32
сұраныс 2030 жылы 136-145 млрд. КВт-сағ. және 2050 жылы
186-206 млрд. КВт-сағ. құрайды).
2. Электр энергетикасына арналған газдың бағасы (неғұрлым тӛмен
баға газдың кӛбірек қолжетімділігіне сәйкес келеді).
3. Генерацияның жаңа түрлерін дамытудың екі нұсқасы бар: біріншісі -
2050 жылға қарай баламалы және жаңартылатын энергия кӛздерінің үлесі
(ГЭС, ЖЭС, КЭС және АЭС қоса алғанда) 30%-дан (мақсаттарға ішінара қол
жеткізу) жоғарыны құрайды, екіншісі - 50%-ға жетеді (Стратегия-2050-дің
мақсаттарына толық қол жеткізу).
4. Қолданыстағы кӛмір, газ станцияларының және ГЭС-тің қызмет ету
мерзімін барынша ұзарту ұйғарылады, ӛйткені бұл шешім электр
энергиясының ең тӛмен ӛзіндік құнын қамтамасыз етуге қабілетті;
атмосфералық ауаның сапасын жақсарту және экологиялық стандарттарға
сәйкестік үшін қолданыстағы кӛмір станцияларын жаңғырту шеңберінде
шаң-газ тазартқыш жабдықтарды орнату ұйғарылып отыр.
5. 2030 жылға белгіленген қуат бойынша болжамды деректер: ЖЭС
үшін 4,6 ГВт және КЭС үшін 0,5 ГВт.
6. АЭС салу ұлттық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады: АЭС-тің
жалпы белгіленген қуаты 2030 жылы 1,5 ГВт-ты және 2050 жылы 2,0 ГВт-ты
құрайды.
7. Газдандырылған облыстардың барлық ірі қалаларындағы ЖЭО
атмосфералық ауаның сапасын арттыру үшін кӛмірден газға кӛшіріледі.
Осылайша, үш сценарийді іске асыруға болады (14-16
-суреттер
):
Базалық сценарий: базалық сценарийдегі электр энергиясына деген
сұраныс, Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру, газдың ағымдағы
тӛмен бағасын сақтап қалу, 2050 жылы электр энергиясын ӛндірудегі
баламалы кӛздер үлесінің 30%-ы;
«Жасыл» сценарий – қымбат газ: «жасыл экономиканың» мақсаттарын
орындау кезінде электр энергиясына деген сұраныс, Ақмола және Қарағанды
облыстарын газдандыру, газдың жоғары бағасы, 2050 жылы электр
энергиясын ӛндірудегі баламалы кӛздер үлесінің 50%-ы.
«Жасыл» сценарий – арзан газ: «жасыл экономиканың» мақсаттарын
орындау кезінде электр энергиясына деген сұраныс, Ақмола, Қарағанды,
Павлодар және шығыс облыстарды газдандыру, газдың тӛмен бағасы,
2050 жылы электр энергиясын ӛндірудегі баламалы кӛздер үлесінің 50%-ы.
33
14-сурет. Электр энергетикасын дамыту сценарийі
15-сурет. Сценарийлер бойынша жалпы белгіленген қуат
Модельдеудің негізгі нәтижелерін талдау, айырмашылықтарға
қарамастан, негізгі кӛрсеткіштердің кӛпшілігін 2030 жылға дейін орындауға
болатынын кӛрсетіп отыр.
34
16-сурет. Сценарийлер бойынша электр энергиясын ӛндіру үлесі
Біріншіден, электр энергиясын ӛндірудің орташа құны 2012 жылғы
деңгеймен салыстырғанда (нақты айтқанда) 2030 жылы 7-9 теңге/кВт-сағ.
және 2050 жылы 10-14 теңге/Вт-сағ. жете отырып, 2030 жылға қарай
шамамен екі есеге және 2050 жылға қарай үш есеге ӛседі деп күтіледі.
Екіншіден, жалпы инвестициялар, оның ішінде энергия тиімділігін
арттыру, жаңғырту жӛніндегі шараларға, шаң-газ тазартқыш жабдықтарға,
жаңа қуаттарды салуға және инфрақұрылымды жасауға жұмсалатын
инвестициялар электр энергиясын ӛндіру технологияларының сценарийі мен
эволюциясына байланысты 2030 жылға қарай 40-55 млрд. АҚШ долл. және
2050 жылға қарай 90-130 млрд. АҚШ долл. құрайды.
Үшіншіден, кӛмір станциялары ӛндіретін электр энергиясының кӛлемі
барлық сценарийлерде 2030 жылға дейін шамамен бүгінгі деңгейде қалады:
2012 жылғы 70 ТВт-сағ-пен салыстырғанда 2030 жылы 60-75 ТВт-сағ.
Энергетикалық сектордың кӛмірді жылдық тұтыну кӛлемі жаңғыртылған
және негізінен жаңа кӛмір электр станцияларының тиімділігін арттырудан
50 млн. тоннадан аздап жоғары 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда
2030 жылы 40-50 млн. тоннаға дейін аздап азаяды.
Тӛртіншіден, газды электр энергиясын ӛндіру үшін пайдалану
тұтынудың ағымдағы кӛлемдерімен салыстырғанда екі есе ӛседі және
2012 жылғы шамамен жылына 4 млрд. м
3
болған кездегімен салыстырғанда
2030 жылы жылына 8 млрд. м
3
-ге жетеді («жасыл» газ станциясында жылына
10 млрд. м
3
).
35
Бесіншіден, барлық сценарийлерде атом энергетикасының үлесі
2030 жылы да, 2050 жылы да ӛндірілетін электр энергиясының жалпы
кӛлемінің шамамен 7-8%-ын құрайды.
Алтыншыдан, СО
2
шығарындыларының кӛлемі негізінен атом,
баламалы энергетиканың дамуынан және электр энергиясын ӛндіру
құрылымындағы газ үлесінің артуынан бүгінгі жылына 90 млн. тоннадан
2030 жылға қарай электр энергиясы ӛндірісінің екі есе ӛсуіне қарамастан,
жылына 75-85 млн. тоннаға дейін аздап қысқарады.
Мыналар негізгі техникалық іс-шаралар болып табылады:
1) қазіргі бар станциялар бойынша:
жаңғырту кестесі мен шоғырландырушы активтердің қалған қызмет ету
мерзімін айқындау үшін 2020 жылға қарай қазіргі бар барлық электр
станцияларының техникалық жай-күйіне аудит және энергия аудитін
жүргізу;
зиянды заттардың шығарындылары бойынша заманауи стандарттарға
қол жеткізу мақсатында 2020 жылға қарай жиынтығында 8,3 ГВт дейін
құрайтын қолданыстағы кӛмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын
жаңғырту, яғни 2020 жылдан кейін пайдаланылатын қазіргі бар кӛмірмен
жұмыс істейтін электр станцияларының бәрін жаңғыртып, ең алдымен, шаң,
күкірт қостотығы мен азот тотығы шығарындыларын ұстап қалу үшін шаң-
газ тазартқыш жабдықтарды орнату;
17-сурет. Қолданыстағы қуаттарды жаңғырту кестесі