Қайта сақтандыру. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз
мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы.
Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады.
Қайта сақтандыру талаптары ҚР заң актiлерiмен және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартымен айқындалады.
Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстiң сақтандыру шартына қойылатын талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл жағдайда сақтандырушы сақтандырудың негiзгi шарты бойынша қайта сақтандыру шартында сақтанушы болып есептеледi.
Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта сақтандыру пулдары) бiрiге алады.
Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын бiртiндеп жасауға жол берiледi.
Сақтандыру сыныптарының мазмұны
1. Өмiрдi сақтандыру, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
2. Аннуитеттiк сақтандыру, сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
3. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру,сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе ауырудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсiптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның қосымша шығыстарын тiркелген сомада не iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
4. Медициналық сақтандыру, сақтандырылушының медицина мекемесiнен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгiзiлген медициналық қызмет көрсетулердi сұраған жолданымдарынан туындаған шығыстарын iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
5. Көлiк құралдарын сақтандыру, көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде айдап немесе ұрлап әкетiлуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
6. Жүктердi сақтандыру, жүктердi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде жүктердiң тасымалдану әдiсiне қарамастан жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
7. Мүлiктi сақтандыру, мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне, оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
8. Кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 810-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
9. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру, үшiншi тұлғаға өзi көлiк құралдарын пайдалануға байланысты келтiрген зиянын өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
10. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру, көлiк құралдарын тасымалдаушы ретiнде өзi пайдалануына байланысты үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиянын өтеу мiндеттемесiмен байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
11. Шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 812-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
12. Залал келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 811-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
Сақтандыру салалары
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға, түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті нысанда болатын келесі сыныптардан тұрады:
1) Өмірді сақтандыру;
2) аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру «Жалпы сақтандыру» саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
5) әуе көлiгiн сақтандыру;
6) су көлiгiн сақтандыру;
7) жүктердi сақтандыру;
8) мүлiктi сақтандыру;
9) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;
10) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11) темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
12) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
13) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
16) зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру.
6 Сақтандыру қызметінің қатысушылары мен субъектілері. Сақтандыру ұйымын құру
Сақтанушы – Сақтандырушымен сақтану шартын жасасқан тұлға.
Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.
Сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар, сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлға ғана бола алады.
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.
Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2) сақтандыру брокерi;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий;
6) уәкiлеттi аудиторлық ұйым (уәкiлеттi аудитор);
7) өзара сақтандыру қоғамы;
8) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйым түрiнде құрылған және қоғам мүшелерi болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын өзара сақтандыру қоғамының құқықтық мәртебесi, құрылу, лицензиялану, қызметiн реттеу мен тоқтату тәртiбi осы Заңмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлiк қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны жабық акционерлiк қоғам болуға тиiс.
Жабық акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi залалсыз жұмыс iстеген және осы кезеңде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап кемiнде бiр жыл мерзiм өткеннен кейiн ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуына жол берiледi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен айқындалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) тексеру комиссиясы - бақылау органы.
Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi уәкiлеттi аудитордың, iшкi аудиттiң немесе актуарийдiң қорытындысы негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті мемлекеттiк органға мынадай құжаттар табыс етiледi:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) үш данасы;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; бухгалтерлiк баланстар, аяқталған соңғы екi қаржы жылындағы және құжаттар берiлерден бұрынғы тоқсанның аяғындағы қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептер; аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептi тексеру туралы аудиторлық қорытынды қамтылады;
5) құрылтайшылар - жеке адамдар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған салық қызметi органдары куәландырған және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес талап етiлетiн табыс және мүлiк туралы декларация қамтылады;
6) құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таяудағы үш жылға арналған ұйымдастыру шараларының жоспарын, даму жоспары мен капиталды дамыту көздерi мен жоспарын, күтiлiп отырған төлем қабiлетiнiң шектерi мен қаржы нәтижелерiнiң болжамын қамтитын бизнес-жоспар;
7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
7 Сақтандыру шарттары
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыру керек:
сақтандыру объектілерінің тізімін;
сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
сақтандыру тәуекелдерді;
сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;
сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын;
сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді;
сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;
сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;
сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабуылдау мерзімін;
сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуын;
дауларды шешудің тәртібін;
сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;
ерекше жағдайлар.
Сақтандыру шарты – ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгенін орнына мүліктік қанағат алады.
А) Сақтандыру шартының нысаны.
Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын рәсімдейтін құжаттар арасында таңдауға мүмкіншілік береді.
Сақтандыру шартының мазмұны анықтайтын болсақ, онда мыналар болуға тиіс: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 3) сақтандыру объектісі; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру көлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері; 6) сақтандыру айлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері; 7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың нөмірі, сериясы; 10) шартың жағдайларына өзгерістер енгізілетін кездер мен оларды енгізу тәртібі; 11) сатып алу сомасын төлеудің шарттары мен оның мөлшері;
Б) Сақтандыру шартының элементтері.
Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлған.
Сақтандыру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады.
Шетелдік қатысушылар мен заңды тұлғалар, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының қатысушылары бола алады.
Сақтанушы болып сақтандырушы мен сақтандыру шартын жасасқан тұлға келеді. Заңда тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шарт өзінше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам болып табылады. Пайда алушы сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтардырылу төлемін алушы болып табылатын тұлға.
Сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыру міндеті жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтандырушыдан бұл міндеттің орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актілерінде көзделген жағдайларды – оның сақтандырылған адам болып табылатындығы дәлелдейтін құжатты алуға құқылы.
Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібі мен осы мүлікті қабылдаған адамға ауысады. Сонымен, сақтанушы тарапынан универсалдық құқықтық мирасқорлық сақтандыру шартының шеңберінде жалпы ережелер бойынша жүзеге асады.
Шарт бойынша сақтандыру төлемін алу құқығы егер сақтандырылған адам оны алудан бас тартса, сақтандырылған адамнан сақтанушыға ауысуы мүмкін.
В) Сақтандыру объектісі.
Сақтандыру объектісі жеке және заңды тұлғалардың мүддесі болып есептеледі. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыру объектісі бола алмайды, оларды сақтандыру артынан сақтандыру шартын жарамсыз екендігіне әкеп соғады.
Сақтандыру шартының заңды объектісі болып қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін сақтандырушының жүріс тұрысы есептеледі.
Г) Сақтандыру шартының мазмұны.
Сақтандыру шарты көбіне нақты шарт болғандықтан, оның мазмұнын талдауды сақтанушының міндетінен және оған қарама-қарсы болып келетін сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйақысын төлеуге міндетті.
Сақтандыру сыйлық ақысы әдетте біруақытылы төлемді. Шартта сақтандыру сыйлық ақысын бөліп-бөліп төлеу көзделуі мүмкін.
Сақтандыру шартымен орнатылған мерзімде сақтандырушы сақтандыру жарналарын алмаған жағдайда сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі жөнінде сақтанушыға хабардар беруге міндетті.
Хабарландырудың ішіне кіреді:
сақтандыру жарнасын (сақтандыру сыйлық ақысын кейінге қалдыру мерзімі) төлеу мерзімі;
сақтандыру жарнасын төлеудің мерзімін асырып алу үшін өсім мөлшері;
сақтандыру сыйлық ақысы кейінге қалдыру мерзімі ішінде сақтандыру жарнасын төлемеу жағдайларында сақтандырушының бір жақты тәртіппен шартты тоқтату құқығы.
Сақтанушының келесі міндеті сақтандыру жағдайы болғаны туралы сақтандырушыға хабарлауда болып келеді. Оған сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы белгілі болғаннан кейінгі қалдырмай сақтаушы осы туралы сақтандырушыға немесе оның өкіліне хабарлауы тиіс.
Егер шартта ескертудің тәсілі мен мерзімі көрсетілсе, хабарлау міндеті шартқа сәйкес орындалуы керек.
Сақтанушы сақтандыратын жағдайдан болатын шығындарды азайтуға ықпал салуы керек. Сақтанушының өзінің осы міндетін орындау қалыптасқан жағдайда шығынның алдын-алу мақсатында қажетті қисынды және қолайлы шаралар жасалуын талап етеді. Олардың қатарына сақтандырылған мүлікті құтқаруға және сақтауға бағытталған шаралар да кіреді.
Сақтандырушының негізгі мендеті сақтандыру жағдайы орын алғанға сақтандыру төлемін сақтандыру шарты мен заң актілерінде көрсетілген мерзім мен мөлшерде төлеуде болып келеді. Сақтандыру шартында қарастырылған құжаттар бар болған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемдерін құжатты алғаннан кейін 7 банктік күннен кешіктірмей бастауы керек.
Егер сақтандыру сомасы шартта көрсетілген сақтандыру құнынан асып кетсе, онда сақтандыру шарты оны жасасу сәтіндегі сақтандыру құнынан асып келетін сақтандыру сомасының бөлігінде жарамсыз болып келеді.
Сақтандыратын жағдайдың тууына мынадай себептер әсер етсе сақтандырушы сақтандыру төлемін өтеуден босатылады. Олар: 1) ядролық жарылыстың, радиацияның және радиактивті қабыну әсері; 2) әскери іс-әрекеттер; 3) азамат соғысы, халық қозғалысы, қандай да болсын жаппай тәртіпсіздіктер және ереуілдер.
Сақтандырушының сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуына мыналар себепті болыу мүмкін: а) сақтанушы сақтандыратын объект туралы, сақтандыру жағдайы және оның зардабы туралы сақтандырушыға әдейі жалған мәлімет беруі; б) сақтанушының сақтандыратын жағдайы болдырмау үшін шараларды әдейі қолданбауы; в) мүлікті сақтандырудағы сақтанушының шығын келтірудегі кінәли тұлғадан өтем алуы; г) сақтандыру жағдайының тууын сақтандырушының зерттеуіне және келтірген шығын мөлшерін анықтауға сақтанушының кедергі келтіруі; д) сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы хабарламай; е) сақтандыру жағдайының тууына себепші болған тұлғаға сақтанушының талап қоюдан бас тартуы, сонымен қатар сақтандырушыға сақтандырылған тұлға орнына талап ету құқын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тарту. Бұл жағдайда, егер сақтандыру сомасы төленіп қойса, сақтандырушы төлемді толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқылы.
Сақтандырушы сақтандыру құпиясын сақтауға міндетті.
Сақтандыру құпиясына сақтандыру анықтайтын сомасының мөлшерін, сатып алу сомасын және төленген сақтандыру сыйлық ақысын сақтанушыға сақтандырылушыға немесе пайда алушыға байланысты сақтандыру шартының басқа да жағдайлары кіреді.
Сақтандыру объектісі бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушымен сақтандырылуы мүмкін. Мұндай сақтандыру – ортақ сақтандыру деп аталады. Ортақ сақтандыру шартында келісілген үлесте әр сақтандырушының жеке міндеті мен құқығы белгіленеді.
Сақтандыру шартының тағы бір ерекше түрі – қайта сақтандыру.
Қайта сақтандыру жағдайлары қайта сақтандырушы және қайта сақтанушы жасасқан шартқа сәйкес анықталады.
Қайта сақтандыру шарты да қайта сақтандырушылар тарапынан қатысушылардың көптелегене де жол береді. Тиісті қайта сақтандыру жүзеге асыру үшін олар бірлескен қызмет туралы шарттар негізінде жәй серіктестіктерге біріге алады.
Сақтандыру міндеттемелерінің орындалу кепілдігі ізінше екі немесе бірнеше қайта сақтандыру шарттарын жасау арқылы болуы мүмкін. Осы орын алса қайта сақтандыруға қос сақтандыруға қолданымды ережелер қолданылады.
Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын мына жағдайларда тоқтатылуы мүмкні:
егер сақтандыру объектісі өзінің болмысын тоқтатса;
оны ауыстыру орын алмаған кезде сақтанушы болып келмейтін сақтандырылушы сақтанушы болып келмейтін сақтандырылған тұлғаның өлімі жалпы ереже бойынша шарт мендеттері мен құқықтарының пайда алушылардан басқа тұлғаларға ауысуына әкелмейді.
Д) Сақтандыру шартының жарамсыздығы.
Сақтандыру шартының жарамсыздығын қарастырайық. Егер оған жүйелі түрде келетін болсақ, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 843-бабымен қарастырылған сақтандыру шарттарын жарамсыз деп танудың барлық негіздері, мәмілелерді олардың мазмұны, ондағы субъектілердің еркінің ақаулықтарына байланысты жарамсыз деп танудың негіздерімен байланысты екені, олардың жеке көрінісі болып келетіні екені көрінеді. Сонымен қатар, сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады, егер сақтандыру кез-келген жағдаймен байланысты болса, егер ондай жағдайда мәміленің субъектілік құрамының мазмұнының нысанының, ондағы еріктің ақауы болса, басқаша айтқанда, сақтандыру шартына азаматтық құқықтағы мәміленің жарамсыздығы туралы жалпы ережелер бүтіндей және толығымен таратылады.
Сақтандыру шартының заңнамада арнайы бөлініп шығарылатын негіздеріне мыналар жатады.:
шартты жасау сөтінде сақтандыру объектісінің болмауы;
сақтандыру объектілері ретінде құқыққа қайшы мүдделерінің қарастырылуы;
сақтандыру объектісі болып заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес тәркіленуге жататын мүлік, немесе қылмыстық жолмен табылған, әлде қылмыс құралы болған мүлік келсе;
сақтандыратын жағдай ретінде пайда болуының ықтималдық және кездейсоқтық сипаты жоқ, шартың күшінде болу кезеңінде ол болмай қоймайтын объективтік оқиға қарастырылса және бұл туралы талаптар немесе ең болмағанда сақтандырушы алдын-ала білсе;
сақтанушы шартты жасағанда заңсыз пайда болу мақсатын көздесе, сол сияқты сақтандыру шартын сақтандыратын жағдай орын алған соң жасаса;
кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты сақтандырушы тұлғаның мүддесінде немесе пайдасына жасалса;
шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыруда сақтандырушыдан бөлек, басқа тұлғаның жауапкершілігінің тәуекелдігі сақтандырылса;
сақтандырылушының келісімен алу міндетті болып табылған кезде оның келісімінің болмағаны;
шарттың жазбаша нысанын сақтамау;
Сақтандыру шартының жарамсыздығы бір немесе екі тараптың қылмыстық мақсаттарымен байланысты болғанда, бір жақты реституция жүргізілетін болады, мысалы, қылмыстық мақсаттарды тек сақтанушы көздесе, болмаса, егер оларды сақтандырушы да көздесе, реституцияға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |