22
пайдасына осы модельді тиімді түрде пайдалануға жеткілікті жағдай бар.
Мұндай ынтымақтастық нысаны артықшылықтарының қатарында:
а) ӛз қаржы ресурстары мен қаржылық шешімдері бар ірі
инвесторларды тарту мүмкіндігі;
б) ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи технологиялары мен үздік
әлемдік практикасын тарту мүмкіндігі;
в) ресурс үнемдеуге негізделген орнықты және «жасыл» ауыл
шаруашылығын жүргізетін инвесторлар тарту мүмкіндігі. Осыған
байланысты шетелдік инвестицияларды тартудың артықшылықтарын іске
асыру үшін бірқатар шаралар қабылдау қажет, оның ішінде:
бүгінде халықаралық практикада бар келісімшарттық фермерліктің
әрқилы балама модельдерін бағалауды жүргізу және Қазақстан үшін
неғұрлым оңтайлы моделін таңдау;
Қазақстанға
инвестицияларды
жүзеге
асырудың
әкімшілік
шығасыларын барынша азайту мақсатында «жалғыз терезе» қағидаты
бойынша бірыңғай сараптамалық орталық құру арқылы ынтымақтастықтың
осындай нысанын жасасу үшін жергілікті фермерлер мен шетелдік
инвесторлардың қызығушылығы мен сұраныс дәрежесін бағалау;
келісімшарттық фермерліктің таңдап алынған моделін енгізу мен
жобаға қатысушыларды қолдау шараларын іске асыру үшін экономикалық
және құқықтық база құру;
ауыл шаруашылығы нарығына халықаралық ірі қатысушылар үшін
Қазақстанда бизнес жүргізудің мүмкіндіктерін таныстыру үшін роуд-шоу деп
аталатын инвесторларға арналған кӛшпелі таныстырылым ӛткізу;
жер ресурстарын орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін шетелдік
инвесторларды тартуды ынталандыру бойынша алымдарды немесе баждарды
азайту, қолдануға болатын кездерде салықтық перференциялар ұсыну және
жердің оңтайлы құнын айқындау сияқты тетіктерін қарау;
4) Суарудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануды және жылыжай
шаруашылығының дамыған секторын қалыптастыруды қамтитын су
ресурстарын үнемдеу жӛніндегі іс-шаралар кешенін іске қосу, мыналар оның
негізгі элементтері болып табылады:
а) суды кӛп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын алмастыру;
б) суару технологиясын жетілдіру;
в) су тасымалдау кезінде шығасыларды қысқарту;
5) Жылыжай ӛндірісін дамыту жоспарын әзірлеу, ол мыналарды
қамтиды:
қажетті іс-шаралар мен капитал инвестицияларын жақсы жоспарлай
бастау үшін қазіргі жылыжай алаңдары жӛніндегі деректердің ахуалын
жақсарту;
қолжетімді жылыжай технологияларын бағалап, Қазақстан үшін
неғұрлым тартымды басым шешімдерді айқындау;
23
мынадай екі факторға:
а) жылыжай секторы ӛндірісінің ықтимал кӛлеміне;
б) суды үнемдеудің ықтимал кӛлеміне баса мән бере отырып, жылыжай
ӛндірісі нарығының кӛлемін нақтылау;
жылыжай құрудың жергілікті фермерлер мен шетелдік инвесторларға
тартымды болуы үшін ынталандыру тетіктерін әзірлеу.
Сонымен қатар Қазақстанның ауыл шаруашылығында «жасыл» ауыл
шаруашылығының алты қағидаты назарға алынатын болады, олар секторды
дамытуды қамтамасыз етіп, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаны сақтауға
және жақсартуға мүмкіндік береді:
1) жердің бүлінуінің алдын алу және бүлінген жерлерді қалпына
келтіру: топырақтың ӛңделуін барынша азайтатын, топырақта органикалық
заттар мен ылғалдың сақтап қалынуын қамтамасыз ететін, топырақтың жел
мен су әсерінен эрозияға ұшырауын болғызбайтын, мысалы, топырақтың
нӛлдік ӛңделуін және дақылдардың алма-кезек егілуін қамтамасыз ететін
жабдықты пайдалану есебінен болғызбайтын, ауыл шаруашылығын
жүргізудің неғұрлым тиімді әдістерін енгізу;
2) жайылымдардың одан әрі тапталуын болғызбау: шалғайдағы
жайылымдардың қолжетімділігін арттыру мен жайылымдық жерлерді
қалпына келтіру, бақыланатын жайылым айналымын күшейту және
топырақта ылғалдың сақталуын қамтамасыз ету есебінен жайылымдық
жерлерді сақтау;
3) суды тиімді пайдалану: ауыл шаруашылығында су ресурстарын
тиімді пайдалануды енгізу, мысалы, тамшылап суаруды, шашырата
бүркілетін сумен суаруды, дискреттік суаруды енгізу, жылыжайларды
пайдалану;
4) ресурстарды ұтымды пайдалану: пайдаланушылардың қорғалуын,
қоршаған ортаға келтірілетін зиянды барынша азайтуды қамтамасыз ететін
агрохимикаттар мен отынды пайдалануға кӛшу, топырақтың, ауа мен судың
ластануын қысқарту/болғызбау, мысалға, ӛсімдіктерді зиянкестерден
кешенді түрде қорғауды қолдану, тыңайтқыштарды топырақты зерттеу
нәтижелері бойынша пайдалану және ауыл шаруашылығы техникасының
отындық тиімділігін арттыру есебінен қысқарту/болғызбау;
5) қалдықтарды барынша азайту және қайталап пайдалану: Ауыл
шаруашылығы ӛнімдерін қайта ӛңдеудің ең жоғарғы қосылған құнды және
қалдықтардың азайтылуын, оның ішінде ӛндірісте қалдық қоқыстарды
қайталап пайдалану, мысалы, компост, биогаз және т.б. есебінен азайтылуын,
қамтамасыз ететін әдістерін енгізу;
6) қӛмірқышқыл газды ұстап қалу: ауыстырылмайтын дақылдарды,
мысалы, кӛмірқышқыл газ бен сортаңдануға тӛзімді топырақты ұстап
қалатын, сондай-ақ климаттың ӛзгеруіне бейімделуге ықпал ететін
24
агломерацияға арналған ӛсімдіктерді, сүрек дақылдарды, кӛпжылдық
дақылдарды, тұрақты дақылдарды ӛсіру.
3.3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының энергия қажетсінуі ЭЫДҰ-ға
кіретін елдердің орташа деңгейінен екі есе жоғары және Ресейдің деңгейінен
12%-ға жоғары. ЖІӚ-нің энергия қажетсінуі ЖІӚ мен энергияны тұтыну
модельдерінің ӛзгеру үрдістеріне байланысты. Болжамдар (ХВҚ, DIW)
бойынша, Қазақстанның ЖІӚ 2030 жылға қарай үш есеге дерлік және
2050 жылға қарай бес есеге дерлік ӛседі, бұл ретте ЖІӚ құрылымында
қызмет кӛрсетулер секторы үлесінің ұлғаюына байланысты ӛзгерістер
болады.
Талдау нәтижелеріне сәйкес, базалық сценарийде энергияны тұтыну
(яғни ғимараттар қорын, ӛндірістік қуаттарды, кӛліктік паркті және т.б.
табиғи жаңарту кезінде) 2030 жылға дейін барлығы екі есеге және
2050 жылға дейін 2,5 есеге ӛседі. Ӛнеркәсіп, ТКШ, энергиямен жабдықтау
және кӛлік энергия тұтыну кӛлемдері тұрғысынан жетекші секторлар болып
қала береді. Бұл ретте ЖІӚ-нің энергия қажетсінуі ағымдағы деңгейге
қарағанда 2030 жылға қарай ~25%-ға және 2050 жылға қарай ~40%-ға азаяды.
10-сурет. Энергия тиімділігін арттырудың
әлеуеті: «жасыл» және базалық сценарийлерді салыстыру
Энергия тиімділігін арттыру жӛніндегі іс-шараларды іске асыру
пайдасына бірқатар себептер бар: