28
б) есептеуіштер орната отырып, қосалқы жылу станцияларын құра
отырып және тӛлемдерді іс жүзінде тұтынылатын жылу үшін жинау жүйесіне
кӛше отырып;
в) халықтың әлеуметтік осал топтарына нысаналы атаулы кӛмек
түрінде қолдау кӛрсету жӛніндегі шараларды әзірлей отырып;
г) жылу желілерін, ӛндірістік қуаттарды және ғимараттарды
жаңғыртуды қаржыландыра отырып, бірқатар қолайлы факторлар жасау
талап етіледі.
Ӛнеркәсіпте энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі жӛніндегі
шараларды енгізу тәсілдері:
1. Ӛнеркәсіптік компанияларда тұрақты энергия аудиттерін жүргізу
және шығарылатын ӛнімнің энергия сыйымдылығын арттыру бойынша
мақсаттар қою.
2. Жаңа жабдықтар үшін энергия тұтыну жӛніндегі стандарттарды
жаңарту.
3. Электр және жылу энергиясы тарифтерінің экономикалық тұрғыдан
негізделген деңгейіне кӛшу жӛніндегі жоспарды айқындау.
4. Ӛтпелі кезеңде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін
ӛнеркәсіпті қолдау жӛніндегі шараларды айқындау. Халықаралық практикада
қолдау алатын кәсіпорындарды таңдау кезінде олардың энергия
сыйымдылығының деңгейі және халықаралық нарықта бәсекеге түсу қабілеті
ескеріледі.
11-сурет. Энергия қажетсінетін салаларды қолдау әдістері
29
Ӛнеркәсіпте энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі жӛніндегі негізгі
техникалық шараларға мыналар жатады:
ӛнімнің бір бірлігіне энергия ресурстарын тұтынуды азайту үшін
ӛнеркәсіпті жаңғырту;
энергия тиімділігін арттыру жӛніндегі инновациялық технологияларды
енгізу;
кәсіпорындарды жаңғырту үшін қаржылық жағдайлар жасау;
энергия үнемдеу саласында кадрлармен қамтамасыз ету;
жабдықтарды жаңғырту және ұқыпты ӛндіріс құру үшін ғылым мен
ӛндірістің ӛзара іс-қимыл жасауы.
Кӛлік секторында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін
арттыру жӛніндегі шараларды енгізу тәсілдері
Кӛлік секторының энергия тиімділігін арттыру міндеттерін шешу үшін
негізгі бірнеше бағыттар бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет.
1. Мониторинг және нарықта пайда болатын жаңа автомобильдерге
қатысты отын тиімділігіне байланысты талаптардың орындалуын қамтамасыз
ету арқылы кӛлік паркінің оңтайлы құрамын қамтамасыз ету.
2. Кӛліктің баламалы түрлерін және тиісті инфрақұрылымды, атап
айтқанда, электромобильдер мен газ отынымен жүретін автомобильдер үшін
дамыту.
3. Сапасы жоғары отынды пайдалануды қамтамасыз ету.
4. Кӛлік паркін неғұрлым қысқа мерзімде жаңартуға жәрдемдесу үшін
автомобильдерді кәдеге жарату бойынша ынталандырушы бағдарлама
әзірлеу (мысалы, ескілерін кәдеге жаратқаны және неғұрлым экологиялық
жаңа автомобильдерді сатып алғаны үшін сыйақы түрінде).
5. Кӛлік ағынын басқару жүйесін жетілдіру қажет («smart traffic control
system»).
6. Тасымалдарды басқару (кӛліктің барлық түрлерін тиімді пайдалануға
мүмкіндік беретін кӛліктік инфрақұрылым, жолаушыларды топпен
тасымалдаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру).
Кӛлік секторында энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру
жӛніндегі негізгі техникалық шараларға мыналар жатады:
энергиялық тиімді кӛліктік инфрақұрылымды дамыту;
теміржол кӛлігінің тиімділігін арттыру;
жергілікті қоғамдық кӛлікті таза отынға ауыстыру есебінен оның
энергия тиімділігін арттыру (газ және электр).
30
3.4. Электр энергетикасын дамыту
Саланың қазіргі жай-күйі шоғырландырушы және желілік жабдықтың
айтарлықтай тозуымен, кӛмір генерациясының үстем жағдайымен және
шамадан тыс жүктемені жабу үшін қажетті резервтің болмауымен
сипатталады.
Экономиканы дамыту және энергия тиімділігін арттыру жӛніндегі
шараларды іске асыру 2030 жылға қарай энергия тұтынудың жылына
2,3 %-ға 136 млрд. кВт.с дейін және 2050 жылға қарай жылына 1,2%-ға
172 млрд. кВт.с дейін ӛсіруге әкеледі. Бұл ретте елдің ЖІӚ-нің энергия
сыйымдылығы 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 50 %-ға азаяды.
12-сурет. 2050 жылға дейін электр энергиясына сұраныс
Электр энергиясына ӛсіп отырған сұраныс пен ескі электр
станцияларының тозуына байланысты пайдаланудан шығуы Қазақстанда
едәуір жаңа қуаттарды салуды талап етеді: тұрақты емес кӛздер ретінде
қаралатын жаңартылатын энергия кӛздерінің белгіленген қуатын қоспағанда,
2030 жылға қарай 11-12 ГВт (бұл 2012 жылға белгіленген қуаттың шамамен
60 пайызына сәйкес келеді) және 2050 жылға қарай 32-36 ГВт.
31
13-сурет. Жаңа орнатылған қуаттарға сұраныс
Қазақстанның энергетика секторының дамуы едәуір шамада тәуелді
бірнеше негізгі факторлар бар:
1. Энергия тиімділігін арттыру жӛнінде шаралар қабылдау есебінен
электр энергиясын тұтынуды азайту.
2. Қазіргі бар қуаттарды жаңғырту.
3. Қазіргі уақытта ӛзіндік құн тұрғысынан электр энергиясын ӛндіретін
әртүрлі технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ болашақта
дәстүрлі және жаңартылатын технологиялардың эволюциясы.
4. Қазақстанның CO
2
шығарындыларын қысқарту жӛніндегі жобаларды
іске асыруға мүдделілік дәрежесі және СО
2
шығарындыларына бағаның
деңгейі.
5. Электр энергиясын ӛндіру үшін газдың қолжетімділігі және оның
бағасы.
Энергетикалық секторды дамытудың кешенді сценарийлері
Энергетика секторын дамытудың үш сценарийі болуы мүмкін.
Сценарийлердің сипаттамаларын айқындайтын факторлар:
1. Энергия тиімділігін артыру жӛніндегі шараларды қабылдау есебінен
электр энергиясын тұтынуды азайту (электр энергиясына деген сұранысты
дамытудың осы бӛлімде бұрын сипатталған базалық және «жасыл»
сценарийлері ескеріледі, оларға сәйкес электр энергиясына деген жалпы
Достарыңызбен бөлісу: |