39
Тұрмыстық қалдықтардың ӛсіп келе жатқан кӛлемі. Қалалық
аудандардағы тұрмыстық қалдықтардың кӛлемі (жылына бір тұрғынға
330 килограмм) негізінен ЖІӚ-ні жан басына шаққандағымен салыстырған
елдер бойынша кӛрсеткіштерге сәйкес келеді. Әл-ауқаттың артуымен
тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) кӛлемі 2025 жылға қарай
50 пайыздан астам ӛседі деп болжанып отыр.
20-сурет. ТҚҚ ұлғаю болжамы
Халыққа қызмет кӛрсетуді ұйымдастыру стандарттарға сәйкес
келмейді. Ірі қалалардан тысқары жерлерде тұрмыстық қатты қалдықтарды
шығару бойынша қызмет кӛрсетулерге орта есеппен халықтың тек тӛрттен
бірінің ғана қолжетімділігі бар. Сонымен қатар қызмет кӛрсетумен қамтудың
ӛңірлік елеулі айырмашылықтары бар.
ТҚҚ-ны тасымалдау мен кәдеге жарату тәсілдері стандарттарға сәйкес
келмейді. Тұрмыстық қатты қалдықтардың 97 пайызы ӛңделмей және құнды
қайталама ресурстар алынбай, санитариялық талаптарға жауап бермейтін
бақыланбайтын үйінділер мен полигондарға шығарылады.
40
21-сурет. ТҚҚ жинау мен кәдеге жарату
жӛніндегі қызмет кӛрсетулерді ағымдағы қамтамасыз ету
Қалдықтарды жинауға, қайта ӛңдеуге және кәдеге жаратуға арналған
инфрақұрылым
дамымаған.
Технологиялар
мен
инфрақұрылым
экономикалық ынталандырулардың, сондай-ақ басқа да уәжді аспектілердің
болмауы себебінен заманауи талаптарға сай келмейді – мысалы, кейбір
нормалар мен талаптар бар, бірақ мемлекет тарапынан бақылаудың
жеткіліксіз болуынан оларды орындау деңгейі тӛмен. Одан басқа, қалалық
қалдықтардан қайта ӛңдеу мен қордалау немесе энергия алу жолымен
қосылған құнды алу деңгейін жоғарылату мақсатында қалдықтарды кәдеге
жарату секторында жергілікті органдар мен бизнес үшін ынталандыру
шаралары жеткіліксіз қолданылады. Сӛйтіп, қайта ӛңдеу кӛлемдері
тұрмыстық қатты қалдықтардың жалпы кӛлемінің 5 пайызынан кем болып
отыр.
Іс жүзінде Қазақстан қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін
жаңадан түзуі қажет, ӛйткені, шын мәнінде, ұйымдық және құқықтық
шеңберлер жоқ. Қалдықтарды ұтымды пайдалануға арналған нормалар
жеткіліксіз, ал неғұрлым кешенді жүйені құру мен оның жұмыс істеуі үшін
жауапкершілік бӛлінбеген. Инфрақұрылымның дамуы мен жұмыс істеуін
орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаражат жоқ.
41
Бұл жүйені қалыптастыру мынадай тәсілдерді пайдалану арқылы іске
асырылуға тиіс:
а) қызмет кӛрсетулердің толық спектрін ұсына әрі ландшафтарды жан-
жақты қорғай отырып, қалдықтарды кәдеге жаратудың келісілген жүйесін
құру;
б) қайта ӛңдеу мен қайталама пайдалануды кеңінен қолдануға кӛше
отырып, полигондар санын қысқарту, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату
есебінен пайдалы заттар мен материалдар, отын алу;
в) құн жасау тізбегі шеңберінде, одан тысқары да ӛнімді кӛп
айналымды пайдалана отырып, тұйық цикл экономикасын дамыту;
г) экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға техногендік
әсерді азайту.
Ӛнеркәсіптік қалдықтар кӛлемін барынша азайту үшін мынадай іс-
шараларды жүзеге асыру қажет:
1) пайдалы заттарының болуы, сондай-ақ қалдықтардың экологиялық
қауіпсіздік стандарттарына 100 пайыз сәйкес келуі тұрғысынан осы
қалдықтардың ірі полигондарының бәріне түгендеу жүргізу;
2) осы Қалдықтарды жіктеу қағидаларын пысықтау және қалдықтардың
шынайы кӛлемі мен полигондар орналастырылған жерлердің жай-күйін
кӛрсету үшін оларды Еуропалық стандарттарға сәйкес келтіру;
3) қалдықтарды қайта ӛңдеудің экономикалық орындылығын айқындау
үшін, сондай-ақ оларды стандарттарға сәйкес келтіру үшін қажетті
инвестицияларды айқындау үшін аталған қалдықтардың ірі полигондарының
бәрінде техникалық-экономикалық зерттеу жүргізу;
4) 100 пайыз қалдықтар үшін қауіпті және уытты қалдықтарды қайта
ӛңдеу/кӛму нұсқаларын айқындау;
5) экономикалық және экологиялық әсерін бағалау негізінде одан әрі
ӛңдеу үшін аталған қалдықтарға басымдық беру және 100 пайыз байыту
қалдықтарын қайта ӛңдеу әрі қауіпсіз сақтау жӛніндегі жобаларды іске
асыруды ынталандыру үшін қажетті қаржыландыру кӛздері мен тиісті
ынталандыруды айқындау;
6) ӛнеркәсіптік қалдықтарды қайта ӛңдеу жӛніндегі инфрақұрылым мен
кәсіпорындар қалыптастыру және олардың орнықты жұмыс істеуі үшін
ынталандырулар енгізу;
7) саясатты әзірлеу мен ӛнеркәсіптік қалдықтарды қадағалауды жүзеге
асыру үшін түрлі министрліктер, ведомстволар арасындағы ӛзара іс-қимыл
жасаудың нақты тетігін әзірлеу;
8) химиялық заттарды реттеудің заңнамалық тетіктерін жетілдіру,
денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, ӛнеркәсіптік
қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, оның ішінде химиялық
ӛнім тізіліміне қатысты заңнаманы «Химиялық ӛнімнің қауіпсіздігі туралы»
Заңның талаптарымен үйлестіру;