Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы


-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТI ӨТКЕРУ



жүктеу 0,71 Mb.
бет3/5
Дата25.05.2018
өлшемі0,71 Mb.
#17138
1   2   3   4   5

6-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТI ӨТКЕРУ

      31-бап. Лауазымдық нұсқаулықтар

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және өзге де заңнамасында белгiленгендерден туындайтын лауазымдық өкiлеттiктерi және жауаптылығы бiлiктiлiк талаптары негiзiнде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетiледi.
      Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам бекiтедi және олардың орындалуы мемлекеттiк лауазымға жүктелетiн нақты функциялар тiзбесiн қамтиды.
      Лауазымдық нұсқаулықтарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      32-бап. Жұмыс уақыты

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi.
      3. Мемлекеттiк органдар бекiтетiн мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек тәртiптемесi қағидалары жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимiн белгiлейдi.
      4. Шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс iстелетiн жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа тартылуы мүмкiн.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттiк қызметшiге демалыс күндерi (сағаттары) берiледi немесе жұмысына мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiне сәйкес өтемақы төленедi.

      33-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын бағалау

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасын айқындау мақсатында олардың жұмысын бағалау жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын бағалауды жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын бағалаудың нәтижелерi бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттiк лауазымын төмендету не қызметтен шығару жөнiндегi шешiмдердi қабылдауға негiз болып табылады.
      2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң жұмысын бағалауды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын уәкiлеттi адам (орган) жүргiзедi.
      3. Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының жұмысын бағалауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүргiзедi.
      4. «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң жұмысын бағалауды «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiн мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) жүргiзедi.
      «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң жұмысын бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiнiң қанағаттанарлықсыз бағасы уәкiлеттi комиссиямен келiсу бойынша онымен жасалған еңбек шартын бұзуға негiз болып табылады.
      5. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiнiң жұмысын бағалауды «Б корпусының әкiмшiлiк қызметшiсiн мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам құратын бағалау жөнiндегi комиссия жүргiзедi.
      Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi орган бекiткен үлгiлiк әдiстеменiң негiзiнде «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң жұмысын бағалау әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi.
      6. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiнiң қатарынан екi жыл бойы қанағаттанарлықсыз баға алуы ол бiлiктiлiк талаптарына сай келген және төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болған кезде оның мемлекеттiк лауазымын төмендетуге әкеп соғады.
      Төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болмаған кезде мемлекеттiк қызметшiге басқа бос мемлекеттiк лауазым ұсынылады.
      Бос мемлекеттiк лауазым болмаған немесе мемлекеттiк қызметшi ұсынылған мемлекеттiк лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттiк қызметшi атқаратын мемлекеттiк лауазымынан шығарылады.
      7. Мемлекеттiк қызметшi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң жұмысын бағалау нәтижелерiне қатысты шағым жасауға құқылы.

      34-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi оқыту мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтиды.
      Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау – жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға арналған оқу процесi.
      Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау – қосымша кәсiби бiлiм алуға арналған оқу курстары.
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру – олардың құзыретiн жетiлдiруге арналған оқыту семинарлары.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер үш жылда бiр реттен сиретпей бiлiктiлiгiн арттырудан өтедi.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында және олардың филиалдарында мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

      35-бап. Көтермелеу

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелерi бойынша қолданылады.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкiн:
      1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру;
      2) алғыс жариялау;
      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
      4) грамотамен марапаттау;
      5) құрметтi атақ беру;
      6) көтермелеудiң өзге де нысандары, оның iшiнде ведомстволық наградалармен марапаттау.
      2. Нақ сол ерекшеленгенi үшiн мемлекеттiк қызметшiге бiр ғана көтермелеу қолданылуы мүмкiн.
      Көтермелеулердi қолдану тәртiбi мемлекеттiк органдардың актiлерiнде белгiленедi.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлердi ерекше еңбек сiңiргенi үшiн «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк наградалармен марапаттауға ұсынуға болады.

      36-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң тағылымдамасы

      Мемлекеттiк қызметшiлердiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсiби бiлiм алуы мен тәжiрибе жинақтауы мақсатында мемлекеттiк органдардың жолдамасы бойынша олардың тағылымдамасы өткiзiледi. Тағылымдамадан өту кезеңiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс орны (мемлекеттiк лауазымы) және жалақысы сақталады.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тағылымдамасы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

      37-бап. Мемлекеттiк қызмет бабында iлгерiлету

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк қызмет бабында iлгерiлету олардың бiлiктiлiгi, құзыреттерi, қабiлетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiлiп жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк органда мемлекеттiк қызмет бабында iлгерiлеу мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген жоғары тұрған мемлекеттiк лауазымдарға сатылап көтерiлiп орналасуды көздейдi.
      Басқа мемлекеттiк органдардағы жоғары тұрған мемлекеттiк лауазымдар болып оларға неғұрлым жоғары бiлiктiлiк талаптары қойылатын, ал бiлiктiлiк талаптары тең болған кезде – неғұрлым жоғары жалақы белгiленген мемлекеттiк лауазымдар түсiнiледi.
      3. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жыл iшiнде немесе оның мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде мемлекеттiк лауазымға ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша орналасуына жол берiлмейдi.

      38-бап. Мiндеттердi уақытша жүктеу

      1. Қызметтiк қажеттiлiкке байланысты мемлекеттiк қызметшiге атқаратын мемлекеттiк лауазымынан босатпай, осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттiк лауазымның мiндеттерi уақытша жүктелуi мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттiк қызметшiнiң мiндеттерiн атқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы белгiленедi.

      39-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң Қазақстан


               Республикасының мемлекеттiк органдарына,
               шетелдегi мекемелерiне және өзге де ұйымдарға
               iссапарға баруы

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк органдардың алдына қойылған мiндеттердi орындау мақсатында олардың бiрiншi басшыларымен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, шетелдегi мекемелерiне және өзге де ұйымдарға iссапарға баруы мүмкiн.


      2. Iссапарға барған мемлекеттiк қызметшiлердiң бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттiк лауазымы), сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген құқықтары, кепiлдiктерi, жеңiлдiктерi, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдерi, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтiк қорғалуы сақталады.

      40-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң әскери қызметке


               шақырылуы

      Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзiмдi әскери қызмет кезеңiнде жалақысы сақталмайтын демалыс берiледi және олардың жұмыс орны (мемлекеттiк лауазымы) сақталады.

      41-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi ротациялау

      1. Мемлекеттiк қызметтi өткеру кезiнде кәсiби әлеуеттiң неғұрлым тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылады.


      «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн ротациялау деп мансаптық жоспарлау шеңберiнде оларды «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк лауазымдарына не «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсiнiледi.
      Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң құқықтық негiздерiн, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртiбiн айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн ротациялау деп «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсiнiледi.
      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнiң құқықтық негiздерiн, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртiбiн айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ротация жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн, ротациялауға жататын мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарын Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      Басқа жерге ротациялау кезiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендiру құқығынсыз қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етiледi.
      Егер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнiң құқықтық негiздерiн, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртiбiн айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүктi, он төрт жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның iшiнде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана болып табылатын немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттiк қызметшiлердiң келiсiмi бойынша ғана жол берiледi.
      Аталған мән-жайлар құжат түрiнде расталуға тиiс.

      42-бап. Мемлекеттiк органды құру кезеңiнде азаматтарды


               жұмысқа қабылдау

      1. Мемлекеттiк органды құру туралы акт қабылданған күннен бастап, қызметтiк қажеттiлiк жағдайында, бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн азаматтарды үш айдан аспайтын мерзiмге жұмысқа қабылдауға жол берiледi.


      Ұзартуға болмайтын осы мерзiм iшiнде көрсетiлген мемлекеттiк лауазымдар осы Заңға сәйкес бос болмауға тиiс.
      «А» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында көзделген мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылдау «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынған адамдар қатарынан жүзеге асырылады.
      2. Мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылданатын адамдар саны мемлекеттiк органның штат санының жиырма пайызынан аспауға тиiс.
      Мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын осындай адамдар мен оларды жұмысқа уақытша қабылдаған мемлекеттiк орган арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.

7-тарау. ҚЫЗМЕТТIК ТӘРТIП

      43-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртiптiк, әкiмшiлiк, қылмыстық жауаптылықта болады
      Мемлекеттiк қызметшi атқару үшiн алынған өкiмнiң құқыққа сыйымды екенiне күмәнданған кезде ол жөнiнде өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы осы өкiмдi жазбаша түрде растаған жағдайда, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, мемлекеттiк қызметшi оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң құқыққа сыйымсыз өкiмдi орындауының салдарлары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауапты болады.
      2. Лауазымды адамдардың лауазымдық өкiлеттiктердi атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруiне тыйым салынады.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк орган өздерiне қатысты қабылдаған шешiмдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.

      44-бап. Тәртiптiк терiс қылықтар және жазалар



      1. Мемлекеттiк қызметшiнiң тәртiптiк терiс қылығы (бұдан әрi – терiс қылық) – мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi құқыққа қайшы түрде, кiнәлi түрде орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы, қызметтiк тәртiп пен қызметтiк әдептi бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамауы.
      2. Терiс себептермен қызметтен шығаруға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен қызметтен шығару, адамдарды мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға құқыққа сыйымсыз тағайындау және (немесе) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардан адамдарды құқыққа сыйымсыз босату, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге тәртiптiк жазаларды құқыққа сыйымсыз қолдану, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария ету, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнiндегi шараларды қасақана қабылдамау да тәртiптiк терiс қылық деп танылады.
      3. Тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлерге мынадай жаза түрлерi қолданылады:
      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) қатаң сөгiс;
      4) қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе мемлекеттiк лауазымын төмендету;
      5) атқаратын мемлекеттiк лауазымынан шығару.
      Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлерi белгiленуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк лауазымын төмендету түрiндегi тәртiптiк жаза кез келген төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болған және мемлекеттiк қызметшi осы мемлекеттiк лауазымға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келген кезде қолданылады. Мемлекеттiк лауазымын төмендету конкурстық рәсiмдер өткiзiлмей жүзеге асырылады.
      Қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жаза мемлекеттiк лауазымын төмендету түрiндегi тәртiптiк жазаны қолдану мүмкiн болмаған кезде қолданылады.
      Атқаратын мемлекеттiк лауазымынан шығару түрiндегi тәртiптiк жаза осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша қолданылады.
      5. Мемлекеттiк қызметшiнiң осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12) және 15) тармақшаларында көрсетiлген тәртiптiк терiс қылықтың қайсыбiрiн жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын iс-әрекет не әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн қамтымаса, мемлекеттiк лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жазаны заңда белгiленген тәртiппен қолдануға әкеп соғады.
      Бiрiншi тәртiптiк терiс қылығы үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде көрсетiлген тәртiптiк терiс қылықтардың кез келгенiн қайталап жасау атқаратын мемлекеттiк лауазымынан шығаруға әкеп соғады.
      6. Мемлекеттiк қызметшiнiң осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген тәртiптiк терiс қылықтың қайсыбiрiн жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын iс-әрекет не әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн қамтымаса, қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жазаны заңда белгiленген тәртiппен қолдануға не қызметтен шығаруға әкеп соғады.
      Бiрiншi тәртiптiк терiс қылығы үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде көрсетiлген тәртiптiк терiс қылықтардың кез келгенiн қайталап жасау атқаратын мемлекеттiк лауазымынан шығаруға әкеп соғады.
      7. Мемлекеттiк қызметшiнiң осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 9), 13), 14), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетiлген тәртiптiк терiс қылықтың қайсыбiрiн жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын iс-әрекет не әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн қамтымаса, атқаратын мемлекеттiк лауазымынан шығаруға әкеп соғады.
      8. Тәртiптiк жазаны:
      1) лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамдар (орган) қолданады;
      2) бiрiншi тәртiптiк жазаны қолдану заңды болған және тәртiптiк жаза терiс қылықтың ауырлығына сай келген жағдайда нақ сол терiс қылық үшiн қайталап қолдануға болмайды;
      3) тәртiптiк жаза Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен қолданылады.
      9. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшiн бiрыңғай тәртiптiк комиссияны құруға жол берiледi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бiрыңғай тәртiптiк комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешiмi бойынша құрылады.
      Орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесiнде бiрыңғай тәртiптiк комиссияны құруға жол берiледi. Аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелердiң бiрыңғай тәртiптiк комиссиясы орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының немесе жоғары тұрған органның шешiмi бойынша құрылады.
      10. Тәртiптiк жазаны қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

      45-бап. Тәртiптiк жазаларды қолдану мерзiмдерi

      1. Тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      Белгiлi бiр iс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылмалы құқық бұзушылық деп танылады.
      2. Мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн осы Заңда көзделген тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық iстi не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатқан, бiрақ адамның iс-әрекеттерiнде осы Заңда көзделген, мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық жасау белгiлерi болған жағдайда тәртiптiк жаза қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ осы терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей қолданылады.
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      Тәртiптiк жауаптылыққа тартудың көрсетiлген мерзiмдерiне қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу уақыты кiрмейдi.
      3. Жазаны:
      1) мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы;
      2) мемлекеттiк қызметшiнiң демалыста немесе iссапарда болуы;
      3) мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындаудан босатылуы;
      4) мемлекеттiк қызметшiнiң даярлауда, қайта даярлауда, бiлiктiлiгiн арттыру курстарында және тағылымдамада болуы;
      5) мемлекеттiк қызметшiнiң тәртiптiк терiс қылық жасағаны туралы мемлекеттiк органдардың актiлерiне оның сот тәртiбiмен шағым жасауы кезеңiнде қолдануға болмайды.
      4. Тәртiптiк жазаны қолдану мерзiмiнiң өтуi осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жағдайларда, сондай-ақ қылмыстық iс тоқтатылғанға не сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.

      46-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi тәртiптiк жауаптылыққа


               тарту кезiнде олардың құқықтарына берiлетiн
               кепiлдiктер

      1. Мемлекеттiк қызметшi өзiн тәртiптiк жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға тиiс, оған қызметтiк тергеп-тексеру рәсiмiне жеке өзiнiң қатысу құқығы берiледi.


      2. Жауаптылыққа тартылушы мемлекеттiк қызметшiлер жоғары тұрған басшылықтың алдында, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне не сотқа мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның әрекеттерi мен шешiмдерiне қатысты шағым жасай алады.

      47-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң нұқсан келтiргенi


               үшiн материалдық жауаптылығы

      1. Мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк органға келтiрiлген нұқсан үшiн материалдық жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде туындайды.


      2. Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк органға келтiрiлген тiкелей нақты нұқсанды өтеуге мiндеттi.
      3. Егер нұқсан еңсерiлмейтiн күш не аса қажеттiлiк, қажеттi қорғаныс, сондай-ақ мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiге берiлген мүлiктiң сақталуы үшiн тиiстi жағдайларды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк органға келтiрiлген нұқсан үшiн материалдық жауаптылығы туындамайды.

      48-бап. Мемлекеттiк қызметшiнi лауазымдық өкiлеттiктерiн


               атқарудан уақытша шеттету

      Мемлекеттiк қызметшi:


      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктерiн атқарудан уақытша шеттетiлуi мүмкiн;
      2) мемлекеттiк қызметшiнi қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген жағдайда мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан шығару құқығы бар лауазымды адам (орган) жауаптылық туралы мәселе шешiлгенге дейiн, бiрақ жалақысы сақтала отырып, бiр айдан аспайтын мерзiмге лауазымдық өкiлеттiктерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
      Мемлекеттiк қызметшiнi лауазымдық өкiлеттiктерiн атқарудан уақытша шеттету жөнiнде лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамның (органның) немесе өзiне осындай өкiлеттiктер берiлген өзге де лауазымды адамның (органның) актiсi шығарылады.

жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау