Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы


Қорғаныс құралдарын қолдану талаптары



жүктеу 1,56 Mb.
бет3/8
Дата03.03.2018
өлшемі1,56 Mb.
#11016
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Қорғаныс құралдарын қолдану талаптары.
      109. Кернеуі 1000В дейін және жоғары электр қондырғыларға қызмет көрсеткенде электр тогымен зақымданудан, жоғары кернеулі электр алаңдарынан ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары қолданылады.
      110. Электр қорғаушы құралдарға жататындар:
      1) оқшаулағыш штангалардың барлық түрлері (оперативті, өлшеуші, жермен тұйықтауды салуға арналған);
      2) электр өлшеуші және оқшаулаушы қысқыштар;
      3) кернеудің барлық түрлері мен кластарының кернеу көрсеткіштері (газ разрядты шамдармен, түйісімсіз, импульссіз типті қызыл шаммен);
      4) кернеу бар екендігін көрсететін дыбыссыз белгі берушілер;
      5) оқшауланған аспап;
      6) диэлектрик қолғаптар, етіктер және галоштар, кілемдер, оқшаулағыш тіреуіштер;
      7) қорғаушы қоршаулар (қалқандар, кермелер, оқшаулағыш қаптамалар, қалпақтар);
      8) тасымалданатын жер мен тұйықталулар;
      9) электр қондырғылардағы сынақтар мен өлшемдер өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құрылғылар мен құралдар (фазалардың сәйкестігін тексеруге арналған кернеуді көрсеткіштер, кабельді тесуге арналған құрылғылар, транзиттегі кернеулер айырмашылығын анықтайтын құрылғылар, кабельдердің зақымдануын көрсеткіштер);
      10) қауіпсіздік плакаттары мен белгілері (осы Талаптардың 5 қосымшасы);
      11) басқа да қорғаныс құралдары, кернеуі 110 кВ және жоғары, және де 1000 В дейінгі электр желілеріндегі кернеу астындағы жөндеу жұмыстарына арналған оқшаулағыш құрылғылар мен құралдар (полимерлі және иілгіш оқшаулағыштар, оқшаулағыш баспалдақтар, арқандар, телескоптық мұнаралар мен көтергіштердің үстемелері; ықтимал тасымалдау мен тегістеуге арналған штангалар; иілгіш оқшаулағыш жабындар және қаптамалар).
      111. Оқшаулағыш электр қорғаушы құралдар негізгі және қосымша болып бөлінеді.
      Негізгі электр қорғаушы құралдар – қондырғының жұмыстық кернеуіне төзетін оқшаулағыш электр қорғаушы құралдар және солар арқылы кернеу астында орналасқан қондырғының токөтер бөліктеріне қол тигізуге болады.
      Қосымша электр қорғауыш құралдар – электр тогымен зақымданудан қосымша қорғаныс қызметін атқаратын және олармен кернеу астында орналасқан токөтер бөліктерді тікелей ұстауға рұқсат етілмеген электр қорғаушы құралдар.
      Кернеуі 1000В жоғары электр қондырғылардағы негізгі электр қорғаушы құралдарына жатады.:
      1) оқшаулағыш штангалардың барлық түрлері;
      2) оқшаулағыш және электр өлшеуші қысқыштар;
      3) кернеуді көрсеткіштер;
      4) электр қондырғылардағы сынақтар мен өлшемдерді өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құрылғылар және құралдар (фазалардың сәйкестігін тексеруге арналған кернеуді көрсеткіштер, кабельді тесуге арналған құрылғылар, кабельдердің зақымдануын көрсеткіштер);
      5) басқа да қорғаныс құралдары, кернеуі 110 кВ және жоғары, кернеу астындағы жөндеу жұмыстарына арналған оқшаулағыш құрылғылар мен құралдар (полимерлі оқшаулағыштар, оқшаулағыш баспалдақтар).
      112. Кернеуі 1000В жоғары электр қондырғылардың негізгі электр қорғаушы құралдарына жатады:
      1) оқшаулағыш штангалар;
      2) оқшаулағыш және электр өлшегіш қысқаштар;
      3) кернеуді көрсеткіштер;
      4) диэлектрлік қолғаптар;
      5) оқшауланған аспап;
      113. Кернеуі 1000В жоғары электр қондырғылардың қосымша электр қорғаушы құралдарына жатады:
      1) диэлектрик қолғаптар;
      2) диэлектрик етіктер;
      3) диэлектрлік кілемдер;
      4) оқшаулағыш тіреуіштер және қаптамалар;
      5) оқшаулағыш қалпақтар;
      6) ықтимал тасымалдау және теңестіру;
      114. Кернеуі 1000В төмен электр қондырғылардың қосымша электр қорғаушы құралдарына жатады:
      1) диэлектрлік галоштар;
      2) диэлектрлік кілемдер;
      3) оқшаулағыш тіреуіштер және қаптамалар;
      4) оқшаулағыш қалпақтар;
      Қорғаныс құралдарының пайдалану және электр сынақтарының нормалары мен мерзімдері осы Талаптардың 6-қосымшасында келтірілген.
12. Өндірістік (технологиялық) үрдістердің талаптары
1 параграф. Жұмыс өндірісі талаптары
      115. Электр қондырғыларында жүргізетін барлық жұмыстар қауіпсіздік шаралары жағынан:
      кернеу түсіріп орындайтындарға;
      ток өткізетін бөлшектері мен олардың қасында кернеуді түсірмей орындайтындарға;
      кернеуі бар ток өткізетін бөлшектерінен алыс қашықтықта кернеуді түсірмей орындайтындарға бөлінеді.
      1000 В дейін және одан жоғары кернеуі бар электр қондырғыларында бір мезгілде жұмыс жүргізгенде жұмыс санаты 1000 Вольттан жоғары кернеуі бар электр қондырғыларына сәйкес анықталады.
      16. Кернеуді алумен жұмыс жасайтын жұмыстарға барлық токөтер бөліктерінен кернеу алынған электрқондырғыларда (немесе оның бөлімінде) жүргізілетін жұмыстар жатады.
      117. Тоқөтер бөлшектерде және олардың қасында кернеуді түсірмей жүргізетін жұмыстардың қатарына бұл бөлшектерінде тікелей жүргізетін жұмыстар жатады.
      3-35 киловатт кернеуі бар электр қондырғыларында бұл жұмыстарға адамдардан және олардың қолданылатын аспаптары мен айла бұйымдарынан, уақытша қоршаулардан токөтер бөлшектеріне дейін 0,6 метрден кем қашықтықта; жұмыс істеп және тасымалдап жүрген тетіктер мен жүк көтергіш машиналардан, жүк ұстайтын айлабұйымдар мен жүктердің арқандарынан - 1,0 метрден кем қашықтықта жүргізетін жұмыстар жатады.
      Токөтер бөлшектерде және олардың қасында кернеуін түсірмей жүргізетін жұмыстарды кемінде екі тұлға орындауға тиіс. Олардың ішінде жұмыс жүргізетін тұлғада электр қауіпсіздігі бойынша кемінде IV біліктілік тобы, ал басқалардың кемінде IІІ біліктілік тобы болу тиіс.
      118. Кернеуі бар токөтер бөлшектерден қашық жерде кернеуді түсірмей жүргізетін жұмыстарға жұмыс істейтін адамдардың және олардың пайдаланатын жөндеу жабдықтары мен аспаптарының осы Талаптардың 121 тармағында көрсетілген қашықтықтан кемірек кездейсоқ жақындау мүмкіндігі жоқ және ондай жақындаудың алдын алу үшін техникалық және ұйымдастыру шараларын қолдануға (мысалы, үнемі қадағалауға) талап етпейтін жұмыстар жатады.
      119. Электр қондырғыларындағы жұмыс келесідей шарттарды сақтап, жүргізілуі тиіс:
      1) жұмыс жүргізу үшін уәкілетті тұлғаның өкімі (ауызша, телефон арқылы, жазбаша, нарядқа сәйкес 7-қосымша) берілуі тиіс. Кезекші қызметкерлердің ағымдағы пайдалану тәртібінде жүргізілетін жұмыстары есептелмейді;
      2) жұмысты бастамай тұрып, жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары орындалады.
      Ағымдағы пайдалану тәртібінде жүргізетін жұмыстардың тізбесін бас инженер бекітеді.
      120. Қызметкерлерге кернеу жойылғаннан кейін оның қалыпты және апатты жағдайда да ескертусіз электр қондырғыларына берілу мүмкіндігін берік түрде есте сақтау керек.
      121. Ұзын заттарды (баспалдақтарды) токөтер бөлшектері қоршамаған тарату қондырғыларына аса сақ болып, екеулеп кіргізіп және жұмыс жүргізу үшін пайдаланып, жұмыс басшысының тұрақты қадағалауымен жүру керек.
      122. Сақтандырғыштарды алу және қою ажыратылған кернеуде жасалады. Кернеу астында, бірақ жүктелмеген сұлбасында коммутациондық аппараты жоқ байланыстағы сақтандырғыштарды орнатуға және алуға рұқсат етіледі.
      Кернеу астындағы және жүктелген кернеу трансформаторлардың сақтандырғыштарын және кернеуі 1000 В төмен элетрқондырғылардағы сынау типті сақтандырғыштарын орнатып алуға рұқсат етіледі.
      123. Кернеуі бар сақтандырғыштарды алу және қою кезінде төмендегілерді пайдалану қажет:
      1000 Вольттан жоғары кернеуі бар электр қондырғыларында оқшауландыратын тістеуікті (штанганы), диэлектрикалық қолғапты және қорғайтын көзілдірікті (масканы);
      1000 Вольтқа дейін кернеуі бар электр қондырғыларында оқшауландыратын тістеуікті немесе диэлектрикалық қолғапты, ал ашық ерігіш кірістірме бар болғанда қорғайтын көзілдірікті (масканы).
      124. 1000 Вольттан жоғары кернеуі бар электр қондырғыларында ток өткізетін бөлшектерінде және олардың қасында кернеуді түсірмеген жағдайда жұмыстар адамды ток өткізетін бөлшектерінен немесе жерден оқшаулау үшін қорғаныс құралдарын пайдаланумен жүргізіледі.
      125. 1000 Вольтқа дейін кернеуі бар электр қондырғыларында токөтер бөлшектерінде және олардың қасында кернеуді түсірмеген жағдайда жұмыс жүргізгенде төмендегіні істеу қажет:
      жұмыс орнының қасында орналасқан, кездейсоқ жанасу ықтималдығы бар кернеулі токөтер басқа бөлшектерін қоршау;
      диэлектрикалық галоштарды киіп немесе оқшауландыратын түпқоймада әлде диэлектрикалық алашада тұрып жұмыс істеу;
      оқшауландыратын сабы бар аспаптарды қолдану (бұрауыштардың өзегі де оқшауландырылуы тиіс), ондай аспап болмаған жағдайда диэлектрлік қолғапты пайдалану.
      126. Токөтер бөлшектерде кернеуді түсірмей оқшауландыратын қорғаныс құралдарының көмегімен жұмыс жүргізгенде төмендегіні істеу қажет:
      қорғаныс құралдарының оқшауландыратын бөлшектерін сабынан шектеме сақинаға дейін ұстау;
      қорғаныс құралдарының оқшауландыратын бөлшектерін екі фазаның токөтер бөлшектері арасында оқшаулағыштың үстімен түйісу немесе жерге тұйықталу қауіпсіздігі пайда болмауы үшін орналастыру;
      құрғақ және таза оқшауландыратын бөлшектері және бүлінбеген лакпен зақымдалмаған қорғаныс құралдарын пайдалану.
      127. Электр қорғаныс құралдарын (оқшауландыратын штангалар мен тістеуіктер, электр өлшеуіш тістеуіктер, кернеу көрсеткіштері) пайдаланып жұмыс жүргізгенде бұл құралдардың оқшауландырылған бөлшегінің ұзындығымен белгіленетін қашықтыққа токөтер бөлшектеріне адамға жақындауға рұқсат беріледі.
      128. Егер электр қондырғыларында адам тік тұрған кезінде токөтер бөлшектерге дейінгі арақашықтық 0,6 метрден кем болған жағдайда бұл жерде еңкейіп жұмыс істеуге тыйым салынады. Қоршалмаған токөтер бөлшектердің жанында жұмыс жүргізу барысында бұл бөлшектердің артында немесе екі жағында тұруға тыйым салынады.
      129. Жоғары қауіпсіздігі бар бөлмелерде наряд немесе өкім беретін тұлғалармен анықталатын қосымша қауіпсіздік шараларын қолданып, ажыратылмаған токөтер бөлшектерде жұмыс жүргізіледі.
      Жұмыс аса қауіпті емес бөлмелерде ажыратылмаған токөтер бөлшектерінің кернеуі 12 Вольттан аспаған жағдайда жүргізіледі.
3. параграф. Кернеуді алу арқылы орындалатын қауіпсіз
жұмысты қамтамасыз ететін техникалық шаралар
      130. Кернеуді алу арқылы орындалатын қауіпсіздік жұмысты қамтамасыз ету техникалық шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 1353 қаулысымен бекітілген электр қондырғыларын пайдаланудың қауіпсіздік техникасы Ережелеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.
      Кернеуді алу жұмыстарына жұмыс орнын дайындау үшін техникалық шаралар келесі ретте орындалуы тиіс:
      1) жалғаушы құрылғының қателіктен немесе өздігінен қосылуы салдарынан пайда болатын кернеуді жұмыс орнына өткізбеу шаралары мен ажырату орындалады;
      2) қолмен және қашықтықтан басқару жалғаушы құрылғыларының жетектеріне ескерту қағаздары ілінеді;
      3) адамдарды электр тогынан жарақаттанудан сақтайтын жерге тұйықтау салынған токөтер бөліктерінде кернеудің жоқтығы тексеріледі;
      4) жерге тұйықталу орнатылады (жерге тұйықтау пышақтарын косу, олар жоқ жерде тасымалданушы жерге тұйықталу орнатылады);
      5) ескерту және ұйғару плакаттары ілінеді, жұмыс орындары мен кернеудегі қалдық токөтер бөліктер қоршалады. Жергілікті жағдайға байланысты токөтер бөліктер жерге тұйықтауға дейін немесе одан кейін қоршалады.
      Бір ауысымда бір немесе бірнеше жұмысшының электр қондырғыларына жедел қызмет атқаруы осы пункте көрсетілген шараларды өткізу ережелерін екі адам орындайды. Қызмет ету кезінде электр құрылғыларында кернеуі 1000 В асатын және 1000 В жоғары электр қондырғыларында екі немесе бірнеше байланысында ауыстырып қосу орындалатын тасымалды жерге тұйықтаудан басқасын бір адам орындай алады.
13. Блоктаумен жабдықталған радио қондырғыларына
қызмет ету кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1-параграф. Блоктаумен жабдықталған жабдықтарды пайдалану
      131. Жабдық орнатылған және ыңғайлы қоршауға алынып және есіктері жабылған, блоктары жылжытылған, блоктауы қосылған және де дұрыс жұмыс жасайтын жағдайда ғана пайдаланылуы тиіс. Жабдықты пайдалану барысында кезекші қызметкерлерге болттар және бұрандалар көмегімен орнатылған қоршау панелдерін алып тастауға тыйым салынады.
      132. Әрқашан жабдықты қосу алдында кезекші қызметкер қоршаудың арғы бетінде адамның жоқтығын, есіктің жабықтығын, блоктардың жылжып тұрғанын тексеріп, механикалық блоктау ажыратқышының қондыруға лайықты кілттерді орындарына қойып шығуға міндетті.
      133. Жабдықты әртүрлі қабаттарға, әртүрлі бөлмелерге орналастырғанда, қашықтық қосу түймесін баспастан 5-6 секунд бұрын кезекші қызметкер 2-3 секунд бойы жабдыққа жақын тұрған адамдарға қауіп-қатер туралы ескерту дабылын береді. Дыбыс дабылы құралдары (яғни сиреналар, «бақырауықтар», қоңыраулар) дыбыс барлық қашықтықтан қосылатын жабдығы бар бөлмелерде анық естілетіндей орналасады.
      134. Жабдықты жедел түрде жөндеу кезінде қоршаудың арғы бетіне кіріп, блоктарды жылжыту, шкафтарды ашу қажет жұмыстары (хабарлағыштарды қайта құру) блоктау мерзімі шықпаса, пайдалану құжаттамасында тіркелмейді.
      135. Шкафтарды ашу және қоршаудың арғы жағына кірумен байланысты жұмыстарын орындайтын кезекші қызметкер жұмыс алдында:
      1) механикалық блоктаудың ажыратқышы (МБА) мен пышақтарының сөніп тұруын тексереді. Олар «ажыратылған» деген режимде тұруға тиісті;
      2) осы Талаптарға сәйкес жұмыстар орындалатын аумақтағы кернеудің жоқтығын тексереді;
      3) сүзгі конденсаторлары мен жабдық түйіндерінде қалып қоюы мүмкін электр қуатынан босатады;
      4) жұмыс орындалатын аумақта электр тогын ажырататын аспап – ілгек іледі;
      5) антенна трактісінің сөніп тұруын, жоғарғы жиілік кернеуі антенна коммутаторы немесе антенна арқылы түсіп кетпеуін тексереді.
      136. Кернеудегі токөтер бөліктеріне қол жетпесе, жабдықты тексеру және оның бөлшектерін ауыстыру кезінде, қызыған шамдарды кернеуден ажыратпай, басқару жүйесіндегі, блоктау мен дабылды (ББД) қуат көзінен айырмай кезекші қызметкерге блоктарды жылжытуға, қоршаудың арғы бетіне шығуға, шкафтарды ашуға рұқсат етіледі.
      Жабдықты тазалау және жөндеу жұмыстары кезінде радиошамдарының, басқару жүйесінің, блоктау мен дабыл кернеуі ажыратылады.
      137. Түзеткіш сүзгісі конденсаторының сақтандырғыштарын ауыстыру барысында, кезекші қызметкер электр тогын ажыратқыш аспап – ілгектің көмегімен жарамсыз сақтандырғышы бар конденсаторды қалдық зарядтардан босатып, электр тоғын ажыратқыш аспап – ілгекті ортақ конденсатор батареясының сымына орнатады.
2-параграф. Блоктауды пайдалану
      138. Барлық хабарлағыштардың тәуелсіз электр және механикалық блоктары бар.
      Түзеткіштерінде жұмыс кернеуі – 1000 В, ал толық тұтыну қуаты 5 кВт аспайтын хабарлағыштарға тек бір ғана механикалық блоктау орнатуға болады.
      139. Электр блоктау тізбегін, басқару және дабылды электр қуатымен қамтамасыз ету хабарлағышының ортақ қуат көзінен жеке трансформатор арқылы жүргізу арқылы орындалады. Бұл трансформаторларға ББД жүйесіне тиесілі емес ток тұтынушылары қосылмайды.
      Электр блоктау тізбегі қуатының кернеуі 220 В-тан аспауы тиіс. Электр блоктау тізбегінің ажыратылған күйін әр тізбек сымы мен жер арасында қосылған 5 миллиамперден артық емес ток жұмсайтын екі Вольтметрдің көмегімен жасалады.
      Қол жетімді құралдар құлыптары хабарлағышпен бір жиынтықта шығатын әдейі кілттермен ашылып-жабылады.
      Аппарат залында орналасқан бір хабарлағышқа келетін кілт басқа хабарлағыштардың құлыптарына келмеуі тиіс.
      140. Электр блоктау тізбегінің оқшаулағыш кедергісі 500 кОм-нан кем болмауы керек.
      141. Хабарлағыштардың ұзын, орта, және ультра қысқа ұзындықты диапазондары механикалық және электр блоктауы «ажыратылған» режимінде жоғары жиілік хабарлағыш фидерінің жерге тұйықталуын қамтамасыз етеді.
      142. Блоктаулардың жұмысын екі айда бір рет жиілікте тексеру келесідей көлемде орындалады:
      механикалық блоктау құлыптарын, кілттерін, жетектері мен басқа да бөлшектерінің күйін сырттан тексеру;
      электр блоктау тізбегінің оқшаулағыш кедергісін тексеру;
      сүзгі электрлігін бәсеңдету құрылғысының жарамдылығын тексеру;
      блоктау жұмысының жарамдылығын практикалық тексерістен өткізу.
      Электр және механикалық блоктау жұмысын практикалық тексеруден жөндеу бригадасының тәжірибелі инженері мен әр профилактикалық тексеруден кейінгі, блоктауға байланысты жөндеу және реттеу жұмыстары ауысымның аға маманы өткізеді. Блоктау жұмысы есіктерді ретпен ашу немесе толықтай қосылып, «сығу» режимінде тұрған жабдықтың блоктарын жылжыту арқылы (ТЛГ режимі) немесе модуляцияны жүргізусіз (ТЛФ режимі) РМБ-нің резервті кілтін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
      Блоктауларды белгілі бір жиілікпен тексеру нәтижесі осы Талаптардың 8-қосымшасына сәйкес актіде тіркеледі. Блоктау жарамдылығын тәжірибелік тексерістен өткізу нәтижесі профилактикалық және жөндеу жұмыстарынан кейін операция журналында тіркеледі.
      Түгел тексеру кезіндегі табылған блоктаудың ақаулары дереу жойылады.
      143. Блоктау жүйесінде электромеханикалық және электр монтаж жұмыстары жүргізілгеннен кейін және де блоктаудың немесе оның бөліктерінің жалған іске қосылуы кезінде блоктау толықтай тексеруден өтеді.
      144. Блоктау жүйесін пайдалану барысында ақаулар байқалса, ауысымның аға маманы оларды жою мақсатында шаралар жүргізеді. Егер ақауларды қысқа мерзімде жою мүмкін болмаса, белгілі бір уақыт бойы жартылай немесе толық сөндірілген блоктаумен жұмыс жасауға рұқсат етіледі. Блоктау жүйелері бірінің (электр немесе механикалық) істен шығуы кезінде ауысымның аға маманына сәйкес есіктерге немесе шкафтарға «Тоқта. Кернеу» деген мәтінмен қағаз жабыстырып, станцияның (цехтың) техникалық жетекшісіне жеткізіп, операция журналына тіркеу қажет. Бір уақытта механикалық және электр блоктаулардың екеуі де істен шыққан жағдайда (немесе электр блоктауы мүлдем болмаса), ауысымның үлкені кезекшіге бұзылған блоктауы бар жабдықтың қасында тұрып, оған жақындап келе жатқан адамдарды ескерту үшін тағайындайды. Пайдалану барысында байқалған блоктау ақауы жабдық жұмысының үзілісінде жойылуы қажет. Кейбір жағдайларда, блоктау ақауын үзіліс кезінде жою мүмкін болмаса, басты инженердің (цех бастығы) рұқсатымен ескерту қағаздары ілініп, операция журналында блоктауды айналып өту жөнінде жазу тіркеледі, содан соң жабдық жұмысын бастайды. Ақауды жойғаннан кейін блоктауды толықтай акт құрастырумен кезектен тыс тексеруден өткізеді.
      145. Механикалық блоктаудың қосымша кілті және хабарлағыш құрамына кіретін майға толы жабдықтың ашық қондырғылары қоршауларының құлпы арнайы жабық қорапта сақталады. Ол қораптың кілті ауысым басшысында болады. Кезекшілікті тапсыру кезінде кілттің кімге берілгені тіркеледі.
      146. Блоктау жүйесін тексеру хабарлағыштың сөндірілген қоректендіргіш кернеуінде және электр блоктаудың тұйық блоктау байланыстарында өткізіледі. Бұл кезде электр блоктаудың ажыратқыш күйін бақылайтын кіріктірілген вольтметрлер мен конденсаторлар жерден ажыратылуы тиіс. Оқшаулағыш кедергісін 500 В немесе 1000 В кернеуіне мегомметр көмегімен өлшейді. Оқшаулағыш кедергісі тізбегінің ең төмен кернеуінің 42 Вольттан аспауын төмен вольтты мегомметр көмегімен өлшейді.
4. параграф. Реттеу және жөндеу-профилактикалық жұмыстары.
      147. Жөндеу-профилактикалық жұмыстарын (жұмыс түріне байланысты) жүргізбестен бұрын ұйымдастыру және техника шараларын өткізу қажет.
      Реттеу бригадасының жүргізушісі мен оның орынбасарында электр қауіпсіздігінің бойынша V санатты тобы, IV санатты дәрежеден төмен емес бригада жүргізушісі, III төмен емес бригада мүшелері қажет.
      1000 В-тан жоғары қосылып тұрған кернеуде реттеу жұмыстары барысында электр және механикалық блоктаулар түгелімен жұмыс жасауы тиіс. Бұл блоктауды алдын ала сынақтан өткізу актісінде тіркеледі.
      Ауысым басшысы бүкіл станцияны тоқтату жағдайында жөндеу-прафилактикалық жұмыстарына қатысады.
      148. Механикалық блоктау кілтін ауысым басшысы операция журналында тіркеп жұмыс жүргізушісіне береді.
      Техникалық байқау немесе жөндеу жұмыстары біткеннен кейін ауысым басшысы кілтті операция журналында тіркелу арқылы қабылдайды.
      149. Пайдалану және әкімшілік қызметкерлерге тосқауыл қойылған бөлімшеден жалғыз кілт болмау керек.
      150. Радио қондырғыларын жаңа бекіткен жиіліктерге келтірумен (хабар тарату кестесі ауысқан жағдайда) электр қауіпсіздігі бойынша V санатты маманның басқаруындағы бригада айналысады. Бригада мүшелерінде электр қауіпсіздігі бойынша III төмен емес санатқа ие болуы қажет.
      151. 1000 В жоғары кернеуді талап етпейтін реттеу жұмыстары, сонымен қатар реттеу жабдығындағы механикалық және монтаж жұмыстар электр қауіпсіздігі бойынша IV дәрежеден төмен емес бригадасы бар маманның басқаруында жүзеге асуы тиіс.
      1000 В жоғары кернеудегі реттеу жұмыстарын электр қауіпсіздігі бойынша V дәрежелі инженер техникалық жұмысшылар (ИТР) бригадасы атқару керек.
      Үздіксіз реттеу жұмыстарының ұзақтығы күндізгі уақытта 7 сағаттан аспауы тиіс.
      152. Жабдықтың конструктивті ерекшеліктерін (жылжымалы блоктар, панельдер) ескере отырып, реттеу жұмыстарын жүргізуге, 1000 В-тан жоғары емес кернеудегі (байланыс шлангілердің көмегімен) жылжымалы блоктар мен панелдердің ақауларын анықтауға болады.
      153. Реттеу жұмыстары уақытында (жұмыс күнінің аяғында немесе басқа да себептермен) бүкіл кернеулер алынады, ажыратқыштар сөндіріліп, ажыратқыш жетегіне «Адамдар жұмыс жасап жатыр. Кіруге болмайды» деген қағаз ілінеді.
      154. Өлшеуіш жабдығын іске қосу кезінде жылжымалы блок нұсқасына қауіпті кернеулер қоршаудың арғы бетіне шықпауы тиіс. Адамдардың қолдары жетімді құралдар мен сымдар жерге және бір-біріне қатысты қауіпті кернеу астында болмауы тиіс. Сонымен қатар, кернеу астындағы өлшеуіш құралдарға жақындауға да тыйым салынады.
      Реттеу жұмыстары барысында арнайы сынақты жүргізу үшін, кейбір жағдайларда кернеуді 1000 В немесе одан да жоғары жоғарылатуға болады. Бұл жерде бір блоктанбаған есік қалдырып немесе бір жеке блокты әдейі шығару шлангісіне жалғау керек. Бұл жағдайда реттеу жабдығы бөлменің басқа бөлігінен қоршауға алынып, «Тоқта. Кернеу» деген қағаз ілінеді.
5-параграф. Құрылыс-монтаж ұйымы жасайтын реттеу жұмыстары.
      155. Реттеу жұмыстарының алдында бөлімше бастығы (прораб) реттеу бригадасының басшысын, оның орынбасарын тағайындап, бригада құрамын таңдайды. Сәйкесінше жазбаларды операция журналында жасайды. Ұйымда кезекші қызметкерлер жоқ болған жағдайда, операция журналы реттеу бригадасы басшысында сақталады.
      156. Реттеу жұмыстары бригада басшысының немесе оның орынбасарының нарядынсыз орындалады.
      Бір уақытта бригада басшысы да, орынбасары да болмаса, жөнге салу жұмыстарын орындауға тыйым салынады.
      157. Хабарлағыш құрамына кіретін майға толы жабдықтың ашық қондырғыларына, құрылыс-монтаж жұмыстары қондырғылары қоршауларына адамдардың кіруін реттеу бригадасының басшысы жүргізеді. Жетекші бұл жабдықтың кернеуінен айырып, жабдықты қосуды болдырмайтын қажетті шаралар жасайды.
      Бригада басшысы операция журналында жазылу арқылы адамдарды өткізеді. Журналда жұмыстың басталу уақыты көрсетіледі.
      Жауапты жұмысты орындаушы қызметкер журналда жұмысты жазба түрде қабылдайды.
      Рұқсат рәсімделгеннен кейін реттеудегі жабдықтың монтаж және құрылыс жұмыстарына рұқсат етіледі.
      158. Реттеудегі жабдықта құрылыс, монтаж жұмыстары біткенде, бригаданың (топтың) жетекшісі жұмысшыларды шығарып, жұмыс орнын ретке келтіреді де журналға жұмыстың аяқталу уақытын тіркейді.
      159. Бригада (топтың) жетекшісі қажетті қауіпсіздік шараларының жүргізілуін бақылап, жұмыс біткенде, жұмысқа арналған аймақта, қоршаудың арғы бетінде адамдар мен бөгде заттардың жоқтығын тексеріп, жабдықты кернеуге қосуға әзірлейді.
      Жабдықты қосу көрсетілген шарттарды орындап, жауапты қызметкердің құрылыс-монтаж жұмыстарының біткендігін журналға тіркегеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
      Рұқсат және жұмыстың аяқталуын бір адам рәсімдейді.
      160. Реттеу жұмыстары кезінде маңайында кез келген құрылыс монтаж жұмыстарын (сылау, слесарлық және әктеушілік) жүргізу тыйым салынады.
      161. Егер жабдықты қалпына келтіру және реттеу барысында механикалық және монтаж жұмыстарын өткізу қажеттігі туса, реттеу бригадасының құрамына жөндеу жұмыстарын жасайтын электр қауіпсіздігі бойынша II санат дәрежелі жұмысшылар алынады. Бұл жұмыстарды орындау барысында, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар өткізіледі.
жүктеу 1,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау