5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).
Дене мәдениеті
Дене мәдениеті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
«Дене мәдениеті» деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.
Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, дене сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштерімен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы, яғни дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі қолданылады.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру жолдары
Дене мәдениеті- қоғамдық өмірдің өзге салаларымен байланысты, әртүрлі функциялар атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс болып табылады. Сондықтан, адамның жан-жақты жарасымды жетілуіне негіз болып табылатын дене мәдениеті жөнінде айтқанда біздің назарымызды оның спицификалық маңызы - дене тәрбиесі, жеке адамды қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын денені шынықтыруға ғана аударып қоймайды. Бұл дене тәрбиесін зерттеуші ғалымдар айтатындай, адамның дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық қызмет аясын ғана емес, сонымен бірге жеке адамның еңбек, мінез, ақыл, ой, эстетикалық, отан сүйгіштік, интернационалдық, саяси тәрбиесін де қамтуы тиіс. Ол мәдениеттің бір түрі ретінде қандайда бір дене көріністеріне жатқызылмауы керек, оның элементтерін тұтас күйінде білдіруі тиіс. Бұл, біз жоғарыда жасаған зерттеу феноменінің сан қырлылығы жөнінде жасаған қорытындылардың дұрыстығын дәлелдейді.
Білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты ретінде мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі көрсетілуде. Бұл мақсат үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; онда мәдениет аясында жеке толыққанды өмірдің субъектісі сапасында өзін-өзі анықтауға бағытталған перспективамен оқыту идеясы да айтылған. Осындай интегративтік мақсатпен осы мәдениеттің индивидте, оның жалпы мәдениетінің бөлшегі ретінде дамытудың шикізаты болып мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру алынады.
Жалпы орта мектептерде оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық–мазмұндық моделі
Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайын зерттей отырып, дене мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылатын деңгейді анықтау барысында, төмендегі жайттар айқындалды: мектепте дене тәрбиесі әрдайым тиімді жүргізілмейді, аптасына үш рет болатын дене тәрбиесі сабақтары дененің жұмысқа қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал ете алмайды, бұл жетіспеушілікті үй тапсырмасымен толтыруға болады, бірақ аталмыш форма дене тәрбиесі мұғалімдері тарапынан қолданыс таппай келеді; мектеп оқушыларына қарағанда, қозғалыс белсенділігі аз, арнайы мамандандырылған мектеп оқушыларының омыртқа сүйектерінің бұзылуы жиі кездеседі; дене тәрбиесі сабағына қатысудың аса төмен екендігі байқалады, 5-7- сынып оқушылары 31% дейін сабақ жіберсе, ал 10-11 сынып оқушыларының қыз балалары 40% дейін қатыспайды; кейбір мектептердің материалдық базасы өте нашар, спорт залдарында және алаңдарында құрал-жабдықтар жоқ. Біздің зерттеуде модельдеу әдісі жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасауда пайдаланылады.
Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері бұл психологиялық-педагогикалық күрделi жүйе. Бұл көрсеткіштерді бiз, мақсат-бейне ретiнде қарастырамыз. Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері мазмұндылық сипатымен бiрге, құрылымдық сипатымен де толықтырыла түседi. Мұнда мектеп оқушысының жеке басының дамуының теориялық негіздерiне сүйене отырып, дамуды негізгi үш саласын: танымдық (когнитивтi), мінез-кұлық, мотивациялық белгiледiк.
Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясының негізін қалаушылардың бірі Б.И. Загорский КҚДД теориясы мен әдістемесінің қатынастық кестесі мен КҚДД еңбектің объективті факторларымен байланысын көрсететін аралас ұғымдар ұсынды. Соған сәйкес жұмыста келесі факторлар атап көрсетілді: а) қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету ерекшеліктері; ә) негізгі жұмыс қимылдарының сипаты; б) қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары. Қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету ерекшеліктері келіп түскен ақпараттардың сипатымен, көлемімен және оны адамдардың еңбек қызметі барысында қабылдау жағдайларымен байланысты. «Негізгі жұмыс қимылдарының сипаты» ұғымы еңбек қимылдарының анағұрлым нақты моторлық ерекшеліктерін көрсететін жұмыс қимылдарының жалпылама сипаттамасын білдіреді. Қызметтің ерекше сыртқы жағдайлары адамға деген танымал қатынас талаптарының шарты болып табылады.
«Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» ұғымы қолданбалылық көзқарас тұрғысынан өзінің тар және кең мағыналы ұғымы арқылы түсіндіріледі. Кең мағынасында КҚДД таңдаған еңбек қызметіне қатысты өмірлік тәжірибеде қолдану арқылы көрінетін субъектінің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан дене қабілеттерін дамыту деңгейі деп түсіну керек. Осындай қолданбалылықтың негізінде ағзаның функциялық мүмкіндіктерін интеграциялы түрде арттыру құралдары ретінде және өмірлік маңызды қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларының бай жеке қорын жасау дене шынықтыру факторларын құрайды.
Дене шынықтырудың «қолданбалылықтың» тар мағынасы дегеніміз – таңдаған кәсіптік қызметтің арнайы дайындалу процесіне жарамды белгілі бір факторларды практикалық тұрғыдан мақсатты түрде пайдалана білу [Л.П. Матвеев, В.П. Полянский, 1996].
С.С. Коровин [1996] КҚДД функциясының жинақталған жүйесі мен оларды іске асыру формаларын келтіреді. КҚДД айрықша қызметтері ретінде дене шынықтырудың айрықша салаларына тән қызметтерді түсіну қажет. Жалпы алғанда, айрықша қызметтердің жиынтығы қолданбалы дене шынықтыру біліміне (білімдік), дене жай-күйлерін оңтайландыруға (сауықтыру), оқушы жастарға толық кәсіптік бағдар беру мен кәсіптік бейімдеуге деген білім берудің түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын сапалар арқылы анықталады.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін арнайы спорт
мектептеріндегі тәрбие жұмысына дайындау
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамыту мәселесіне жаңаша көзқараспен қарап, оны әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес, білім мен ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие әдістері мен тәсілдерін ұштастырып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен әдептілік, сыпайылық адамдық пен инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, дарындылық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді, сондай-ақ жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай алатын дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, дене күші-ақылына, ақылы-дене күшіне сай азамат тәрбиелеу қажет (сурет 1).
Педагогикада тәрбие ұғымы үш түрлі мағынада қолданылады:
▪ Тәрбие барлық әлеуметтік қоршаған шындықтың ықпалы арқылы оқушы тұлғасының қалыптасу үрдісі, қоғамдық құбылыс ретінде, яғни кең әлеуметтік мағынада қарастырылғанда: қоғамның тәрбиелік күші, оның әлеуметтік институттарымен, қоғамдық ұйымдары, бұқаралық құралдың ықпалы жетекші рөл атқарады.
▪ Кең педагогикалық мағынада қарастырылғанда, тәрбие деп арнайы оқу-тәрбие мекемесінің мақсатты бағытталған оқу-тәрбие үрдісі түсініледі. Мектеп әлеуметтік ортаны зерттейді және осы ортаға педагогтар, ата-аналар, балалар яғни, адам арқылы ықпал етеді. Мектептің әлеуметтік ортаны сауықтырудағы қызметі міне осында.
Тар педагогикалық мағынада, нақты оқу орнының оқушылармен өткізетін тәрбие жұмысының жүйесі ретінде қарастырылады.
“Арнайы спорт мектептеріндегі тәрбие” – спорттық жаттығулар арқылы оқушылардың дене мүмкіндіктерін жоғары нәтижеге жеткізуге бағыттай отырып, жан-жақты дамуы мен сауықтыру міндеттеріне сай, жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған үрдіс.
“Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін тәрбие жұмысына дайындау” – дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы оқушылардың жеке тұлғалық сапаларын, мәдениеттілігі мен рухани қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған және арнайы ұйымдастырылған кәсіби, шығармашылық сипаттағы жұмыстарды ұйымдастыру жүйесі.
Көптеген авторлардың зерттеулеріне талдау жасау арқылы дене тәрбиесі мен спорт саласындағы студент болашақ маманның түрлі саладағы жеке шығармашылығының байқалу жолдарын былайша көрсетуге болады:
● мотивациялық бағыт;
● интеллектуалдық бағыт;
● эмоционалдық бағыт;
● ерік-жігер бағыты;
● пәндік-тәжірибелік бағыт;
● өзін-өзі тәрбиелеу бағыты;
● рефлексиялық бағыт
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін арнайы спорт мектептерінде тәрбие жұмысына дайындау – тәрбиеші–тәлімгердің педагогикалық мәдениетін көтеріп, педагогикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту көзі - тәрбие жұмысының әдістемесі мен технологиясынан терең де тиянақты білім беру, ұстаз да тәрбиеші де өз ықпал-әсерінің «субъект-субъектілік» қатынас барысында қалай қабылданғанын, ұққандығын аңғарып отыру үшін, баланың нәзік жанын терең ұғынып түсінуі қажет.
Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
Біздің қоғамның жағдайы, оның интеллектуалдық, адамгершілік және т.б. әлеуеті өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің сапасына байланысты.
Сәйкесінше, қазіргі педагогикалық білім беру жүйесінің даму стратегиясын анықтауға және мұғалімдердің тұлғалық – кәсіби дамуының өзекті мәселелерін тәжірибелік тұрғыдан шешуге міндетті болашақ кәсіби даярлық жүйесінің бейнесін қалыптастыру – қазіргі педагогикалық міндеттердің аса маңыздыларының бірі болып табылады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде педагогтың тұлғалық – кәсіби дамуы мектеп оқушыларының кәсіби-педагогикалық бағдарлануын, педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдердің даярлығын, бітірушілердің шынайы педагогикалық тәжірибеге бейімделуін, тәжірибенің жинақталуына байланысты педагогикалық шеберліктің жетілдірілуін қамтитын үздіксіз процесс ретінде қарастырылады.
Тұлғалық-кәсіби даму процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың қажеттілігі: а) педагогикалық іс-әрекет жүзеге асырылатын «жартылай парадигмалы» және «көпмәдениетті» білім беру кеңістігінің денсаулықты қалыптастырушы мәртебесімен; ә) әлемнің біртұтас бейнесін, жүйелі білімдерді, жүйелі ойлауды қалыптастыруға, күрделі пәнаралық міндеттерді шешуге жүйелік тұрғыдан келуге бағытталған, білім беру парадигмасын дамытудың негізгі бағдарларының бірі ретіндегі іргелендіруге бағытталуымен; б) жастардың белгілі бір бөлігінің девианттық мінез-құлқының алдын-алу бойынша оқу орындарындағы педагогикалық ұжымның тәрбие жұмысы нәтижелерінің жұмсалған күш-жігерге сәйкессіздігімен; в) мұғалімдердің кәсіби даярлығының барлық құрамдас бөліктеріне әлеуметтік-мәдени және педагогикалық-психологиялық шарттар тарапынан талаптардың күшеюімен, яғни «өмір нарығындағы» маманның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін оның біліктілігінің, рухани және дене дайындығының анағұрлым жоғары деңгейінің қажеттілігімен анықталады.
Болашақ мұғалімдерді оқушыларға патриоттық тәрбие беруге дайындаудың педагогикалық шарттары
Ұлттық патриотизм елін қорғауға даярлығы, туған жеріне, өз ұлтына, тіліне, табиғатына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне құрмет пен сүйіспеншілік ұғымымен байланысты болса, жалпыұлттық патриотизм түрлі ұлт өкілдерінің тұрғылықты жерін, елін мақтан тұтуы, Отанына сүйіспеншілікпен қызмет етуін білдіреді.
Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде “қазақстандық патриотизм” ұғымы кеңінен қолданыс тауып келеді. Мұның өзі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келетін көп ұлтты еліміздің жалпы халықтарына арналған деп айтуға болады..Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: бірінші- ұлттық-этностық, екінші- жалпыадамзаттық және үшінші- әлеуметтік. Ұлттық- этностық дегеніміз- ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне т.б. деген сүйіспеншілік. Патриоттық сана отандық атрибуттардың жалпы санада бейнеленуінің нәтижесінде қалыптасады. Отан деген ұғымға белгілі бір жеке адамның, адам топтарының, жалпы халықтың ден қоюшылығы мен қажетсінуі тұрғысынан қарағандағы шынайы маңызы бар қоғамдық тұрмыстың элементтері кіреді.
Патриоттық сана дегеніміз – Отанға деген ізгілікті қарым-қатынаспен байланысты идеялар мен көзқарастардың, Отанды қорғау мен дамытуға бағытталған адамдардың, әлеуметтік не ұлттық топтардың сезімдері мен көңіл-күйлерінің басқарылатын күрделі жүйесі.
Патриоттық сана ұлттық, жалпыадамзаттық көзқарастар тұрғысынан қарағанда Отанның бейнесі болып табылатын құнды элементтердің жиынтығын береді.Тұтастай алғанда патриоттық сана деген Отан мен өткеннің игілікті дәстүрлері түсінігінің адамдар санасында құндылық түрінде бейнеленуінің нәтижесі болып табылады.
Патриотизм ұғымына берілген анықтамалар мен зерттеулерге, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының ой-пікірлеріне сүйене отырып біз : “Патриотизм адамның өз туған жеріне, еліне, тарихына сүйіспеншілік танытып, мақтаныш етуі және құрметтеуі, адал қызмет етуі арқылы Отанының құдіретін, өзінің онымен рухани байланысын, елін қорғауға даярлығын танытатын қасиеті “деп анықтама береміз.
Практикалық сабақтардың жоспары.
№
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
№1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Бір қалыпты 3000 метрге ара қашықтыққа жүгіру
|
Практикалық сабақтың мазмұны:
Айнымалы жүгіру 2000 метр ара қашықтыққа дейін
Ойлы қырлы жермен 2500 метр дерге дейін жүгіру
|
1апта
|
Жеңіл атлетика оқулығы. Г.Озалин М., ФиС. – 1989 жыл.
бағдарлама)Алматы, Рауан, 2002
|
2
|
№2 Практикалық сабақ.
Тақырыбы : Жалпы дене дайындығы.
(футбол, қол добы, баскетбол)
лақтыру
|
Практикалық сабақтың мазмұны : Жалпы дене жаттығулары және арнаулы жаттығулар, дене күшінің дамуын жеңіл атлетика жаттығуларының әдісін меңгеру.
|
2апта
|
Жеңіл атлетикадан жарысты ұйымдастыру төрешілік ету. М., ФиС, 2000
Дене тәрбиелеу мәдениетінің ілімі мен әдістемесі, М., ФиС, 1989
|
3
|
№3. Практикалық сабақ.
Тақырыбы : Гранатты арқадан 4иық арқылы лақтыру тәсілі.
|
Практикалық сабақтың мазмұны :
Гранатты ұстап көру және бір орыннан лақтыру.
4 адымнан лақтыру.
Қысқартып алынған жүгіруден лақтыру.
Толық жүгіруден лақтыру
|
3апта
|
Дене тәрбиесі (I-XI) сыныптыраға арналған үлгі бағдарлама, Алматы, Рауан, 1993
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Дене тәрбиесі (V-VIII- ші сыныптарға арналған үлгі
|
4
|
№4 Практикалық сабақ.
Тақырыбы : Эстафеталық жүгіру.
|
Практикалық сабақтың мазмұны : Эстафеталық таяқшаны аймақтың сыртында беру
|
4апта
|
Жеңіл атлетика жаттықтырушысының оқулығы Л.С.Хоменков, М., ФиС, 1984
Дене тәрбиелеу мәдениетінің әдістемесі. М., ФиС, 1989
|
5
|
№5 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Эстафеталық жүгіру.
|
Практикалық сабақтың мазмұны :
Эстафетаны қабылдайтын жүгірушінің сөресі.
Эстафеталық таяқшаны үлкен жылдамдықта аймақтың ішінде беру.
|
5апта
|
Жеңіл атлетика оқулығы. Г.Озалин М., ФиС. – 1989 жыл.
бағдарлама)Алматы, Рауан, 2002
|
6
|
№ 6 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Спорттық жүріс
|
Практикалық сабақтың мазмұны :
Спорттық жүріс.
Спорттық жүрісте аяқ пен жамбас қозғалысы.
|
6апта
|
Жеңіл атлетика оқулығы. Г.Озалин М., ФиС. – 1989 жыл.
бағдарлама)Алматы, Рауан, 2002
|
7
|
№ 7 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Көпсайыс
|
Практикалық сабақтың мазмұны: Топтардың арасында өткен түрлерден жарыс өткізу. 100 м жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, ядро итеру, эстафеталық жүгіру (4 х 400), (4 х 100)
|
7апта
|
Жеңіл атлетика жаттықтырушысының оқулығы Л.С.Хоменков, М., ФиС, 1984
Дене тәрбиелеу мәдениетінің әдістемесі. М., ФиС, 1989
|
8
|
№ 8 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: ЖДД
|
Практикалық сабақтың мазмұны: Жалпы дене дайындық (сабақ барысында)
дене күшін дамытуда жалпы дене жаттығуларын және арнаулы жаттығу
спорттық ойындар
|
8апта
|
Жеңіл атлетика оқулығы. Г.Озалин М., ФиС. – 1989 жыл.
бағдарлама)Алматы, Рауан, 2002
|
9
|
№9 Практикалық сабақ. Тақырыбы: Дискі лақтыру
|
Практикалық сабақтың мазмұны: Дискі лақтыру
снарядты ұстап көру, әртүрлі бастапқы қалыптан лақтыру
дискіні бір орыннан
|
9апта
|
Жеңіл атлетика жаттықтырушысының оқулығы Л.С.Хоменков, М., ФиС, 1984
Дене тәрбиелеу мәдениетінің әдістемесі. М., ФиС, 1989
|
10
|
№10 Практикалық сабақ. Тақырыбы: Лақтыру түрлері
|
Практикалық сабақтың мазмұны: Дискі лақтыру, айналыс, дискіні айналыспен лақтыру
|
10апта
|
Жеңіл атлетика оқулығы. Г.Озалин М., ФиС. – 1989 жыл.
бағдарлама)Алматы, Рауан, 2002
|
11
|
№11 Практикалық сабақ. Тақырыбы: Эстафета түрлері
|
Практикалық сабақтың мазмұны: Эстафеталық жүгіру. (таяқшыны ауыстырмай беру) – эстафеталық таяқшаны беру
|
11апта
|
Жеңіл атлетика жаттықтырушысының оқулығы Л.С.Хоменков, М., ФиС, 1984
Дене тәрбиелеу мәдениетінің әдістемесі. М., ФиС, 1989
|
12
|
№12 Практикалық сабақ.
Тақырыбы: Эстафета қашақтықтары
|
Практикалық сабақтың мазмұны: Эстафеталық жүгіру (таяқшыны ауыстырмай беру) – эстафета қабылдаушы жүгірушінің сөресі
|
12апта
|
Жеңіл атлетика оқулығы. Г.Озалин М., ФиС. – 1989 жыл.
бағдарлама)Алматы, Рауан, 2002
|
13
|
№13 Практикалық сабақ. Тақырыбы: Эстафета таяқшаларымен жүгіру әдістемесі
|
Практикалық сабақтың мазмұны Эстафеталық жүгіру (таяқшыны ауыстырмай беру) – эстафеталық таяқшаны үлкен жылдамдықта аймақтың ішінде беру
|
13апта
|
Жеңіл атлетика жаттықтырушысының оқулығы Л.С.Хоменков, М., ФиС, 1984
Дене тәрбиелеу мәдениетінің әдістемесі. М., ФиС, 1989
|
14
|
№14 Практикалық сабақ. Тақырыбы: Қысқа арақашықтық
|
Практикалық сабақтың мазмұны: 400 метр ара қашықтыққа жүгіру
Тікелей жүгіру
Бұрылыста жүгіру
|
14апта
|
Жеңіл атлетика оқулығы. Г.Озалин М., ФиС. – 1989 жыл.
бағдарлама)Алматы, Рауан, 2002
|
15
|
№15 Практикалық сабақ. Тақырыбы: Қысқа арақашықтық жүгіру кезіндегі сөрелік қарқын
|
Практикалық сабақтың мазмұны: 400 метр ара қашықтыққа жүгіру
төменгі сөре және екпінді жүгіріс
мәреден өту
|
15апта
|
Жеңіл атлетика жаттықтырушысының оқулығы Л.С.Хоменков, М., ФиС, 1984
Дене тәрбиелеу мәдениетінің әдістемесі. М., ФиС, 1989
|
Достарыңызбен бөлісу: |