Қазақстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау
6
лысында ең жоғары. Маңғыстаудың ауылдық
халқының ішінен 35 пайызы асқан кедейлікте
өмір сүреді және барлық балалардың 90
пайызы дерлік кедей деп есептеледі. Ең ке-
дей және басқалай қорғансыз отбасыларға
бағытталған бірнеше әлеуметтік жәрдемақы
бар, мысалы, балалардың жәрдемақы және ар-
найы әлеуметтік жәрдемақы, бірақ, кішкентай
көлемі олардың кедейлік мәселелесін шешуге
шектеулі әсер ететінін білдіреді.
Балалардың алдыналу шаралары қызметтері
секторы әлі дамымаған және бөлшектенген
болып тұр. Ауруханалар, дәрігерлер, мек-
тептер және мектеп алдындағы жеткізушілер
және балаларды қорғау органдары арасын-
да жаман қарау туралы күдік болғанда жа-
ман қарауға, қараусыз қалдыруға және
қанауға қорғансыз балалар туралы ақпарат
аз бөлісіледі. Нәтижесінде хабарлаулар жиі
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
полиция департаменттеріне қалдырылады, ал
олар балалардың қажеттіліктерін бағалауға
емес немесе балаларға әлеуметтік қызметтерді
көрсетуге емес, қылмыстарды тергеуге оқы-
тылған. Дегенмен, Үкімет реформа өткізді, бұл
процесс арнайы әлеуметтік қызметтер тура-
лы заңнан көрінеді. Бұл Заң әлеуметтік жұмыс
функцияларының ендірілуіне әкелгенімен, бұл
функциялар Еңбек және әлеуметтік қорғау,
Бі
лім және ғылым және Денсаулық сақтау
министрліктеріне, сонымен бірге, жергілікті
үкіметке белгіленген. Министрліктердің үшеуі
де әлеуметтік жұмыс қызметтерін көрсетуді ба-
стады, бірақ олар негізінен олардың министрлік
міндеттеріне жақын болатындай арнайы
жасалған, яғни, балаларға жаман қарауды ерте
анықтау және алдын алуға жалпы жауапкершілігі
бар орталық деңгейдегі орган жоқ. Соңғы жыл-
дары Шығыс Қазақстанда негізі қаланған от-
басыны қолдау орталықтары — балаларға жа-
ман қараудың алдын алу және отбасылардың
бірлігін сақтау үшін ерте килігуге арналған
маңызды инновация.
Есептерге сай арнайы әлеуметтік қызметтер
туралы заң ата-аналардың мүгедектігі бар
балалардан бас тарту ықтималдығы әл-
деқайда азайтты, оның орнына олар бала-
ларын қалдырады және балаларының даму-
ына көмектесу үшін денсаулық сақтау және
әлеуметтік сала мамандарынан көмек сұрайды.
Соған қарамастан, олардың қоғамда өмір
сүруіне әлі де кедергілер бар. Бүкіл елдегі
жергілікті қолдауды қаржылық кедергілер,
анық емес стандарттар, мүгедектік әлеуметтік
үлгісін түсінудің болмауы және жергілікті ор-
гандарда арнайы қажеттері бар балалардың
қажеттіліктерімен айналысу мүмкіндігінің бол-
мауы шектейді. Арнайы мекемелердің қам-
қорлығына арнайы қажеттіліктері бар бала-
лар азырақ орналастырылып жатқанымен,
олар
ды қоғамда аз көруге болады, өйткені
инфрақұрылымның болмауы қозғалуды қиын
етеді және халық арасында әлі де белгілі бір
дәрежеде қорлау (стигма) бар.
арнайы мекемелердегі балалар
Балаларды арнайы мекемелерге ұйымдастыру
балалар үшін өте қауіпті. Себебі осындай
жағдай балалардың денсаулығына және
олардың дамуына жағымсыз әсерді тигізуі
мүмкін. Осы мәселелерді ескеріп, үкімет
балалардың осындай жерлерге түспеуі үшін
барлық шараларды қолдануға тырысады.
2000 жылдан бастап арнайы мекемелердегі
0-3 жас ты балалардың саны азайды. Деген-
мен, 2012 жылдың соңыңа жағдайы бойынша
арнайы мекемелердің күтімінде 1 558 бала
болды. Ол айтарлықтай, халықаралық стан-
дарттары бойынша жоғары сан болып табыла-
ды және өзекті мәселелердің біріне айналды.
Әлеуметтік жетімдікті болдырмау және арнайы
мекемелерде өмір сүретін балалардың санын
азайту бойынша шаралар жалғасуда.
Арнайы мекемелерде өмір сүретін үлкен
жастағы балалардың саны 2009 жылдағы
15 116 баладан 2012 жылда 10 887 балаға
дейін төмендегенімен, әлі де ата-аналардың
қамқорлығы жоқ балаларды арнайы мекеме-
лерге өткізуге тым қатты сену бар. Осы сандық
көрсетушілердің төмендеуіне қарамастан Қа-
зақ станда жыл сайын шамамен 2 000 бала ар-
найы мекемелердің қамқорлығына орналасты-
рылады. Сондай-ақ, балалар ата-аналарының
оларға дұрыстап қамқорлық көрсете алмауына
байланысты мемлекет қамқорлығына өткізілуі
мүмкін. Бұл жиі есірткіге немесе араққа тәуел-
ділік бар отбасылардағы мәселелерге неме-
се нашар материалдық жағдайға, сирегірек
балалық шақтағы мүгедектігіне байланыс-
ты болады. Қауіп төніп тұрғандарды қолдау
және балалардың мүмкіндігінше қамқорлық
көрсететін және қауіпсіз отбасыларды қалуын
қамтамасыз ететін баламалы шешімдерді іздеу
үшін қоғамда отбасыны күшейту қызметтерін
қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлу қажеттілігі
бар.
түйін
Қазақстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау
баланың дамуы және білім алуы
Соңғы жылдары Қазақстанда мектепке дейінгі
дайындық тез дамыды, 2010 жылы бірінші сы-
ныпта оқитын балалардың 81,6 пайызы кейбір
мектепке дейінгі дайындықтан өткен, салы-
стыру үшін 2006 жылы бұл көрсеткіш 39,5 пай-
ыз болған. Дегенмен, жасырақ балалардың
мұндай мекемелерге баруы шектеулі. 2011-
2020 жылдарға арналған ұлттық білім беру
саласын дамыту бағдарламасы бойынша үш-
алты жастағы балалардың мектепке дейінгі
дайындықтан өтуі 2020 жылға қарай 100 пай-
ызға жетуі керек. Қазіргі уақытта мектеп-
ке дейінгі дайындық қалаларда ең жоғары,
жеке бала-бақшалардың жоғары құны және
мемлекеттік балабақшалардың шектеулі саны
ең кедей квинтильдегі бес және алты жастағы
балалардың тек 18,7 пайызы ғана мектепке
дейінгі дайындықтан өте алатынын білдіреді,
са
лыстыру үшін ең бай квинтильде бұл көр-
сеткіш 60,5 пайызды құрайды.
Кейбір қалаларда мектептердегі оқушылардың
тым көп болуы олардың екі немесе үш кезек-
пен дәріс бере алатынын білдіреді. Қашықтағы
ауыл
дық қауымдастықтарға мүмкіндіктері
мен ре
сурстары төменірек, кішірек мектеп-
тер қызмет көрсетеді. 2012 жылы мектептегі
балалардың 66 пайызына мектепте жәбір
мен дискриминацияның әр түрлі түрлері
көрсетілетіні анықталды. Қазақстанда бүкіл
елдегі білім берудің сапасы және мектепке бару
деңгейі туралы жаңа және бөлінген ақпаратты
қамтамасыз ететін бірыңғай дерек қор әлі жоқ.
Аймақтарда мектепке бару деңгейі аз ғана
ерекшеленеді, Алматы облысында және Ал-
маты қаласында, Шығыс Қазақстанда және
Батыс Қазақстанда орташадан төмен деңгей
бақыланады. Мектепке бармайтын балалардың
тоқсан пайызы кедей және жағ дайы нашар от-
басылардан шыққан. Оқып жатқан арнайы
қажеттері бар балалардың көпшілігі әдетте
мектептерге бармайды, ал баланың отбасының
қолдау көрсетуіне көп сенім артылатын үй
бағдарламалары бойынша оқытылады. Әсіресе,
ауылдық аймақтарда арнайы мектептердің өте
аз болуы, денсаулық сақтау және сауықтыру
қызметтеріне қа
ты
настың болмауы, әрі
медициналық қыз
меттердің құнының әдетте
жоғары болуы арани қажеттері бар балаларды
ауыр әлеуметтік жағдайда ұстайды. Аз ұлт топ-
тарынан шыққан балалардың Қазақстандағы
университетке бару ықтималдығы азаюда,
өйткені өз тіл де рінде оқу мүмкіндіктері азаюда.
Кәмелетке толмағандар
және жастар
2012 жылдың маусымында Үкімет Жастар істері
жөніндегі Комитеттің — бұл елдегі осындай
бірінші орган. Білім және Ғылым министрлігіне
бағынатын бұл комитет жастар саясатын жасай-
ды және оны бақылайды. Қазақстанның барлық
он алты аймағында жастар істері жөніндегі
департаменттердің негізі қаланды.
Қазақстанды кез келген ТМД, Шығыс және Ор-
талық Еуропа елімен салыстырғанда жастардың
суицид деңгейі ең жоғары. 2010 жылы елде
100 000 адам ішінен 20,3 кәмелетке толмаған
адам өзіне қол сұқты. Кәмелетке толмаған
қыздардың деңгейі, 100 000 адамға 14,8, екінші
ел, Ресеймен салыстырғанда екі есе көп. Бұл
мәселе Үкіметтің және оның серіктестерінің
кәмелетке толмағандар арасындағы суицид
жағдайларына жол бермеу бойынша 2012-
2014 жылдарға арналған біріккен жоспарын
әзірлеуіне және осындай жағдайларды болдыр-
мау үшін шараларды қолдануға әкелді. Осын-
дай шараларға балаларда мектепте кеңесші-
лерге қатынастың болуын қамтамасыз етуден
отбасыда қайшылықты анықтау және қолдау
көрсету механизмдерін жақсарту және кесте-
ден тыс әрекеттердің қол жетімділігін арттыру
әрекеттері жатады.
15-29 жастағы жастар АИТВ эпидемиясының
ортасында болып тұр және оларға барлық жағ-
дайлардың 80 пайызы дерлік келеді. Бұл топқа
АИТВ жұғу қаупі жоғары, өйткені оларда жиі
ақпаратқа және арнайы қызметтерге қатынас
болмайды және олардың қауіпті жыныстық
қатынас және есірткіні пайдалану сияқты қауіпті
әрекеттерді орындау ықтималдығы жоғарырақ.
Жас үйлері жоқ адамдар әсіресе АИТВ алдын-
да қорғансыз. Жастардың арасында есірткіні
және ішімдікті пайдалану деңгейі төмендеп
жатқан сияқты, дегенмен аймақтар арасын-
да айтарлықтай ерекшеліктер бар, есірткіге
және/немесе ішімдікке тәуелділіктен ем алып
жатқан жастардың ең көп саны Алматы және
Астана қалаларында. Бірқатар негізгі жастар
ұйымдарында жастарға есірткі қабылдаудың
зияны туралы білім беруді қолдайтын кең ұлттық
науқан басталды.
Жастардың 33 пайызында бірінші жыныстық
қатынас тәжірибесі 18 жастан бұрын бола-
ды, мамандар шамамен 22 000 кәмелетке
толмағандар жыл сайын жүкті болады деп бол-
жайды, кәмелетке толмағандар үшін жыныстық
түйін
7