Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы


Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейінгі еңбек



жүктеу 1,56 Mb.
бет2/8
Дата03.03.2018
өлшемі1,56 Mb.
#11016
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейінгі еңбек
қауіпсіздігінің талаптары
      26. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі міндеттер:
      1) механизм мен құралды өшіру;
      2) жұмыс орнын, компьютерді, механизмдерді, құралдарды, тетіктерді ретке келтіру;
      3) кезекті алмастырушыға немесе жетекшіге жұмыс орнын, компьютерді, механизмдерді, құралдарды, тетіктерді тапсыру. Барлық ақаулар, ауытқулар туралы кезекті алмастырушыға немесе жетекшіге хабарлау;
      4) егер ауысым болмаған жағдайда желдеткішті және жергілікті жарықты өшіру.
6. Техникалық қызметкерлерге қойылатын талаптар
      30. Ұйымдардың жабдықтарын қондыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуіне және жөндеу жұмыстарын атқаруға дәрігерлік байқаудан өткен, енгізу нұсқамасын өткен, жұмыс орнындағы нұсқама мен оқытылудан өткен, қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне оқытылған, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы білім тексерілуінен өткен, тарифтік-біліктілік анықтамасы бойынша сәйкес біліктілікке ие және электрқауіпсіздік бойынша сәйкес топқа кіретін, жазатайым оқиға кезінде алғашқы көмек көрсете алатын, алғашқы өртсөндіру құралдарын қолдана алатын, жасы 18-ден төмен емес тұлғалар жіберіледі.
      31. Ұйым басшысының бұйрығы бойынша жасы 18-ге толмаған тәжірибеден өтіп жүрген жоғарғы және орта оқу орындарының практиканттарына жұмыс істеп тұрған электрқондырғылардың маңайында электротехникалық қызметшілер қатарынан тұратын, 1000 Вольтқа дейінгі электрқондырғылар бойынша ІІІ-ші санаттағы, 1000 Вольттан жоғары кернеудегі қондырғылар бойынша ІҮ санаттағы оқытушы тұлғаның қадағалауында ғана болуларына рұқсат етіледі. Жасы 18-ге толмаған тәжірибе өтуші студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге жіберуге және электрқауіпсіздігі бойынша ІІІ-тен жоғары санат беруге тыйым салынады.
7. Ұйымдардағы электр қондырғыларының классификациясы
      32. Ұйымдардың электрқондырғылары электроқуатты қондырғылар (жабдықтар) және телерадиоқондырғылар (жабдықтар) болып бөлінеді.
      Күш беретін электрқұрылымдар қатарына электр қуаты өндірілетін, тасымалданатын, токтың түрлі кернеу мөлшеріне қарай түрлендіретін және 50 Герцтік жиіліктегі өндірістік және тұрақты электрқуатының пайдаланылуын жүзеге асыратын генераторлар, трансформаторлар, токты тұрақтандырушы түзеткіштер, электрқозғағыштар, токты бөліп таратқыш қондырғылар, күш беретін қалқандар, реле қалқандары мен басқару қалқандары, релелік қорғаныс қондырғылары және екінші кезекті автоматикалық қондырғылар, электр қуатын тасымалдаушы әуе және кабельдік желілер, электр жарығын беруші тораптар және тағы да соған ұқсас қондырғылар жатады.
      Телерадиоқондырғыларға мыналар жатады: стационарлық, жалғамалық және қозғалмалы телерадио хабарларын таратудың құрал-жабдықтары, көліктік телевизиялық спутниктік станциялар (бұдан әрі - КТСС), ұшқыр телевизиялық спутниктік станциялар (бұдан әрі - ҰТСС), хабартаратқыштар, қабылдағыштар, қоздырғыштар, ақырғы аппаратуралар, қадағалау қондырғылары, өлшемдер, коммутациялар, автоматтық қондырғылар, телеметриялық құралдар және өзге де электр қуатын өндіретін тұтыныс және радио немесе дыбыстық жиілік пен өнеркәсіптің жиілік энергиясынан алынатын электрондық қондырғылар мен радиотехникалық қайта қондырғылар.
      33. Электрқауіпсіздігі талаптары бойынша барлық электрқондырғылар 1000 Вольтқа дейін кернеудегі электрқондырғыларға және 1000 Вольттан жоғары электрқондырғыларға бөлінеді (кернеудің әрекеттегі мәні бойынша).
      34. Телерадио қондырғылар блоктауы бар және жоқ болып бөлінеді.
      35. Қауіпті кернеудегі токкөзін ажыратпайынша кіруге болмайтын қоршаулар мен жабдық шкафтарының есіктерін ашуға мүмкіндік бермейтін бекіту құрылғылармен қызмет атқарушы тұлғалар жұмыс істейтін орындар, токкөздерін жедел ажырататын токөтер құрылғылардың бөлшектері және тағы басқа да қондырғылар (хабарлағыштар, модуляторлар) жабдықталады.
      Блокталмаған телерадио қондырғыларға мыналар жатады: стационарлық, жалғанбалы, қозғалмалы, телерадио хабарларын тарату жабдықтары, КТСС, ҰТСС, радиоқабылдағыш қондырғылар, қашықтықтан басқарылатын коммутаторлар, күшейткіштер, дыбыстық күшейткіштер, дыбыстық манипуляторлар, магнитофондар, өлшемдік приборлар, эквиваленттер, жоғары жиілікті қайта қосқыштар, фидерлер мен өзге де қажетті жабдықтар.
8. Өндірістік бөлмелерге қойылатын талаптар 1-параграф. Жабдықтарды орналастыру
      36. Қолданыстағы, сондай-ақ жаңадан салынған және қалпына келтірілген телерадио хабарларын тарату объектілер бөлмелері, қызмет көрсетілмейтін микроретрансляторлардан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1341 қаулысымен бекітілген «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 1353 қаулысымен бекітілген тұтынушылар электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы Қағидаларына сәйкес болуы тиіс.
      37. Өндірістік бөлмелер өзара және ауысым бойынша аға қызметші отырған кеңсемен телефон арқылы байланыспен қамтамасыз етіледі.
      38. Бөлмелердің табиғи және жасанды жарықтандырылуы 2.04-05-2002* «Табиғи және жасанды жарықтандырылу» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
      39. Өндірістік бөлмелердегі жұмыс аумағындағы температура, қатысты ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітіліген «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына», сондай-ақ «Өндірістік жайлардың ауасына қойылатын жалпы санитарлық гигиеналық талаптарға» ГОСТ 12.1.005-88 сәйкес болу керек.
      40.  Өндіріс бөлмелердегі шуыл деңгейі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1341 қаулысымен бекітілген «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс.
      41. Артық инсоляциямен, яғни тікелей күн сәулелерімен бөлменің сәулеленуіне қарсы күннен қорғағыш құрылғылар қолданылады: перделер, терезеперделер, қорғағыш күнқағарлар.
      42. ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес бөлмелер жылыту, ауа алмастыру және ауа баптау жүйелерімен жабдықталады.
      43. Өндірістік бөлмелер қорғау құралдары мен сақтағыш құрылғыларды сақтау орындарымен жабдықталады.
      44. Өндірістік бөлмелерде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек дәрі қорабы орнатылады.
      45. Электр тогымен зақымға ұшырау қауіптілік дәрежесі бойынша өндірістік бөлмелер үш санатқа бөлінеді:
      1) жоғары қауіпті, бойында жоғары қауіптілік тудыратын келесі шарттардың біреуінің болуы:
      дымқылдық (салыстырмалы ылғалдылығы ұзақмерзімді 75% жоғары) немесе токөткізгіш шаң;
      токөткізгіш едендер (металл, жер, темірбетон, кірпіш);
      жоғары температура (температура әрдайым немесе жиілікті (бір күннен астам) +350 C жоғары болса);
      бір жағынан жермен жалғасы бар ғимараттың металлқұрылымдарына, технологиялық аппараттарына, механизмдеріне және екінші жағынан электр жабықтарының металл тұрқысына бір уақытта қол тигізу немесе жанасу мүмкіндігі;
      2) аса қауіпті, бойында аса қауіптілік тудыратын келесі шарттардың біреуінің болуы:
      аса дымқылдық (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ұзақмерзімді 100% жақын-еден, төбе, қабырғалар және бөлмедегі нәрселерді ылғал басқан);
      химиялық белсенді орта (құрамында, жабықтардың токөтер бөліктеріне және оқшаулауға бұзушылық әсер ететін булардың немесе шөгінділердің әрдайым немесе ұзақмерзімді уақыт бойы болуы);
      бір мезгілде екі немесе одан артық жоғары қауіптілік шарттарының болуы;
      3) аса қауіптілігі жоқ, мұнда жоғары немесе аса қауіптілік тудыратын шарттар жоқ.
      46. Өндірістік бөлмелердің қауіптілік дәрежесін ұйым жетекшілігімен уәкілеттелген тұлғалар анықтайды. Бөлмелерде көрінетін жерде сол бөлменің электр тогымен зақымдану қауіптілік дәрежесі, элетршаруашылығына және еңбек қорғау жағдайына жауаптының тегі жазылған тақтайша орнатылады.
      47. Оқшауланған бөлмелер арқылы жоғары кернеулі шиналардың (сымдардың) транзиттік өткелдері, шиналар (сымдар) қорғағыш жерге тұйықталғышпен байланысқан металл қоршаулары (қораптар, құбырлар) болуы керек. Бұл ретте қоршауға транзиттің тәнділігін меңзегіш және «Абайла! Электр кернеуі» ескертуші белгі орнатылады.
      48. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті өндірістік бөлмелерде атаулы кернеуі 42 Вольттан артық емес, электр құралдары мен қол электр шамдарын қосуға арналған дербес электр желісі төселеді.
      49. Өндірістік бөлмелердегі жабдықтардың металл тұрқыларына және жылыту, сумен жабдықтау мен канализация құбырларына бір мезгілде жанасу мүмкіндігінде, оларды ток өткізбейтін торлармен қоршап қою керек.
      50. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін бөлмелердің жұмыс орындары ауа тартқыш вентиляциямен жабдықталады.
      51. Ғимаратқа жақын орналасқан фидерлік линия мен антенналардың сәулелену есебінен өндірістік бөлмелердегі электромагниттік алаң деңгейін төмендету үшін, сәулелендіргіш жүйелері жағынан ғимарат бөлімдері қалқаланған болуы мүмкін: қабырғалар – жермен тұйықталған металл парақтармен немесе қабырға қалыңдығында орналасқан тор арқылы, терезе ойықтары – жермен тұйықталған металл тор немесе арнайы металлданған әйнек арқылы.
      52. Жабдықтардың қондырылуы мен орнатылуы осы Талаптардың 1,2,  3-қосымшаларындакөрсетілген көтермелі механизмдер мен аспаптарды сынау, хабарлағыш радиостанциялар мен аспаптарда пайдалану өткелдерінің өлшемдерінің, спутник байланысының қабылдағыш радиостанцияларында және қабылдау-табыстау станцияларында пайдалану өткелдерінің өлшемдерінің нормалары мен мерзімдерін ұстануымен орындалады.
9. Өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптар.
1 параграф. Телерадиоқұрылғыларға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
      53. Радиоқұрылғылардың байқаусыз жанасуына қолжетімді токөтер бөлімдері, жабық немесе қоршаулы болу керек, олардағы кернеулер келесі мәндерден жоғары болғанда:
      жоғары қауіптілік бөлмелерінде - 42 Вольт ауыспалы токтан және 110 тұрақты токтан;
      аса қауіпті бөлмелерде - 12 Вольт ауыспалы токтан және тұрақты токтан.
      54. Шығарылатын блоктары мен ашылатын есіктері бар ралиоқұрылғылардың токөтер бөлімдеріне байқаусыз жанасу мүмкін болған жағдайларда радиоқұрылғы жанына құрылғының ұзындығына сәйкес ені 0,7 метрден кем емес диэлектрик кілемдер төселеді. Токөткізгіш едендері бар бөлмелерде диэлектрик кілемдер радиожабдықтардың барлық түрлерінің жанында төселеді.
      55. Радиоқұрылғылардың электромагниттік сәулешығару деңгейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1341 Қаулысымен бекітілген «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларға сәйкес.
      56. Жоғары жиілікті құрылғылар қызмет көрсету аймағындағы жұмыс орындарында кемінде жылына бір рет сәуле шығару қарқындылығын өлшем жасалады. Өлшемдер сәуле шығарудың ең жоғары қуаттылығы мен барлық жоғары жиілік көздері бір мезгілде жұмыс жасап тұрған кезде жасалады.
      Сәуле шығару қарқындылығын өлшеу жаңа генераторлық құрылғыларды іске қосқанда, әрекеттегілерді ұйымдастырғанда, сәуле шығару қарқындылығына әсер етуі мүмкін жөндеу жұмыстарынан кейін жасалады.
      Радиоэлектрондық құралдарды (бұдан әрі - РЭҚ) Электромагнитті өрістер (бұдан әрі - ЭМӨ) деңгейін аспаптық бақылау жүргізіледі:
      1) радио техникалық жабдықты пайдалануға енгізу кезінде;
      2) ЭМӨ деңгейіне әсер ететін РЭҚ жұмысының шарттары мен тәртібі өзгерген кезде (антенналар бағдарының өзгеру, тетіктердің қуатын ұлғайту);
      3) РЭҚ жататын аумақта жағдай жоспарының өзгеру кезінде;
      4) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды өткізу кезінде;
      5) ЭМӨ деңгейін төмендету бойынша шараларды өткізгеннен кейін.
      57. Сәуле шығару қарқындылығын өлшеу аталған өлшемдерді жасауға сертификаты бар ұйыммен орындалады.
2 параграф. Электрқұрылғыларды жермен тұйықтау
      58. Электрқұрылғыларды жермен тұйықтау үшін жермен тұйықталудың үш түрі қолданылуы мүмкін:
      1) қорғаныстық – қызмет көрсету құрамының қауіпсіздігін қамту мақсатында жабдықтарды жермен тұйықтау;
      2) жұмыстық – электрқұрылғылардың әрекетіне байланысты және жұмыс токтарының жерге өту мүмкіндігі бар радиоқұрылғылардың аппататурасын қосу мүмкін болуы үшін, электр тізбегін құру мақсатында жермен тұйықтау;
      3) найзағайдан қорғаныс - қызмет көрсету құрамының қауіпсіздігін қамту мақсатында, ғимараттарды сақталушылықпен қамту, антенды-мачталы үймереттердің механикалық бұзылуы мен найзағайлардың тікелей соққыларының салдарынан болатын өрттер мен екінші ретті әсерлерінен және жоғары потенциалдар күртігінен қауіпсіздендіру мақсатында.
      59. Электркүштік құрылғыларды жермен тұйықтандырылуында және радиоқұрылғылардың қорғаныстық жермен тұйықтандырылуында бір жалпы жермен тұйықтағыш қолданылады.
      60. Жермен тұйықтағыштың барлық түрлерінің арасында жерде және техникалық ғимаратта электр байланысы ескеріледі, ерекшелік тек қана жермен тұйықтағыштарын біріктіруге жол берілмейтін жабдықтардың жермен тұйықтағыштарында.
      61. Қорғаныстық жермен тұйықтағыш құрылғының жермен тұйықтағышы ретінде тек қана жұмыстық (жоғары жиілікті) жермен тұйықтағыш құрылғының жермен тұйықтағышын немесе антенді-фидерлік жүйенің жермен тұйықтағыш құрылғысын қолдануға жол берілмейді.
      62. Электрқұрылғылардың жермен тұйықталуы немеме нөлденуі орындалады:
      1) ауыспалы токтың атаулы кернеуі 380 Вольттан жоғары сонымен қатар ұрақты ток кернеуі 440 Вольттан жоғары – барлық жағдайларда;
      2) ауыспалы токтың атаулы кернеуі 42 Вольттан 380 Вольтқа дейін және тұрақты токтың 110 Вольттан 440 Вольтқа дейін жоғары қауіпті және аса қауіпті бөлмелерде және сыртқы электрқұрылғыларында;
      3) жарылыс қаупі бар бөлмелердің ауыспалы және тұрақты токтарының барлық кернеулерінде.
      63. Қорғаныстық жермен тұйықталуға тиісті бөліктерге жатады:
      1) электркүштік құрылғылардың тұрқылары;
      2) радиоқұрылғылардың тұрқылары;
      3) электр аппаратының жетектері;
      4) өлшегіш трансформаторлар екінші ретті орамдары;
      5) үлестіргіш құрылғылардың металл құрылымдары, кабельдік муфталардың металл тұрқылары, металл қабықшалар, кабельдердің сауыты мен қалқандары, сымдардың металл қабықшалары мен қалқандары, сымдарға арналған болат құбырлар мен басқа да металл құрылымдар;
      6) орын ауыстырылатын және тасымалданатын электрқабылдағыштар мен құрылғылардың металл тұрқылары;
      7) тұрқы және кернеуі 42 Вольт және төмендеткіш желіге жабық жермен тұйықтағыш бейтарабы арқылы қосылған, бөлгіш емес трансформаторлардың кернеуінен төмен екінші ретті орамдар.
      64. Жермен тұйықталуды қажет етпейтіндер:
      1) жермен тұйықталған металл кұрылымдардың үстіне орнатылған құрылғылар, егер тірек бөлімдерінде электр байланысын қамтамасыз ететін тазартылған сырланбаған жерлер ескерілсе;
      2) жермен тұйықталуы бар металл сауыттардың, шкафтардың үстінде және үлестіруші құрылғылар камерасының қабырғасында орнатылған электрөлшеуіш құралдардың тұрқылары;
      3) екі мәрте оқшауланған электроқабылдағыштар;
      4) жермен тұйықталған үлестіруші құрылғылар, қоршаулар, шкафтар тұрқыларының ашылатын немесе алынатын металл бөлшектері, егер алынатын (ашылатын) бөлшектерде электр жабдықтары орнатылмаған болса немесе орнатылған электр жабдықтарының ауыспалы ток кернеуі 42 Вольттан, тұрақты ток кернеуі 110 Вольттан аспайтын болса.
      Жарылыс қаупі бар бөлмелерде орнатылған бөлек электрқозғалтқыштарды, станоктарда орнатылған аппараттарды жермен тұйықтаудың орнына, станоктың қозғалмайтын табаны мен жабдық арасында сенімді байланысты қамтамасыз еткен жағдайда станоктың табанын ғана жермен тұйықтайды.
      65. Радиоқондырғылар үшін қорғаушы жермен тұйықтағыш құрылғысының кедергісі 4 Ом артық емес (топырақтың меншікті кедергісі с 100 Ом.м дейін болғанда). Топырақтың меншікті кедергісі р 100 Ом.м артық болғанда, жермен тұйықтағыш құрылғысының кедергісін р/100 есе арттыруға рұқсат етіледі, бірақ 10 еседен артық емес.
      66. Жермен тұйықтағыш құрылғысының техникалық жағдайын анықтау үшін мерзімді жасалып отырады:
      жермен тұйықтағыш құрылғысының кедергісін өлшеу;
      кемінде он екі жылда бір рет топырақта болатын жермен тұйықтағыш элементтерді топырақтан ашумен таңдаулы тексеріс қарау;
      жермен тұйықталатын элементтер мен жермен тұйықтағыш арасындағы тізбектердің жағдайын және де жермен тұйықтағыш құрылғының кәдімгі жермен тұйықтағышпен жалғануын тексеру;
      жермен тұйықтағышы жанасу кернеуі нормаларымен жасалған электрқондырғылардағы жанасу кернеуін өлшеу.
      67. Жермен тұйықтағыш құрылғылардың кедергісін өлшеу кемінде жылына бір рет және де сол құрылғылардың монтажынан, қайта құрылуынан және күрделі жөндеуінен кейін жасалып отырады. Өлшемдер топырақтың ең жоғары құрғау мезгілінде өткізіледі.
      68. Жанасу кернеуін өлшеу монтажынан, қайта құрылудан және күрделі жөндеуден кейін жасалады, бірақ кемінде алты жылда бір рет.
      Ұйымдарда жыл сайын: электрқондырғының жермен тұйықтағышынан жерге ағылатын бірфазалы қысқа мерзімді тұйықталу тогын нақтылау, жанасу кернеуінің мәндерін түзету және ЭОЕ талаптарымен салыстыру. Нормалық деректерден асқан жағдайда кернеуді төмендетуге бағытталған іс-шаралар қолданылады.
      69. Жермен тұйықталуды немесе қорғаушы ажыратқыш құрылғыларды ЭОЕ талаптарына сәйкес жасауға мүмкіншілік болмаған жағдайларда немесе технологиялық себептермен қиыншылық тудырса, элетркүштік жабдықтарға оқшаулағыш алаңшалардан қызмет көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл ретте электржабдықтар мен басқа жабдықтардың және ғимараттың бөліктеріне бір мезгілде жанасуға жол берілмейді.
      70. Жермен тұйықталуға немесе нөлденуге жататын электрқұрылғының әр бөлігі, бөлек өткізгіш арқылы жермен тұйықталу немесе нөлдену желісіне жалғанады. Электрқұрылғының жермен тұйықталатын немесе нөлденетін бөліктерінің жермен тұйықтағышқа немесе нөлдік қорғаушы өткізгішіне ретті қосылуына жол берілмейді.
      71. Жермен тұйықтағыш және нульдік қорғаушы өткізгіштердің жермен тұйықтағыштарға, жермен тұйықтағыш контурына және жермен тұйықтағыш құралымдарға пісіру арқылы бекітіледі, ал аппараттар мен машиналар тұрқыларына, әуе желілерінің элетржіберуші тіректеріне – пісіру арқылы немесе сенімді бұрандалы байланыс арқылы бекітіледі.
      Электрқондырғыларда жерді фазалы немесе нөлдік сым ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.
      72. Егер радиоұйымдардың электркүштік қондырғылары желіден жабық жермен тұйықталған бейтарап желіден қуаттандырылса, матасу кезінде жермен тұйықталған бөліктері желінің бұзылған аумақтарынан автоматты түрде ажыратылумен қамтылады.
      Жабық тұйықталған бейтарабы бар кернеуі 1000 В дейінгі электркүштік қондырғыларда жабдықтар тұрқыларының металл байланысын қоректендіргіш трансформатордың немесе генератордың жермен тұйықталған бейтарабымен нөлдеу жасау міндетті.
      73. Тасымалданатын электрқабылдағыштардың жермен тұйықталуы немесе нөлденуі тасымалданатын сымдардың фазалық тарамдарымен бір қабықшада орналасқан, электрқабылдағыш тұрқымен және штепсельдік ажыратылымның арнайы аша байланысына жалғанған арнайы тарамымен (үшфазалы токты электрқабылдағыштары үшін - үшіншісі) жүзеге асады. Бұл тарам қимасы фазалық өткізгіштер қимасына тең болуы тиіс. Бұл мақсатта нөлдік жұмыстық өткізгішті, соның ішінде ортақ қабықшада орналасқанды да қолдануға жол берілмейді.
      Сымдар мен кабельдер тарамдары мыс, иілгіш, қимасы 1,5 шаршы милиметрден кем емес болуы керек.
      74. Жұмыс жасау кезінде тасымалдауға ескерілмеген, сынақтық және тәжірибелік қондарғылардың тасымалданатын элетрқабылдағыштарын, стационарлық немесе бөлек тұрған жермен тұйықтағыш өткізгіштерді қолдану арқылы жермен тұйықтау рұқсат етілген.
      Стационарлы жермен тұйықтағыш өткізгіштер ЭОЕ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      Электроқабылдағыштардың штепсельдік ажыратылымдарында және де ұзартқыш сымдар мен кабельдерде розеткаға қоректендіру көзі жағынан өткізгіштер алып келінуі тиіс, ал вилкаға - электроқабылдағыштар жағынан. Штепсельдік ажыратылымдарда жермен тұйықтағыш және қорғаушы өткізгіштер жалғанатын арнайы түйісулері бар. Қосқан кезде бұл түйісімдер арасындағы жалғану, фазалық сымдардың жанасуынан бұрын орнатылады. Өшірген кездегі түйісімдердің ажырау реті кері бағытта қайталануы тиіс.
      Штепсельдік ажыратылымдар құрылымы фазалық өткізгіштер түйісімінің жермен тұйықталу (нөлдену) түйісімдерімен байланысу мүмкіндігін жоққа шығаруы тиіс. Егер штепсельдік ажыратылым тұрқысы металдан жасалған болса, ол жермен тұйықталу (нөлдену) түйісімімен элетрлі жалғануы тиіс.
      75. Жермен тұйықтағыш өткізгіштерді тоттанудан қорғау керек.
      76. Ашық салынған болат жермен тұйықтағыш өткізгіштер қара түске боялады.
      77. Жермен тұйықталу немесе нөлдену тораптары және жабық бөлмелер мен сыртқы қондырғыларда тармақталуы тексеріп қарау мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Қарап тексеруге мүмкіндік талаптары нөлдік тарамдар мен кабельдер қабықшаларына, темірбетон құрылымдар арматурасына, және де құбырлар мен қораптарда төселген жермен тұйықтағыш және нөлдік қорғаушы өткізгіштерге, және де тікелей құрылыс құралдарға (тұтас құймаланған) таратылмайды.
      Кернеуі 1000 В дейінгі радиоқабылдағыштарға қарай тораптардың тармақтарын тікелей қабырғада, агрессивті ортадан қорғалған таза еден астында жасырын төсеуге рұқсат етіледі. Тармақтардың байланыстары болмауы керек.
      Сыртқы қондырғыларда жермен тұйықтағыш және нөлдік қорғаушы өткізгіштерді жерде, еденде немесе алаңшалар шетінде, технологиялық қондырғылар іргетастарында төсеуге рұқсат етіледі.
      Жер астында төсеуге, жермен тұйықтаушы немесе нөлдік қорғаушы өткізгіштер ретінде оқшауланбаған алюминий өткізгіштерді қолдануға жол берілмейді.
      78. Уақытша жермен тұйықталудың барлық жерлері тазартылып арнайы вазилинмен майлануы тиіс.
      79. Жермен тұйықтау өткізгіштерінің ғимаратқа енгізілу орындарында таныту белгілері ескеріледі.
      80. Арнайы салынған жермен тұйықтағыш өткізгіштердің басқа мақсаттарда қолданылуына жол берілмейді.
      81. Жермен тұйықтағыш және нөлдік қорғаушы өткізгіштер арасындағы байланысты, пісіру арқылы біріктірілген сенімді электр түйісімі қамтамасыз етеді.
      82. Әр жермен тұйықталу құрылысы жермен тұйықтау сұлбасы сызылған төлқұжатқа ие, онда оның негізгі техникалық мәліметтері, құрылғы жағдайын тексеру туралы нәтижелері, қайта құрылымдау мен жөндеу кезіндегі өзгертілімдер туралы жазбалар көрсетіледі.
10. Электқондырғыларға қызмет көрсету кезінде
қойылатын қауіпсіздік талаптары
1-параграф. Жедел қызмет көрсету
      83. Ұжымдардаң элетрқондырғыларына шапшаң қызмет көрсетуді кезекші және шапшаң-жөндеу құрамы жүзеге асырады.
      84. Шапшаң қызмет көрсетуге шапшаң сұлбаларды, лауазымдық және қолдану нұсқамаларды, жабдықтың ерекшеліктерін білетін және оқытылып, білімі тексерілген тұлғалар жіберіледі. Құрамның электрқауіпсіздік топтары осы Талаптардың 4 қосымшасында келтірілген.
      85. Кезекші және шапшаң-жөндеу құрамы ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің элетршаруашылығына жауапты маман бекіткен кестемен жұмыс жасайды.
      Өндірістік қажеттілік жағдайында, кестені бекіткен тұлғаның келісімімен бір кезекшінің басқасымен ауыстырылуына болады.
      86. Шапшаң-жөндеу құрамының тұлғасы, кезекшілікке енгеннен кейін, әуелгі кезекшіден ауысымды қабылдап алады, ал жұмыс аяқталған соң кестеге сәйкес келесі кезекшіге ауысымды тапсырады.
      Кезекшіліктен ауысымды тапсырмай кетуге жол берілмейді. Айрықша жағдайларда шапшаң-жөндеу құрамының жоғары тұрған тұлғаның рұқсатымен жұмыс орнын қалдыруға болады.
      87. Ауысымды қабылдағанда кезекші және шапшаң-жөндеу құрамы:
      1) жеке байқау арқылы сұлбамен жабдықтың жұмыс жасау тәртібі мен жағдайын тексереді;
      2) ауысымды тапсырып тұрған кезекшіден, апат пен ақауларды алдын алу мақсатында бақылауға қажет жабдықтар мен жөндеуде немесе қорда тұрған жабдықтар туралы ақпарат алады;
      3) аспаптарды, материалдарды, бөлмелердің кілттері, қорғаныс құралдарды, оперативті құжаттар мен нұсқамаларды тексеріп қабылдайды;
      4) өзінің соңғы кезекшілігінен кейін жасалған жазбалар мен өкімдерді тексереді;
      5) ауысымды қабылдауды ауысым журналына, ведомосқа, жасалған жазба және оперативті сұлбаға қойылған ауысым қабылдаушы мен ауысым тапсырушы тұлғалардың қол қоюымен рәсімдейді;
      6) кезекшілікке енгені туралы және ауысымды қабылдаған кездегі ақаулар туралы ауысымның аға маманына хабарлайды.
      88. Апаттарды жою барысында, ауыстырып қосу кезінде немесе жабдықтарды қосу немесе өшіру операциялары кезінде ауысымды тапсырып, қабылдау рұқсат етілмейді.
      Апаттарды жою ұзақ мерзімге созылғанда ауысымды тапсыру әкімшіліктің рұқстымен жүзеге асады.
      89. жабдықтың ластанған кезінде, жұмыс орны мен қызмет көрсету бөлімі жиналмаған болғанда ауысымның қабылдап тапсырылуына рұқсат етілмейді.
      Жабдықтың бұрыстығы кезінде, ауысымды қабылдау, сол электқондырғыға жауапты тұлғаның немесе жоғары тұрған тұлғаның рұқсатымен жүзеге асады, және бұл туралы оперативті журналда белгі жасалады.
      90. Өзінің кезекшілігі кезінде шапшаң-жөндеу құрамының тұлғасы оған тапсырылған бөліктегі барлық жабдықтардың дұрыс қызмет көрсетілуі мен апатсыз жұмысына жауапты.
      91. Жұмыс жасау тәртібі бұзылғанда, зақымданғанда және апатқа ұшырағанда шапшаң-жөндеу құрамы жұмыс тәртібін қалпына келтіруге арналған өз бетінен шаралар қолданады және оқиға туралы ауысымның тікелей аға маманына немесе электршаруашылығына жауапты маманға хабарлайды.
      92. Кернеуі 1000 В төмен радио және телевизионды таратушы станцияларда, қабылдау радиостанцияларында, кезекші топтың құрамы кемінде екі адамнан тұру керек, электрқауіпсіздігі бойынша біреуінде IV топ, ал қалған кезекшілерде - III топтан кем емес.
      Жабдықтардың бірнеше аралас бөлмелерде орналасуы кезінде олардың әр қайсысында бір кезекшіден жайғастыруға рұқсат етіледі, және олардың біреуі аға кезекші. Егер жабдықтар бірнеше бөлмелерде орналасса кезекшілер қатарына электр қауіпсіздік тобы ІV тағы бір кезекші қосылады.
      93. Кернеуі 1000 В дейін радио және телевизионды таратушы станцияларда, қабылдау радиостанцияларында, радиобюроларда, коммутациялы-үлестіруші аппараттық радиотаратушылықтарда, радиобақылау бекеттерінде, спутникалық байланыс станцияларының радиотартушылықтарында кезекші құрам тұлғалары электр қауіпсіздік тобы бойынша III кем емес, ал аға кезекші тобы IV кем емес болуы тиіс.
      94. Аз қуатты телевизионды ретрансляторларға, қуаттылығы киловатттан артық емес раиотаратқыштарда, кезекшілік әдіспен қызмет көрсетілетін ретрансляторлардан басқа, және де автоматтандырылған және дистанционды түрде басқарылатын жабдықтардың жағдайы мен параметрлерінің мезгілді бақыланғанда шапшаң қызмет көрсетуді электрқауіпсіздік тобы IV кем емес бір тұлғаға немесе топқа жүктеуге рұқсат етілген.
      95. Жабдықтарға шапшаң қызмет көрсету кезінде қызмет көрсетуші құрамның қауіпсіздігін қамтамассыз ететін келесі шарттарды ұстанады:
      1) бұзылған жабдық орнына қосылатын қордағы жабдықтың болуы;
      2) техникалық құралдар орналасқан бөлмелерге телефондар мен өрт дабылдама жабдығын орнату;
      3) кезекшінің шақыруы бойынша жабдықтың зақымдалуын жоюға арналған апатты-қалпына келтіруші бригадалар ұйымдастыру.
      Кезекші болып инженерлі-техникалық жұмысшылар немесе тәжірибелік жұмыс өтілімі бар, жабдықтарға қауіпсіз қызмет көрсету ережелері мен сұлбаларды, жабдықтарға қызмет көрсету нұсқамаларын білетін электромонтерлар тағайындалады.
      Техникалық құралдарға жеке-дара шапшаң қызмет көрсету кезінде жабдық шкафтарының тек сыртқы жағынан пайдалану операцияларын жасауға рұқсат етіледі (қосу, ажырату, қайта құру, қордағы жабдыққа көшу), ал қоршаудың ар жағына өтуге, тосқауылданған бөлімдерге өтуге, таратқыштар немесе басқа жабдықтардың есіктерін ашуға, кез келген жөндеу жұмыстарына немесе ақауларды жоюға, (қоршаудың ар жағында орналасқан шамдарды ауыстыруды қоса), және де жоғары қауіпті мен аса қауіпті бөлмелерде штепсельдік байланыс арқылы электр желісіне өлеуші, жылытушы және тұрмыстық электр құралдарды қосуға тыйым салынады.
      Жоғары қауіпті мен аса қауіпті бөлмелерде электр желісіне өлеуші, жылытушы және тұрмыстық электр құралдарды қосу стационарлы орнатылған автоматты ажыратқыштар арқылы рұқсат етіледі.
      Шараларды орындау кезінде жеке дара шапшаң қызмет көрсетуге өту ұйым жетекшісімен бекітіледі.
      96. Ұйымдарда жөндеу-профилактикалық жұмыстар, құрамы екі адамнан кем емес бригадалармен (топтармен) жасалады.
      Кернеуі 1000 В артық жабдық жұмыстарында бригада жетекшісінің электрқауіпсіздік тобы V төмен емес, ал кернеуі 1000 В төмен жабдықта бригада жетекшісінің электрқауіпсіздік тобы IV төмен емес болуы тиіс.
      Жабдықта жұмыс атқаратын бригада (топ) мүшелерінің электр қауіпсіздігі тобы III төмен емес, ал механикалық (слесарлық, сантехникалық) жұмыстар атқаратындардың элетрқауіпсіздік тобы II төмен болмауы тиіс.
      97. Радиоқондырғыларды қарап тексеруге және оларды қайта құру кезінде ауыстырып қосу үшін кезекші құрамға шкафтарды ашуға, 42 В артық кернеу астындағы токөтер бөліктерге жанасу мүмкіндігін жоққа шығару шартымен, шамдар қызуының кернеуін шығармай блоктарды жылжытып шығаруға рұқсат етіледі.
      98. Радиошамдарды (азқуатты цоколінде қадалық істігі барлардан басқа) ауыстырғанда бұл шамдардың қызу кернеуі өшіріледі.
      99. Суымаған шамдарды ауыстырғанда күйіктен қорғану үшін қызмет көрсету құрамы мақта маталы биялайды немесе қолғапты қолданады.
      100. Радиоұйымдардың электрқондырғыларының қызмет көрсетілуіне қатысы жоқ және нарядтар немесе өкімдер бойынша бойынша жұмыстар атқармайтын тұлғалар, кезекші ауысым немесе цех (станция) басшысы бақылауымен ғана техникалық бөлмелерге өткізіледі.
      Егер цех (станция) басшысы болмаса, ауысымның аға кезекшісі станцияның техникалық бөлмелеріне инспекторлық және техникалық құрамды қолдарында сәйкес құжаттары болған жағдайда өткізеді.
      101. Электрқондырғылардың барлық түрлерінің қаралуын бір адам өткізеді:
      кернеуі 1000 В жоғары қондырғыларда электр қауіпсіздік тобы V топты және кернеуі 1000 В дейінгі қондырғыларда электр қауіпсіздік тобы IV топтан кем емес әкімшілік – техникалық жұмысшы;
      электр қауіпсіздік тобы ІІІ кем емес, сол электр қондырғыға қызмет көрсететін кезекші құрам қатарының жұмысшысы.
      электр қондырғыларды жеке дара қарап тексеруге рұқсат етілген әкімшілік - техникалық құрам тұлғаларының тізбегі ұйым жетекшісінің өкімімен бекітіледі.
      102. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларды жеке – дара қарап тексеруші тұлғаға тексеру кезінде, ескертуші плакаттар мен қоршауларды шешуге, токөтер бөліктерді ұстауға, оларды сүртуге немесе тазартуға, табылған ақауларды жоюға рұқсат етілмейді.
      103. Ауысым кезекшілеріне қарап тексеру үшін күштік қалқандардың іске қосатын құрылғылардың, басқару пульттерінің және басқа да 1000 В дейінгі электр күштік қондырғылардың есіктерін ашуға рұқсат етіледі. Ағымдағы қолданыс ретінде жасалатын жұмыстардан басқа қандайда бір жұмыстарды атқаруға рұқсат етілмейді.
      104. Тексеру барысында табылған ақау бір адамның күшімен жоюға мүмкін болмайтын болса, ақауды тапқан ауысымның аға кезекшісіне дереу хабарлайды және табылған техникалық ақаулар журналына сәйкес жазба енгізеді.
      105. Электр қауіпсіздігі IV топтан кем емес тұлғаға тексеруді жасауға келесі шарттар орындалғанда рұқсат етіледі: өткелдегі еденнен оқшаулағыштың төменгі ернемегіне дейін екі метрден кем емес, кернеуі 1000 В дейін қоршалмаған токөтер бөліктерге дейін 2,5 м кем емес және кернеуі 35кВ дейінгілерде 2,75 м кем емес болғанда.
      106. Электр қондырғының әр бөлмесі үшін біреуі қосалқы болып табылатын кілттердің кем дегенде 2 жинағы жасалуы тиіс. РУ бөлмелерінің кілттері камералар мен ұяшықтар есіктеріне келмеуі керек.
      107. Кілттер шапшаң - жөндеу құрамының есебінде болуы тиіс. Тұрақты жедел құрамы жоқ электр қондырғыларда кілттер басқару торабындағы жедел құрам ауысымының аға кезекшісінде болады. Кілттер қолхатпен беріледі:
      1) тексеру рұқсат етілген тұлғаларға және шапшаң – жөндеу құрамының тұлғаларына, солардың ішінде ауысымдағы электр бөлмелерінде жұмыс жасау барысындағы тұлғаларға;
      2) наряд бойынша немесе жұмыс жетекшісінің, жұмыс өндірушінің немесе бақылаушының жауаптысына жұмыс өндіру кезінде.
      Кілттер рұқсатты рәсімдеген кезде беріледі және жұмыс пен наряд аяқталысымен бірге күнделікті қайтарылуы тиіс.
      Жедел құрам болмағанда электр қондырғылардағы жұмыс өндірісі кезінде кілттер келесі күн жұмыстарының толық аяқталғаннан кейін қайтарылуы тиіс.
      108. Электр бөлмелеріне кіруге арналған дербес кілттер ауысымды телефонмен қабылдайтын және тапсыратын шапшаң жөндеу құрамының тұлғаларына рұқсат етіледі.
жүктеу 1,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау