Қазақстандағы балалардың және
әйелдердің жағдайын талдау
16
пайыз) облыстарында ең жоғары және Жам-
был (27,6 пайыз) және Батыс Қазақстан (29,4
пайыз) облыстарында ең төмен болды.
Фолий қышқылы
58
Ілгерілеудің негізгі белгісі, 2011 жылы 6-59 ай-
лық балалар арасындағы 12 пайыз деңгейіндегі
фолий қышқылының жетіспеушілігі 2008 жыл-
дағы деңгейден (57,7 пайыз) төрт еседен кө-
бірек төмендеді. Мұның ішінен 11,4 пайызы
орташа жетіспеушілік және 0,6 пайызы қатты
жетіспеушілік болды. Жүкті әйелдер арасын-
дағы фолий қышқылының жетіспеушілігі 8 пай-
ыз бол ды, жүкті емес 15-49 жастағы әйелдердің
көрсеткішінің (15,3 пайыз) жартысы дерлік. Де-
генмен, 6-59 айлық балалардың (42,3 пайыз),
жүкті әйелдердің (31,8 пайыз) және жүкті емес
әйелдердің (39,7 пайыз) маңызды үйлесім дік те
шекті деңгейлер болды, яғни, балалардың 45,7
пайызының, жүкті әйелдердің 60,2 пайызының
және жүкті емес әйелдердің 45,0 пайызының
ғана қанында фолий қышқылының қауіпсіз дең-
гейлері болған.
A витамині
59
6-59 айлық балалар арасындағы қан сары-
суындағы А витаминінің орташа деңгейі (29,3
мкг/л) жүкті әйелдердің (44,9 мкг/л) және
жүк
ті емес өсімпаздық жастағы әйелдердің
арасындағы көрсеткіштен (50,4 мкг/л) әл
де-
қайда азырақ болды. Бұл балаларға әйел-
дермен салыстырғанда А витамині азырақ
қамтамасыз етілетінін көрсетеді. Жүкті емес
әйелдердің қанындағы А витаминінің орташа
деңгейі Шығыс Қазақстан (37,1 мкг/л) және Ба-
тыс Қазақстан (37,9 мкг/л) облыстарында ең
төмен және Алматы (59,0 мкг/л) және Солтүс тік
Қазақстан (60,2 мкг/л) облыстарында, сондай-
ақ, Алматы қаласында (59,8 мкг/л) ең жоғары.
Балалар арасында А витаминінің ең төмен ор-
таша деңгейі Қостанай (20,9 мкг/л), Қызылорда
(24,6 мкг/л) және Ақтөбе (23,1 мкг/л) облыста-
рында, ең жоғары орташа деңгей Алматы, соны-
мен бірге, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды
облыстарында.
6-59 айлық балалар арасындағы А витаминінің
жетіспеушілігінің басымдығы 23,2 пайыз болды.
Бұл 2006 жылғы зерттеу санының жартысынан
азырақ еді, А витаминінің орташа және қатты
жетіспеушілігінің екеуі де үшін. Балалардың
тағы 35,4 пайызында шекті деңгей болды, яғни,
балалардың тек 41,4 пайызында А витаминінің
аналар мен сәбилер
қауіпсіз деңгейлері болған. Балалардағы А ви-
таминінің жетіспеушілігінің ең жоғары үлесі
Қызылорда (33,7 пайыз) Ақмола (38,7 пай-
ыз) және Павлодар (42,6 пайыз) облыстарын-
да, сондай-ақ, Астана қаласында (37,4 пайыз)
анықталды. Ол Батыс Қазақстан, Солтүстік
Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау
облыстарында, сондай-ақ, Алматы қаласын да
ең төмен болды. Жүкті әйелдерде А вита мині-
нің жетіспеушілігі анықталмады, жүкті әйелдер-
дің тек 1,8 пайызында осы жағдай болды. Жүкті
әйелдердің жалпы 19 пайызында және басқа
әйелдердің 10 пайызында шекті деңгейлер бол-
ды, яғни, сәйкесінше 81-88 пайызында А ви-
таминінің қауіпсіз деңгейі болды.
емшекпен емізу
Қазақстандағы алты айға дейінгі нәрестелерді
емшекпен емізу мәселе болып қалуда. Ерекше
емшекпен емізудегі деңгейі 2006 жылы 16,8
пайыздан 2010-2011 жылдары 31,8 пайызға
дейін арттырылды
60
, ерте бастапқы емшек-
пен емізудің болмауы әлі де елдегі жас бала-
лар арасында тыныс алу жолдарының аурула-
рына, гипотермияға, диареяға және жұқпалы
ауруларға әкелді
61
. Тыныс алу жолдарының
аурулары бірінші туған күніне дейін өлетін
балалардың тоғыз пайызы дейінің өліміне се-
беп екенін көрсетті
62
. Емшекпен емізу қа-
лалық аймақтарда ауылдық аймақтармен
салыстырғанда көбірек болады (сәйкесінше
34,4 және 29,2 пайыз)
63
. Үлкенірек жас топ-
тарында, қалалық балалар емшек сүтін алу-
ды ауылдық балалармен салыстырғанда кө-
бі
рек жалғастырады. Университетте білім
ал
ған аналардың балаларының емшекпен
емі зі лу ықтималдығы білім деңгейі төменірек
әйелдердің балаларынан жоғарырақ (34,8
пайыз және 30,1 пайыз). Қазақстанда емшек-
пен емізу неліктен осыншама төмен болуының
себептерін және мұны түзету үшін не істеуге бо-
латынын білу үшін қосымша зерттеу қажет.
Квантильдер бойынша талдау балалардың
ең кедей 20 пайызына ең бай 20 пайызбен
салыстырғанда айтарлықтай азырақ тамақ-
тандырылатынын көрсетті. Ең бай 20 пайызбен
салыстырғанда осал жерлері ең көп балалар-
дың салмағы жетіспеушілігінің ықтималдығы
бес есе дерлік көбірек, ал жасы үшін бойы
сынағындағы қатынас 4:1 болады
64
.
Қауіпсіз су және санитарлық
жағдайлар
Қазақстандағы бес жастан төмен балалардың
өлім деңгейінің себептерінің арасында пнев-
мония (17 пайыз) және диарея (14 пайыз)
айтарлықтай үлесті құрайды. Бұлардың екеуінің
де таза суға және жақсартылған гигиена мен
санитарлық жағдайларға қатынас арқылы ал-
дын алуға болады
65
. Дегенмен, қауіпсіз суға жә-
не санитарлық жабдықтарға нашар қатынас кең
таралған мәселе болып қалып отыр, әсіресе
ауылдық аймақтарда (2006-2010
66
жылдардағы
Ішетін суға қатысты секторлық бағдарламаның
(2-кезең) мақсаты осы көрсеткішті 2010 жылға
қарай 20 пайызға дейін арттыру болғанымен,
мұндағы отбасылардың 57,2 пайызында ғана
2006 жылы ішуге болатын суға қатынас болған)
және жаңадан салынған қалалық мекендер-
де. Нәтижесінде халықтың төрттен бирі дерлік
қауіпті ішетін суды пайдаланады
67
.
Еліміздегі 60-65 пайыз арасындағы балалар-
дың жақын қашықтықта қауіпсіз суға және ги-
гиеналық санитарлық жабдықтарға қатынасы
бар
68
. Дегенмен, қауіпсіз суға қатынас әсіресе
Маңғыстау, Жамбыл
және Батыс Қазақстанда
мәселе болып табылады, онда 50 пайыз не-
месе одан азырақ балаларда қауіпсіз ішетін
суға қатынас бар. Зерттеу Маңғыстаудағы ба-
лалардың үлкен үлесі ішетін су көзі ретінде
қорғалған құлықты пайдаланатынын көрсетті.
Жамбылда көп балалар ішетін суды құбырлы
құдықтан алатын отбасыда тұрады. Бұлардың
ешбірі ішетін судың қауіпсіз көзі деп санал-
майды. Алматы облысында тұратын балаларға
да қауіпті су және санитарлық жағдайлардың
әсер ету қаупі орташадан жоғарырақ. Ықтимал
58. Қазақ Тамақтану Академиясы және ЮНИСЕФ, Ұлттық
тамақтану зерттеу, 2008 және 2011 ж.
59. Қазақ Тамақтану Академиясы және ЮНИСЕФ, Ұлттық
тамақтану зерттеу, 2008 және 2011 ж.
60. Статистика агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФПА, МИКС
2010-11 ж., NU.3 кесте емшекпен емізу, 2012 және Ста-
тистика агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФПА, МИКС 2006 ж.,
NU.3 кесте емшекпен емізу, 2007 ж.
61. ЮНИСЕФ, аналар үшін бала тамақтандыруды
анағұрлым жеңілдету, 2012 ж. 1 тамыз http://www.
unicef.kz/en/news/item/425/?sid=cds68hfr0vha06ug3
fb04te4b4. Дамыған елдерде мета-талдауды зерттеу
төрт ай аралығында емшекпен емізудегі балалармен
салыстырғанда емшек ембейтін балалардың тынысалу
жолдарындағы ауыр респираторлық аурулармен ауруха-
нага түсуі үш есеге артық екенін көрсетті (сәбилік шақта
респираторлық ауруларды себебі бойынша аурухананаға
түсудің тәуекелі және емшекпен емізу. Мета-талдау,
2003)
62. ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасында аналар мен
балалардың денсаулығын сақтау қызметтерін жақсарту:
денсаулық сақтау саласының теңдігін және әлеуметтік-
экономикалық шешуші факторларын бағалау, ЮНИСЕФ,
2012 ж.
63. Статистика агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФПА, МИКС
2010-11, NU.3 кесте. Емшекпен емізу, 2012 ж.
64. ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасында аналар мен
балаларға көрсетілетін қызметтерін талдау, 2012 жылғы
15 маусым. Бұл салмақ бойынша z балға қатысты.
65. ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасында аналар мен
балалардың денсаулығын сақтау қызметтерін жақсарту:
денсаулық сақтау саласының теңдігін және әлеуметтік-
экономикалық шешуші факторларын бағалау, ЮНИСЕФ,
2012 ж.
66. Мемлекеттік қаулы № 93, 2002 жылғы 23 қаңтар
67.Гаврилович M., Харпер, C., Джонс, Н., Маркус, Р.,
және П. Перезнието, Экономикалық дағдарыстың және
Тамақтың және жанармайға бензин өсуінің Балаларға
мен әйелдерге тиген әсері, 2009 ж., Шетел Даму
Университеті, Лондон; Томас Алветег, ОШЕ/ТМД аймағы
үшін ВАШ(WASH) консультанты – Қазақстанға сапар ту-
ралы есеп, маусым, 2012 ж.
68. Кити Роэлен және Франциска Гассманн, Қазақ-
стандағы балалардың әл-ауқаты, ЮНИСЕФ, шілде, 2012
ж.. Деректер Статистика агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФ-
ПА, МИКС 2010-11 ж. алынды
68. Кити Роэлен и Франциска Гасман «Благополучие
детей в Республике Казахстан», ЮНИСЕФ, июль 2012
года. Данные заимствованы из Мульти-индикаторного
кластерного исследования, Агентство РК по статистике,
ЮНИСЕФ и Фонд ООН по народонаселению, 2010-11гг.
17