Ақтөбе каласының білім мекемелерінің
басшыларына,
кәсіподақ комитетінің төрағаларына.
Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Сізге ұжымдық шартының үлгісін көмек ретінде ұсынады.
Сіз өзіңіздің ұйымыңыздың ерекшесін ескере отырып бұл үлгіге қосымша өзгерістер енгізуге болады. Ұсынып отырған үлгі Сіздің ұжымыңызға ұжымдық шартын жасасуға көмектеседі деп сенеміз.
Ұжымдық шартын тез арада қабылдап, оны Ақтөбе облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментіне,халықтың әлеуметтік бағдарламасын үйлестіру басқармасына тіркеуден өткізу қажет.
Ұжымдық шарттың 5 данасын тапсырасыз.Осы туралы сұрақтарыңызға жауап Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан ала алаласыз.
Ақтөбе қаласының білім беру
қызметкерлерінің кәсіподақ
ұйымының төрайымы Л. Уралбаева
Директорам школ с русским языком обучения !
04.09.08г.
6 сентября (суббота) в 15.00 часов (в здании СШГ № 9) состоится совещание руководителей МО учителей математики.
Тема: планирование учебного материала в 2008-2009 учебном году (матем.)
Руководителям МО иметь при себе списки учителей математики.
Руководитель МО Жумагазина М.С.
04.09.08г
Білім беру мекемелерінің басшыларына!
8 қыркүйекке дейін шұғыл эксперттік комиссияға сұраныс тапсыру қажет.
Руководителям организаций образования!
До 8 сентября необходимо срочно сдать заявки на экспертную комиссию.
Мухамбетова Ж.Ж.
орын.Т.Байсингарова
545792
Үлгі
Ұжым__________________қабылданды
(конференциясында, жиналыста)
«____»____________200_ жыл
«____»хаттама
Ақтөбе қаласының № орта мектебінің(мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің) әкімшілігі мен ұжым арасындағы
әлеуметтік-экономикалық сүрақтар бойынша жасалған
200_ - 20 __жылдардың ұжымдық шарты
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және заңнамаларына сәйкес жасақталып,жұмыс беруші мен қызметкерлердің аралығындағы еңбек және әлеуметтік – экономикалық сұрақтарын шешуге бағытталған өзара міндеттемелерімен анықтайды.
Ұжымдық шарт жұмыс беруші директор(меңгеруші) және қызметкерлердің жағынан кәсіподақ комитеті арасында жасалған.
1.Жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті осы келісім-шарттың шарттарын бұлжытпай орындауға,бір-бірінің мүдделерін түсініп, жалжалдасуға бармай, түсінушілікке келуге міндеттенеді;
2.Келісім –шарттың жұмыс істеген кезінде кәсіподақ комитеті ереуіл болған кезде оның ұйымдастырушысы болмай, келіспеушілікті шешуге әкімшілікке көмектеседі;
3.Ұжымдық келісім-шарттың орындалуы әкімшілік пен кәсіподақ комитеті жылына 2 рет және еңбек ұжымының жиналысында бір рет қаралады;е
4.Өзгертулер мен қосымшалар ұжымдық келісім-шартқа оның орындалуы мерзімінде тек қана екі жақтың келісімі бойынша енгізіледі;
5.Жеке еңбек келісім –шарт түрлері:
- -белгісіз мерзім(мерзім белгіленбейді);
-сынақ мерзімі:
а)қысқа мерзімді –бір ай,
ә) ұзақ мерзімде - бір жыл.
І –БӨЛІМ. Екі жақтың міндеттері, жауапкершілігі және
бақылау.
Екі жақ келісім шарт негізінде көрсетілген шарттарды бұлжытпай орындауды,бір-біріне құрметпен қарауды өзара түсініктемеде болуды міндеттеріне алады.
Жұмыс беруші мекеменің міндеттерін іске асыру барысында № _____білім мекемесінің әлеуметтік дамуын қызметкерлердің кірісінің өсуін қамтамасыз етеді.
Жұмысшының міндеті:
- Қызметкердің міндеттерінің орындалуын, балалардың білім сапасының көтерілуін қамтамасыз ету;
Ішкі еңбек тәртібі мен ережесінің нормаларын сақтау;
Өзінің жұмыс орны мен оқу құралдарын таза және жұмысқа жарамды күйінде күтіп ұстау, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін бұлжытпай сақтау;
Өзінің кәсіптік шеберлігін ұштау.
Әкімшіліктің міндеті:
-Жұмысшының заң бойынша қорғалған құқын сақтау;
-Жұмысшының Заң және осы келісім шарт бойынша қарастырылған барлық құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
-Жұмыс жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар мен смета ойынша қарастырылған дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге қаржы бөлу;
-Жұмысшының кәсіптік шеберлігін көтеруіне мүмкіндік жасау;
-Бухгалтерия арқылы қалалық кәсіподақ комитетінің есепшотына кәсіподақ жарнасын аударуға кедергі келтірмеу; жарнаны жалақыдан ұстау әр жұмысшының жеке өтінішінің негізінде іске асырыладың;
-Штаттың қысқаруы жөніндегі сұрақтарды кәсіподақ ұйымымен алдын-ала келісе отырып шешу;
Кәсіподақ міндеті:
-Келісім шартқа сәйкес жұмысшылардың құқын , экономикалық және әлеуметтік жағынан қорғау жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру;
-Спорттық және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырап және өткізу жұмыстарына қатынасу;
-Негізгі келісім шартта көрсетілген шарттар бұзылған жағдайда әкімшілікке түзету енгізу жөнінде ұсыныс беру, осы келісім шарттың орындалуын үнемі бақылап отыру;
-Жалақы мен жұмысшылардың міндетті зейнеткерлік төлемақыларының _________ жинақтау банкіне уақтылы төленіп, қарыздануына жол бермеу;
ІІ БӨЛІМ. Еңбек қатынасы.
1.Еңбек қатынасының алдыңғы қадамы - жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек келісім шартын жасау болып табылады.
2.Еңбек келісім шарты – бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы жазбаша түрде жасалған келісім болып табылады. Бұл келісімде жұмысшы -өзінің мамандығына, санатына, қызметіне қарай берілген жұмысты орындауды міндетіне алады, ал жұмыс беруші – жалақыны уақтылы және толық төлеуді, заң және ұжымдық келісім шарттары бойынша еңбек етуге жағдай жасауды міндетіне алады.
3. Әкімшіліктің ұсынысы бойынша еңбек шартын бұзу (ҚР ЕК 54-бап, 1-тарау, 2.3 тармақ, жұмыстан босату туралы) кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Жұмыстан босатылғаны үшін өтемақы келісім шартта көрсетілген мөлшерде, уақтылы төленеді.
ІІІ БӨЛІМ. Жұмыс уақыты .
Педагог қызметкерлердің апталық жүктемесі ҚР «Білім туралы» заңының 52 бабы, 7 тарауы бойынша және ішкі еңбек тәртібі ережесіне сәйкес анықталады.
2. Жұмыс уақытының басталуы және аяқталуы ішкі тәртіп ережесі
бойынша белгіленеді.
3.Артық жұмыс жасау уақыты деп белгіленген жұмыс уақытынан артық
жасалған жұмысты айтады және артық жұмыс жасауға жұмысшының
өз келісімі бойынша жіберіледі.
ІҮ БӨЛІМ. Демалыс уақыты.
Жұмыс арасында үзілістің басталуы және аяқталуы, ұзақтығы ішкі тәртіп ережесі бойынша анықталады.
Алдын ала жоспарланбаған күтпеген жағдайдан басқа уақытта , мекеме үшін аса маңызды жұмыстарды орындау үшін демалыс күндері жұмысшының келісімі бойынша жұмысқа тартуға болады.
Барлық жұмысшыларға келесі демалыс түрлері белгіленеді:
4.1. Кезекті еңбек демалысы .
Демалыс күндерінің ұзақтығы мереке күндерін қоспағандағы, барлақ күнтізбелік күндермен саналады. Демалыстың кезегі кесте бойынша анықталады.
Кезекті еңбек демалысы кезінде науқастанып қалса, демалыс үзіліп,
науқастану қағазында көрсетілген сауыққан күнінен бастап қайта жалғастырылуы мүмкін;
Педагог қызметкерлерге кезекті еңбек демалысы ҚР «Білім туралы Заңының» 53-бабына сәйкес анықталған.(Білім мекемесінің түріне қарай)
Азаматтық қызметкерлерге кезекті еңбек демалысы (ҚР ЕК 239 –бабы бойынша) – 30 күнтізбелік күннен кем емес, басқа жұмысшыларға - 24 күннен кем емес демалыс беріледі.
Әлеуметтік демалыс.
Жұмысшының тілегі бойынша мынадай жағдайларда ақысыз демалыс міндетті түрде беріледі:
үш жасқа дейін бала күтіміне байланысты - әйелдерге;
Науқастанып жатқан туысын күтуге байланысты денсаулық сақтау мекемесі берген қорытындыда көрсетілген мерзімге дейін;
Жақын туыстарының өліміне байланысты – күн:
Балалы болуына байланысты – күн;
Туған күніне – күн;
Мерейтойына байланысты – күн;
Баласының немесе өзінің тұрмыс құруына орай – күн;
Балалары 1-класқа баратын, мектеп бітіретін және диплом алатын ата-аналарға – күн.
Ү БӨЛІМ. Еңбекақының төленуі
1.Жұмысшыға еңбекақы ҚР ЕК сәйкес төленеді.
2.Мереке және демалыс күндері жұмыс жасағандығы үшін еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді.
3. Арнайы педагогикалық мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында немесе колледжде бірінші рет оқып жатқан жұмысшылардың оқу демалысы кезінде жалақысы сақталынады.
4. Жұмысшы мемлекеттік немесе қоғамдық көпшілік міндеттерін орындауы кезінде жұмыстан орны сақтала отырып босатылады.
5. Аяқталған айдың жалақысы келесі айдың 10-на дейін төленуі тиіс.
6.Кезекті еңбек демалысына шыққан жұмысшының демалыс ақысы, еңбек демалысының бастауынан кем дегенде 3 күн бұрын төленуі тиіс.
7.Әкімшілік ұсталынған зейнеткерлік жарнаның уақтылы аударылуына жауап береді.
ҮІ БӨЛІМ. Әлеуметтік кепілдіктер және жеңілдіктер.
Ұжым жұмысшылары жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден өту үшін қаржы бөлу. (ҚР «Білім туралы Заңының» 53-бабы, 3-тарау)
2. Әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының ұсынысы бойынша еңбегі сіңген жұмысшылар 50 жас және 60 жасқа толу мерейтойлары құрметіне орай мақтау қағаздарымен және де кәсіподақ ұйымы қорынан бөлінген (2 мың теңгеден кем емес) ақшалай сыйлықпен марапатталады.
3. Уақытша еңбекке жарамсыздығына орай әлеуметтік төлемақы ҚР Еңбек кодексіне сай төленеді.
ҮІІ БӨЛІМ. « Қамсыздандыру туралы »
Жұмыс беруші міндетіне алады:
- ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек қатынасын реттеуші еңбек келісімінің шартын сақтауды;
- Кәсіптік шеберлігін арттыру мен қайта даярлықтан өтуге, санатын көтеруіне жағдай жасауды;
- 3 жасқа дейінгі балалары бар және аяғы ауыр әйелдерді жұмыстан босатуға жол берілмейді;
ҮІІІ БӨЛІМ. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау.
1.Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтауды қамтамсыз ету міндетін өз мойнына алады:
- Техникалық қауіпсіздікті сақтау нұсқамасын өткізуді қамтамасыз етуду,
-Жұмыс орындарын аттестациядан өткізуді ( 3 жылда 1 рет);
-Жұмыс орнының тазалығы мен уақтылы жөндеуден өткізілуін қамтамсыз етуді.
.Жұмысшылар міндетіне алады.
-Техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды,
-Алдын-алу мақсатындаға дәрігерлік тексерулерден уақтылы өтуді;
-Мүліктер мен құралдарға ұқыпты қарауды.
ХІ БӨЛІМ. Кәсіподақ ұйымы мүшелері құқына кепілдік.
Кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшесінің мүддесін қорғауыне кепілдік береді:
Еңбекақысының төленуіне, өтемақы мен әлеуметтік кепілдіктердің төленуіне;
Жұмысқа қабылдануы, жұмыспен қамсыздандырылуы мен босатылуына;
Кәсіптік дайындығы мен қайта даярлықтан өтуіне, санатын көтеруіне;
Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының сақталуына;
Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығының қорғалуына;
Туындаған сұрақтары бойынша кеңес алуы мен заңгер көмегін алуына;
Жеңілдіктер мен қызметтерді пайдалануына.
Кәсіподақ ұйымының мүшелері қоғамдық міндеттерін орындау, өз мұшелерінің мүддесін қорғау мақсаттындағы кәсіподақтық оқу уақытында, делегат ретінде съездерге, конференцияларға, кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып отырған пленум, президиум, кәсіподақ жиналыстарына қатысу барысында, жалақысы сақтала отырып жұмыстан босатылады.
Кәсіподақ ұйымы мүшелігіне сайланған жұмысшылар егер олар жұмыстан босатылмаса, қатынаспағаны үщін кәсіподақ ұйымының келісімінсіз тәртіпке шақыруға немесе жұмыстан шығаруға тыйым салынады.
ХІ БӨЛІМ. Ұжымдық келісім шарттың орындалуын бақылау және түсініспеушілікті шешу.
Ұжымдық келісім шарттың орындалуын ұжым отырысында сайланған ұжымдық келісім-шарттың орындалуын және өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін сайланған комиссия бақылайды. Комиссия құрамына әкімшілік мүшелері мен кәсіподақ ұйымы мүшелері кіреді.
200 -20 жылдарға арналған ұжымдық келісім-шартқа қол қойғандар:
_______ әкімшілігі атынан Ұжым атынан кәсіподақ
Директор(меңгеруші) ұйымы төрағасы
Білім беру ұйымының реквизиты:
Приложение
к порядку регистрации и мониторинга
коллективного договора
РЕГИСТРАЦИОННЫЙ ЛИСТ
На основании пункта 9 статьи 282
Трудового Кодекса Республики Казахстан
Проведен мониторинг коллективного договора:
Департамент комитета по контролю и
социльной защите по Актюбинской области
№ _____от «____» ___________ год.
____________________ __________
(Ф.И.О.проводившего (подпись)
мониторинг)
М.П.или штамп инспектора по труду.
Проведена учетная регистрация:
ГУ «Управление координации занятости и
социальных программ Актюбинской области»
№_____от «____»__________ год.
________________________ _________
(Ф.И.О.проводившего (подпись)
регистрацию)
Заместитель начальника управления координации занятости и
Социальных программ Актюбинской области
А.Н.Жекеев_______________
(подпись)
М.П.
Ұжымдық келісім- шартты
тіркеу және мониторингтен
өткізу тәртібінің
қосымшасы
ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің
282 бабы 9 тармағы негізінде
ұжымдық шарт мониторингтен өткізілді:
Ақтөбе облысы бойынша қадағалау және әлеуметтік қорғау
комитетінің Департаменті
№__ «____» ___________ жыл.
____________________ __________
(мониторинг өткізген ( қолы)
А.Т.Ә)
М.О немесе мемлекеттік еңбек инспекторының штампы.
Тіркеу есебінен өткізілді :
ММ «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»
№_____ «____»__________ жыл.
________________________ _________
( есеп жүргізген А.Т.Ә.) (қолы)
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
орынбасары
А.Н.Жекеев_______________
( қолы)
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |