Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда


Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады



жүктеу 1,96 Mb.
бет7/12
Дата25.05.2018
өлшемі1,96 Mb.
#17233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк;

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi;

4) бiлiм беру;

5) денсаулық сақтау;

6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк;

8) агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;

9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi;

10) көлiк және коммуникациялар;

11) экономикалық қызметтi реттеу және т.б.

2) Қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қайтарымды негізде бюджеттен бөлінетін бюджеттік құралдар;

3) мемлекеттік қарызының негізгі соммаын өтеу.


Тестілік тапсырмалары:

1. Бюджеттік жүйе-бұл

А) елдің мемлекеттік құрылысы

В) мемлекеттің қаржылық құрылысы

С) белгілі бір жүйеге ұйымдасқан әртүрлі түрлерді бюджеттік жиынтығы

D) мемлекеттің бюджеттік жиынтығы

Е) мемлекеттің бюджеттік қызметі үрдісінде пайда болған бюджеттік қатынастардың жиынтығы

2. Бюджеттік жүйе қандай түрлерден тұрады

А) бюджеттік орталықтандыру принципіне негізделгендер

В) объективтілік принципіне негізделгендер

С) субъективтілік принципіне негізделгендер

D) біртұтас принципіне негізделгендер

Е) бағындыру принципіне негізделгендер

3. ҚР бюджеттік жүйесі қандай принципке негізделеді

А) орталықтандыру

В) автономдық

С) біртұтастық және өз бетіншелік

D) біртұтастық және автономдық

Е) демократиялық

4. Төтенше немесе әскери жағдайлар кезінде ҚР-да қандай бюджет қабылданады

А) парламенттік

В) президенттік

С) үкіметтік

D) ерекше құнды мемлекеттік мақсаттар үшін (орталық)

Е) төтенше

5. Бюджеттік реттеу-бұл

А) мемлекеттің экономикасын қалыпты қалыптастыруды қамтамасыз ету

В) мемлекеттік бюджетті құқықты пайдалануды қамтамасыз ету

С) мемлекеттің бюджеттік жүйе құрамына кіретін бюджеттің дефицитсіздігін қамтамасыз ету

D) бюджеттік қатынастарды реттеу бойынша құқықтық нормалардың жиынтығы

Е) мемлекеттің бюджеттік қызметі үрдісінде қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы

6. Бюджеттік комиссия-бұл

А) бюджетті жою және орындау бойынша бюджеттік жобаны уақытында және сапалы өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылған комиссия

В) ағымды қаржы жылында республикалық бюджетті өңдеу бойынша комиссия

С) республикалық бюджетті жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар есебінен құрылған комиссия

D) республикалық бюджеттің жобасын өңдеу барысында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Е) бюджетті жобалау саласында халықаралық стандартты сақтап бақылауды жүзеге асыратын тәуелсіз халықаралық ұйым

7. Бюджеттік есеп-бұл

А) мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік саясат функцияларын жүзеге асыру бойынша бюджетті шығындыру

В) мемлекеттің ақша қаражатын пайдалану бойынша бюджетті шығындыру

С) үздіксіз құжаттамалық есептің бюджеттік операциялар туралы ақшалай түріндегі тәртіпке келтіру жүйесінің жинағы,тіркелуі және жалпыланған ақпараты

D) мемлекеттік аппаратты қамсыздандыруға шығындар

Е) мемлекет экономикасының дамуына нақты іс-шаралар

8. Бюджеттің кірістері-бұл

А) салық негізінде мемлекеттің өзінің функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры

В) мемлекеттің территориясында валюталық заңнамамен бекітілген ерекше шектелген режимі бойынша құндылықтар

С) жалпы мемлекеттік мақсаттарды қаржыландыруға арналған қайтарымсыз негіздегі бюджетке түсетін салықтар мен басқа да кірістер көздерінен түсетін мөлшер көлемдері

D) бекітілген бюджет шегіндегі қайтарымсыз негізде бюджеттен бөлінген қаражаттар

Е) бюджеттегі жалпы шығыстар көлемінен жалпы кірістер соммасының арттыруы

9. Бюджетке түсетін территориалдық белгілер бойынша кірістер бөлінеді

А) орталық,жалпы

В) жергілікті

С) шетелдік,халықаралық

D) халықаралық

Е) орталық,жергілікті

10. Бюджеттің шығыстары-бұл

А) салық негізінде мемлекеттің өзінің функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры

В) мемлекеттің территориясында валюталық заңнамамен бекітілген ерекше шектелген режимі бойынша құндылықтар

С) жалпы мемлекеттік мақсаттарды қаржыландыруға арналған қайтарымсыз негіздегі бюджетке түсетін салықтар мен басқа да кірістер көздерінен түсетін мөлшер көлемдері

D) бекітілген бюджет шегіндегі қайтарымсыз негізде бюджеттен бөлінген қаражаттар

Е) бюджеттегі жалпы шығыстар көлемінен жалпы кірістер соммасының арттыруы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. ҚР Бюджеттік кодекс 04.12.2008

  2. Худяков А.И. Финансовое право РК. (жалпы бөлім)//Алматы: БАСПА, 2001ж

  3. Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005 ж

  4. Мельников В.Д. Основы финансов: учебник для вузов // Алматы, 2005 ж



Тақырып 6 Бюджет саласында басқару және бюджеттік бақылау
Сабақтың мақсаты – бюджет саласында басқару және бюджеттік бақылау туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау
Жоспар:

1 Бюджет саласында басқарудың құқықтық негіздері

2 Бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері
1 Бюджет саласында басқарудың құқықтық негіздері
Мемлекеттiк басқарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын құрайтын органдар:

-Қазақстан Республикасының Президентi;

-Қазақстан Республикасының Парламентi;

-Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;

-Қазақстан Республикасының Үкiметi;

-экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

-бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

-бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

-iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

-мәслихат;

-жергiлiктi атқарушы орган.

Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:

1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды;

2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;

4) мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған ҚР бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;

5) ҚР Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi; 

6) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

7) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi;

8) Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi;

9) ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

ҚР Парламентiнiң, Есеп комитетiнiң, ҚР Ұкiметiнiң, Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, Iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның, мәслихат және жергiлiктi атқарушы органның құзыретi Бюджеттік кодексінің 56-64 бабтарында бекітілген.
2 Бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері
Мемлекеттiк қаржылық бақылау (сыртқы және iшкi) - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалың және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны пайдалану бөлiгiндегi қызметiнiң ҚР заңдарына сәйкестiгiн тексеру.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:

1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсi қызметiнiң ҚР заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;

2) қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;

3) тиiмдiлiктi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түскен ақшаны, байланысты гранттарды үнемдiлiкпен, нәтижелiлiкпен және өнiмдiлiкпен пайдалануын тексеру мен бағалау.



Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

1) кешендi бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн жаппай әдiспен тексеру және бағалау;

2) тақырыптық бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдiспен тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау - мемлекеттiк қаржылық бақылау объектісiне қатысты ақпарат алу қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бiрдейлiгiне қарай бiр-бiрiмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды бiлдiредi. Yстеме бақылау тек қана мемлекеттiк қаржылық бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың принциптерi мен стандарттары

  1. Тәуелсiздік принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, iшкi бақылау қызметтерiнiң және олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгiне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде олардың жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн кез келген араласушылыққа жол бермеу.

  1. Бақылаудың объективтiлiк принципi - бақылауды ҚР заңдарына, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына қатаѕ сәйкестiлiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.

  1. Бақылау нәтижелерiнiң анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.

  2. Бақылаудың ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының ҚР Президентiне, ҚР Парламентiне, ҚР Үкiметiне, мәслихаттарға есеп беретiндiгi.

  3. Құзыреттiлiк принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы.

  4. Жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.

Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ішкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оларды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бекiтедi.

Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi, олардың қызметкерлерi мен мүшелерi орындауға мiндеттi.
Тестілік тапсырмалары:

1. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласында мемлекеттік басқару құрылымына кірмейді

А) Президент

В) Парламент

С) Үкімет

D) Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Е) Ішкі істер министрлігі

2. ҚР Ұлттық қоры-бұл

А) салық түсімі есебінен қалыптасатын орталықтандырылған ақша қоры

В) Ұлттық банкте ҚР Үкіметі есебінде,сонымен қатар материалдық емес активтерден басқа меншік түрінде қаржы активі түрінде болатын мемлекеттік активтер

С) өтеусіз және өтемді негізде заңнама актілері немесе маслихат шешімдерімен бекітілген сомма шегінде жоғарғы бюджеттерден төменгілерге берілетін ресми трансферттер

D) заңнама актілерімен анықталған мақсаттарда коммерциялық ұйымдарға берілетін өтеусіз және өтемді төлемдер

Е) заңнама актілері немесе маслихат шешімдерімен бекітілген сомма шегінде төменгі бюджеттен жоғарыларға берілетін ресми трансферттер

3. ҚР Ұлттық қорын басқару бойынша Кеңес құру туралы шешім кіммен бекітіледі

А) Парламентпен

В) Үкіметпен

С) Президентпен

D) Экономика және бюджетті жоспарлау министрімен

Е) Ұлттық банк төрағасымен

4. Бюджеттік бағдарламаның әкімгері-бұл

А) Парламент

В) Бюджеттік бағдарламаны жоспарлауға,негіздеуге және жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган

С) Үкімет

D) Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Е) Ұлттық банк

5. Бюджеттік бағдарламалар-бұл

А) мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік саясат функцияларын жүзеге асыру бойынша бюджетті шығындыру

В) мемлекеттік ақша қорының жиынтығы

С) мемлекеттік органдар үшін қажетті мүлікті иемденуге бюджеттік арыз

D) мемлекеттік аппаратты қамсыздандыруға шығындар

Е) мемлекет экономикасының дамуына нақты іс-шаралар

6. Экономикалық қорытындыларға байланысты бюджеттік бағдарламалар бөлінеді

А) әлеуметтік

В) экономикалық

С) ағымды бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламалары

D) бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру

Е) валды бюджеттік бағдарлама

7. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарлама түрлеріне жатпайды

А) республикалық

В) халықаралық

С) облыстық

D) аумақтық

Е) қаладағы районның бюджеттік бағдарламасы

8. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру тәсіліне байланысты мыналарға бөлінеді

А) объективтік,субъективтік

В) халықаралық

С) облыстық

D) жеке,бөліністі

Е) республикалық

9. Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау бойынша кімге бағынады

А) Премьер-министрге

В) Президентке

С) Қаржы министріне

D) Ұлттық банктің төрағасына

Е) Экономика және бюджетті жоспарлау министріне

10. Мемлекеттік бюджеттің орындалуына бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Есеп комитеті өзінің жиналыстарында қандай құқықтық акт қабылдайды

А) қаулы

В) ереже


С) заң

D) нұсқаулар

Е) шешімдер
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жыл 4 желтоқсан N 95-IV

Худяков А.И. Финансовое право РК. (жалпы бөлім)//Алматы: БАСПА, 2001ж.

Найманбаева С.С. Финансовое право // Астана: Данекер, 2005 ж.

Мельников В.Д. Основы финансов: учебник для вузов // Алматы, 2005 ж.
Тақытып 7 Бюджеттік процесс
Сабақтың мақсаты – бюджеттік процесі туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау
Жоспар:

1Бюджеттік процесінің құқықтық негіздері

2 Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару процесі
1 Бюджеттік процессінің құқықтық негіздері
Бюджетті құрастыру, қарастыру, бекіту, бюджетті орындау оның орындалуын қадағадау және бюджеттің орындалуы жөніндегі есептердің бекіту бойынша басқару билік органдарының қызметтерін заңнамамен орындалуын регламенттеу.

ҚР Бюджеттік процессі келесі заңдармен анықталады

«Бюджеттік жүйе туралы» ҚР Заңы

« Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы

Атқарушы билік органдарының шешімдері



Парламенттің және бюджеттік процесс бойынша құзіретті органдардың қызметтері

  1. Құрастыру. 2. Бюджеттердің орындалуы. 3. Бюджеттердің орындалуы

туралы есеп құрастыру.

Бюджеттік процессте басты рөл Қаржы Министлігіне беріледі:

  • Мемлекеттік бюджетті келесі үш жылдық кезеңге болжамдық көрсеткіштер жасайды. Бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және ҚР Президентінің халықа жолдау бағдарламаларына сай жүргізіледі.

  • Обылыс әкімшіліктеріне, Астана және Алматы қалаларына келісімдік көрсеткіштер түсіреді: олардың бюджеттерінің түсімдері, шығыстары және бюджетке байланысты құқықтық актілері.


Бюджеттiң түрлерi мен деңгейлерi

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады.


      Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi жергiлiктi бюджеттерге жатады.

Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттiк бюджет әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасында талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын мемлекеттiк және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджетi жасалады.
      Мемлекеттiк бюджет өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерiлместен, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
      Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерiлместен, республикалық бюджеттi, облыстардың бюджетiн республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi бiрiктiретiн мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
      Облыс бюджетi өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерiлместен, облыстық бюджеттi, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетiн бiрiктiретiн орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi

Түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi болып табылады.

Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi тиiсiнше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешiмдерiмен бекiтiледi.

Республикалық бюджет - Ата Заңмен, заңдармен және Президенттік актілермен жүктелген қызметтерін жүзеге асыру мақсатында, Үкіметпен айқындалатын жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.

Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында:

1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды;

2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;

4) мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған ҚР бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;

5) ҚР Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi; 

6) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

7) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi;

8) Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi;

9) ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


2 Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару процесі
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамын;

2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;

3) соңғы есеп берген күнгi мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы деректердi;

4) республикалық бюджет жобасында енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей, әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекiтiледi.

Егер Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президентi кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оны iске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi. Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс. Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.

Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бiрге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бiрге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бюджеттiң атқарылуы

Бюджетке түсiмдердiң түсуiн, бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) iске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау бюджеттiң атқарылуы болып табылады.

Республикалық бюджеттiң атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкiметi қамтамасыз етедi.

Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.

Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiң атқарылуы саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және оның iске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, бекiтедi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алу, қаржылық және бюджеттiк есептiлiк саласындағы әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.

Бюджеттiң атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

Бюджеттiң атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген тиiстi қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемiнiң шегiнде жүзеге асырылады.
      Бюджеттiң атқарылуы кезiнде жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берiлмейдi.

Бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қызметiн үйлестiру бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жүктеледi.

Бюджеттiң атқарылу рәсiмдерiн және оларға кассалық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.


жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау