерк. Орыстың реалистік әдебистінде портрет очеркінің игілікті дәстүрі бар. ХІХ ғасырдың 40 жылдарында «Физиологиялық очерк» деген пайда болды.
Портрет очеркі ең алдымен автордың жеке байқағандары мен көңілге түйгендері негізінде жасалады. Әйтсе де ол өмірбаянды жадағай, сүреңсіз тізіп шығу емес.
Портрет очеркі құр қиялдан тумайды, оның өзегі - өмірдің өзі.
Көркем очеркте замандас тұлғасын шынайы шығару - үлкен өнер.
Оқиғалы очерк - біздің баспасөз бетінен көрнекті орын ала бастады. Өйткені елімізде очерк жазуға лайық әрдайым ғажип окиғалар болып жатады. Рухани талап-талғамы жоғары оқушыларымыз солар туралы тек хабардар болып қана қоймай, сонымен бірге эмоциялық әсер алғысы келеді. Ал журналистер көбінесе осындай оқиғалардың куәгерлері болады да, соны тап оқырман ішінде жүргендей, тартымды әрі қызықты баяндайды:
Публицистикалық очерк - әлеуметтік-саяси құбылыстардан, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғау, пікір айту үшін таптырмайтын форма. Проблемалық очерк үлкен қоғамдық проблема көтереді. Мұндай очеркте өмір шындығына терең көркем-публицистикалық талдау жасалады.
|
1
|
1,6,7
|
19. Эссе
Эссе жанры - тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.
Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады.
Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень ("Опыты", 1580-1588 г.г.) Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады.
Яғни, журналистік тұрғыдан қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір эссе жазушылары оның негізгі қисынын, жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын біле бермейді, көбінесе , ойша болжаммен жазады. Себебі, олар бұл жанрдың тарихынан, мән-мазмұнынан бейхабар.
|
1
|
1,9
|
20. Сатиралық жанрлар
Сатиралық жанрларды жеке-жеке сөз етпес бұрын, «жанр» деген не, оның түрлері бір-бірінен қалай ажыратылады деген сұрақ төңірегінде қысқаша тоқталалық.
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Саралап айтқанда, сатира жанрлары бір-бірінен несімен ажыратылады?
Ең алдымен, олар да сынайтын объектісімен ажыратылады. Егер объектіміз көркем туынды, сондағы кемшіліктер болса, жазғанымыз не фельетон-рецензия, не әдеби пародия, не әдеби эпинраммаға жатады.
Сарира жанрлары енді бірде алға қойған нақты міндет, мақсатымен, идеясымен ажыратылады.
«Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» «Сатира - өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі, келемеж түрде көрсететін әшкерелеуші әдеби шығарма» деп жазылған.
|
1
|
1,6
|
21. Фельетон
Фельетон деген термин өткен ғасырдың бірінші жартысында баспасөз тәжірибесіне енген. Француздың «Журналь де деба» газеті өзінің шығарған қосымша жеке листоктарын фельетон деп атаған.
Ол – күнделікті тіршілігіміздегі жат мінез, жаман қылықтарды, саясатымызға жапқан жаласын, өтірік-өсегін сынап-мінеп әшкерелеп отыратын сатиралық жанр. Ол әрі халықты тәрбиелеп, жаман әдеттерден жирендіру үшін, сақтандыру үшін жазылады. Неден жиреніп, неден үйренуді үгіттейді. Халықты қырағылыққа, кемшілікке төзбеушілікке үйретеді.
Демек, фельетон – насихаттық, публицистикалық жанр. Оның сөзі – үгіт сөзі, насихат сөзі.
Екіншіден, фельетон жанрының жазылу табиғатында да публицистикалық үн, баяндау сарын көп болады.
Фельетон – таза публицистикалық жанр ғана емес, әрі көркем әдеби жанр. Онда да адамдардың типтері, образы, оқиғаның желісі – басталуы, шиеленісуі, шарықтауы, шешілуі, диалогтар, суреттеулер, шегіністер болады...
|
1
|
1,3,6
|
22. Фельетон түрлері
Біздіңше, қазіргі фельетондарды жазылу формасы, композициялық құрылымы жағынан төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топ – газеттің публицистикалық жанрларымен жазылатын фельетондар: фельетон-корреспонденция, фельетон-мақала, фельетон-шолу, фельетон-рецензия, фельетон-репортаж.
Фельетон-корреспонденцияда публицистикалық баяндау басым. Онда сюжет бола бермейді. Тек фактілердің байланысы, оқиғаның жүйесі беріледі. Оқиға болған қалпында, өз ретімен баяндалады. Жазылу формасы, баяндалу тәртібі, құрылысы дәл корреспонденциядағыдай болады. Осы екі белгісімен жазғанымыз корреспонденцияға ұқсайды.
|
1
|
1,3,6
|
23. Фельетондағы факті
Фельетондағы факті. Ол, көбінесе, шын фактіге, болған оқиғаға құрылады.
Мұндай шартты фельетонның өмірде табан тірейтін ұқсас фактісі, негізі болуға тиіс.
Фельетонға керекті кемшілік, фельетондық фактілер "алдыңнан кесе-көлденеңдеп, көзге түртіп" мен мұндалап тұрмайды. Оны ерінбей, жалықпай іздеуге тура келеді.
Фельетондық тақырып, факті табуда журналистің көзі көреген, өзі сезгіш, аңғарғыш болуы керек
Фельетон - оперативті жанр. Ол дәуір танысын сездіруге тиіс.
Фельетондағы фактіні қайдан, қалай алу керек?
Редакцияға келіп түскен хатқа қарап, немесе біреуден естіген хабарға сүйеніп, фельетон жазуға болмайды.
Фельетондық тақырып пен фактінің төркінін біліп алған соң, фельетон жазу процесінің екінші кезеңі - фактіні зерттеу, анықтау кезеңі басталады.
Жазылар фельетон объектісімен кездесу, үшіншіден, оның кім екендігіне, кінәсының салмағына қарай лайықты үн-сарын, тіл тауып қолдану үшін керек.
Фактіні зерттеу, анықтау үстінде тек объектімен әңгімелесіп қою да жеткіліксізЕнді фельетон жазу ісінің үшінші процесі. Фельетонға ат қою.
|
1
|
1,3,6
|
24. Фельетонның сюжеті, композициясы
Фельетонды қызықты, күлкілі, тартымды жазудың бір тәсілі - фактіге сюжет, композиция беру. Фельетонның сюжеті, композициясы дегеніміз - фактіге берілген сурет, фактінің құрастырылуы, баяндалу желісі, неден басталып, немен аяқталуы, қай жерінде қандай қалтарыс, шегініс, оралыс жасауы. Сюжет пен композиция фактіге, идеяға қарай автордың ойынан, өз қиялынан жасалады.
Фельетондағы образ.
Фельетондағы нағыз көркем шығарма ету үшін, қызықты, әсерлі жазып, тәрбиелік күшін арттыру үшін ондағы кейіпкерлердің бейне-образдары жасалуы шарт.
Сатиралық образ жасауда кейіпкерлердің портретін, түр-түсін, жүріс-тұрысын, дене-мүсінін, қажет болғанда, киімдері мен әдет-дағдысын берудің аса мәні зор.
Диалог құру - өнер. Диалогта кейіпкердің тіл ерекшелігін сақтау үшін көп ізденуге тура келеді. Тақырыпты, фактіні зерттеу кезінде болашақ кейіпкердің тіліне, сөз сөйлесіне зер салып отыру керек.
Фельетонның тілін өткірлеуде енді бірде бейнелеу, әсерлеу құралдары - гипербола, метафора, перифраза, ирония, теңеу, тағы басқалар қолданылады.
|
1
|
1,3,6
|
25. Памфлет
"Памфлет" деген атау гректің рат (бәрін), phledo (күйдіремін, жандырамын) деген екі сөзінен шыққан. Памфлет те, фельетон сияқты, бүгінгі күннің тақырыптарына, көкейкесті проблемаларына килігеді. Одан да сол кездің күрес тынысы, жаңалық үні, әлеуметтік пафосы есіп тұрады. Ол да халықаралық және ішкі тақырыптарға бірдей жазыла береді. Сөйтсе де, памфлет, фельетонға қарағанда, объектісінің табылуы жағынан да, жазылуы жағынан да қиын да күрделі жанр. Құртып-жою міндет, мақсатынан келіп, памфлеттің әшкерелеу үшін пайдаланар әдіс-тәсіл, құрал-қаруы ерекшеленеді. Памфлеттің жазылмайтын түрі жоқ.
Нағыз памфлетте сатиралық образ жасалуға тиісті.
Памфлетте дәлелдеу тенденциясы басым жатады.
Қазіргі қазақ әдебиеті мен баспасөзінде сатиралық әңгіме мол жарияланып, іргелі, тұрақты жанрлардың біріне айналды.
Сюжет туралы. Беллетристикалық сатираның сюжеті негізінде типтік болмыстар.
|
1
|
3,4,7
| 26. Журналистика жанрларының композициясы мен фабуласы Автордың сатиралық шығармаларға жағымды кейіпкерлер енгізуіне де болады. Бірақ ол олардың жақсылық қасиеттерін насихаттау үшін емес, солар арқылы жағымсыз кейіпкерлерді әшкерелеп, авторлық идеяны ашу үшін істеледі.Қазақ публицистикасын зерттеушілер назарынан осы күнге дейін мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мәтіндердің фабуласы, журналистік шығарманың композициясы тыс қалып келеді. Кейінгі жылдары орыс зерттеушілері В. В. Ворошилов пен М. Н. Ким масс-медиа туындыларының композициясына назар аударып, өз тұжырымдарын көпшілікке арналған «Журналистика», «Жанры современной журналистики» оқу құралдарына енгізді. Дей тұрғанмен ол байламдар әлі де болса ғылыми көпшілік мойындар деңгейде емес. |
2
|
3,4,7
|
27. Пародия
Сатираның көне жанрларының бірі – пародия. Бұл жанр да ежелгі заманда, яғни б.э.д. VII ғасыр шамасында пайда болған. Сол дәуір, сол тұста туған «Тышқандар мен бақалар соғысы» деген дастан батырлар жырын, «Илиада», «Одиссеяны» пародиялаған.
Пародия – гректің para (против – қарсы), edo (песня - өлең) деген сөздерінің біріккен, кіріккен түрі, яғни қарсы өлең, өлеңге қарсы өлең деген сөз. Бұған қарап пародия поэзия түрінде ғана жазылады екен деп ұғынуға болмайды. Кең мағынасында ол шығармаға қарсы жазылған шығарма деген ұғымды білдіреді. Демек, пародия проза түрінде де жазыла береді.
Пародия, негізінен, белгілі бір автордың, немесе бүтіндей бір әдеби ағымның, әдеби мектептің творчестволық сәтсіздіктері мен жеке туындыларының мінін іліп-шалып, келемеждеу үшін жазылады. Әдебиеттің бағытын дұрыстап, мазмұнын байытуға, оның жеке өкілдерінің шеберлігін ширатып, творчестволық бетін қалыптастыруға, жалпы сөз өнерін биікке көтеруге қызмет етеді.
|
1
|
4,9,12
|
28. Эпиграмма
Әр жанрдың генетикалық тегі болады. Эпиграмманың генетикалық төркіні – эпитафия. Эпиграмма грекше «надпись» деген сөз екен. Антикалық дәуірдегі гректер атақты адамдарының ескерткіштеріне, салтанатты сарайына, пайдаланған тарихи мүлік-заттары – ыдыс-аяқ, ер-тұрман, қару-жарағына жазылған ескерткіш жазуды эпиграмма деп атапты.
Эпиграмма - өте тиімді, ұтымды жанр. Кейде ол үлкен бір мақаланың, не екі жүз жолдық фельетонның айтар ойын төрт-ақ жолмен бере қояды. Эпиграмма – қысқа жазудың, белгілі бір ойды ұзақ сонарға салып созбай-ақ емеурінмен, нобай-тұспалмен түсіндірудің құралы.
Асылы эпиграммада негізгі салмақты сөз көтереді. Мазмұн да, кекесін де, астар да, айтпақ ой, берілер баға – бәрі де сөз арқылы жеткізіледі. Эпиграмма – сөзбен әшкерелеудің тілдік құралдарымен жұмыс істеуді талап ететін нәзік өнер.
Эпиграммаға қойылар басты талап – нысананы дәл табу, кімді, нені не үшін, қалай сынауды айқын түсіну.
|
1
|
1,6
|
Семинарлық сабақтардың тақырыптары
|
1.Ақпараттық жанрлардың ерекшелігі
Ақпарат – материя, энергия секілді ежелгі әрі іргелі ұғымдардың бірі дегенмен келісуге әбден болады. Сондықтан оған дәлме-дәл анықтама берудің өзі мүмкін емес. Дегенмен басты сипаттарын анықтауға болады:
а) Ақпарат – оны қабылдаудан бұрын мүлде беймәлім болған жаңа мағлұмат.
ә) Ақпарат өзі материалдық зат емес. Дегенмен әрбір арнайы белгілер, сигналдар секілді материалдық тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.
б) Белгілер жеке дара және көптеген жиынтықтары арқылы да ақпаратты сақтай алады.
|
1
|
1,2,3
|
2.Репортертаж жазуға машықтану.
Репортаждың мақсаты – болған оқиғаны тек бұлжытпастан суретке түсіру емес. Журналист оған тиісті мағына беріп, оның бояуын «қылқаламмен» әдемілей білуі керек.
Репортаж жазу ісі зор әзірлікті талап етеді. Автор өзінің жазғалы отырған проблемасын терең, жан-жақты көрсете білуі тиіс. Болған оқиғаны жете терең түсінуі былай тұрсын, ол жөнінде ой толғауын туғыза білмеген журналист көңілдегідей көркем, жұрт сүйсінерлік репортаж жазып шыға алады деп айта алмаймыз.
|
1
|
4,6,9
|
3.Сұхбат дайындау. күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью боп аталады.
Қазіргі баспасөзімізде: интервью - әңгіме, интервьюдің сұрақ-жауап түрі; интервью - суреттеме, интервьюдің анкета түрлері бар. Сонымен қатар соңғы кездері газет «тілші тілдескенде», «Біздің интервью» деген және басқа рубрикалармен де итервьюлер жариялап жүр.
|
1
|
1,3,4
|
4.Газет бетінде жарияланған есеп жанрын сараптау. Газет отчетын жазу - творчестволық жұмыс. Ол журналистен оқиғаға жауаптылықпен қарауды талап етеді. Өйткені жиналыстар мен өнеркәсіптік мәжілістерде көптеген мәселелер қаралады, талай ойлар тоғысады, пікір таластары туады. Мұның ішінде дұрыс та, бұрыс та пікірлер ұшырасады. Ал кейде дұрыс, пайдалы пікір қағыс қалып, теріс пікірлерді қолдаушылар табылуы мүмкін.
|
1
|
8,9,12
|
5. Корреспонденция түрлері
Суреттеме корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі жеңіл, суреттеу стилімен жазылады. Оперативтік корреспонденция. Оперативтік корреспонденция халық шаруашылығының салаларында көкей тесті, бүгінгі күннің
қойып отырған міндеттерше, кезек күттіруге болмайтын істерге, тез және оперативті араласып отырады. Проблемалық корреспонденция. Бұл - газеттің корреспонденция жанрларының басқа түрлеріне қарағанда едәуір күрделі түрлерінің бірі
|
1
|
1,2,3
|
6.Газет-журналдардағы корреспонденциялар. Корреспонденция - баспасөздегі басты жанрлардың бірі. Бұл жанр арқылы баспасөзіміз өмірдегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамтып отырады. Өміріміздегі жан сүйсінтер жаңалықтар мен жетістіктер, таңдаулы тәжірибе көбінесе корреспонденция жанрымен таралады. Шаруашылық саласында орын алған кемшіліктер осы жанр арқылы қатал сынға алинады. Одан арылудың нақпа-нақ жолдары нұсқалады
|
1
|
5,8,2
|
7. Мақаланың жанрлық ерекшелігі. Мақала тақырыбының бүкіл қоғамдық маңызы болуға тиіс. Тақырыпты ойластырғанда, тақырыпқа барар жолда, ойлану, толғану үстінде журналист я басқа автор бұл талапты үнемі ескеріп отыруға тиісті. Біздің журналистеріміз мұндай тақырыптарды әр кезде де таба, оны бүкіл халқымызға, қала берсе бүкіл жер жүзіне жеткізе біледі.
Мақала жаңа идеяның, жаңа мәселенің негізінде туады, бұқараға партия мен мемлекетіміздің шешімдерін жеткізу үстінде, көптеген белгілі құбылыстар мен оқиғаларды жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіреді.
|
1
|
4,6,3
|
8.Мақала жазудың әдістері мен формалары.
Мақала жанрының баспасөздегі орны мен роліне қарай оны үлкен екі салаға бөлген жөн. Оның біріншісі - баспасөздің жай мақалалары; екіншісі - газет пен журналдардың бас мақалалары. Баспасөзде жарияланатын жәй мақалалар жергілікті орындарға не директив, не нұсқау бермейді. Жәй мақалалар белгілі бір идеяның негізінде туып, соны көпке таратып, насихаттауды мақсат етеді. Мұндай мақалалар баспасөз бетінде күрделі бір проблема көтереді, белгілі бір идеяны насихаттайды, теориялық жайларды түсіндіреді.
|
1
|
3,9,7
|
9. Журналистік зерттеу. Журналистік зерттеудің құдіреттілігі сонда – ол мемлекеттік саясатты, қоғамдық пікірді күрт өзгерте алады, білдей бір мемлекеттің немесе ұлттың қауіпсіздігін сақтап қала алады. Журналистік зерттеу бір күннің шаруасы емес. Ол айлап, жылдап жасалады. Өйткені ол күрделі процесс. Журналистік зерттеуді үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
|
1
|
1,4,7,10
|
10. Очеркте көркем-суреттеу құралдары нақты өмір шындығын көркем-публицистикалық тұрғыдан ашып көрсетуге бағындырылады. Факті - очерк үшін тек материал ғана. Автор оқиғаны қаншама дәл суреттегенімен, егер фактіге көркем-публицистикалық тұрғыда талдау жасалмаса, одан бәрібір көркем очерк шықпайды. Очерк - фактіні жай ғана тізу емес, автордың қабылдауындағы, түйсігіндегі, бейнелі суреттеуіндегі факті туралы әңгімелеу.
|
1
|
1,11,7
|
11. Очерктің түрлері
Жол-сапар очеркі орыс әдебиеті мен баспасөзінде ертеден келе жатыр. Кітабымыздың бастапқы бөлімдерінде сөз болатын, Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат», Қарамзиннің «Орыс саяхатшысының хаттары», Пушкиннің «Арзрумға саяхаты» бұған бірден бір мысал. Шоқан Уәлихановтың, «Жоңғария очерктері» де осы түрге жатады. Оқиғалы очерк - біздің баспасөз бетінен көрнекті орын ала бастады. Өйткені елімізде очерк жазуға лайық әрдайым ғажип окиғалар болып жатады. Публицистикалық очерк.
|
1
|
1,2,9
|
12. Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды.
|
1
|
1,3,8
|
13. Сатиралық жанрлар. Сатиралық жанрларды жеке-жеке сөз етпес бұрын, «жанр» деген не, оның түрлері бір-бірінен қалай ажыратылады деген сұрақ төңірегінде қысқаша тоқталалық.
Бұл еңбекте сатиралық жанрлар мынадай екі салаға топтастырылып қарастырылады: сатираның поэзиялық жанрлары (мысал, эпиграмма, пародия, сықақ, өлең, шарж, карикатура), сатираның прозалық жанрлары (фельетон, памфлет, сатиралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман).
|
1
|
|
14. Фельетон. фельетон – насихаттық, публицистикалық жанр. Оның сөзі – үгіт сөзі, насихат сөзі. Фельетонның публицистикалық жанр болатын себебі – біріншіден, ол да маркстік-лениндік революцияшыл публицистиканың қызметін атқарады. Өз кезінің, өз заманының толғағы жеткен, көкейкесті әлеуметтік мәселелерін сөз етеді.
|
1
|
5,6,7
|
15. Қазіргі баспасөздегі памплет. Памфлет болмысты, фактіні әйгілеп, хабарлап қана қоймай, оның сырын, орын алу себебін, салдарын, қайда апарарын, неге ұрындырарын ашуға міндетті. Соның бәріне көз жеткізіп, дәлелдеуге тиісті. Памфлетте дәлелдеу тенденциясы басым жатады деп М.Кольцов текке айтпаған. Баз бір памфлетте осылай талдау жетпейді. Мысалы, А.Ысымовтың «Америка трагедиясы» атты памфлетінде цифр көп, мәліметтер тіркеле берген.
|
1
|
1,2,3
|
5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 «Жанр» деген терминді қалай түсінесіз?
5.2 Публицистика жанрларының әдеби жанрлардан қандай айырмашылығы бар?
5.3 Газет жанрларының негізгі сипаттарын атаңыз және оған баға беріңіз.
5.4 Публицистика жанрларын пайдаланудағы «Егемен Қазақстан»,
«Түркістан» газеттерінің өзіндік айырмашылықтары.
5.5 Газет жаңалықтарына қойылатын басты талаптар.
5.6 «Журналистік ақпарат» және «Ақпарат жанрлары» ұғымдары нені білдіреді.
5.7 В.В.Ворошиловтың айтуынша, американдықтар лидтің (Iеаd) қандай түрлерін пайдаланады?
5.8 Ақпарат (заметка), есеп, сұхбат, репортаждың негізгі белгілері. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
5.9 Газет есебінің міндеті мен жанрлық ерекшеліктері.
5.10 Газет жанры ретіндегі сұхбаттың ерекшелігі.
5.11 Қазіргі сұхбаттың түрлері.
5.12 Газет корреспонденциясынын айрықша белгілері.
5.13 Проблемалық мақалалардың сипаты.
5.14 Мақаладағы уәждеме, пікірталас, тіл мен стиль.
5.15 Рецензия мен рецензентке қойылар басты талаптар.
5.17 Очерктегі жинақтау әдістері.
5.18 Фельетон формасының ерекшеліктері, оның бағдары, композициясы, сюжеті, тілі мен сгилі.
5.19 Памфлеттің атқарар кызметі. Оның негізгі белгілері.
5.20 Қазіргі баспасөздегі эссе жанры
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы
Дәріс сабағының
тақырыбы
|
Семниар сабағының тақырыбы
|
Өз бетімен дайындалу
сұрақтары
|
Бақылау түрі
|
1
|
2
|
5
|
6
|
1.Газет жанрлары.
|
1.Ақпараттық жанрлардың ерекшелігі
|
Интернет материалдарымен жұмыс
|
Ауызша
|
2. Ақпараттық жанрлар.
|
|
Интернет материалдарымен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
3. Заметка
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта
|
Ауызша
|
4. Репортаж
|
2.Репортертаж жазуға машықтану.
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
5. Репортаждың түрлері
|
3.Сұхбат дайындау.
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
|
6. Интервью
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта
|
Жазбаша, ауызша
|
7. Сұхбаттың түрлері
|
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
|
8. ЕСЕП (ОТЧЕТ)
|
4.Газет бетінде жарияланған есеп жанрын сараптау.
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
9.Корреспонденцияның жанрлық ерекшелігі
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта
|
Ауызша
| 10. Публицистика жанрларының ерекшеліктері
|
5.Корреспонденция түрлері
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
|
11.Корреспонденцияның негізгі
арқау - факті
|
6.Газет-журналдардағы корреспонденциялар.
|
Сөздікпен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
12.Корреспонденция түрлері
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта
|
Жазбаша
|
13. Мақаланың жанрлық ерекшелігі
|
7. Мақаланың жанрлық ерекшелігі.
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
|
14. Журналистік зерттеу
|
8. Журналистік зерттеу.
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
15. Очерк
|
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
|
16. Көркем очеркте образ жасау тәсілі
|
9. Очеркте көркем-суреттеу құралдары
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта
|
Жазбаша, ауызша
|
17. Очерк - көркем шығарма
|
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
|
18. Очерк түрлері
|
10. Очерктің түрлері
|
Тест сұрақтарына жауап беру
|
Жазбаша,
|
19. Эссе
|
11.Эссе жанры
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
|
20. Сатиралық жанрлар
|
12.Сатиралық жанрлар.
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
21. Фельетон
|
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта
|
Жазбаша
|
22. Фельетон түрлері
|
13.Фельетон.
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
23. Фельетондағы факті
|
|
Сөздікпен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
24. Фельетонның сюжеті, композициясы
|
14.Фелетон және фелетонистер
|
Дәріс тезисі, Мерзімді баспасөз материалдары, интерактивті тақта
|
Жазбаша, ауызша
|
25. Памфлет
|
|
Газет-журнал материалдары-мен жұмыс жұмыс
|
Ауызша
| 26. Журналистика жанрларының композициясы мен фабуласы |
|
Сөздікпен жұмыс
|
Жазбаша, ауызша
|
27. Пародия
|
15.Қазіргі баспасөздегі памплет.
|
Тест сұрақтарына жауап беру
|
Жазбаша
|
7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы
|
Саны
|
Студенттердің саны
|
Қамтамасыз ету пайызы
|
1
|
2
|
21
|
4
|
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім,1998
|
2
|
21
|
18%
|
Аналитические жанры газеты. Хрестоматия. М., 1987.
|
3
|
21
|
28%
|
Қожакеев Т.Қ. Жас тілшілер серігі. Алматы, 1991.
|
2
|
21
|
18%
|
Қожакеев Т.Қ. Сатира негіздері. Алматы, 1996.
|
2
|
21
|
16%
|
Рэндалл Д. Универсальный журналист. Алматы,1996.
|
1
|
21
|
11%
|
8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер
8.1.1 Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы, 1978.
8.1.2 Аналитические жанры газеты. Хрестоматия. М., 1987.
8.1.3 Антонов И.В. Информациоиные жанры газетной публицистики. Саранск, 1996.
8.1.4 Архипов С.Б. Современная советская публицистика. Владикавказ, 1991.
8.1.5 Барманкулов М.К. Телевидение: деньги или власть? Алматы, 1998.
8.1.6 Ворошилов В.В. Журналистика. СПб., 1999.
8.1.7 Газетные жанры. М., 1972.
8.1.8 Горохов В.М. Основы журналистского мастерства. М., 1989.
8.1.9 Гуревич С.М. Основы научной организации журналистского труда. М., 1987.
8.1.10 Информационные жанры газеты: Хрестоматия. М., 1986.
8.1.12Қожакеев Т.Қ. Жас тілшілер серігі. Алматы, 1991.
8.1.13Қожакеев Т.Қ. Сатира негіздері. Алматы, 1996.
8.2. Қосымша әдебиеттер:
8.2.1 Аль-Фараби. Избранные трактаты. Алматы, 1994.
8.2.2 Аристотель. Об искусстве и поззии. М.,1987.
8.2.3 Валиханов Ч. Избранные произведения. М.,1987.
8.2.4 Журналистика западноевропейских стран. Л., 1990.
8.2.5 Журналистика и политика, М., 1987.
8.2.6 Қожакеев Т.Қ. Сара сөздің сардарлары. Алматы,1995.
8.2.7Кольцов М. Избр. В 3-хт. М., 1957.
8.2.8Критика в художественном тексте. Душанбе, 1990.
8.2.9 Муртаза III., Смайылов К. Елім саған айтам, елбасы сен тыңда. А., 1998.
8.2.10 Мұхтарұлы С. Шоқан және өнер. А., 1985.
8.2.11Молодежь Казахстана устремлена в XXI век // Қазақ университеті, 1998, №1, январь.
8.2.12Назарбаев Н.Ә. Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы,
тұтастану тарихы // Қазақ одебиеті, 1998, 27 наурыз.
8.2.13ҚазМҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1998, №2.
Достарыңызбен бөлісу: |