Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы


-параграф. Электрөлшеуіш тістемелермен және



жүктеу 1,56 Mb.
бет6/8
Дата03.03.2018
өлшемі1,56 Mb.
#11016
1   2   3   4   5   6   7   8

5-параграф. Электрөлшеуіш тістемелермен және
өлшеуіш штангілерімен жұмыс
      320. 1000 В астам кернеуде электр өлшегіш тістеуіктер мен өлшегіш қарнақ арқылы өлшеу екі жақпен орындалады, олардың бірі электр қауіпсіздігі бойынша IV төмен емес, екіншісі ІІІ кем емес топқа жатады. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлер өлшеуді жасақпен орындайды, жедел түрде бұйрық бойынша жүзеге асырады. 1000 В астам кернеулі электр қондырғыларында электр өлшегіш тістеуіктер арқылы өлшеуді ІІІ кем емес топпен бір адам орындайды.
      321. Өлшеу үшін жұмыс орнында орнатылған амперметрі бар тістеуіктер қолданылады. Амперметрі шығарылған тістеуікті пайдалануға рұқсат етілмейді. Өлшеу кезінде есеп көрсеткіші үшін амперметрге еңкеюге, құралдарды, сымдар мен өлшегіш трансформаторларды ұстауға жол берілмейді. 1000 В астам кернеулі электр қондырғыларында өлшеу кезінде жекелеуші негізде тұрады, диэлектр қолғаптары, қорғаныс көзілдірігі пайдаланылады.
      322. Өлшеу тек шина аумағында ғана жүргізіледі, олар құрылымдық түрде орындалады, сонымен қатар әртүрлі фазалардың ток жүретін бөліктерінің арасындағы және жерге тұйықталғыш бөліктерінің арақашықтығы фазалар немесе жердің арасындағы тістеуіктің жұмыс жасайтын бөлігі есебінде ажыратушы арақашықтықтың азаюы үшін электр ойығының мүмкіндігін шығарады.
      323. Кернеуі 1000 В жоғары шоғырсымда электр өлшегіш тістеуіктер үшін қоладанылады. Шоғырсым тарабы ажыратылуы керек, олардың арасы 250 мм кем болмауы тиіс.
      324. Кернеуі 1000 В шиналарда электр өлшегіш тістеуіктер арқылы өлшеу түрегеп тұрып еденде немесе арнайы төсеме тақтада орындалады.
      325. Кернеуі 1000 В дейінгі қондырғыларда фазалық токтарды тістеуіктер арқылы өлшеу кезінде және фазалардың көлденең орналасуы кезінде өлшемес бұрын алдымен әрбір фазаны ажыратқыш төсемемен қоршау керек. Көрсетілген операциялар диэлектр қолғабы арқылы жүргізіледі.
      326. Жұмыстарды жүргізу үшін құрылымға немесе телескоптық мұнараға қарнақсыз шығу керек. Қарнақ жұмыс жасайтын жағымен жоғары тік қалпында арқан көмегімен көтеріледі. Қарнақты көтеру үшін металл арқандарды қолдануға болмайды. Көтеру кезінде қарнақ тербетілмеуі керек және қатты заттарға соғуға болмайды. Қарнақты шамалы биіктікке көтеру кезінде, оны қолдан қолға беруге рұқсат етіледі.
      327. Өлшеуіш қарнақтармен найзағайда, тұманда, жаңбырда немесе ылғалды қарда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасындағы
телерадио хабарларын тарату
ұйымдарындағы қауіпсіздік және
еңбекті қорғау талаптарына 
1-қосымша         
Көтергіш механизмдер мен тетіктерін сынау нормалары
және мерзімдері



Тетіктер механизмдерінің атауы

Сынау жүктемесі, кг

Статикалық сынақтардың ұзақтығы (минут)

Сынақтардың жиілігі

Қабылдау сынақтары кезінде және күрделі жөндеуден өткеннен кейінгі сынақ

Жиілікті сынақтар кезінде

Статикалық

Динамикалық

Статикалық

Динамикалық

Қол жүкарбасы

1,25Рн

1,1Рн

1,1Рн

Рн

10

Жылына 1 рет

Жүк көтергіш

1,25Рн

1,1Рн

1,1РН

Рн

10

Жылына 1 рет

Блоктар және полиспасттар

1,25Рн

1,1РН

1,1РН

РН

10

Жылына 1 рет

Домкраттар

1,25РН

1,1РН

1,1Рн

РН

10

Жылына 1 рет

Болатты арқандар

1,25РН

-

-

-

10

6 айда 1 рет

Строптар, қапсырмалар, сақиналар

1,25РН

-

1,1РН

-

10

6 айда 1 рет

Сақтық белдіктері, сақтандыру арқандары

300

-

225

-

5

6 айда 1 рет

Монтерлік тырнақтар

180

-

120

-

2

6 айда 1 рет

Ағаш саты

150

-

120

-

5

6 айда 1 рет

      Ескерту.


      1. Рн – рұқсат етілетін жұмыс күші, кг.
Қазақстан Республикасындағы 
телерадио хабарларын тарату 
ұйымдарындағы қауіпсіздік және
еңбекті қорғау талаптарына 
2-қосымша        
Хабар таратын радиостанцияларда пайдалану
өткелдерінің өлшемдері





Өткел түрлері

Өткел ені

1

Хабарлағыш пен қабырға шкафтарының бет панельдері арасында (кезекші пульті мен үстелі арасында жоқ болғанда)

Ашылатын есіктің ені немесе жабдықтың жылжымалы бөлігінің ұзындығы плюс 0,6 м, бірақ кемінде

2,0 м


2

Хабарлағыш шкафтары бір-біріне қарама-қарсы орналасқан кезде бет панельдері арасында (олардың арасында пульттің немесе кезекші үстелі жоқ болған жағдайда)

Ашылатын есіктердің немесе жабдықтың жылжылатын бөліктерінің қосындысы плюс 0,8 м, бірақ кемінде 2,0 м

3

Жабдық және қабырғаның артқы немесе қыр жақтары арасында

Ашылатын есіктің ені немесе жабдықтың жылжымалы бөлігінің ұзындығы плюс 0,6 м, бірақ кемінде 0,8 м

4

Қоршаулар шегінде және көрші хабарлағыштар шкафтарының төбелерінде жабдықтың оқшауланбаған қоршалмаған токөтер бөліктері жоқ болған жағдайда есік жабдықтарының артқы (қыр) жақтары арасында

Жабдықтың ашылатын немесе жылжымалы бөліктері өлшемдерінің қосындысы плюс 0,6 м, бірақ кемінде 2,0 м

5

Қоршаулар шегінде және көрші хабарлағыштар шкафтарының төбелеріндегі және жоғары кернеудегі жабдықтың оқшауланбаған қоршалмаған токөтер бөліктері бар болған жағдайында жабдықтардың қыр жақтары арасында

2,0 м Хабарлағыш жабдықтарының кіші аралықтарда орналасу жағдайында қосымша қоршауларды орнату қажет

6

Қоршаулар шегінде және көрші хабарлағыштар шкафтарының төбелеріндегі және жоғары кернеудегі жабдықтың оқшауланбаған қоршалмаған токөтер бөліктері бар болған жағдайда хабарлағыш жабдығының беттік (бүйір, артқы) жақтар және экрандалған фидерлік сызық проекциясы арасында

2,0 м хабарлағыш жабдығының жақтары және экрандалған фидерлік сызық проекциясының арасы кіші аралықтарда орналасу жағдайында шкаф төбелері немесе қоршаулар үсті деңгейінен мен төбе деңгейіне дейін қосымша қоршауларды орнату қажет

7

Басқару пульті немесе кезекші үстелі арасында және жабдық фронтымен оның алдында орналасқан немесе оның артында орналасқан

Ашылатын есіктің ені немесе жабдықтың жылжымалы бөлігінің ұзындығы плюс 0,6 м, бірақ кемінде 1,5 м

8

Сондай және қабырғамен оның артында орналасқан

1,0 м

      Ескертулер.


      1. Нормалар жабдықтың шығыңқы бөліктерінен басталатын аралықты қарастырады.
      2. Артқы немесе бүйір жағына пайдалану қызмет көрсетуді талап етпейтін жабдық осы ескертудің 5-тармағында қарастырылған жағдайларды алмағанда, қабырғаға немесе басқа жабдыққа өте жақын орнатылу мүмкін.
      3. Құрылыс конструкциялары арқасында өткелдердің бөлек жергілікті тарылуы рұқсат етіледі, бірақ 0,2 м көп емес. Бұл ретте ашылатын есіктерге немесе жылжымалы бөліктерге қарама-қарсы өткелдердің тарылуы тыйым салынады.
      4. Өткелдердің ұлғаюы үлгілі құрылыс конструкцияларының өлшемдерімен анықталатын шектеулерде рұқсат етіледі.
      5. Бақылау-өлшегіш аппаратураны орнату қабылдау радиостанцияларына арналған нормалар бойынша жүргізу керек.
Қазақстан Республикасындағы 
телерадио хабарларын тарату 
ұйымдарындағы қауіпсіздік және
еңбекті қорғау талаптарына 
3-қосымша         
Спутниктің байланыстың қабылдау-таратушы станцияларында және
қабылдау радиостанцияларының пайдалану өткелдерінің өлшемдері



т/ша №

Өткелдің түрлері

Өткелдердің ені

1

Аппаратура қатарының беттік панельдері мен қабырға арасында (олардың арасында стол мен кезекші пульті жоқ болғанда)

Ашылатын есіктің ені мен блок жылжымалы бөлігінің ұзындығы плюс 0,6 м, бірақ кемінде 1,5 м

2

Аппаратура қатарының беттік панельдері арасында, олар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жағдайда (олардың арасында стол мен кезекші пульті жоқ болғанда)

Ашылатын есіктің өлшемдері немесе блоктың жылжымалы бөлігі ұзындығының қосындысы плюс 0,8 м, бірақ кемінде 2,0 м. Аппаратура қатарының 7,0 м дейін ұзындығында өткел енін қысқарту 1,8 м дейін рұқсат етіледі

3

Аппараттық столдар қатарлары арасында және үстелдер жағынан қызмет көрсету

1,0 м

4

Аппараттық столдар қатарлары арасында қызмет көрсету жағынан олардың бір-біріне қарама-қарсы орналасуында

1, 8 м – аппараттық үстелдер қатары 7,0 м дейін ұзындықта; 2,0 м - аппаратты үстелдер қатары 7,0 м ден көп ұзындықта

5

Жабдық (аппараттық столдар) қатарының артқы жағы мен қабырға арасында, қажет болғанда монтажға қызмет көрсету

Есіктер болған жағдайда – ашылатын есіктің ені плюс 0,6 м - 1,0 м

6

Жабдық (аппаратты столдар) қатарының артқы жақтары арасында, қажет болғанда монтажға қызмет көрсету

Есіктер болған жағдайда - ашылатын есіктер өлшемдерінің қосындысы плюс 0,6 м

      Ескертулер.


      1. Нормалар жабдықтың шығыңқы бөліктерінен басталатын аралықты қарастырады.
      2. Артқы немесе бүйір жағына пайдалану қызмет көрсетуді талап етпейтін жабдық қабырғаға немесе басқа жабдыққа өте жақын орнатылу мүмкін.
      3. Құрылыс конструкциялары арқасында өткелдердің бөлек жергілікті тарылуы рұқсат етіледі, бірақ 0,2 м көп емес. Бұл ретте ашылатын есіктерге немесе жылжымалы бөліктерге қарама-қарсы өткелдердің тарылуы тыйым салынады.
      4. Жабдық жылыту аспаптарынан кемінде 0,8 м қашықтықта алыстатылу керек.
      5. Өткелдердің ұлғаюы үлгілі құрылыс конструкцияларының өлшемдерімен анықталатын шектеулерде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасындағы 
телерадио хабарларын тарату 
ұйымдарындағы қауіпсіздік және
еңбекті қорғау талаптарына  
4-қосымша          
Электрқондырғыларға қызмет көрсетушілердің электрқауіпсіздігі
жөніндегі санаттық топтары



Электр қауіпсіздігі жөніндегі топтар

Электрқондырғыларды орнатудағы қызмет көрсетудің ең төмен жұмыс өтілі, ай

Персоналдың мінездемесі

Электртехникалық емес қызметкер

Электртехникалық қызметкер

Электротехникалық персонал

Практиканттар

Орта білімі жоқ

Орта білімімен және арнайы оқу өткен

Орта білімі бар және жоғары техникалық білімі бар

Орта мамандық оқу орындары

Жоғары оқу орындары

Арнайы оқу өтпеген

Арнайы оқу өткен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I

нормаланбайды

Арнайы электртехникалық дайындығы жоқ, бірақ қызмет көрсететін жерде, электржабдықтарда, қондырғыларда жұмыс жасауда электр тогының қауіптілігі және қауіпсіздік шаралар туралы қарапайым түсінігі бар тұлғалар, I топтағы тұлғалар алғашқы + электр тогынан зардап шеккендерге көмек көрсету ережелерімен таныс болу керек

II

2



2

1

1

нормаланбайды





II топтағы тұлғаларға міндетті болады: 1. Электрқондырғылармен қарапайым техникалық танысу. 2. Электр тогының және токқа тікелей байланысты бөліктерге жақындаудың қауіптілігі туралы анық түсінігі. 3. Электрқондырғыларында жұмыс жасаудағы негізгі қауіпсіздік шараларды білу. 4. Электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің тәжірибелік дағдылар

III

10 жоғарыда аталған топта

4 жоғарыда аталған топта

3 жоғарыда аталған топта

2 жоғарыда аталған топта

1 жоғарыда аталған топта

10 жоғарыда аталған топта

6 в жоғарыда аталған топта

3 в жоғарыда аталған топта

III тобының тұлғаларына міндетті: 1. Құрылғымен және электрқондырғыларға қызмет көрсетумен танысу. 2. Электрқондырғыларда жұмыс істеуде қауіп туралы анық түсінік. 3. Техникалық қауіпсіздіктің жалпы ережелерін білу. 4. 1000 В дейін кернеудегі электрқондырғыларда жұмыс жасауға рұқсат алу ережелерін білу. 5. Осы тұлғаның міндеттеріне кіретін жұмыс түрлері бойынша арнайы техникалық қауіпсіздік ережелерін білу. 6. Электрқондырғыларда жұмыс жасайтын қызметкерлерді бақылай білу. 7. Алғашқы көмек көрсету ережелерін білу және зардап шеккенге тәжірибеде алғашқы көмек көрсете білу (жасанды дем беру тәсілдері және т.с.с.).

IV

6 жоғарыда аталған топта

12 жоғарыда аталған топта

8 жоғарыда аталған топта

3 жоғарыда аталған топта

2 жоғарыда аталған топта

6 жоғарыда аталған топта





IV топтағы тұлғаларға міндетті: 1. Мамандырылған арнайы техмектебі көлемінде электртехникадағы білімі. 2. Электрқондырғыларда жұмыс жасауда қауіптілік туралы толық түсінігі. 3. Өз қызметі көлеміндегі нағыз ережелерді білу. 4. Жұмысты өндіру үшін құрылғыда өшірілуі міндетті элементтерді тауып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қажетті шаралардың орындалуын тексеруде өзін еркін сезіне отырып, орната алу керек. 5. Жұмыстардың қауіпсіз орындалуын ұйымдастыруды білу керек және бақылау керек. 6. Алғашқы көмек көрсету ережелерін білу керек және электр тогынан зардап шеккенге тәжірибелік алғашқы көмек көрсете білу керек (жасанды дем беру тәсілдері және т.с.с). 7. Өз аумағындағы сызбалармен жабдықтарды білу. 8. Басқа топтардың қызметкерлеріне қауіпсіздік техника және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережелерін үйретуді білу.

V

-

-

42

24

12

3




V тобының тұлғаларына міндетті: 1. Өз аумағының сызбалары мен жабдықтарды білу. 2. Осы Талаптар мен арнайы бөлімдерді жақсы білуі. 3. Кез келген тармақтың талабы неліктен туындағаны туралы анық тануы.
4. Жұмыстың қауіпсіз өндірілуін ұйымдастыру және кез келген кернеудегі электрқондырғыларда оларға бақылау жүргізе білу. 5. Алғашқы көмек көрсету ережелерін білу және электр тогынан зардап шеккенге тәжірибеде алғашқы көмек көрсете білу (жасанды дем беру тәсілдері және т.с.с). 6. Басқа топтардың қызметкерлерін техникалық қауіпсіздік ережелеріне үйрете білу және зардап шеккенге алғашқы көмек көрсете білуді үйрете алу.

      Ескерту.


      1. Мерзімі асып кеткен куәліктері бар немесе білімдері тексерілмеген, II - V топтарымен электрқауіпсіздігі жөніндегі электртехникалық қызметкерлердің тұлғалары I топ тұлғаларына теңестіріледі.
      2. 18 жастан кіші тәжірибеленушілерге II жоғары топты беруге рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасындағы 
телерадио хабарларын тарату 
ұйымдарындағы қауіпсіздік және
еңбекті қорғау талаптарына 
5-қосымша        
Қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіздік белгілері
бойынша плакаттар





Міндеті және атауы

Орындау, өлшемдері, мм

Тыйым салатын плакаттар

1

Жұмыс орнына кернеудің жіберілуіне тыйым салу үшін: «Қоспаңыз! Адамдар жұмыс жасап жатыр»

Ақ түсті фонда қызыл әріптер. Ені 13 және 5 мм қызыл жиек.
240х130
80х50
Тасымалды плакат

2
 
 
 

3


Адамдар жұмыс жасап жатқан желіде кернеудің жіберілуіне тыйым салу үшін: «Қоспаңыз! Желіде жұмыс жүріп жатыр»
Сығылған ауа, газдың жіберілуіне тыйым салу үшін: «Ашпаңыз! Адамдар жұмыс жасап жатыр»

Қызыл түсті фонда ақ әріптер. Ені 13 және 5 мм ақ жиек.
240х130
80х50
Тасымалды плакат
Ақ түсті фонда қызыл әріптер. Ені 13 мм қызыл жиек.
240х130
Тасымалды плакат

Ескерту белгілері мен плакаттары

4

Электр тогынан зақымдану қаупі туралы ескерту үшін: «Абайлаңыз! Электрлік кернеу»

12.4.026 –76 Мемлекеттік Стандарты бойынша (белгі 2.5). Сары түсті фон, қара түсті жиек пен жебе. Үш бұрыштың жағы: 360 – ғимараттың есіктерінде
160
100 – жабдық пен ыдыс үшін
80
50
40
25
Тұрақты белгі

5

Электр тогынан зақымдану қаупі туралы ескерту үшін: «Тоқта! Кернеу»

Ақ түсті фонда қара әріптер. Қызыл түсті жиек, ені 21 мм. Қызыл түсті жебе 12.4.026 –76 Мемлекеттік Стандартына сәйкес
280х210
Тасымалды плакат

6

Жоғары кернеудегі сынақтар өткізгенде электр тогынан зақымдану қаупі туралы ескерту үшін: «Сынақ. Өмірге қауіпті»

Ақ түсті фонда қара әріптер. Қызыл түсті жиек, ені 21 мм. ГОСТ 12.4.026 –76 Мемлекеттік Стандартына сәйкес қызыл түсті жебе
280х210
Тасымалды плакат

7

Құрылыстарға көтерілу кезінде кернеу астындағы токөтер бөліктерге жақындаудың туындау мүмкіндігінің қаупі туралы ескерту үшін: «Кірме. Өлтіреді!»

Ақ түсті фонда қара әріптер. Қызыл түсті жиек, ені 21 мм. ГОСТ 12.4.026 –76 Мемлекеттік Стандартына сәйкес қызыл түсті жебе
280х210
Тасымалды плакат

Бұйрық беру плакаттары

8

Жұмыс орнын көрсету үшін: «Осы жерде жұмыс істеу керек»

Ақ түсті дөңгелек жасыл түсті фонда диаметрі 168 және 68 мм. Дөңгелектің ішінде қара түсті әріптер.
Ақ түсті жиек ені 5 және 2 мм 250х250
100х100
Тасымалды плакат

9

Биіктікте орналасқан жұмыс орнына көтерілудің қауіпсіз жолын көрсету үшін: «ОСЫ ЖЕРДЕН МІНУ КЕРЕК»

Ақ түсті дөңгелек жасыл түсті фонда диаметрі 168 және 68 мм. Дөңгелектің ішінде қара түсті әріптер.
Ақ түсті жиек ені 5 және 2 мм 250х250
100х100
Тасымалды плакат

Сілтеуіш плакат

10

Электрқондырғының жерге тұйықталған аймағына кернеуді жіберудің мүмкінсіздігі туралы ескерту үшін: «Жерге тұйықталған»

Көк түсті фонда қара түсті әріптер. Ақ түсті жиек ені 13 және 5 мм.
240х130
80х50

      Ескерту: ірі габаритті жабдықпен электрқондырғыларда плакаттардың өлшемдерін сызбада көрсетілген өлшемдерге 2:1; 4:1; 6:1 қатынасында үлкейтуге рұқсат етіледі.


Қазақстан Республикасындағы 
телерадио хабарларын тарату 
ұйымдарындағы қауіпсіздік және
еңбекті қорғау талаптарына 
6-қосымша        
жүктеу 1,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау