Қазақстан Республикасының Патент Заңы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 Заңы)



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7445
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы шешiм шығарады.

 

      Уәкілетті органның өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің негізінде 



сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын 

және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

 

      Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм 



берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент 

беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж 

төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған 

мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай 

ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда, өтiнiм кері қайтарып алынды деп 

есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына 

келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.

 

        6. Мәлiмделген өнеркәсiптiк үлгiнiң өтiнiм берушi сұраған құқықтық қорғау 



көлемiнде өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келмейтiнi 

анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. 

 

      Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы, егер өтiнiм өнеркәсiптiк үлгi ретiнде 



қорғалмайтын объектiге жататын болса және, егер өтiнiм берушi ол туралы хабарланғаннан 

кейiн елеулi белгiлердiң жиынтығын өзгертпеген, елеулi белгiлердiң ұсынылған жиынтығында 

өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болған немесе өнеркәсiптiк үлгi ретiнде 

қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын 

ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсiптiк үлгiнiң бiрлiгi талаптарының бұзылуына 

байланысты оған қатысты қарау жүргiзiлмеген жағдайда да берiледi.

 

      Өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен 



бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Апелляциялық кеңес 

қарсылық түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде оны қарауға тиiс

 

        7. Өтiнiм берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. 



Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң сұратқан материалдарының көшiрмелерiн сұрау 

алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi. 

 

        8. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп 



алған мерзiмдердi өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемi туралы құжат ұсынылған 

кезде сараптама ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн. 

 

       Өтiнiм берушi мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш хатты өткiзiп алынған мерзiм 



аяқталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей бере алады. Мұндай өтiнiшхат сараптама 

жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске 

жасалған қарсылықпен бiр мезгiлде ұсынылады. 

 

      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.03.02 



N 237 

Заңымен, өзгерістер 

енгізілді - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V

 (алғашқы ресми жарияланған 



күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

       25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және 

 

              қорғау құжатын беру 

 

      1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк 



тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе 

Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше 

өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi. 

 

        2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай 



отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi. 

 

       Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау 



құжаты берiледi. 

 

        3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына 



уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi. 

 



        4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер 

құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

 

      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 



Заңымен. 

 

      26-бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi 

 

              жариялау 

 

      1. Сараптама ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген 



күннен бастап – он сегiз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге 

патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткеннен кейін бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм 

берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте 

жариялайды.

 

       2. 



Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.03.02.  

N 237 


Заңымен. 

 

         3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде 



аталынудан бас тартуға құқығы бар. 

 

        4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi. 



 

        5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға 

өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру 

туралы есеппен танысуға құқылы. 

 

        6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде қорғау 



құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк 

тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерiстерi туралы мәлiметтер жариялайды. 

 

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 



N 586

, 2007.03.02 

N 237



2012.01.12 



№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 

қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

       27-бап. Өтiнiмдi қайтарып алу 

 

      Өтінiм берушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне берген өтiнiмiн Қазақстан 



Республикасының тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелгенге дейiн қайтарып алуға құқылы. 

 

      28-бап. Өтiнiмдердi қайта өзгерту 

 

      1. Өнертабысқа өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы 



берiлгенге дейiн өтiнiм берушi оны тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтiнiм 

етiп өзгертуге құқылы. 

 

        2. Пайдалы модельге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымының қорытындысы 



берiлгенге дейiн тиiстi өтiнiш жасау арқылы пайдалы модельге өтінiмдi өнертабысқа өтiнiм 

етiп өзгертуге болады. 

 

        3. Аталған өзгертулер кезiнде алғашқы өтiнiмнiң басымдығы және берiлген күнi 



сақталады. 

 

      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 



Заңымен. 

 

   6-тарау. Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және  



 қалпына келтіру  

      29-бап. Қорғау құжатына дау айту 

 

      1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық 



бойынша мынадай жағдайларда: 

 

        1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент 



қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе; 

 

        2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң 



елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса; 

 

        3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы 



жағдайында берiлсе; 

 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау