Өскемен қаласында босанғандарға балаларының туу туралы куәліктерін перзентханада табыс етілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары Медет Кумаргалиев Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар мақсаты – дүниеге келген балаға құжаттарды тікелей перзентханада алуға болатын пилоттық жоба бойынша тәжірибеде қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығын тексеру.
Әңгіме баланың туылғандығын тіркеу, бала күтіміне және туылуына жәрдемақы төлемдерін, жүктілікке және босануға байланысты кірісті жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сонымен қатар, бала бақшаға кезекке отырғызу мүмкіндігі туралы рәсімдеу болып отыр. Осыдан былай, осы қызметтер үшін өтініштерді бір уақытта перзентханада қабылдауға болады.
Медет Кумаргалиев Өскемендегі «Ана мен бала орталығына» барып, оның іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын тексеріп қайтты.
- Ағымдағы жылдың наурыз айында Әділет Министрлігі баланың туылуын тіркеу мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізген болатын, оған сәйкес азаматтар баланың туылуын тіркеу туралы өтінішті 3 жұмыс күні ішінде беру керек. Қазақстандықтарға ыңғайлы жағдай жасау үшін біз сәйкес қызметті композитті түрде көрсету мүмкіндігін қарастырдық, ол кезде азамат бірден бірнеше қызмет үшін перзентханада өтініш бере алады. Бұл қазақстандықтардың өмірін жеңілдетіп уақыттарын үнемдейді ,- деген сенімде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары Медет Кумаргалиев.
«Ана мен бала орталығында» Медет Кумаргалиев мекеме басшысымен кездесіп ұжымға өзгерістердің мәнін түсіндіріп және босанатындарға арналған арнайы кабинет қалай жабдықталғанын тексерді, онда аналар электронды қолтаңба көмегімен өзіне қажетті барлық құжаттарды рәсімдей алады.
Айтпақшы, «Ана мен бала орталығында» Медет Кумаргалиевтің пікірі бойынша барлығы жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Бұл жерде күнделікті негізде сағат 14:30- дан 17: 00 – ге дейін «ХҚКО» Департаментінің қызметкерлері сонда болып аналардың барлық сұрақтарына жауап беріп, кеңестер көрсетеді. Үш босанушығы Медет Кумаргалиев өзі туу туралы куәліктерін табыс етті.
- Мен үш баланың әкесімін, сол үшін берілген үш күн ішінде балаға туу туралы куәлікті рәсімдеу қиын, – деді ол. Сол үшін «Ана мен бала орталығында» барлығы ұйымдастырылған. Осындай жағдай Шығыс Қазақстанның барлық перзентханаларында бар деген ойдамын. Қазір аналарға ешқайда асығып, жүгірудің қажеті жоқ. Ол онсызда 9 ай жүктіліктерін пысықтады, енді балалырының қасында болсын. Ең бастысы – бұл жоба шенеуніктерге емес, біздің корпорацияның қызметкерлеріне емес адамдарға керек екендігін түсіну керек.
8 ай ішінде ХҚКО 24 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 235 мыңнан көбі – туу туралы куәліктерді беру екендігін еске саламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |