ҚазаҚстандағы балалардың және әйелдердің жағдайын талдау



жүктеу 1,55 Mb.
Pdf просмотр
бет12/33
Дата30.12.2019
өлшемі1,55 Mb.
#25516
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

Қазақстандағы  балалардың және әйелдердің жағдайын талдау

24

кедейлік деңгейі Маңғыстау облысында 

ең жоғары. Бұл көлем 35 пайызы ауылдық 

халықтың анық кедейлігін жасырады, әрі стан-

да сол облыста барлық балалардың 90 пай-

ызы дерлік кедей деп есептеледі. Оңтүстік 

Қазақстанда, кедейлік деңгейі жағынан екінші 

орындағы аймақта, балалардың 58 пайызы 

кедейлікте өмір сүреді, содан кейін Атырау 

(45 пайыз) және Алматы облысына (43 пайыз) 

келеді. Ең төмен балалар кедейлігінің деңгейі 

екі үлкен қалада бақыланады, Алматыда (18 

пайыз) және Астанада (22 пайыз)

103


. Дегенмен, 

ауылдық елді мекендерде кедейліктің деңгейі 

жоғары екенін атап өту қажет және қалалық 

және ауылдық елді мекендердің сәйкессіздігіне 

қарамастан, қалаларды кедейлік деңгейдің же-

дел түрде төмендеу орын алды: 2005 жылы күн 

көріс минимумнан төмен өмір сүретін 3 000 000 

адамдардан 2011 жылғы 700 000 адамға дейін 

азайды

104


.

Белгілі бір топтарға әсер ететін әлеуметтік 

ерекшелік те Қазақстандағы балалар ке 

дей-


лігіне үлес қосады. Атап айтқанда, бір немесе 

бірнеше ересек адамның мүгедектігі бар от-

басыларда және қоныс аударған отбасыларда 

(ішкі қоныс аударушылар немесе көршілес ел-

дерден қоныс аударғандар) тұратын балаларға 

төнетін кедейлік қаупі жоғары. Соның ішінде, 

қоныс аударушылардың отбасылардағы ба-

лалар. Қоныс аударушылар жиі жаңа тұратын 

мекендерінде тіркеле алмайды, яғни, кедей-

ліктің әсерін азайтуға көмектесе алуы мүмкін 

әлеуметтік қызметтер мен жеңілдіктерге қол 

жеткізе алмайды

105



Кедейлік балалар үшін қорғансыздықтың кең 



ауқымына әкеледі. Мысалы, балалар тра-

фи 


 

гі құрбандарының 57,3 пайызы кедейлік 

жағдайларында өскен; бұлардың тек 16,5 пай-

ызы жанұясы мемлекеттен немесе қоғамнан 

кедейлікті жеңілдетуге көмектесу үшін ақша ау-

дарымдары түрінде қолдау алмағанын айтты

106



103. Қазақстан мен Біріккен Ұлттар ұйымының қазақ-



стандық командасы, Қазақстандағы осы мыңжылдық 

тағы даму мақсаттары – 2010 ж..

104. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктің де-

ректері, сәуір 2013 ж.

105. Гаврилович, М., Харпен, C., Джонс, Н., Маркус, 

Р. және П. Перецнието, Қазақстанда экономикалық 

дағ 

дарыстың және тамақ пен отын бағасының 



құбылмалылығының балалар мен әйелдерге әсері, 2009 

ж., Шет елдердің дамуы институты, Лондон

106. Робин Н. Хаар. Қазақстандағы балалардың қауіпті 

мінез-құлықтардан, жыныстық қанаудан және балалар 

трафигінен қорғансыздығын қысқаша бағалау/ ЮНИ-

СЕФ_2012 ж., http://www.unicef.kz/files/00000612.pdf?s

id=2c41u4mai4gr8s94tcm7t6a4a4

107. Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы 114-IV ZRK 

заңы, 13 ақпан, 2009 ж., желіде мына мекенжайда қол 

жетімді (орыс тілінде)

108. Ерлі-зайыптылық және отбасы кодексі, 26 

желтоқсан, 2011, желіде мына мекенжайда қол жетімді 

(орыс тілінде) http://www.ilo.org/dyn/natlex/docs/ELECT

RONIC/90202/103845/F-1555877289/KAZ90202.pdf;

109. Осындай сәттіліктерге қарамастан, заңнама 

халықаралық нормаларға әлі толық сәйкес келмейді. 

Әсіресе, баланы асырап алуға алу барысында оның 

бұл жағдайда құпияда ұстау, баланы алуға қабілеттері, 

баланың туу туралы ақпаратты құпияда сақтау, оның 

атын, туған күнін өзгерту және т.б.

110. Статистика агенттігі, ЮНФПА және ЮНИСЕФ, 

МИКС 2010-11 ж., және Статистика агенттігі және ЮНИ-

СЕФ, МИКС 2006 ж., CP.4 кестесі Балаларды жазалау, 

2012 және 2007 ж.

111. Балалардың құқықтық орталығы, Эссекс уни-

верситеті, Қазақстандағы балаларды қорғау жүйесі: 

жоба бастапқы есеп, 2010 ж.

112. Қамқорлық органы Кәмелетке толмағандар 

жөніндегі комиссияға баланы интернат қамқорлығына 

орналастыру туралы бағалаулар және ұсыныстар 

жасауға жауапты. Ол облыстық әкімшіліктегі Білім 

беру департаментінде орналасады. Заңда халықтағы 

қамқорлық органы қызметкерлерінің арақатынасы 

1:5000 болуы керек деп айтылған, бірақ іс жүзінде, 

әкімшіліктер осы арақатынасқа жету үшін жеткілікті 

қызметкерлерді тағайындай алмаған және мұның көп 

бөлігі жүзеге асырылмаған.

113. Балалардың құқықтық орталығы, Эссекс уни-

верситеті, Қазақстандағы балаларды қорғау жүйесі: 

жоба бастапқы есеп, 2010 ж.

114. Балалардың құқықтық орталығы, Эссекс уни-

верситеті, Қазақстандағы балаларды қорғау жүйесі: 

жоба бастапқы есеп, 2010 ж.



Қазақстандағы  балалардың және әйелдердің жағдайын талдау

Тәуелсіздік алғаннан бері 21 жылдан көп уақыт 

өткенімен, Қазақстанның балаларды қорғау 

жүйесі әлі де интернаттарға негізделген және 

балалардың алдын алу шаралары қызметтері 

секторы әзірше дамымаған және шағын бо-

лып тұр. Дегенмен, Үкімет реформалауға 

міндеттенді, бұл процесс арнайы әлеуметтік 

қызметтер туралы заңда айқын көрінеді

107


.  Бұл 

заң қорғансыз балаларды қорғау қызметтерін 

дамыту үшін жалпы негізді қамтамасыз 

етеді. Бұған қоса, ел жаңа Отбасы кодексін

108

  

қабылдау ұзақ процесіне кірісті. Бұл кодекс 



асырап алу процестеріне қатысты халықаралық 

нормаларға жақынырақ, онда ел тәуелсіздік 

алғаннан кейін балаларды қорғау саласы-

нада пайда болған жаңа шарттар, баламалы 

отбасыға негізделген шешімдер және басқа от-

басы мәселелері ендірілген

109



Қазақстандағы отбасыдағы және қоғамдағы 



балаларға жаман қарау, қараусыз қалдыру және 

жәбір көрсетудің көлемі немесе сипаты туралы 

деректер аз. 2010-11 жылдардағы МИКС бары-

сында 2-14 жастағы балалардың тек жартысы-

нан азы ата-аналарынан психологиялық неме-

се дене жазасын алғанын көрсетеді, бұл 2006 

жылдағы МИКС  барысындағы 52 пайыздан аз-

дап төмен. 2010-11 жылдардағы сандар Алма-

ты қаласында (27,3 пайыз), Астана қаласында 

(38,6 пайыз) және Оңтүстік Қазақстан облысын-

да (38,9 пайыз) ең төмен болды; және Қостанай 

облысы (72,6 пайыз) мен Маңғыстау облысын-

да (65,3 пайыз) ең төмен болды. Қыздардың, ең 

бай отбасылардағы балалардың және әкесінің 

университеттік дәрежесі отбасылардағы ба-

лалардың мұндай жаза алу ықтималдығы аз-

дап төменірек, және ауыл мен қала арасындағы 

көзге түсетін айырмашылық жоқ

110

.  Дегенмен, 



бұл сандардың мәселеге әсер ететіні анық 

емес. Өйткені күдікті жаман қараудан кейін 

балалар туралы хабарланатын жағдайлардың 

орталық дерекқоры жоқ, жергілікті деңгейде 

жазбалар да жүргізілмейді

111


Жалпы, ауруханалар, дәрігерлер, мектеп-

тер және мектепке дейінгі қамқоршылар 

және қамқорлық органдары

112

  арасында жа-



ман қарау күдігі болған кезде жаман қарау, 

қараусыз қалдыру және қанау қаупі төнетін 

балалар туралы аз ақпарат бөлісіледі. Ішінара 

мұның себебі – көп аймақтарда хабарлау 

жүйелерінің болмауы және кемішіліктері. Ха-

барлаулар әр түрлі жерлерде жасалған болса 

да, оқытудың болмауы, балалардың зияннан 

қорғалуы қажеттігі туралы төмен  болжалдар, 

жаман қараумен айналысу механизмдерінің 

болмауы және жергілікті мүмкіндіктердің төмен 

деңгейі балаларға көптеген жағдайларда тер-

геу тиісті түрде орындалмауына әкелуі мүмкін.  

Нәтижесінде, қазіргі уақытта балалардың салы-

стырмалы түрде жоғары саны мемлекеттік ме-

кемелерде өмір сүрумен, жаман қарау, қанау 

немесе қараусыз қалдыру қаупі осы балаларға 

ең көп төне ме, осы анық емес. Жаман қарау, 

қараусыз қалдыру және жәбірлеу қаупі төнетін 

көп балалар қазіргі уақытта анықталмаған бо-

луы мүмкін

113



Бастапқы медициналық көмек саласының 



жұмысшылары – жәбірді, әсіресе, жас балалар 

арасында, ерте анықтауға көмектесе алатын 

кәсіпқойлардың негізгі тобы. Денсаулық сақтау 

министрлігінің бес жастан төмен балаларға 

қатысты жәбірді және жаман қарауды анық-

тау және хабарлау туралы 172 және 124 

бұйрықтарына жауап ретінде Денсаулық 

сақтау министрлігімен бірге денсаулық сақтау 

саласының жұмысшылары үшін нұсқаулықты 

жасау үшін бірлесіп жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта жергілікті балаларды қор 

ғау 


қызметтері бөлшектелген. Жалғыз жауап-

кершілігі балаларды қорғау болып табыла-

тын ұлттық деңгейдегі жалғыз министрлік 

жоқ. Білім және Ғылым министрлігі, соның 

ішінде Балалардың Құқықтарын Қорғау 

жөніндегі Комитеті, Ішкі істер, Еңбек және 

әлеуметтік қорғау министрліктері, Кәмелетке 

толмағандар әділеті және олардың құқықтарын 

қорғау жөніндегі ведомствоаралық комис-

сия, осылардың барлығы балаларды қорғау 

қызметтерінің көрсетілуін қамтамасыз ету-

де рөл ойнайды. Жергілікті деңгейде Бала-

ларды қорғау департаменттері, Білім беру 

және Қамқоршылық өкілдіктері, Кәмелетке 

толмаған балалар жөніндегі Полиция және 

Кәмелетке толмаған балалар және олардың 

құқықтары жөніндегі Комиссия сияқты орган-

дан зор үлесін атқарады. Бұл жүйе белсенді 

болудың орнына реакция көрсетуге бейім. 

Қамқорлық органы мұқтаждығы бар балаларды 

белсенді анықтаудың орнына, ата-аналардың 

қорғанысын сұрап келуін (көбінесе, кедейлікке, 

отбасының ыдырауына, отбасыдағы өлімге 

немесе әрекет етуге қабілетсіздікке байла-

нысты) күтеді. Қызметтер көбінесе баланың 

қажеттіліктеріне емес, отбасының қаржылық 

қажеттіліктеріне сай болатындай ұсынылады

114


Балаларды қорғау департаментінің рөлі – ба-

лаларға қиын өмір жағдайларында көмек 

көрсету, ал білім және қамқорлық органының 

рөлі – балаларды отбасыларымен қалдыру не-

Үйдегі жәбір, балалық шақта жаман 

қарау, қараусыз қалдыру және жәбір

25



жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау