Ќазаќстан республикасыныѕ«жасыл» экономикаєа кґшутўжырымдамасы



жүктеу 1,15 Mb.
Pdf просмотр
бет9/14
Дата19.11.2018
өлшемі1,15 Mb.
#21730
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

25 

 

 



Біріншіден,  мұндай  іс-шараларды  ӛткізу  кӛптеген  жағдайларда 

рентабельді болып табылады, яғни үнемделген энергияның құны оларды іске 

асыруға  арналған  қосымша  шығындардан  асып  түседі.  Шын  мәнінде, 

Қазақстан негізгі энергия тұтынушы секторларда энергияға деген сұранысты 

базалық  сценариймен  салыстырғанда  2030  жылға  қарай  қосымша  10%-ға 

және  2050  жылға  қарай  15%-ға  азайта  алады,  бұл  ЖІӚ-нің  энергия 

қажетсінуін  2010  жылдың  деңгейімен  салыстырғанда  2030  жылға  дейін   

35%-ға және 2050 жылға қарай 50%-ға азайтуға алып келеді.  

Екіншіден,  энергия  тиімділігін  арттыру  күрделі  шығындарды 

қысқартуға  мүмкіндік  береді:  мысалы,  электр  энергиясын  генерациялау 

секторын  дамытуға  байланысты  энергия  тиімділігі  жӛніндегі  шаралар  6-дан 

15 млрд. АҚШ долл. дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Үшіншіден,  қоршаған  ортаға  әсер  етуді  шектеу  қомақты  себеп  болып 

табылады,  ӛйткені  энергия  тұтынуды  азайту  CO2  шығарындыларын    және 

басқа да ластаушы заттарды азайтуды білдіреді. 

Энергия тиімділігін арттыру жолында бірқатар айтарлықтай кедергілер 

бар:  энергия  ресурстарына  тариф  және  баға  белгілеудің  тиімсіз  жүйесі, 

жергілікті 

ӛндірістің 

дамымай 


қалуы 

мен 


импорттық 

құрылыс 


материалдарының  жоғары  ӛзіндік  құны,  нарықтың  шашыраңқылығы, 

қаржыландыруға  шектеулі  қолжетімділік,  энергиялық  менеджмент  туралы 

жеткіліксіз  хабардар  болу,  осы  салада  ықпал  етудің  дағдылары  мен 

заңнамалық  тетіктердің  жоқтығы.  Қазақстан  энергия  тиімділігін  арттыру 

жолында осы кедергілерді жоюы қажет. 

Қазақстанда  энергияға  деген  сұраныс  65  млн.  тонна  н.э  құрайды     

(2010  жылғы  жағдай  бойынша),  оның  ішінде  түпкі  тұтынуға  54  млн.  тонна 

н.э келеді.

Негізгі энергия тұтынушы секторлар мыналар (барлық тұтынудың 



98%-ынан  астам)  болып  табылады:  энергиямен  жабдықтау,  тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық (ғимараттар), ӛнеркәсіп және кӛлік. 

Басқа елдермен салыстыру Қазақстандағы энергия тиімділігінің негізгі 

индикаторлардың  кӛпшілігі  бойынша  едәуір  артта  қалып  отырғанын 

кӛрсетеді: 

ӛнеркәсіптік  жабдықтардың  45-60%-ын  ауыстыру  немесе  жаңғырту 

қажет;  соңғы  энергиялық  аудиттер  энергия  тиімділігінің  15-40%-ға  арту 

әлеуетін анықтады; 

ғимараттарды  жылытуға  климаты  салыстырмалы  еуропа  елдеріне 

қарағанда бір шаршы метрге 1,5-2 есеге кӛп жылу талап етіледі, кӛппәтерлі 

үйлердің тӛрттен бір бӛлігі күрделі жӛндеуді қажет етеді; 

қолданыстағы қазандықтардың тиімділігі 65-70%-дан аспайды, ал жаңа 

қазандықтарды  пайдалану  тиімділікті  85-90%-ға  дейін  арттыруға  мүмкіндік 

 

2



 Электр энергиясын тұтынудың әртүрін  қамтиды  


26 

 

 



береді. Бұдан басқа, әртүрлді бағалаулар бойынша, жылу желілері бойынша 

жылу  энергиясын  беру  кезіндегі  шығындар  25-40%-ға  жетеді,  ал 

халықаралық  тәжірибе  осы  кӛрсеткішті  10%-ға  дейін  жеткізу  мүмкіндігі 

туралы куәландырады

автомобиль кӛлігінің 80%-ы 10 жылдан астам пайдаланылып келеді, ірі 

қалаларда  жеке  меншік  автомобильдер  кӛлік  ағынының  70%-дан  астамын 

құрайды; 

отынның  қазіргі  сапасы  еуропалық  деңгейден  едәуір  артта,  мұның  ӛзі 

жергілікті  МӚЗ  ӛнімдері  сапасының  жеткілікті  дәрежеде  жоғары 

болмауымен 

және 

отынның 


бӛлшек 

саудасы 


сегментінде 

сапа 


стандарттарының сақталмауымен негізделген;  

газ-кӛлік  инфрақұрылымы  жеткілікті  дамымаған,  бұл  газ  отынын 

пайдалануды шектейді; 

жол 


инфрақұрылымы 

қоғамдық 

кӛлікті, 

электромобильдерді 

пайдалануға, велосипедпен жүруге және жаяу серуендеуге ынталандырмайды 

әрі жағдайлар жасамайды. 

  

ТКШ  саласында  және  жылыту  жүйесінде  энергия  үнемдеу  мен 

энергия тиімділігі жӛніндегі шараларды енгізу тәсілдері: 

 

1. Тарифтерді белгілеу және қаржылай қолдау: 



Ғимараттар  қорының  энергия  тиімділігін  арттыру  үшін  тӛменде 

сипатталған  нұсқалардың  бірін  немесе  олардың  комбинациясын  қолдануға 

болады:  

гранттар,  қарыздар,  салықтық  жеңілдіктер,  пайыздық  ставкаларды 

субсидиялау  және  т.б.  түрінде  жылу  желілерін,  ӛндірістік  қуаттар  мен 

ғимараттарды жаңғыртуды қаржылай қолдау; 

жылыту  жүйесінің  мейлінше  дербес  болуын  қамтамасыз  ету  үшін 

жылыту  тарифтерін  қайта  қарау.  Бұл  іс-қимыл  есептеуіштер  орнатумен, 

қосалқы  жылу  станцияларын  құрумен  және  тұтынылған  жылу  үшін  тӛлем 

жүргізу жүйесіне кӛшумен бірге жүргізілуге тиіс. 

2.  Энергия  үнемдеу  мен  энергия  тиімділігін  арттыру  жӛніндегі  іс-

шараларды,  оның  ішінде  мемлекеттік-жекеше  әріптестік  арқылы  іске 

асыруды қолдау тетігін әзірлеу. 

3.  Жылу  сақтайтын  материалдарды,  зауыттық  жылу  сақтағышы  бар 

терезелер мен құбырларды және басқа да энергиялық тиімді жабдықтар мен 

материалдарды  ӛндіру  бойынша  ұлттық  салаларды  қалыптастыру  үшін 

мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну. 

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау  

Тарифтерді  қайта  қараудың  халықтың  әлеуметтік  осал  топтарына 

әсерін жұмсартудың ықтимал нұсқалары: 




27 

 

 



әлеуметтік  тӛлемдердің  қазіргі  саясатына  тікелей  ӛзгерістер  енгізу 

немесе  халықтың  әлеуметтік  осал  топтарына  тӛленетін  тӛлемдердің  жаңа 

түрлерін қосу (мысалы, табысы тӛмен егде адамдарға);   

энергия  үшін  шоттарды  тӛлеу  бойынша  компаниялардың  халыққа 

жеңілдіктер беруі және мұндай жеңілдіктер беретін компанияларға ӛтемақы 

беру. 


 

Жаңа  құрылыс  стандарттарын  қолдануды  мониторингтеу  және 

құрылыс  саласы  мен  жылу  энергетикасында  энергия  тиімділігін 

жоғарылату жӛніндегі іс-шараларды іске асыру  

 

Білікті 


инспекторлар 

санының 


жеткіліктілігін, 

процестердің 

айқындығын  және  стандартталуын,  сондай-ақ  энергия  тиімділігінің 

құрылыстық  стандарттарын  сақтау  мен  энергия  аудиттерін  ӛткізу  жӛніндегі 

іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажет. 

Құрылыс  және  жылу  энергетикасы  салаларында  энергия  тиімділігіне 

кӛшу  процесін  қадағалау  үшін  жаңа  индикаторлар,  оның  ішінде 

есептеуіштерді  енгізу  деңгейінің,  қолда  бар  және  жаңа  ғимараттардың 

энергия тиімділігі деңгейінің, жылуды бӛлудегі шығындар коэффициентінің, 

инспекторлардың, 

әсіресе 

күрделі 


ғимараттарды 

тексерумен 

айналысатындардың  саны  мен  кәсіби  тәжірибесінің  жаңа  индикаторларын 

әзірлеу қажет. 

ТКШ мен жылыту жүйесінде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін 

арттыру жӛніндегі негізгі техникалық шараларға мыналар жатады: 

ескі әрі тиімсіз қазандықтарды жаңғырту немесе ауыстыру

жылумен жабдықтау жүйесін кеңейткен немесе оған ӛзгерістер енгізген 

кезде  жылу  мен  электр  энергиясын  аралас  ӛндірудің  қолжетімді 

мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану мүмкіндігін бағалау қажет;  

ескі  құбырларды  оқшауланған  жаңаларына  ауыстыру;  бұл  ретте  бүкіл 

құбыржол  желісінің  60  пайыздан  астамы  тиесілі,  ал  шығындар  жылу 

таратудың  бүкіл  жүйесін  жаңғыртуға  салынатын  инвестициялардың  жалпы 

кӛлемінің  тӛрттен  бірін  құрайтын,  шығасылардың  ең  кӛп  бӛлігі  тиесілі 

шағын  диаметрлі  жылу  желілерін  жӛндеуге  неғұрлым  басымдық  берілуге 

тиіс; 


энергия  үнемдеу  элементтері  бар  күрделі  жӛндеу  жүргізу  кезінде 

қазіргі ғимараттарды терможаңғырту; 

жаңа  ғимараттарды  жылуды  қорғаудың  соңғы  стандарттарына  сәйкес 

салу; 


ғимараттар қорының энергия тиімділігін арттыру үшін тұтынушы мен 

ӛндіруші үшін: 

а) жылу тарифтерін экономикалық тұрғыдан ақталатын деңгейге дейін 

жеткізе отырып;  




жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау