Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1 Жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі



жүктеу 239,09 Kb.
Дата24.12.2019
өлшемі239,09 Kb.
#24885
түріКонкурс

Хабарландыру
Қызылорда облысының білім басқармасы «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Орналасқан орны (мекен-жайы): 120303, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округі, Бесарық ауылы, қоныс Бесарық, ғимарат №1. «Қызылорда облысының білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы».



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) Жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі;

2) «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығына сәйкес жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

3) Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Лауазымдық міндеттері:

Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады.

      Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

      Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

      Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

      Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

      Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.



Лауазымдық жалақысы

Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 92 201 – 111 845 (экологиялық коэффициентті қоспағанда) теңге аралығы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті мәліметтерді мына мекен-жайы бойынша білуге болады:

Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 3 қабат, 327 кабинет. Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс № 1, индекс 120002. Байланыс телефон: 8/7242/ 60-54-56, эл. почта: bilim@korda.gov.kz

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 28.09.2018 жылғы № 510 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:

1) Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

      Конкурс үш кезеңде өткізіледі.

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;

3) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын, бала және жасөспірімдер жасының психологиясын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясын, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ үміткердің педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау, болжанатын лауазым перспективасын айқындау мақсатында білім беру мекемесі ведомствосы және қарамағында болып табылатын білім беруді басқару органының Комиссиясы әңгімелесу өткізеді. Комиссия әңгімелесу өткізу тәртібін өзі айқындайды.


Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының директоры лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығына сәйкес айқындалады.


Конкурстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін Комиссия үш жұмыс күні ішінде бір үміткерді айқындайды және оның кандидатурасын лауазымға бекіту үшін конкурс жариялаған білім беруді басқару органының білім басқармасының басшысына ұсынады.

Конкурстан өтпеген кандидаттарды білім беруді басқару органы үш жұмыс күні ішінде конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабардар етеді.



Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының басшысы үш жұмыс күні ішінде оң нәтиже алған конкурс қатысушысымен төрт жыл мерзімді ұзарту құқығы бар шартты жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

Қызылорда облысының білім басқармасының

конкурстық комиссиясы
жүктеу 239,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау