2
3.9. сурет. оралмандардың балаларының мектепке бармау себептері
Айта кету қажет, ғылым және білім министрлігі
білімдерін жалғастыратын оралмандардың санын
көбейтуде белгілі жұмыстар атқарып жатыр, мем-
лекеттік кредит пен грант алуда жеңілдіктер, атап
айтқанда 2% оралмандарға арналған мемлекет-
тік кредит пен грант. 2003-2004 жылдары 183 000
3.10. сурет. облыстар бойынша оралмандардың Жоо оқуы
ЖОО – дарына түсті, соның ішінде 153 000 – ақы-
лы түрде (өз қаржылары есебінен), 16000-мемле-
кеттік білім гранттары есебінен, 10 000-мемлекеттік
білім кредиттері есебінен білім алады
39
. Сонымен,
мемлекеттік көмек арқылы оқып жатқандар саны -
26 000 адам, соның ішінде 520 - оралмандар.
39
2004 жылғы Адам дамуы туралы БҰҰДБ есебі.
2
IV БөліМ.
орАлМАНдАрдЫҢ МӘдеНИ
БейіМделуі
4.1. тіл жағынан бейімделу
Тіл қарым қатынастың негізі болып табылады,
сондықтан да тіл интеграциясына айрықша көңіл
бөлінеді. Мигранттардың көшіп келген елдің тілін
білуі, олардың еңбек, әлеуметтік мәдени өмірге
интеграциялануының негізгі индикаторы болып
табылады. Мигранттарды қабылдайтын барлық
елдер интеграция бағдарламаларында тіл жа-
ғынан бейімделуіне аса көңіл бөледі, бірақ әр ел
тілді игеруге берілетін көмектің көлемін өздерін-
ше анықтайды.,
Қазақ ұлты халықтарының Қазақстанға көшіп ке-
луінің бірінші себебі қазақ тілін, мәдениетін, тари-
хи отанының әдет-ғұрпын сақтап қалу, балалары-
ның келешегін қамтамасыз ету. Көшіп келген
соң оралмандар қазақ тілі мен қатар орыс тілінің
күнделікті қолдану қиыншылықтарымен кездесе-
ді. Орыс тілі қарым – қатынаста негізгі тіл бол-
ғандықтан, оралмандардың еңбек рыногына ин-
теграциялануы, Қазақстанның әлеуметтік және
мәдени өміріне қатысуына қиындықтар туғызады.
Бұл өз кезегінде орыс тілін білмеу салдарынан
өмірлерін одан-әрі қиындатады. Оралмандардың
қазақ қоғамына интеграциялануына теріс әсерін
тигізетін тіл білмеушілікті елемей қалуға болмай-
ды. Бұл жерде айта кететін жайт, қазір үш қазақ
алфавиті қолданылады; Қазақстанда, Ресей мен
басқа ТМД елдерінде кириллица, Турция мен
Батыс Еуропада латиница, Қытайда, Иран мен
Пәкістанда - ескі қазақ алфавиті (араб алфавиті
негізінде құрылған). Осының нәтижесінде Қы-
тайдан, Ираннан, Пәкістаннан, Ауғанстан мен
Турциядан келген оралмандар толық қазақ тілін
меңгере алмайды, сондықтан да келе салысы-
мен тіл білмеушілікке байланысты қиыншы-
лықтарға кездеседі. Кейде ең қажетті істерді, мы-
салы, оралман статусын алуға құжаттарын тол-
тыра алмайды. Осы қиыншылықтарға байла-
нысты оралмандарға тілді меңгеру курстары ұй-
ымдастырылмайды. Мемлекеттік бағдарламалар
жоқ болғанымен, кейбір мектептер мен ЖОО
өздері орыс тілі мен қазақ тілі курстарын
ұйымдастырады.
4.2. мәдени бейімделу
Қазақ диаспорасының бір бөлігі ретінде көптеген
оралмандар қазақ мәдениетінің әр түрлі аспек-
тілерін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Мұндай жағ-
дай мәдени бейімделуге жақсы жақтарымен қа-
тар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі
жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп кел-
ді және қандай облысқа қоныстандырылды. Бұл
жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы (Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау)
бойынша байқауға болады, бұл облыстарда қа-
зақ мәдениеті мен әдет ғұрпы жақсы сақталған.
Бұл облыстарда оралмандардың әлеуметтік-мә-
дени бейімделуі солтүстік пен орталық өңірлер-
ге қарағанда жеңілдірек өтеді. Оралмандар сол-
түстік және орталық облыстарда интеграциялау
барысында көптеген қиыншылықтармен кездесе-
ді. Совет Одағынан бері, қазақ мәдениеті бұл об-
лыстарда басқа мәдени және этникалық топтар-
дың ықпалында қалды. Бұл өңірлерде орыс тілі,
орыс мәдениеті басым болғандықтан, ол жерде
тұратын оралмандардың жергілікті жағдайға бей-
імделуі көп уақытты алады.
Оралмандардың қазақтармен бір тарихи түбірі
болса да, олардың мәдениеті мен тұрмысында
ауқымды айырмашылық бар. Мұның себебі, орал-
мандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір
сүру қағидатын сақтап қалса, Қазақстандағы қа-
зақтар совет одағы кезеңіндегі әр түрлі өзгерістер-
дің, нарықты экономикаға өту кезіндегі өзгерістер-
дің ықпалына бейімделіп қалды. ТМД елдерінен
басқа мемлекеттерден көшіп келген қазақтар дінге
өте жақын болады.
2
Оралмандардың мәдени бейімделуіне ықпал ете-
тін тағы бір жағдай, оралмандардың өмір сүру си-
паты, дінге деген көзқарасының ерекшелігі. Бұл
әсіресе киім киюінде, отбасылық қарым-қатынаста
нақты көрініп тұрады. Әйел оралмандар, әсіресе оң-
түстік өңірлерде мойынды жауып тұратын көйлек
киеді, оның үстіне жакет киіп, бастарына орамал
тартады. Түркменстаннан, Ираннан және Ауғанс-
таннан келген оралман әйелдер жергілікті қазақ
әйелдерінің киімін өте ашық, ибадатсыз, сыпайы
емес деп санайды. Оралман ерлердің де көзқара-
сы осындай. Өзбекстаннан келген оралмандар
бастарына тақия киеді, Иран мен Пәкістаннан
келгендер (әсіресе жасы келгендер) сәлде киеді.
Оралмандар мен жергілікті халықтың күнделікті
өмірінде де айырмашылық бар. Көптеген орламан-
дар жиһаз сатып алмайды, өткені қолдан құрап
жасалған көрпені, жастықтарды және кілемдерді
қолданады. Олардың кейбіреулері киіз үйде (көш-
пенділердің палаткасы) тұрғанды қалайды. Тамақ
ішкенде аяғы қысқа столдарды қолданады. Қызмет
өзгерген сайын, өндірісті урбанизациялау үрдісінің
ықпалынан үй жиһаздарын өндіру Монғолиядан
келген оралмандардың арасында төмендей бас-
тады. Бұл жағдай материалдың жоқтығынан жә-
не ондай тауарларға сұраныстың төмендеп кет-
кенінен болып отыр. Зерттеулер нәтижесі көрсетіп
отырғандай, оралмандардың (әсіресе, Монғолия-
дан келгендердің) мәдениеті әртүрлі өзгерістерге
ұшырады, модернизацияланды.
Мәдени айырмашылық оралмандар мен жергілік-
ті тұрғындардың арасында түсінішпеушілік туды-
рады деген ақпарат жоқ, дегенмен, жергілікті ха-
лықтың оралмандарға деген көзқарасы әрдәйім
жақсы емес. 2005 жылы әлеуметтік технологиялар
Орталығы жүргізген зерттеулер жергілікті халықтың
оралмандарға қатынасын былай көрсетті.
40
4.1. кесте. Жергілікті халықтың
оралмандарға қатынасы, %
Жақсы
34
Шыдамдылықпен
25
Немқұрайлы, селқос
22,5
Нашар
10,1
Дерек көзі. ӘТО – ның басылымдары «Оралмандар: нақты
жағдайы, проблемалары және перспективалары»
Қазақстан халқының оралмандарды қабылдауы
да әр қилы. Бір жағынан, тарихи отанына қайтып
келген оралмандарды құрметтейді, қабылдаған
елге олар қандай пайда әкелетінін жақсы түсіне-
ді. Бірақ, әсіресе, әлеуметтік жәрдемақы мен
мақсатты жеңілдіктерді берген кезде оларға деген
сенбеушілік бар.
Жергілікті халықтың ұлттық ерекшеліктеріне бай-
ланысты оралмандарға қатынасы былай көр-
сетіледі.
Қазақтар және этникалық топтың басқа өкілдері
(орыстар емес) жалпы оралмандардың көшіп ке-
луіне қарсы еместігін білдірді. Орыстардың ішінде-
40
Бұл зерттеулер елдің 6 аймағында жүргізілді: солтүстікте, оңтүстікте, шығыста , батыста, орталықта және Алматы қаласында.
4.2. сурет. оралмандарға қалай қарайсыз, %
Дерек көзі. ӘТО – ның зерттеулері. Жергілікті халықтың 60 аймағындағы 1800 адамға сауалдар қойылды.