Қазақстан Республикасының



жүктеу 426,22 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі426,22 Kb.
#2133
түріРабочая учебная программа




Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01-01-1-2011

Сапа менеджменті жүйесі

Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы


бет




Қазақстан Республиканың Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан

Д.Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д.Серикбаева

ШҚМТУ

БЕКІТЕМІН



Эж/еМФ деканы

_______________Е.В. Варавин

___________________2014ж.
ҚАРЖЫ

Жұмыс оқу бағдарламасы


ФИНАНСЫ

Рабочая учебная программа


Мамандық: 5В050900, 5В050900 (АББ) «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит»

Оқу түрі: күндізгі, сырттай

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Жұмыс бағдарламасы 5В050900, 5В050900 (АББ) «Қаржы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМББС 6.08.008-2008) сәйкес, 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМББС 6.08.009 – 2008) сәйкес құрастырылып, «Қаржы» типтік бағдарламасы негізінде «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында дайындалы

Қаржы, есеп және салық салу кафедра отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі О.В. Куур
2 хаттама 09 қыркүйек 2014ж.

Экономика және менеджмент факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төрайымы Г.Б. Пестунова
2 хаттама 20 қазан 2014ж.

Дайындады

Доцент Г.И. Джемпеисова

Норма бақылаушы Т.В. Тютюнькова


1 ПӘННІҢ ЕҢБЕК САЙЫМДЫЛЫҒЫ




семестр

Кредит саны

Оқу түрі

СӨЖ сағат саны

Жалпы сағат саны

Бақылау түрі

Жанаспалы сағат саны

Дәріс

Семинар. (тәжір.)

оқу


Курстық жұмыс

(семестр)



СОӨЖ

Барлық сағат саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

5В050900 «Қаржы» күндізгі

4

3

15

30

4

30

75

60

135

Емтихан

5В050900 (ОАББ) «Қаржы» күндізгі

2

3

15

30

2

30

75

60

135

Емтихан

5В050800 «Есеп және аудит» күндізгі

4

3

15

30

4

30

75

60

135

Емтихан

5В050900 (ОАББ) «Қаржы» сырттай

2

3

10

5

2

15

30

105

135

Емтихан

5В050900 (ЖББ) «Қаржы» сырттай

1

3

10

5

1

15

30

105

153

Емтихан

2 ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


2.1 Оқылатын пәнге сипаттама
“Қаржы” пәні – жоғарыда аталған барлық мамандықтар үшін қажет деп танылатын теориялық курс. Курста Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы және құрамы, қаржыны басқару және ұйымдастырудың негізі, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы, мемлекеттің қаржысы (салықтар, мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз), сақтандыру негіздері, қаржының өзекті мәселелері қарастырылады.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін оқытып, таныту мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымын, бюджет дефициті мен профицитін және мемлекеттік қарыздың туындау салдарын, салық салуды ұйымдастырудың, қаржылық аппаратты басқарудың, жергілікті бюджеттің мәні мен мағанасын түсінудің, қазіргі кезеңдегі қаржылық саясаттың міндеттері мен мәселелерін шешуді, ұтымды ұйымдастырудың элементтерін студенттерге түсіндіруді көздейді.


2.2 Пәнді оқытудағы мақсат
Студенттерді қаржылық категориялар, ұғымдар, терминдер, олардың жіктемесін, қаржының мәні мен әлеуметтік – экономикалық процестердегі орнын меңгеруге теориялық және тәжірибелік дайындауды қаматамасыз ету, сонымен қатар пәннің мақсаты болып қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара қызметін ұғынуға жету және оларды қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жағдайында қолдана білу.

2.3. Пәнді оқытудың міндеттері
Пәнді оқыту процесінде студенттерге келесі міндеттер қойылады:

- негізгі қаржылық категорияларды оқыту;

- қаржылық жүйені ұйымдастырудың принциптерімен, құрлымымен, құрамымен танысу;

- қаржы функциясын кеңейтілген өндірісте қолдана білу, олардың ролін экономикалық және мемлекеттің қаржы саясатының қаржылық қатынастарда орындалуын және оларды қаржы механизмі арқылы өткізуде қарастыру;

- қаржы аумағында қазіргі мәселелерді талдай білу және оларды шешуге бағыттар табу.

2.4 Пререквизиттар
«Қаржы» курсын оқытылуға дейін студент мамандығымен байланысты көптеген пәндермен танысады.Ол пәндер қаржы пәнін оқуға дейін студентке экономика, нарық, тауар, ұсыныс, сұраныс, баға, ақша, банк, несие деген көптеген экономикалық категориялармен таныстырып, студенттің жалпы түсінігін қалыптастырып, негіз ретінде ой-өрісін жетілдіреді. Оларға келесілері жатады:


  • экономикалық ілім;

  • микроэкономика;

  • макроэкономика;

  • экономикалық ілімдер тарихы;

  • статистика;

  • ақша, несие, банктер.

Осы аталған пәндер қаржы пәнінің негізін құрайды. Қаржы пәні студенттің болашақ мамандығының негізін құрайтындықтан, осы пәннің алдында оқытылатын пәндердің рөлі жоғары.
2.5 Постреквизиттар
«Қаржы» курсын оқыту процесінде студент қосымша ақпарат көзі ретінде келесі пәндерді қолдануына болады:

- экономикалық ілім;

- менеджмент;

- маркетинг;

- кәсіпорын экономикасы;

- ақша, несие, банктер.

Студент қаржы пәнінінің курсын аяқтағаннан кейін көптеген жаңа пәндердің курсы оқытылады. Оларға келесі пәндер жатады.


  • бухгалтерлік есеп;

  • эконометрика;

  • банк ісі;

  • корпоратвитік қаржы және т.б.

Бұл пәндердің курстары қаржы пәнінен алған білімді ары қарай жалғастыруға септігін тигізеді.

3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ




Тақырып атаулары

Көп еңбекті қажет ететін пән,сағат




Оқу түрі




5В050900 күндізгі

5В050900 (ОАББ) күндізгі

5В050800 күндізгі

5В050900

(ОАББ) сырттай

5В050900

(ЖББ)

сырттай


1

2

3

4

5

6

Дәрістік сабақ

Тақырып 1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы мәні , функциялары және ролі. Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру

1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 3. Қаржылық саясат және қаржы механизмі

1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 4. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

1

1

1

0,3

0,3

Тақырып 5. Мемлекет қаржысына жалпы сипаттама

1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 6. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

1

1

1

0,3

0,3

Тақырып 7. Мемлекеттік бюджет

1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 8. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 9. Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш

1

1

1

0,3

0,3

Тақырып 10. Үй шаруашылығының қаржысы

1

1

1

0,3

0,3

Тақырып 11. Сақтандыру

1

1

1

0,2

0,2

Тақырып 12. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

1

1

1

0,2

0,2

Тақырып 13. Қаржы нарығы

1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 14. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы


1

1

1

0,4

0,4

Тақырып 15. Қаржы рыногы және инфляция

1

1

1

0,2

0,2

Семинарлық (тәжірибелік) сабақ

Тақырып 1. Қаржы – мемлекет – тауарлы – ақшалы қатынас.

Нарықтық экономикада жағыдайында Қазақстандағы қаржы



2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 2. ҚР қаржылық саясат ерекшелігі

2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 3. Қаржыларды стратегиялық басқару. Бюджет жүйесін басқару

2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 4. Мемлекеттік ұйымдар кірістері мен шығыстар сметасы

2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 5. ҚР қаржылық қызметін тұрақтандыратын заңдар және заңды актілер

2

2

2

0,4

0,4

1

2

3

4

5

6

Тақырып 6. Мемлекеттік бақылау органдарының міндеттері мен функциялары.Мемелекеттік емес қаржылық бақылау.

2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 7. Кәсіпорынды жеке меншікке айландырудың қаржылық аспектілері. Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыруға әсер ететін факторлар.

Кәсіпорынның жеке меншік капиталы.



2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 8. Мемелекеттік мекемелерді және ұйымдарды қаржыландыру көздері

2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 9. Мемлекеттік қаржылар құрамы

2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 10. Бюджет кірістерінің экономикалық мазмұны. Салықтар: табиғаты және функциялары. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

2

2

2

0,4

0,4

Тақырып 11. Республикалық бюджетке түсетін, салықтар. Жергілікті бюджетке түсетін, салықтар

2

2

2

0,2

0,2

Тақырып 12. Бюджет шығыстары. Экономиканы қаржыландыру. Әлеуметтік – мәдени шараларға шығыстар. Халықты әлеуметтік қорғауға шығыстар. Басқаруға шығыстар.

2

2

2

0,2

0,2

Тақырып 13.

Бюджеттік механизм. Экономиканы басқару инструменті ретіндегі бюджет. Бюджеттік процесті ұйымдастыру негізі. Бюджеттің құрылуы, қаралуы, бекітілуі және орындалуы.



2

2

2

0,2

0,2

Тақырып 14. Обылыстар, қалалар, аудандарды бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік қаржыландырудың принциптері, әдістері, формалары. Бюджет шығыстары және бюджетке түсімлер аумағындағы міндеттер

2

2

2

0,2

0,2

Тақырып 15. ҚР – ғы зейнетақы реформасы, ҚР – ғы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз, Міндетті және ерікті сақтандыру, Қаржылық – экономикалық тұрақтандырудың шет ел концепциялары

2

2

2

0,2

0,2

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы


Тақырып 1. «Қаржы ұғымы мен ақша, ақша қатынастары арасындағы айырмашылық, Қазақстанның ақша несие саясаты тақырыбына арналған дискуссиялық сабақ

2

2

2

1

1

Тақырып 2. Мерзімдік басылымға шолу жасау: Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау және оны жетілдірудің мәнін ашатын тұжырымдар жасау және шет елдердің қаржы жүйесімен салыстыра талдау

2

2

2

1

1

1

2

3

4

5

6

Тақырып 3 «Қаржыны ұйымдастыруға шаруашылық субъектісінің жекеменшік ұйымдық – құқықтық формасының әсері» тақырыбы шегінде кәсіпорынға презентация жасау

2

2

2

1

1

Тақырып 4 Қаржының қажеттігі, қаржы ресурстары, қаржылық қорлардың құрылуы және жұмсалу арналған шағын баяндамалар жасау

2

2

2

1

1

Тақырып 5. Үй шаруашылығының қаржылары, Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары, Коммерциялық негізде қызмет жүзеге асыратын және коммерциялық емес негізде қызметін жүзеге асыратын субъектілердің қаржысына сипаттама беру, рефераттар дайындау

2

2

2

1

1

Тақырып 6. Қаржы саясаты аясында қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды ақпарат беттерінен шолу жасау арқылы талдау, дискуссия

2

2

2

1

1

Тақырып 7. Қаржылық болжау және жоспарлау тақырыбы төңірегінде мемлекет қаржысының түсімі және жұмсалуын статистикалық материалдар көмегімен талдау және болашаққа болжам жасау.

2

2

2

1

1

Тақырып 7. 5 жылғы бюджет кірістері мен шығыстарына талдау жасау, бюджет дефициті мен профецитін анықтау және ағымдағы жағдайға шолу жасау

2

2

2

1

1

Тақырып 8. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар арналымын талдау және түрлеріне сұрақ-жауап беру арқылы әңгіме жүргізу

2

2

2

1

1

Тақырып 9. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз тақырыбына

2

2

2

1

1

Тақырып 10. Салықтар, алымдар, төлемақылар түрлеріне тоқталу және есептеу, электронды есеп беру тәртібімен танысу тақырыбына әңгіме

2

2

2

1

1

Тақырып 11. «Қазақстан Республикасында жеке сақтандырудың даму мәселелері», «Міндетті сақтандыру түрлерінің мәні мен қажеттігі», «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы – даму келешегі» тақырыбы бойынша дискуссия

2

2

2

1

1

Тақырып 12. Сыртқы сауда; шетелдік инвестициялау, концессиялар, Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы жайлы дөңгелек стол


2

2

2

1

1

1

2

3

4

5

6

Тақырып 13. Қор нарығының Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдайы. Инвестициялық үй. Пайлық инвестициялық қор қызметтерін зерттеу. Шағын презентация жасау.

2

2

2

1

1

Тақырып 14. Мерзімдік басылымға шолу жасау: Қазақстанның сыртқы экономикалық жүйесінде қаржының мәні мен ролін ашу, статъялар мазмұнын талдаңыз.

2

2

2

1

1

Тақырып 15. Қаржы және инфляция тақырыбы шегінде өзара байланысын талданыз, бүгінгі таңдағы инфляция шапшаңдығын анықтап тұтыну қоржыныа талдау жасаңыз

2

2

2

1

1

Студенттің өздік жұмысы

Тақырып 1. «Қаржы мәніне және ақша қатынастары арасындағы айырмашылыққа дискуссиялық сұрақ» Нарықтық экономикада жағыдайында Қазақстандағы қаржы тақырыбына қысқаша баяндама жазу, статистикалық материалдарға жүгіну

4

4

4

7

7

Тақырып 2. Мерзімдік басылымға шолу жасау: Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдірудің мәнін ашатын, ҚР қаржылық саясаттың ерекшелігі, бүгінгі таңдағы мемлекеттік бағдарламалар тақырыптарын зерттеу

4

4

4

7

7

Тақырып 3 «Қаржыны ұйымдастыруға шаруа

шылық субъектісінің жекеменшік ұйымдық – құқықтық формасының әсері» тақырыбы шегінде кәсіпорынға презентация жасау



4

4

4

7

7

Тақырып 4 Кәсіпорынның жеке меншік капиталы. Қаржылық және өндірістік қорлар. Кәсіпорында қаржылық жұмысты ұйымдастыру тақырыбы шегінде кәсіпорынға презентация жасау

4

4

4

7

7

Тақырып 5. Қазақстан Республикасындағы мем

лекеттік қаржылық бақылау: құрылу кезеңдері және даму жолдары тақырыбына зерттеу жұмыс



тарын жасаңыздар

4

4

4

7

7

Тақырып 6. Қаржы саясаты аясында қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды және олардың орындалуын ақпарат беттеріне шолу жасау арқылы талдау, дискуссия

4

4

4

7

7

Тақырып 7. Қаржылық болжау және жоспарлау тақырыбы төңірегінде мемлекет қаржысының түсімі және жұмсалуын статистикалық материалдар көмегімен талдау және болашаққа болжам жасау, өткенмен салыстыру

4

4

4

7

7

1

2

3

4

5

6

Тақырып 8. Бюджеттік қаржыландыру тиімділігін жоғарлату механизімі және қазіргі тенденциялар, мақсатты аймақтық бағдарламаларға бақылау жүргізу

4

4

4

7

7

Тақырып 9. Қазақстанда Республикалық деңгейде мемлекеттік басқару жүйесін қаржыландыру: жағдайы және даму келешегі модельін жасау

4

4

4

7

7

Тақырып 10. «ҚР-ғы меншікке салынатын салықтар тақырыптары бойынша рефераттар дайындау, декларация толтырумен танысу

4

4

4

7

7

Тақырып 11. Қазақстан сақтандыру компанияларында инвестициялық портфельді құруды жетілдіру тақырыбына сызба құрастыру

4

4

4

7

7

Тақырып 12. Экономиканың нақты секторын инвестициялау жаңа технологияларды игеру және қайта құрудағы статистикалық материалдарға талдау жасаңыз

4

4

4

7

7

Тақырып 13. Қор нарығының Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдайы. Инвестициялық үй. Пайлық инвестициялық қор қызметтерін зерттеу. Шағын презентация жасау

4

4

4

7

7

Тақырып 14. Мерзімдік басылымға шолу жасау: Қазақстанның сыртқы экономикалық жүйесінде қаржының мәні мен ролін ашу, статъялар мазмұнын талдаңыздар.

4

4

4

7

7

Тақырып 15. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары тақырыбы шегінде өзара байланысын талданыз, бүгінгі таңдағы инфляция шапшаңдығын анықтап тұтыну қоржынына талдау жасаңыз

4

4

4

7

7

4 КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ) ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



4.1 Курстық жұмыстың мақсаты

Бүгінгі таңда қаржылық қарым - қатынастардың құрылуының және дамуының тәжрибелік және ілімдік сұрақтарын кең шеңберде талдау студенттердің зерттеуінен тұрады. Курстық жұмысты дербес орындау қаржыны басқару сферасында болып жатқан және тәжрибе түрінде оларды өткізу процестерін творчествалық түсіну қабілеттерін дағдыландыруға мүмкіндік туғызады. Курстық жұмыстың авторлық сипаты болуы керек. Сонымен бірге оны жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша әдебиеттерге талдау жүргізуді негізге алуды ұсынады. Жұмыс үшін басты сүйенетін материал ретінде алдымен мемлекеттің қаржылық саясатының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерін қолдану қажет. Сонымен қатар мерзімді баспада жарияланған баптарды қарастыру қажет.

Курстық жұмыстың максаты болып таңдалған тақырып бойынша терең зерттеулер жасау және ғылыми зерттеу жұмысын жасауға дағдыны қалыптастыру табылады. Курстық жұмысты орындау кезінде төмендегі міндеттер орындалуы керек:


  1. студенттің теориялық білімін бекітуді жүйелендіру;

  2. студентті ғылыми, оқу және анықтама әдебиеттермен дербес жұмыс жасауға үйрету;

  3. талдамалық ойлауды жетілдіру, тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік

материалды қортуды үйрету;

  1. студентті жазған жұмысы бойынша қысқа және негізді қорғауға үйрету.



    1. Курстық жұмысты орындау этаптары

Қойылған мақсатқа жету үшін студент курстық жұмыстың барлық этаптарына тақырыпты таңдап алудан бастап және оны қорғаумен аяқтай отырып жауапты болуы керек. Жетекшінің ең маңызды ролі курстық жұмысты жазу кезінде үнемі кеңес беріп отыруы керек және байланыста болып отыруы керек.

Дұрыс құрылған жоспар белгілі дәрежеде студенттің тақырыпты толық және оның жеке бөліктерін түсінген нәтижесін көрсетеді, сондықтан да оны құруға арнайы әдебиеттеді оқығаннан кеін кірісу керек.

Тақырып жоспары баяндалған сұрақтардан, олардың логикасы жєне аргументтігінің ішкі байланысын ұстап тұруы керек. Курстық жұмыс жоспары үлкен болмауы керек: кіріспе, 2,3 – 4 бөлім, қортынды, қолданылатын әдебиеттер тізімі, қосымша. Бөлімді қажет болғанда жеке параграфтарға бөлуге болады.

Жоспардың барлық сұрақтары түзу логикалық схеманы көрсетуі керек, мұнда әрбір келесі пункті алдыңғысынан шығып, оны дамытып және толықтырып отырады. Жұмысты жазу барысында жоспар өзгертілуі мүмкін.


    1. Әдебиетпен танысу және жоспар құру

Ары қарай әдебиетпен танысу және курстың құрлымдық жоспарын құру қажет. Курстық жұмысты жазу үшін әдебиеттер қызметін Қазақстан Республикасының заңы, Президент жарлығы, үкімет шешімі және қаулысы, арнайы нормативті және инструкциялық материалдар, отандық және шет ел авторларының монографиялары, мерзімдік әдебиеттер атқарады.



    1. Курстық жұмыс мазмұны мен құрылымы

Әдебиетті оқығаннан және жоспарды құрғаннан кейін курстық жұмыстың өзін жазуға кіріседі. Курстық жұмыстың мазмұны тақырыпты толық ашуы керек. Тақырып жеткілікті және кең көлемде болуы мүмкін және оны бір курстық жұмыс шегінде баяндау мүмкін емес. Бұл үшін жоспар болуы қажет, өйткені тақырыпты қарастыру жоспар сұрақтары шегінде ғана шектеледі.

Тақырыптың мазмұнын жоспар құрумен сәйкес логикалық бірізділікпен ашу керек. Бұл кезде үстіртін баяндаудан, жалпы фразалардан, кітаби сөздерден, қолданылған әдебиеттен, сөбе – сөз мәтіннен аулақ болу керек, бұл курстық жұмыстың дербес орындалу сипаты, творчествалылығын бейнелейді және спасын төмендетеді. Егер мәтінде цитата берілсе оныда оны сөзбе - сөз келтіру керек керек, тырнақшаға алып және қолданылған көздерге міндетті түрде сілтеме жасалуы керек.

Кіріспе 1 – 1,5 бет көлемінде болуы керек және кіріспеде тақырып актуальділігі, зерттеу мақсаты және міндеті, зерттеу мәні мен объектісі, әдебиет көздер көрсетілуі керек.

Мысалы: «Қазақстан Республикасының несие жүйесі» тақырыбы бойынша біздің еліміздегі зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының несие жүйесінің мәні мен мағанасы болып табылады; мақсаты: республиканың несиелік және банктік жүйесінің дамуы және құрылу мәселелерін оқу және құрастыру; объектісі – несие жүйесінің өзі және оның негізгі звеносы.

Бірінші бөлімде тақырып бойынша негізгі теориялық ережелер, мәселенің мәні мен мазмұны, берілген мәселе бойынша отандық және шет ел ғылыми экономистерінің пікірлері ашылады.

Екінші бөлімде тақырып бойынша материалдарды талқылауға және талдауға арналған. Берілген тақырып бойынша Қазақстандағы несие жүйесінің құрылуы мен даму этаптары жөнінде ешқандай ұғымдарға тоқталмай айтуға болады.

Сұрақты елдің несие жүйесінің ерекшеліктерін алға тарта отырып, басқа елдермен салыстырып немесе тарихи аспектіде қарастыруға болады.

Осы бөлімде әлемдік тәжірибие есебінің мәселелерінің болуы немесе болмауы мәселелерін қарастыру қажет. Бұл кезде студент теориялық және тәжірибелік материалдарға сүйене отырып, осы мәселеге деген өз көзқарасын көрсете білуі керек.

Студент статистикалық нақты мәлметтерді кесте, жүйе, диаграмма, сызба түрінде көрсетсе тек қана ұтады. Біздің мысалымызда Қазақстанның несие жүйесінің құрлымы, қаржы – несие институттарының саны, банктердің саны және сапа жағын өзгерту динамикасы болуы мүмкін.

Келтірілген жоспардың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының несие жүйесі несие жүйесінің негізгі звеносы ретінде деген бөлек сұрақпен ажыратылған. Басты негізгі звеноны нақтырақ, кеңірек қарастыру арқылы бүкңл жүйеге анық түсінік беруге болады. Бұл жағылай айтқанымыздай Қазақстан Республикасының банктік жүйесін бір курстық жұмыс көлемінде көрсету мүмкін емес болғандықтан өте тиімді болып отыр.

Қортынды автордың ұсынысы бойынша, курстық жұмыстың жалпы мазмұны бойынша жасалады.

Содан сон төменде келтірілген талаптарға сай қолданылған әдебиеттер тізімі жасалады.

4.5 Курстық жұмысты орындауға және рәсімдеуге қойылатын талаптар

реті

Жұмыс титулдік парақтан басталады. Курстық жұмыс 30 – 40 парақ көлемінде А4 (297*210 мм) форматтың бір жағына ғана келесі әдіспен жазылуы керек:

- баспа – қара түсті шрифт (Times New Roman – 14n) 1,5 интервалымен;

- жазбаша – көк түсті қаламсаппен.

Парақтың шетіне сызба жүргізілмейді. Мәтінді параққа орналастыру барысында шет сызық сақталуы қажет. Сол жақ – 30 мм, оң жақ – 10 мм – ден кем болмауы керек, үсті – 20 мм, асты – 20 мм – ден кем емес.

Бөлім аттары мәтінге симметриялы бас әріппен басталады (жазылады). Параграф тақырыптары абзацтан, бірінші әріптен басқасын жазба әріптермен тереді. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, олар үтір арқылы ажыратылады.

Беттерді араб цифрларымен нөмірлейді. Титулдық парақ нөмірлеуге енгізіледі, бірақ нөмір қойылмайды..

Бөлімдер бүкіл мәтін бойында ретпен нөмірленеді және араб цифрларымен белгіленеді. Параграф нөмірі бөлім нөмірінен және өзінің реттік нөмірінен тұрады және берілген элементтер нүктемен ажыратылады.

Бөлім аттары мәтінге симметриялы бас әріппен басталады (жазылады). Параграф тақырыптары абзацтан, бірінші әріптен басқасын жазба әріптермен тереді. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, олар үтір арқылы ажыратылады.

Беттерді араб цифрларымен нөмірлейді. Титулдық парақ нөмірлеуге енгізіледі, бірақ нөмір қойылмайды..


4.6 Курстык жұмыс тақырыптарының тізімі
1 Бюджеттің кіріс бөлігін құру негізі ретіндегі Қазақстанның салық жүйесі.

2 Кәсіпорында қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру және қаржылық ресурстарын құру және пайдаланудың тиімділігі.

3 Мемлекеттік кәсіпорындарының қаржысын ұйымдастыру.

4 Сыртқы экономикалық қызметті салықтық тұрақтандыру, жетілдіру бағыттары.

5 Қазіргі экономикадағы мемлекеттік несие.

6 Экономиканың өндірістік сферасын қарқынды дамыту факторы ретіндегі инвестициялар.

7 Кәсіпорынды жеке меншікке айландырудың қаржылық аспектілері.

8 Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары.

9 Макроэкономикалық тепе-теңдікке жетудегі мемлекеттік бюджеттің ролі.

10 Экономиканың нақты секторын дамытуда банктік жүйенің ролі.

11 Қаржылық нарықты дамытуда мемлекеттің ролі мен қызметі.

12 Капиталды шоғырландыру механизімі ретіндегі корпоративтік бағалы қағаздар нарығы.

13 Қазіргі кезеңде қазақстандық экономиканың экономикалық өсімінің факторы ретіндегі бағалы қағаздар нарығы.

14 Бюджеттік қаржыландыру тиімділігін жоғарлату механизімі және қазіргі тенденциялар, мақсатты аймақтық бағдарламаларға бақылау жүргізу.

15 Қазақстанда салық саясатын құру және өткізу.

16 Жеке сақтандыру: қазіргі жағдайы және оның нысандарының дамуы.

17 Инновациялық даму жағдайында сақтандыру ісін ұйымдастыру ерекшеліктері.

18 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының дамуы және ұйымдастырушылық аспектісінің құрылуы.

19 Жоғарғы білім беру жүйесіндегі қаржы: жағдайы, ұйымдық механизімі және даму әлеуеті. 20 Қазақстан сақтандыру компанияларында инвестициялық портфельді құруды жетілдіру.

21 Қазақстан экономикасының дамуына инвестициялық зейнетақы қорының әсері.

22 Қазақстанда республикалық деңгейде мемлекеттік басқару жүйесін қаржыландыру: жағдайы және даму келешегі.

24 Өндірістік кәсіпорындардың қаржылық тәуекелдері.

25 Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларын басқаруды жетілдіру.

26 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау: құрылу кезеңдері және даму жолдары.

27 Рыноктық қатынастар жағдайында кәсіпорында стратегиялық жоспарлаудың дамуы.

28 Қазақстан республикасында кіші бизнестің дамуын қаржылық тұрақтандыру.

29 Қазақстанда және шет елдерде қаржылық жоспарлау тәжірибесі.

30 Қаржылық – инвестициялық кешендердің құрылуы және дамуы.

31 Қаржылық ресурстарды қайта бөлудегі сақтандыру нарығының ролі.

32 Экономиканы бюджеттік тұрақтандыру: нәтижесінің бағасы мен даму келешегі.

33 Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар және олардың функциялары.

34 Қазақстан қаржы нарығы сегментінің келешегі және өзара қызметі.

35 Экономикалық және әлеуметтік дамуда жергілікті қаржылардың ролін нығайту.

36 Инфляцияға қарсы саясат және ақша реформалары.

37 Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның дамуын стратегиялық жоспарлау.

38 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін жоғарлату.

39 Бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құралдарын қолдану тәртібі және бағыттары.

40 Қазіргі кезеңдегі салық саясаты.

41 Әлеуметтік сфераларды мемлекеттік тұрақтандырудың бюджеттік механизімін жетілдіру проблемалары.

42 Салықтық бақылауды ұйымдастыру тиімділігін жоғарлату.

43 Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды ұйымдастыру.

44 Бюджет жүйесінің нарықтық жағдайларда оңтайлы шешімін қалыптастыру және болжауды жетілдіру.

45 Бағалы қағаздар нарығы инвестициялық белсенділікті көтеру факторы ретінде.

46 Шағын және орта бизнесті несиелеудегі коммерциялық банктердің рөлі.

47 Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта-қаржылық механизмі.

48 Электронды бизнес және интернет экономика электронды сауда.

49 Экономиканы мемлекеттік реттеу қағидалары мен үлгілері.

50 Шағын және орта бизнестi мемлекеттiк қолдау және дамыту.

51 Халықаралық қаржы ұйымдарымен Қазақстанның ынтымақтастығы.

52 Мемлекет, бизнес және қоғамның өзара қызметі.

53 Ұлттық экономиканы жоспарлауға байланысты қазіргі уақыттағы көзқарастар.
54 Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудегі салық саясаты.

55 Экономиканың нақты секторын инвестициялау жаңа технологияларды игеру және қайта құру.

56 Сыртқы экономикалық қатынастағы валюта және қаржы механизмі.

57 Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары.

58 Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері.

59 Нарықтық экономика жағдайындағы банктердің инвестициялық қызметін талдау.

60 Салықтарды бюджетке төлеудегі салық органдарының бақылау қызметіне экономикалық талдау.

61 Фискалды және монетарлы саясат түсінігі мен мазмұны.

62 Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі.
5 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5.1 Негізге әдебиеттер
1 “Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының заңы // Егеменді Қазақстан, 2 сәуір 1999ж (толықтырулар мен енгізулер)

2 “2001 жылға республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының заңы 22 желтоқсан 2000 жыл, №131-11 ҚРЗ (толықтырулар мен енгізулер)

3 “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (өзгертулер мен толықтырулар) // Досье бухгалтера.- Алматы: Бухгалтер, 1999.-№3 – С.1-43 (толықтырулар мен енгізулер)

4 «Салық» Кодексі 2011 ж.

5 Оспанов. Қ. И. Құқық негіздері - Алматы: Жеті жарғы, 2007. - 304

6 Доолан Э.Д. , Кемпбелл К.Д. Ақша, банк жұмысы және ақша-несие

саясаты.-Л.: ПФУ Профика, 1991. - 44 8бет

7 Зейнельгабдин А.Б. Қаржы жүйесі. – Алматы: Қаржы – Қаражат,1995

8 Ильясов К.К. Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Қаржы – Қаражат,1994

9 Ковалев В.В. Қаржы талдауы: капиталды басқару. – М.: Қаржы және

статистика, 1996

10 Экономикалық теория курсы / М.Н.Чепурин ред. – Киров, 1994. – Бөлім: 17,18,19,22,24

11 Экономикалық нарық курсы / Г.И.Рузавин ред. – М.: ЮНИТИ,1996.

Бөлім:5, 129-206 беттер, бөлім:8,9,10,11, 259-301 беттер

12 Ильясов К.К. Қаржы. – Алматы, 2005. –512 бет

13 Қаржы: ЖОО-на арналған оқулық / Л.А.Дробозина ред. – М.:

ЮНИТИ,2000. – 527 бет

14 Овсийчук М.Ф. Капиталды инвестициялау тәсілдері. – М.: Буквица, 1996. - 128бет

15 Қаржылар. Ақша айналымы. Несие: ЖОО-на арналған оқулық /

Л.А.Дробозина, Л.П.Окунева және т.б. – М.: Қаржылар, ЮНИТИ, 1997. – 479 бет

16 Қаржылар: Оқулық / В.М.Родионова ред. – М.: Қаржы және статистика, 1995

17 Қаржылар: Оқулық / А.М.Ковалева ред. – М.: Қаржы және статистика, 1996. –335бет

18 Бишманов. К. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Алматы: Раритет, 2007. – 148

19 Қаржы, ақша айналысы және несие. (Оқу кұралы)/Р. О. Смағұлова [и др.]. Алматы: Экономика, 2008. - 462

20 Ілияс. А.Ә. Төлем жүйесі: теория және практикасы. (Оқу құралы) - Алматы: Экономика, 2007. - 138

21 Искаков. Ұ.М. Қаржы нарығы және делдалдары. (Оқулық) - Алматы: Экономика, 2008. – 296



5.2 Қосымша әдебиеттер
1 «Финансы и кредиты» журналы

2 «Қаржы» журналы

3 «Қаржы қаражат» журналы

4 Соңғы 5 жылдағы “Бухгалтер бюллетені”



5 2007-2012 ж.ж. ҚР-ң Қаржы Министрінің ақпараттық бюллетені

6 «Банки Қазахстана» журналы
жүктеу 426,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау