Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы


-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ ҚЫЗМЕТТIК ӘДЕБI



жүктеу 0,71 Mb.
бет4/5
Дата25.05.2018
өлшемі0,71 Mb.
#17138
1   2   3   4   5

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ ҚЫЗМЕТТIК ӘДЕБI

      49-бап. Мемлекеттiк қызметшiлерге қызметтiк әдептi


               сақтау бойынша қойылатын талаптар

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер:


      1) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;
      2) мемлекеттiк саясатты жақтауға және оны дәйектi түрде iс жүзiне асыруға, өзiнiң әрекеттерiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;
      3) мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;
      4) жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
      6) қарамағындағы мемлекеттiк қызметшiлерден лауазымдық өкiлеттiктерiнен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;
      7) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдебiнде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдептi бұзуы осы Заңда белгiленген тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдептi сақтауына мониторинг жүргiзу мен бақылауды әдеп жөнiндегi уәкiл жүзеге асырады. Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн үйлестiрудi және әдiснамалық қамтамасыз етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      50-бап. Мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк


               терiс қылықтар

      1. Осы Заңда мемлекеттiк қызметшiлердiң мынадай iс-әрекеттерi мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар болып танылады:


      1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне құқыққа сыйымсыз араласуы;
      2) өзiнiң лауазымдық өкiлеттiлiктерiн жеке өзiнiң не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандырумен байланысты мәселелердi шешу кезiнде пайдалануы;
      3) мемлекеттiк қызметке кiру және мемлекеттiк қызмет бабында iлгерiлету кезiнде заңда көзделмеген артықшылықтар беруi (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
      4) шешiмдердi дайындау мен қабылдау кезiнде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуi;
      5) кәсiпкерлiк және кiрiс алумен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыруда кiмге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуi;
      6) мемлекеттiк функцияларды орындау кезiнде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшiн пайдалануы;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негiзсiз бас тартуы не оны кешiктiрiп беруi, анық емес немесе толық емес ақпарат беруi;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуi;
      9) мемлекеттiк қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруi;
      10) ресми адамдардың лауазымдық өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, мүлiктiк пайда, игiлiктер не артықшылықтар алу үшiн аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуi және қызметтiк емес қызметтер көрсетуi;
      11) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруына ашық кедергi жасауы;
      12) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсiпкерлiк кодексi 151-бабының 1), 2), 3), 4) және  7)тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгiленген тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;
      13) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау өкiлеттiктерiн беруi;
      14) мемлекеттiк бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттiк орган мәртебесi жоқ ұйымдарға беруi;
      15) жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлiкте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктiк сипаттағы құмар ойындарға қатысуы;
      16) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерiнiң мемлекеттiк немесе соған теңестiрiлген функцияларын атқарғаны үшiн өзi оларда тиiстi функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызметтер түрiнде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы.
      Мемлекеттiк қызметшiнiң шотына осы адам бiлмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттiк кiрiс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;
      17) өздерiнiң мемлекеттiк немесе соған теңестiрiлген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздерiне тәуелдi мемлекеттiк қызметшiлерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетiмен кетушiлiк үшiн сыйлықтарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi қабылдауы.
      Мемлекеттiк қызметшi бiлмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жатады, ал мемлекеттiк қызметшiге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.
      Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттiк қызметшi жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
      18) шетелдiк те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетiшiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:
      жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;
      егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
      жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық iс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;
      19) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлiктi сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануы.
      2. Мемлекеттiк қызметшiнiң отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдiк те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен сыйлықтарды және көрсетiлетiн қызметтердi, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк қызметшi өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға және өзiнiң отбасы мүшелерi құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге мiндеттi.

      51-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнiндегi шараларды қабылдауға тиiс.
      3. Мемлекеттiк қызметшi туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
      Тiкелей басшы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға, оның iшiнде:
      1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруды басқа мемлекеттiк қызметшiге тапсыруға;
      2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
      3) мүдделер қақтығысын жою жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауға тиiс.
      4. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөнiндегi шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады.

      52-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа


               қарсы мiнез-құлқы

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиiс.


      2. Мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуге тиiс.
      3. Егер мемлекеттiк қызметшiде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдауға, оның iшiнде жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Мемлекеттiк қызметшi өзiн басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
      Мемлекеттiк органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiру жағдайлары туралы мәлiмдеулерi бойынша, оның iшiнде тексерулер ұйымдастыру және уәкiлеттi органдарға өтiнiштердi жолдау арқылы шаралар қабылдауға мiндеттi.
      4. Мемлекеттiк органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттiк қызметшiнiң құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.
      5. Мемлекеттiк қызметшiлер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге тиiс.
      6. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негiзсiз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiндегi шараларды қабылдауға тиiс.

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРIНIҢ
ӘЛЕУМЕТТIК КЕПIЛДIКТЕРI

      53-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу қызметтiк мiндеттерiн мүлтiксiз және тиянақты атқаруы үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк органдардың бiлiктi және тәжiрибелi кадрлармен жасақталуына ықпалын тигiзуге, олардың адал және бастамашыл еңбегiн ынталандыруға тиiс.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу мемлекеттiк қызметшiлер орындайтын жұмыстың сипатына, көлемiне және нәтижелерiне байланысты сараланып белгiленедi.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгiлеу тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      4. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы мен оларға төленетiн басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен индекстелуге тиiс.

      54-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күндi құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге алғашқы және одан кейiнгi жылдардағы жұмысы үшiн жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
      Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтiзбелiк үш күн қалғаннан кешiктiрiлмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берiлген жағдайда – берiлген күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бiр бөлiгi демалыс ұзақтығының күнтiзбелiк екi аптасынан кем болмауға тиiс.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде олар жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк орган басшысының не жауапты хатшының, аппарат басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң келiсiмiмен жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлiгi мемлекеттiк қызметшiлерге тиiстi жылдың кез келген басқа уақытында берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады.

      55-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және


               әлеуметтiк қамсыздандыру

      Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      56-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғау
               шаралары

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.


      2. Тұрғынжай жағдайларын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғынжай құрылысы үшiн жер учаскелерi берiледi. Жер учаскелерiн берудiң шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi медициналық қызмет көрсетудi тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде белгiленген тәртiппен пайдаланады.
      4. Мемлекеттiк орган таратылған (жойылған) жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге кемiнде үш жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi болған кезде функцияларын, өкiлеттiктерiн және (немесе) штат бiрлiктерiн беретiн мемлекеттiк органның қаражаты есебiнен төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi не осы тармақта көрсетiлген жағдайларда мемлекеттiк лауазым ұсынылады.
      5. Мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған кезде жаңадан құрылған мемлекеттiк органның басшылығы қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне олардың бiлiктiлiгiне сәйкес мемлекеттiк лауазым ұсынады.
      6. Басқа мемлекеттiк органның, оның iшiнде жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органның функциялары, өкiлеттiктерi және (немесе) штат бiрлiктерi берiлген мемлекеттiк орган осы берiлген функцияларды, өкiлеттiктердi атқарған және (немесе) осы штат бiрлiктерiнде тұрған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге олардың бiлiктiлiгiне сәйкес мемлекеттiк лауазым ұсынады.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарылуға тиiс. Кемiнде үш жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге басқа мемлекеттiк органның, оның iшiнде жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органның функциялары, өкiлеттiктерi және (немесе) штат бiрлiктерi берiлген мемлекеттiк орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейдi.
      7. Мемлекеттiк органның штат саны қысқартылған кезде қысқартылатын мемлекеттiк лауазымды атқарып отырған мемлекеттiк қызметшiге кемiнде үш жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi.
      8. Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, бұл ретте жәрдемақының мөлшерi «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленгеннен төмен болмауы керек.

      57-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң iссапарлар кезiндегi


               кепiлдiктерi мен өтемақылары

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.


      Мемлекеттiк қызметшiлерге iссапарда болған уақытына тәулiкақы алуға, межелi жерге жету және керi қайту үшiн жүрiп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепiлдiктер мен құқық берiледi.
      2. Iссапардың барлық уақыты бойында iссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс орны (мемлекеттiк лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

      58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепiлдiктерi мен


               өтемақылары

      Дипломатиялық қызмет персоналының кепiлдiктерi мен өтемақылары Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негiздерiн, сондай-ақ оны ұйымдастыру тәртiбiн айқындайтын заңда белгiленедi.



10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТI ТОҚТАТУЫ

      59-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк


               қызметтi тоқтатуы

      Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң саяси лауазымда атқаратын өкiлеттiктерi:


      1) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
      2) мемлекеттiк орган таратылған (жойылған);
      3) мемлекеттiк саяси қызметшi өзiнiң кiрiстерi және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынған;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамаған;
      5) өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға бермеген;
      6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
      7) мемлекеттiк саяси қызметшiге қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
      8) мемлекеттiк саяси қызметшiнiң өкiлеттiктерiн доғару туралы жеке жазбаша өтiнiшi негiзiнде отставкасы қабылданған;
      9) мемлекеттiк саяси қызметшiнi ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берiлген лауазымды адам (орган) тиiстi шешiм қабылдаған;
      10) басқа жұмысқа ауысқан;
      11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны не мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк қызметке қабылдаған;
      12) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатқан адамды мемлекеттiк қызметке қабылдаған;
      13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатқан;
      14) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынған;
      15) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында өзгеше көзделмесе, ол Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен жағдайларда тоқтатылады.
      Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер зейнеткерлiк жасқа жеткенi бойынша өз өкiлеттiктерiн жалғастыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша бес жылға дейiнгi мерзiмге жүзеге асыра алады;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
      Мемлекеттiк саяси қызметшiнiң өкiлеттiктерi мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған, мемлекеттiк қызметшiлердiң саны немесе штаты қысқартылған, мемлекеттiк саяси лауазым мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға өзгертiлген жағдайларда да тоқтатылуы мүмкiн.

      60-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға


               шығуы және қызметтен шығарылуы

      1. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы мемлекеттiк лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан уәждi түрде бас тартады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Отставкадан бас тартылған жағдайда саяси қызметшi қызметтiк өкiлеттiктерiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның қызметтен шығарылуға құқығы бар.
      3. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және өзге де заңнамасында белгiленген негiздерде және тәртiппен отставкаға өтiнiш бередi және отставкаға кетедi.
      Егер отставкаға шығу негiздерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген болса, мемлекеттiк саяси қызметшiлер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жалпы негiздер бойынша қызметтен шығарылады.
      4. Лауазымдық өкiлеттiктерiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз терiс қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуына негiз бола алмайды, ал қызметтен шығаруға негiз болып табылады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен шығарудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

      61-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк


               қызметтi тоқтатуы

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мыналар негiз болып табылады:


      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, олардың өз қалауы бойынша қызметтен шығару туралы өтiнiш беруi;
      2) басқа мемлекеттiк лауазымға орналасуы;
      3) мемлекеттiк қызметте болу мерзiмiн тараптардың өзара келiсiмi бойынша бiр жылға ұзарту құқығы ескерiлiп, олардың Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы;
      4) еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылуы;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген олардың өкiлеттiк мерзiмдерiнiң аяқталуы;
      6) олар атқаратын мемлекеттiк лауазымдардың саяси лауазымдарға не жергiлiктi өкiлдi органдар азаматтарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындайтын немесе олар сайланатын мемлекеттiк лауазымдарға өзгертiлуi;
      7) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кiрiстерi мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi және (немесе) шектеулердi сақтамауы;
      9) өзiне заңды түрде тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiктi қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесiлi үлестердi, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кiрiстер алуға әкелетiн өзге де мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға бермеуi;
      10) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;
      12) қылмыс не қасақана қылмыстық терiс қылық жасағаны үшiн соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi;
      13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдау;
      14) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатқан адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдау;
      15) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық iстiң Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатуы;
      16) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы;
      17) мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгiленген талаптарға сай келмеуi;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстан тыс орналасуы;
      19) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
      20) осы Заңға сәйкес олардың жұмысын бағалаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелерi;
      21) мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық жасауы;
      22) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де негiздемелер.
      2. «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамның (органның) уәкiлеттi комиссия ұсынымы негiзiнде қабылданатын шешiмi де негiз болып табылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 21) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер терiс себептермен шығарылған болып танылады
      4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметтен шығаруды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы осы Заңға сәйкес жүргiзедi.
      5. Қызметтен шығарумен келiспеген жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң жоғары тұрған басшылық алдында, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне не сотқа өзiн қызметтен шығару туралы шешiмге қатысты шағым жасауға құқығы бар.
      6. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын басшыларының ауысуы жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси және (немесе) әкiмшiлiк қызметшiлердiң бастамасы бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң атқаратын мемлекеттiк лауазымдағы мемлекеттiк қызметiн тоқтатуына негiз болып табылмайды.

жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау