Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамыуы қатар мемлекеттің қаржылық-құқықтық саясатының жетілуі алға басуда



жүктеу 1,96 Mb.
бет2/12
Дата25.05.2018
өлшемі1,96 Mb.
#17233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

 Оның негізгі қалыптасу көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;

Ә) бюджет субсидиялары;

 Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

В) ерікті түрдегі жарналар.

Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады.


3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану

Экономикалық және құқықтық әдебиеттерде “қаржы” түсінігі екі аспектіде қарастырылады:

  • Мемлекеттің өз мақсаттары мен қызметтерін орындау үшін қажетті

ақшалай қаражаттар қорын құру, тарту және қолдануды ұйымдастыру процессінде пайда болатын экономикалық қатнастар жиынтығы ретінде;

  • Мемлекеттің өз мақсаттары мен қызметтерін орындау үшін қажетті

ақшалай қаражаттар қорын жинақтаған ақшалай қаражат қорларының жиынтығы ретінде.

Мемлекет қаржылық қызметті жүзеге асыра отырып

3 негізгі мақсаттарға қол жеткізуге тырысады:

  • Қоғамға ақшалай инфраструктура құру және оның дұрыс қызмет етуін

қамтамасыз ету

  • Өзінің және өз қызметтерінің дұрыс жүзеге асуын қамтамасыз ету

үшін ақшалай қаражеттарды табу

  • Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процесстерге қаржы

рычагтары көмегімен әсер ету
2 Мемлекеттің қаржы қызметінің түсінігі, мақсаты, принциптері

Мемлекеттің қаржы қызметі – бұл мемлекеттің ақша инфраструктурасын құруға бағытталған өкілдігі бар органдар тулғасында және оның болашақта функциялауды қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік ақша қорларын пайдалануды құру, бөлу және үйымдастыру бойынша мемлекеттің қызметі.

Қаржы қызметінің функциялары:

  • Мемлекеттік муниципалдық ақшалай нысанын құру;

  • Мемлекеттік ресурстарды тарату;

  • Мемлекеттік ресурстарды қолдану;

  • Қаржы ресурстарының қозғалысын мемлекеттік және муниципалдық бақылау;

  • Ақшалай қаражаттардың эмиссиясы.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің қағидалары:

  • Ақшалай қаражаттарды пайдалану тиімділігі

  • Жоспарлық және нормативтік

  • Қоғам мұқтаждықтары мен мүдделерін әрқашан есепке алу

  • Рационалдылық және тиімділік

  • Ғылыми түсініктілік

  • Заңдылық

  • Қоғам түсінігіне жақын болу

  • Жариялық және бұқаралық,

  • Қоғам мүдделерін есепке алу және оларға бағыну

Қаржылық қызметтің жүргізілуінің құқықтық түрлері.

І. Нормативтік сипаттағы заңдық актілерді шығару;

ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді басып шығару. Бұл акт нақтылы тұлғаларға арналған, бір жолғы қолданысы бар.

ІІІ. Екі жақты қаржылы-құқықты актілерді істеу, оның ішінде қаржылық шарт жасау.

ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде (мысалы: салық органымен салық берешек сомасын өндіріп алу) қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.

Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:



  • Конституциялық қадағалау;

  • Прокурорлық қадағалау;

  • Қаржылық құқық қатынастарынан пайда болған істерді, соттық қарау;

  • Қаржылық бақылау жүргізу;

  • Кінәлілерді жауапкершілікке тарту;

  • Қаржылық құқық қатынастарының бір жақты мемлекеттік орган билігінің қатысу жолымен заңдылықты бұзуды түзету;

  • Заңсыз іс-әрекеттерге шағым беру.


3 Мемлекеттің қаржы қызметінің әдістері
Мемлекеттің қаржы қызметінің әдістері – бұл арнайы жолдар мен тәсілдер, олар үшін мемлекет мемлекеттің ақша қорларын пайдалануды, бөлуді және құрастыруды жүзеге асырады. Олар үш түрде болады:

1) ақша қорларын құрастыру әдістері;

2) ақша қорларын бөлу әдістері;

3) ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.



Ақша қорларын құрастыру әдісі:

1) Ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлеп және қайтарымсыз алу

2) Ақша қаражаттарын мәжбүрлі қайтарымды түрде алу

3) Ақша қаражаттарын ерікті-қайтарымсыз түрде алу

4) Ақша қаражаттарын ерікті-қайтарымды түрде алу

5) Ақша қаражаттарын мемлекеттік қызмет негізінде реализациялау (мыс. мемлекеттік баж, мемлекеттік жиналымдар)

6) Мемлекеттік мүлікті пайдаланғаны және сатылғанынан алынған мемлекеттік ақша қаражаттарын кіріске айналдыру

7) Эмиссия.



Ақша қорларын бөлу әдістері:

  • Қаржыландыру

  • Несиелеу

  • Мемлекет өз қаржы міндеттемесін орындау

Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері:

1) Ақша қорларын құруды бекіту

2) Ақша қорынан алынған қаражаттардың пайдалану тәртібін бекіту.

3) Шаруашылық субъектілердің кірістерін бөлу нормативтерін және тәртібін бекіту.

4) Ақша қаражаттарын бөлу лимиттерін және қаржылық нормативтерін бекіту.

5) Ақша қорларын пайдалануды жоспарлау.

6) Ақша қорларын пайдалануы бойынша бақылауды жүзеге асыру.

Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:



  1. Қаржыландыру (қайтарымсыз ақшалық құралдарды беру).

Қаржыландыру түрлері:

Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.

Субвенция – жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.

Сибсидия – мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.



  1. Несиелеу (ақшаны қарыз және қарызға ретінде беру, қайтарымды жағдайда несиелеу);

  2. Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау (мемлекетпен өздерінің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеу).


4 Мемлекеттің қаржы қызметті жүзеге асырудың құқықтық нысаны
Мемлекеттің қаржы қызметті жүзеге асырудың құқықтық нысаны:

1) Нормативті сипатта болатын, бір жақты қаржылық-құқықтық актілерді шығару;

2) Жеке қаржылық-құқықтық актілерді шығару. (Мысалы: салықтық хабарландырулар);

3) Екіжақтағы қаржылық-құқықтық актілерді жасау, қаржылық шарттарға отыру.(Мысалы: жер қойнауын пайдалану туралы шарт);

4) Құзіретті органдар арқылы мемлекеттің нақты қаржылық - құқық қатынастардың субъектісі ретінде өз құқықтары мен міндеттерін реттеуі (Мысалы: салық органдарының салық қарызының соммасын мәжбүрлеп алуы).

Қаржы қызметін уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының қаржылық қызметін атқататын уәкілетті органдар жүйесі келесідей көрініс табады:

1 Қазақстан Республикасының Парламенті;

2 Қаржылық қызметті реттейтін әкімшілік-территориалдық бөлімшелер маслихаты;

3 Қазақстан Республикасының Үкіметі;

4 Қазақстан Республикасы Министрліктері және ведомстволары;

5 Қаржылық қызметті реттейтін әкімшілік-территориалдық бөлімшелер әкімшіліктері;

6 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі;

7 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазына Комитеті;

8 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті;

9 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау Комитеті;

10 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

11 Қазақстанның Даму Банкі;

12 Қазақстан Республикасы Кеден бақылау Агенттігі;

13 Қазақстан Республикасы экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігі;

14 Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі.


Тестілік тапсырмалары:

1. «Қаржы» термині қай сөзден шыққан

А) грек сөзінен

В) ежелгі үнді сөзінен

С) латын сөзінен

D) француз сөзінен

Е) славян сөзінен

2. Қандай екі функция қаржыға тән

А) бөлу,толықтыру

В) бөлу,бақылау

С) мемлекеттік,мемлекеттік емес

D) бюджеттік,бюджеттік емес

Е) ақшалай,материалдық

3. «Қаржы» терминін қандай екі категорияда қарастыру қабылданған

А) материалдық,экономикалық

В) ақшалай,экономикалық

С) бюджеттік,бюджеттен тыс

D) бюджеттік,материалдық

Е) әлеуметтік,экономикалық

4. Мемлекеттің қаржылық қызметі - бұл

А) елдің ақшалай инфрақұрылымын жасау бойынша және оның тиісті нысанда қызмет етуін қамтамасыз тету бойынша,сондай-ақ мемлекеттік ақшалай қорды қалыптастыру,бөлу,пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекет қызметі

В) елде қолайлы жағдай жасау жөніндегі мемлекет қызметі

С) мемлекеттік қажеттіліктер үшін ақшалай қаражаттарды өндіру процесі

D) ақшалай рычаг көмегімен қоғамның әлеуметтік-экономикалық процесіне әсер ету процесі

Е) мемлекеттің ақшалай инфрақұрылымын құру процесі

5. Төменде көрсетілгеннің қайсысы мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыру принципіне жатқызылмайды

А) жариялық

В) бұқаралық

С) заңдылық

D) жоспарлық

Е) диспоцитивті

6. Төменде көрсетілгеннің қайсысы мемлекеттік ақшалай қорды қалыптастыру бойынша мемлекеттің қаржылық қызметінің әдісіне жатпайды

А) ақшалай қаражатты мәжбүрлі-қайтарымсыз тарту

В) ақшалай қаражатты мәжбүрлі-қайтарымды тарту

С) ақшалай қаражатты ерікті-қайтарымсыз тарту

D) эмиссия

Е) қаржыландыру

7. Төменде көрсетілгеннің қайсысы мемлекеттік ақшалай қорды бөлу бойынша мемлекеттің қаржылық қызметінің әдісіне жатпайды

А) қаржыландыру,несиелеу

В) эмиссия

С) ақшалай қорды пайдалануды жоспарлау

D) ақшалай қаражаттарды ерікті-қайтарымды тарту

Е) ақшалай қаражаттарды ерікті-қайтарусыз тарту

8. Мемлекеттің ақшалай қоры – бұл

A) әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін мемлекеттің ақшалай қаражатының жиынтығы

B) белгілі бір мақсатқа жету үшін арналған және тиісті дербестік қаржыландыру үшін арналған мемлекеттің ақшалай қаражатының ерекшеленген бөлігі

C) мемлекеттің ақшалай қаражатының және материалдық құндылықтарының жиынтығы

D) жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатының жиынтығы

E) мемлекеттің денсаулық сақтау және мәдениетті дамыту үшін ақшалай қаражатының ерекшеленген бөлігі

9. Төменде көрсетілген құқықтық нысандардың қайсысында мемлекеттің қаржылық қызметі жүзеге асырылмайды?

A) заң актілерін шығару

B) жеке-құқықтық актілерді шығару

C) екіжақты қаржы – құқықтық шарттарды жасау

D) қаржылық шарт

E) азаматтық-құқықтық келісім-шарттар

10. Қаржылық-құқықтың актілерді заңды қасиеті бойынша қандай екі түрге бөлу қарастырылған

A) нормативтік, жеке

B) заңды, соттық

C) халықаралық, ұлттық

D) парламенттік,.конституциялық

E) нормативтік, заңды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы. Жеті жарғы. 1995ж

Худяков А.И. Финансовое право РК. Алматы. Норма-К. 2002

Найманбаева С.С. Финансовое право. Астана. Данекер. 2005ж

Мельников В.Д. Основы финансов: учебник лдя вузов. Алматы. 2005ж

Тақырып 2 Қаржы құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
Сабақтың мақсаты: ҚР қаржы құқығының оқу пәні туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау

Жоспар:

1 Қаржылық құқығының түсiнiгi, пәні, әдісі,жүйесі. Қаржы заңнамасы

2 Құқық саласы ретінде қаржы құқығының орыны

3 Қаржылық-құқықтық нормалары

4 Қаржы қатынастары
1 Қаржылық құқығының түсiнiгi, пәні, әдісі, жүйесі. Қаржы заңнамасы

Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Бүгінгі таңда қаржы құқығы мемлекттік қаржы қатнастарын реттей отыра, нарықтық нысандағы экономикалық қатнастардың тиімді дамуына әсер ететін негізгі құрал болып табылады. Осыған байланысты келесі бағдарларды атап көрсетуге болады:

1. Құқықтық реттеушілік потенциалы мемлекеттің қаржы қызметтінің әдістерінің үлкен әртүрлілігіне бағытталған;

2. меншік нысанына қарамастан субъектілердің құқықтарының теңдігі қағидасына негізделетін қаржы құқығы субъектілерінің барлықтарының мүдделерін қарастыруға бағытталған қаржылық-құқықтық нормалар

3. қаржылық және басқа мемлекеттік қаржылар аясындағы органдардың арнайы құзыреттерін бекітетін, билік бөлінісі қағидасында айқындалатын қаржылық -құқықтық нормалар

4. қаржылық-құқықтық нормаларда мемлекеттік билікке құзіретті органдардың қаржылық құқықбұзушылықтарға материалдық жауапкершіліктері күшейтілу қарастырылған

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес.

Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.

Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни «Шартты – демек қаржылық-құқықтық емес» деген принцип қолданылады. Барлық мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс. Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің саласымен сай келеді және керісінше.



Қаржы құқығының пәнi – бұл мемлекеттік қаржы қорын құру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процессінде пайда болатын қоғамдық қатнастар, яғни мемлекеттiң қаржылық қызметте пайда болатын қатынастар.

Қаржы құқығын құқықтық реттеу пәнi болып мемлекеттік құқықтық қатнастар табылады және ол өзінің арнайы ерекшеліктеріне сәйкес материалдық және ұйымдастырушылық қаржылық қатнастарға бөлінеді:

Материалдық қаржылық қатнастар келесі белгілермен сипатталады:

1. бұл қатнастар мемлекеттің қаржылық қызметінің өнімі болып табылады және қаржы құқығы аясында пайда болады.

2. бұл қатнастар қаржылық жүйенің және мемлекеттік сектордың экономикасының негізін құрайды және бұқаралық шаруашылықта құрылады.

3. бұл қатнастар құнның ақшалай эквивалентін сипаттайды, тек бір жақты қозғалысты қарастырады

4. бұл қатнастар бұқаралық және корпоративтік шаруашылықтар аясын қамти отыра, трансфертабелдік қасиеттермен айымашылықтанады

5. бұл қатнастар орталықтандырылған және орталықтардырылмаған ақша қорлары арқылы бұқаралық қаржылық ресурстарды тарату процессінде пайда болады.

6. бұл қатнастар мемлекеттің нақты құқықтық әдістерді қолдану процессінде пайда болады және тек құқықтық нысанда жүзеге асады.

Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастарға келесі қасиеттермен ерекшеленеді:

1. олар материалдық қаржылық қатнастардың дұрыс қызмет етуімен байланысты пайда болады;

2. олар мемлекеттің қаржы жүйесін және елдің ақша жүйесін құру процессінде құрылады;

3. олар мемлекеттік қаржылық құрылымдарды құру және қызмет етуімен байланысты пайда болады;

4. олар мемлекеттік қаржылық жоспарлау мен мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырумен байланысты пайда болады;

5. олар мемлекеттің болуымен шарттанады және құқықтық нысанда болады.



Қаржы құқығының әдістері - мемлекеттің қаржылық қатнастарға

қатысушы тұлғалардың нақты құқықтар мен міндеттерін анықтау арқылы ықпал ету құралы болып табылады.



Қаржы құқығы екi құқықтық реттеу әдiстерi пайдалынады:

  1. Императивтік - бұл негізгі әдіс болып табылады. (міндеттеу, салық құқықтық қатынастары)

Ол келесі сипатта болады:

1 Мемлекет нақты бір жақты-міндетті сипатта болатын нормативті қаржылық-құқықтық актілер арқылы қаржылық-құқықтық қатнастар субъектілерінің –әрекеттерін анықтайды;

2 Тараптар мемлекеттің міндетті ұйғарымын орындаудан бас тартуға құқықтары жоқ;

3 Мемлекеттің ұйғарымын орындау мәжбүрлеу механизмі арқылы қамтамасыз етіледі;

4 Мемлекеттің ұйғарымын орындамау құқық бұзушының жауапкершілікке тартылуына әкеп соқтырады;

5 Тараптар өз еріктерімен әрекет ету таңдау құқығы жоқ;

6 Қаржылық құқықтық қатнаста мемлекет тарапынан әрекет етуші субъект кең әмірлі құзыретке ие.

2 Диспозитивтік-қаржының шарттары(шарт жасау арқылы жасалынатын әдіс).

Ол келесі сипатта болады:

1 Тараптардың құқықтары мен міндеттері біршама теңестірілген, яғни мемлекет немесе оның мүддесін қорғаушы органның да екінші тарап алдында міндеттемелері болады;

2 Қаржылық қарым- қатынасқа түсіп отырған тарап және мемлекет арасындаға қатнастардың заңдық нысаны қаржылық-құқықтық шарт арқылы анықталады;

Қаржы құқығының жүйесi жалпы және ерекші бөлiмнен тұрады:

1) Жалпы бөлiмінің институттары:


  1. Мемлекеттiң қаржы қызметiнiң құқықтық негiздерi;

  2. Ақша жүйесiнiң құқықтық негiздерi;

  3. Мемлекеттік қаржыны басқару;

  4. Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негіздері;

  5. Қаржы жоспарлаудың құқықтық негiздерi;

  6. Қаржы бақылаудың құқықтық негiздерi.

2) Ерекше бөлiмінің институттары:

  1. Қаржылық-бюджеттiк құқығы;

  2. Салық құқығы;

  3. Қаржылық-банктiк құқығы;

  4. Қаржылық-сақтандыру құқығы;

  5. Қаржылық-шаруашылық құқығы.

Қаржылық - құқықтық институт – бұл нақты қоғамдық қатнастар тобын реттейтін заңи нормалар жиынтығы. Жалпы қаржы құқығының және жекелеген оның институттарының пәні болып табылатын қоғамдық қатнастар қаржылық қатнастар табылады. Бұл қатнастардың нақты топтары қаржы жүйесінің институттарын(қаржылық-экономикалық институттар) құрады. (А.Худяков).

Қаржы құқығының қайнар көздері – мемлекеттің қаржылық қызметі процессінде пайда болатын, мемлекеттік қаржылық қатнастарды реттейтін, қаржылық – құқықтық нормалардан тұратын оның сыртқы нысанын сипаттайтын жүйе болып табылады

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары.

3. Қазақстан Республикасының Салық кодексі

4. Қазақстан Республикасының Заңдары

5. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы

6. Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативті Қаулылары

7. Қаржы министрінің, экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің, Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының нормативті бұйрықтары.

8. Маслихаттардың қаржылық – құқықтық нормативтік шешімдері,Әкімшіліктердің қаржылық – құқықтық қаулылары, кеден бақылауы Агенттігінің нормативті қаулылары

9. Халықаралық қаржы құқығының нормалары және халықаралық қаржылық – құқықтық шарттар




  1. Құқық саласы ретінде қаржы құқығының орыны

Қаржы құқығы мемлекеттің қаржы қызметінің және қаржы жүйесінің функционалды қызмет атқаруының құқықтық негізі болып табылады. Қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан қаржы құқығы мемлекеттің жаңа қаржылық –экономикалық және саяси құбылыстырын айқындауда өз әсерін тигізеді

Қаржы құқығының нормаларында көрініс тауып келе жатқан императивті ерік бұл мемлекеттің ұстанымы ғана емес сонымен қатар қаржылық-экономикалық қатнастарда оның қажеттілігі объективті түрде расталған.

Мемлекеттің экономикалық ролі мен оның қызметтері қаржы саясатын және әлеуметтік-экономикалық процесстерді реттеуде қолданылатын қаржылық әдістерді анықтайды. Мемлекеттің қаржы саясатының негізін қаржы құқығы құрайды.

Қазіргі таңда қаржы құқығы мемлекеттің қаржы қызметін реттей отыра әлеуметтк-экономикалық қатнастардың тиімді дамуының негізгі құралы болып отыр. Соған байланысты ол өз дамуында келесі бағыттарды ұстанады:

1 Қаржылық-құқықтық ретеуші потенциал мемлекеттің қыржы қызметінің әдістерін көбейтуге бағыталған;

2 қаржылық-құқықтық нормалар қаржы құқығының барлық субъектілерінің мүделерін қорғауға бағытталған;

3 мемлекеттік қаржы саласында қызмет атқаратын уәкілетті органдарға арналған қаржылық-құқықтық нормаларында билік бөлінісі қағидасыкөрініс тапқан;

4 қаржылық-құқықтық нормаларда мемлекеттік билікті атқарушы уәкілетті органдардың қаржылық құқықбұзушылықтары үшін материалды жауапкершілік күшейтілген.

Қаржы құқығының басқа құқық салаларымен ара қатнасына келетін болсақ, Конституциялық құқықпен. Конституциялық құқық барлық құқықтар салаларының, соның ішінде қаржы құқығының бастамасы болып табылады.

Мысал: ҚР Конституциясының 54 бабына сәйкес 1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:

1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды.

Қаржы құқығымен әкімшілік құқығының айырмашылығы құқықтық реттеу пәні бойынша болады. Бұл жағдайдың критериі болып қызмет ету мақсаты табылады. Атқарушы билік органдары мемлекеттің ақша қорларын құру, бөлу және қолдануды ұйымдастыруға бағытталған қызметтері қаржы құқығының мемлекеттің қаржы қызметімен байланысты болады

Қаржы құқығы мен азаматтық құқықтың айырмашыылығының негізгі критериі болып реттеудің пәні мен әдісі табылады. Азаматтық құқықта – реттеу пәні болып тауар-ақша қатнастары, әдісі –шарттық табылады. Ал қаржы құқығының пәні болып экономикалық қатнастардың басқа түрі – қаржылық қатнастартабылады, құқықтық реттеу әдісі – негізінен императивті.



Қаржылық қатынастарының тауарлы-ақшалықтан өзгешелігі:

    • Қаржылық қатынастар бөлу стадиясында, ал тауарлы-ақшалық айырбас стадиясында пайда болады;

    • Мемлекеттік қаржылық қатынастар ылғи тепе-теңсіз, ал тауарлы-ақшалық – тепе-теңді;

    • Мемлекеттік қаржылық қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметтің өнімі болып табылады және ол олардың міндетті субъектісі болады: тауарлы-ақшалық қатынастар «сатушы-сатып алушы» қатынасты іске асады, бұнда сатушы да, сатып алушы да мемлекеттік орган ретінде шыға алмайды.

    • Мемлекеттік қаржылық қатынаста ақшалар қозғалысын мемлекет пайдасымен анықталады: тауарлы-ақшалық қатынаста бұл қозғалыс жеке сатушы мен сатып алушының пайдасымен анықталады;

    • Мемлекеттік қаржылық қатынастар мемлекеттің баршылығына сүйенеді: тауарлы-ақшалық-қоғамдың өндірістің қажеттіліктеріне;

    • Қаржылық қатынастар тек құқықты түрде болады: тауарлы-ақшалық – қайбір құқықтың реттеусіз болуы мүмкін;

    • Мемлекеттік қаржылық қатынастар қаржылық құқық қатынастарының түрінде кездеседі. Бұнда жақтар заңша тең құқықты емес, тауарлы-ақшалық-заңша жақтардың тең құқықтылыққа негізделген азаматтық-құқықтық қатынастар түрде кездеседі.

Қаржылық және сақтандыру қатынастардың айырмашылығы:

  • Қаржылық қатынастардан айырмашылығы, сақтандырулар ылғи тепе-теңді;

  • Сақтандыру қатынастары мемлекетсіз болады, тіпті оның ешқандай қатысуынсыз;

  • Сақтандыру қатынастары мемлекет жағынан ешқандай құқықтың реттеусіз бар болуы мүмкін;

  • Сақтандыру қатынастарды тауарлы-ақшалық қатынастардың бір түрі болып табылады;

  • Қаржылық қатынастардың объектісі-ақшалар: сақтандыру қатынастарының объектісі – белгілі материалдың құндылықтар, немесе сақтандырылған тұлғаның жеке басы;

  • Сақтандыру қызметінің мақсаты-сақтанушының мүддесін сақтандыру қорғауға, мемлекеттің қаржылық қызмет мақсаты-өзінің қамтамасыз етуге керекті ақша құралдарын табу;

  • Қаржылық қатынастар ылғи ақшалы, сақтандыру қатынастары натуралды-заттың болулары мүмкін.

Қаржылық және кредиттік (несиелік) қатынастардың ара қатынастары негізгі айырмашылықтары: несие қайтарымды негізде, ал қаржы қайтарымсыз негізде жұмыс атқарады. Бұлардың арасында, мемлекет өзінің қаржылық қызметінде кеңінен несие пайдаланады және өздерінің табыстарын қалыптастырудың тәсілі ретінде (мысалы, мемлекеттік қарыздар( және өздерінің ақшалық қорлардын жұмсау тәсілі ретінде (мемлекеттік қарыз өтеу, бюджеттік қарыз беру және т.б.). Бұнда қатынастар «мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушы» деген түсінікке дәл келеді. Яғни қаржылық қатынастар болады. Жеке несие сияқты несиелік қатынастар қаржылық болмайды (азаматтар арасындағы қарыз қатынастары(. Басқа жағынан, біржақты және қайтарымсыз ақшалық құралдардың қозғалысы сипатындағы мынандай қаржылық қатынастар несиелік болып табылмайды (салықтық қатынастар, бюджетке міндетті төлемдерді кіргізу бойынша қатынастар, бұлар бюджеттік қаржыландыру процессінде пайда болады).

Ақырында, бір уақытта қаржылық та, несиелік те болатын ақщалық қатынастар, олар бір жағынан ақшалық қорларды қаржылық жүйемен орталандыруды қалыптастыру және бөлу процессінде пайда болады, ал басқа жағынан – бұл қорлардың ақшалық құралдардың қайтарымды қозғалысын білдіреді (мемлекеттің қарыз, бюджеттік несиелеу қатынастары және т.б.). сондықтан қаржылық-несиелік қатынастар сияқты ақшалық қатынас түрінің болғаны өте құқылы, несиелік қатынастар өзінің экономикалық мәні бойынша бөлушілік сипатта болады, сондықтан олар қаржылық қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен, қаржылық құқық – мемлекетпен ақшалық жүйесінің қалыптасу барысында және олардың бір қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз етуде пайда болатын, сонымен қатар мемлекеттік ақшалық қорлардың пайдаланудағы ұйымдастыру, бөлу қалыптасу процессінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржылық құқықтық іс асу түрі болып қаржылық заңдылық көрінеді


  1. жүктеу 1,96 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау