Қазақстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау
12
босануға дейінгі медициналық көмек немесе
вакцинация кестелері талаптарын сақтағаны
үшін сыйлық ретінде
26
.
Ауылдық денсаулық сақтау саласының жағдайы
қиын мәселе. Жақынға дейін кейбір ауылдық
денсаулық сақтау мекемелері дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз етілмеген, техникалық қызмет
көр
сету және жөндеу мәселелер тудыратын.
Қызметкерлердің жетіспеуімен күресу үшін
облыстық әкімшіліктер ауылдық аймақтардағы
жаңа мамандар үшін тасымалдау және орна-
ласу үшін бастапқы қаражатты, тиімді баға-
мен сатылатын жерді және коммунал дық қыз-
меттерге, тасымалдауға және мектеп алдында
білім беруге қатысты қолдауды қамтитын әлеу-
мет жинақтарын енгізді. Бұл ауылдық ден-
саулық сақтау саласының жағдайының біраз
жақсаруына әкелді, бірақ 2009 жылы бар-
лық аймақтарда әлі де 2000 терпевт-дәрігер
жетіспеді
27
.
Бастапқы медициналық көмек саласын кү-
шейтудің бірнеше жолы бар. Олар мыналар-
ды қамтиды: жаңа қабылдау шарттарын жасау
және қызметкерлерді қажет емес ауруханаға
жатқызуларды және ұзақ уақыт бойы қалуларды
азайтуға оқыту; бастапқы медициналық кө-
мек үшін негізгі жабдықтың, соның ішін
де,
диагностикалық қызметтердің және пациент-
терді тасымалдаудың, қол жетімділігін арттыру;
құнарлы микроэлементтердің жетіспеушілігінен
болатын аурулардың алдын алу арқылы жүкті
әйелдердің және өсімпаздық жастағы басқа
әйелдердің денсаулығын жақсарту; анемия-
ны, артериалдық гипертензияны емдеумен
айналысу, жыныстық жолмен жұғатын ауру-
ларды және туберкулезді ерте анықтау және
емдеу; әрі отбасыны жоспарлауға қатынасты
қамтамасыз ету. Отбасыларға негізгі денсаулық
сақтау мәселелері туралы хабарлайтын және өз
денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін артты-
ратын ақпарат көпшілікке қол жетімді болуы ке-
рек. Бастапқы медициналық көмек деңгейінде
дамытуды қажет ететін басқа қызметтер кә-
мелетке толмағандарға көмек көрсетуді, жағ-
дайларды басқаруды, елді мекендердегі
ақыл-ой саулығын және елді мекендердегі
акушерлікті қамтиды
28
.
Ауыл халқында арнайы аналар мен сәбилерді
күту қызметтеріне қатынасы өте шектеулі,
өйткені олар облыстық деңгейдегі аурухана
мекемелерінде орталықтандырылған. Тиісті
емес қарауға жіберу жүйесі, нашар көлік ин-
фра
құрылымы және пациенттер үшін тиісті
тасымалдаудың болмауы ауыл тұрғындарының
көпшілігі оларға жету қиын деп санайтынын
білдіреді. Бұған қоса, елде денсаулық сақтау
саласының кәсіпқойлары біркелкі таралмаған
және көбінесе қалаларда, әсіресе, Астанада
және Алматыда тұруды жөн көреді. Бұл қайтып
келгенде қашығырақ аймақтарда тұратын
әйелдер мен балалардың дұрыс медициналық
көмекке қол жеткізе алмау мүмкіндігін ұл-
ғайтты
29
. Облыс әкімшіліктері дәрігерлерді өз
аймақтарына, Павлодар, Қостанай және Қа-
рағанды сияқты кедейлеу облыстарға тарту
үшін өтем механизмдерін енгізу арқылы мұны
шешуге тырысып жатқанымен, олар өте тар-
тымды әлеумет жинақтарды ұсына алмайды,
осылайша денсаулық сақтау саласының сапа-
сына әсер етіледі
30
.
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысында ел-
дегі ең жоғары сәбилердің өлім деңгейі бол-
ды – бүкіл елдегіден әлдеқайда жоғарырақ
– олар
дың себебі негізінен асфиксия неме-
се жұқпалар болды, олардың екеуінің де ал-
дын алуға болады. Шығыс Қазақстанның 2008
жылғы есептемеде акушерлік, аналар жә-
не сәбилер мекемелеріндегі медицина қыз-
меткерлері қол жетімді болмағандықтан не-
месе күйі нашар болғандықтан жұмыстарын
тиімді істеу үшін қажет қорлар мен жабдыққа
(соның ішінде, кейбір жағдайларда, ыстық су-
ға қатынас) қатынасы болмағаны туралы атап
өткен. Зерттеу қамтыған алты денсаулық сақтау
мекемесінде медициналық көмектің стандарты
нашар екені анықталды
31
.
Осы мәтінмәнде, 2011 жылы облыстағы бо-
санудан кейінгі медициналық көмек саласын
жақсарту үшін аймақтық бағдарлама бастал-
ды. Облыстағы екі негізгі аналар және балалар
денсаулығын сақтау мекемелері қазір үшінші
деңгейлі денсаулық сақтау функцияларын орын-
дап қана қоймай, сонымен бірге, аймақтағы
босанудан кейінгі медициналық көмек үшін жа-
уапты. Инновациялар перзентханалар
да дұ-
рыс температураларды қам
та
масыз ету үшін
қосымша жылытуды және токпен және сумен
үзіліссіз қамтамасыз етуді қамтиды. Осыған қоса,
бал ғын қатырылған плазма және қан өнімдері
сияқты қосымша, медициналық қорларда АИТВ
сынақтары және антиретровирустық дәрілер
тәулік бойы қол жетімді болды. Бағдарламаның
бірінші жылында Шығыс Қазақстан облысында-
ғы босанудан кейінгі өлім деңгейі 20,2 пайыз дан
17,6 пайызға дейін, ерте кезеңдегі сәбилердің
өлім деңгейі 11,8 пайыздан 8,0 пайызға дейін
және сәбилердің өлім деңгейі 12,8 пайыздан
9,3 пайызға дейін төмендеді
32
.
аналар мен сәбилер
Жақында, Қазақстанда вакцинацияны алудан
бас тарту жағдайлары өсті – кейбір аймақтарда
бұл діни нанымдардың нәтижесі сияқты, ал Ал-
маты қаласында интернетте жарияланған ақ-
парат ата-аналар арасында күдік тудырды
33
.
Мұны 2010-2011 жылдардағы Көп көрсеткіштер
бойынша кластерлік зерттеу (МИКС) көрсетеді,
онда зерттеуде қамтылған балалардың 85 пай-
ызынан азырағы, ауқатты және кедей отбасы-
лар арасындағы азғантай айырмашылықпен,
толық иммунитеттеу жинағын қабылдағанын
көрсетілген
34
. Осыған байланысты үкімет им-
мун даудың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде
әлеу
меттік қоғамның күдікшілдігін басу үшін
ақпаратты кампанияларды әзірледі
35
.
аИтВпен өмір сүретін балалар
Соңғы жылдары Қазақстанда анадан ба-
лаға АИТВ жұғуын болдырмау саласында ай-
тарлықтай ілгерілеу болды. 2010 жылы елде-
гі тіркелген АИТВ жағдайларының 37 пайызы
әйел дер болатын және бұл үлес артуда, ішіна ра
жүк тілік кезінде әйелдерді сынақтан өткіз уді та-
лап ететін үкімет саясатына байланысты. 2010-
2011 жылдардағы МИКС барысында сұрақтар
қойылған әйелдердің 86,5 пайызы босануға
дейінгі медициналық көмектің бір бөлігі ретін-
де АИТВ сынағынан өту ұсынылғаны туралы
айтты
36
. Бұл оң әсерлер берді. 2012 жылы АИТВ
ауруымен өмір сүретін 342 жүкті әйел тіркелді.
Дегенмен, балаларда тек 33 жаңа АИТВ жағ-
дайы анықталды
37
. Елдің бес аймағындағы
төрт жыл бойы анадан балаға жұғуды зерт-
теу балаларын туу кезінде немесе туғаннан
кейін АИТВ диагнозы қойылған әйелдер 26
пайыздан 9 пайызға дейін төмендегенін көр-
сетті
38
. Жыл сайынғы анадан балаға жұғу дең-
гейі АИТВ сынағынан өткізудің кең қамту
аясының, әрі аналардың әйелдердің жүктілік
кезінде тиімділігі жоғары анти-ретровирустық
терапияға қатынасы болуының және емшекпен
емізбеуге ынталандырудың арқасында 2006
жылғы 7.4. пайыздан 2012 жылы 2.6. пайызға
дейін төмендеді
39
.
Бала туатын АИТВ бар әйелдер арасында
есірткіні пайдалану деңгейі және алкоголь-
ге тәуелділік жоғары екені анықталды (алтау
ішінен біреуі бір кезде есірткілерді қабылдаған).
Осы әйелдердің балаларының әкелердің 44,3
пайызы есептерге сай есірткілерді қабылда-
ған. Қазақстандағы бала туатын әйелдердің
көп
шілігімен салыстырғанда бұл АИТВ бала-
ларды дүниеге әкелген әйелдердің универси-
26. ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасында аналар мен
балалардың денсаулығын сақтау қызметтерін жақсарту:
денсаулық сақтау саласының теңдігін және әлеуметтік-
экономикалық шешуші факторларын бағалау, ЮНИСЕФ,
2012 ж., 109-110 беттер
27. БДҰ, Денсаулық сақтау жүейсі: Қазақстан,
2012 ж., http://www.euro.who.int/__data/assets/pdf_
file/0007/161557/e96451.pdf, 102 б.
28. ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасында аналар мен
балалардың денсаулығын сақтау қызметтерін жақсарту:
денсаулық сақтау саласының теңдігін және әлеуметтік-
экономикалық шешуші факторларын бағалау, ЮНИСЕФ,
2012 ж., xi-xii бб
29. ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасында аналар мен
балалардың денсаулығын сақтау қызметтерін жақсарту:
денсаулық сақтау саласының теңдігін және әлеуметтік-
экономикалық шешуші факторларын бағалау, ЮНИСЕФ,
2012 ж.
30. Сұхбат, Денсаулық сақтау министрлігі, 2012 жылғы 28
қараша
31. Дмитрий Добрянский, Шығыс Қазақстан облысын-
дағы аналар мен балалар үшін институттық медициналық
көмекті бағалаудың нәтижелері және перинаталды
жүйені жақсарту бойынша жалпы ұсыныстар, Семей
Медициналық Университеті, 2008 ж.
32. Йон Бологан және Дмитрий Добрянский, Тиімді пе-
ринаталды көмек және қамқорлығы үшін технология-
мен танысу: 2-23 Шілде аралығында Есептеме, 2012 ж,
Қазақстан, ЮНИСЕФ
33. Сұхбат, Денсаулық сақтау министрлігі, 2012 жылғы
28 қараша
34. Статистика Агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФПА, МИКС
2010-2011 ж., 3.1-3.14 кестелері, Вакциналар, Астана,
2012 ж.
35. Карен Малон және Марион Старгес, Балаға бейім-
делу, Қазақстан: Соңғы бет, ЮНИСЕФ Қазақстан, 2011 ж.,
5 бет
36. Статистика Агенттігі, ЮНИСЕФ және ЮНФПА, МИКС
2010-11, HA.7 кестелері, АИТВ жөнінде хабардар ету
және босануға дейінгі тексеріс, Астана, 2012 ж.
37. Ұлттық ЖҚТБ Орталықтың статистикасы, 2013 жылғы
қаңтар айы.
38. Денсаулық сақтау министрлігі, ЖИТС алдын алу және
болдырмау жөніндегі республикалық ЖИТС орталығы,
анадан балаған АИТВ жұқтыру деңгейлерін бағалау
және Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік
Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында
вертикалды трансмиссияларды алдын алу бойынша
бағдарламалардың тиімділігі, Алматы, 2011 ж.
39. 2013 жылғы сәуірде берілген Ұлттық ЖИТС ор-
талығының статистикасы. Zakon.kz торабынан көріңіз,
Қазақстанда АИТВ-нан зардап шегетін әйелдер жиірек
босанады, 2013 жыл, 2 сәуір: http://www.zakon.kz/
kazakhstan/4549562-v-kazakhstane-vich-pozitivnye.html
13